Қымбат тағамдар!

Менің сүйікті ісімнің бірі тамақ әзірлеу. Керемет аспаздық өнерім жоқ, бірақ күнделікті тамаққа бұрын жеп көрмеген асты әзірлеуді әдетке айналдырғам. Әртүрлі тамақтардың жасалу жолдарын іздеп отырып, әлемде байлардың жейтін тамақтарына назар аударғам. Кей тамақтарға менің бірнеше айлығым кетеді екен)) кейбіріне бірнеше жылдық айлығым болуы мүмкін)) Мен енді осы тамақтарды жеу үшін бай болуға тырысам шығар.



1. Нью-Йоркте орналасқан Parker Meridien қонақ үйі таңғы асқа керемет омлет ұсынады. Құрамы: 6 жұмыртқа, лобстер, Севрюга уылдырығы және дәмдеуіштерден тұрады. Бағасы 1000$


2. FleurBurger гамбургері. Құрамы: ақ ұннан жасалған тоқаш, сиыр етінен котлет, қаздың бауыры және жерқұлақ соусы. Бұл гамбургерді Шато Петрус шарабымен демесеңіз сінімді болады) Бағасы 5000$


3. Әлемдегі қымбат шай-Дахунпао деп аталады. Таулы жерде орналасқан Тяньсинь монастыры маңында өсетін шай өте аз өнім береді. Сондықтан бағасы килограммына шаққанда он мыңннан бастап миллион долларға дейін құрауы мүмкін.


4. Бағасы 1000$ бұл пирожное Стамбулдағы Çirağan Palace қонақүйінің мейрамханасында ұсынылады. Құрамында полинезия ванилі ұнтағы, қара француз трюфелі, алмұрт, өрік, інжір және айва бар бұл десерт 24-карат алтынмен безендірілген. Алтын жеуге арналған)


5. Дубайда Burj Al Arab қонақ үйінің Sky View барында «27.321» коктейлін әзірлеп береді. Құрамы: 55 жылдық уытты Macallan вискиі, жеміс биттері және маракуйя шекерінен тұрады. Коктейлді 18карат алтын жалатылған бокалдармен ұсынады. Бағасы 7438 $.


суреттер мен мәліметтер www.inform.kz және daypic.ru сайттарынан алынды.
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
700 теңгенің сырасын қымбат деп жүрсек
Nurgisa
Ана гамбургерді сонша көп ақша жұмсамай да тәбетті ашардай етіп жасауға, ал кейіннен жеуге болатын сияқты.
bazuka
былай омлетті де жасауға болады)
omarbirat
Мынадай тағамдарды жеп алып, ұзақ уақыт дәретханаға бармайтындар да болатын шығар, иә?
Nurgisa
Салыстырыңыз: зачем платить больше, если результат тот же?
AKY
Әлемдегі қымбат шай-Дахунпао
дақұя ақша тұрады екен даЧы.
VKM
Жемесе қайтеді екен?
ken
миллиардер болсаңдар, сендер де ақшаларыңды осындайларға жаратар едіңдер.
madikon
қазір көп ақша болмаса қымбат тамақтанатын біз күндегі тамақтарды әдемілеп дайындауға болады,, ол да жақсы сияқты соның бірнешеуі: