Бәріңгел (Бәрің кел)
Мен жарық дүние есігін қашан, қай күні, қай жерде ашқанымды, бірге туған бауырларымның қайда екенін білмеймін. Бір білерім: мені Дайыр ауылынан Қорған ауылына көшіп келген ауқатты адамдардың бірі Орынбайдың асырап алғандығы. Көзімді ашқалы ең көп естіген сөзім: «Сені соғысқа кеткен бала-шаға, туған — туыс, ауылдастарымның бәрі аман — есен оралсын деген ниетпен Бәріңгел (Бәрің кел) деп атадым. Үмітімді ақтарсың» деген сөз болды. Мұны маған Орынбайдың жұбайы Әмре жиі қайталайтын. Кейде аузынан шыққан осы сөздер менің құлағыма бұйрық болып естілсе, кейде сарқылмас сағыныштан туған өтініш сөз болып жететін. Бәлкім мен адам емес, ит болып жаратылғандықтан болар, осы сөзді жиі айтатын ақ жаулықты әжейдің сөзін терең түсіне бермейтін едім. Таңнан кешке дейін ойлайтыным — қарынның тоқтығы ғана…
Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгере бастады: жүрісім де, тұрысым да қасымнан көп табылатын Әмре әжейдің көңіл-күйіне қарай өзгеретін болды. Осы уақытқа дейін он тоғыз құрсақ көтерген әженің бұл күндері Таңжарық атты жалғыз ұлы ғана жер басып жүр. Оның өзін Құдай көп көрді ме екен, соғысқа аттанып, хабарсыз кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Ал қалған он сегізі қызылша мен сүзектен көз жұмған. Он сегіз баласын өз қолымен жерлеп, тағдырдың жазуына мойынсұнған ана, соғысқа аттанған жалғыз ұлының хабар-ошарсыз кетуіне әлі күнге дейін мойынсұна алмай келеді. Келген қаралы қағаз да оның үмітін біржолата үзе алмады.
Әмре әженің көзіне жас алған сәттерінде:
-Ой, әкеңнің… Маған оңай деймісің?! Бұл соғыс кімнің өмірін жалмамады? Жалғыз біздің бала ма соғысқа кеткен?! Бас аяғы қырық үйлі ауыл едік, жиырма алты адамды соғысқа аттандырдық. Осы уақытқа дейін солардың қайсысы оралды, айтшы?! Қайта Таңжарықтың артында қалған қос құлыншағыңның бар болғаны үшін шүкір десеші Құдайдың құтты күні зар илемей! Қаралы қағаз келгелі қашан, кемпір-ау! — деп зекіп салатын Орынбайдың өзі бір сәтке үнсіз қалып, артынша еңкілдеп жылайтын отырып алып.
Шалына қайғы-қасіретін сездіргісі келмегені ме, әйтеуір әжей ешкімге айта алмайтын сырын маған айтып, ешкімге шақпаған мұңын маған шағатын:
-Тұрмысқа он үш жасымда шықтым. Одан бері қаншама уақыт өтті десеңші, ей, жалған-ай, жалған… Тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібіткен әр баламнан айрылған сайын Құдайдан «Бергеніңді алсаң да, береріңді ала көрме!» деп тіледім. Мен өз қалағанымды болдырғым келгенмен, тағдыр өз қалағанын болдырды ғой: сойылын оңды-солды сілтей беретін ажал шіркін бірінен кейін бірі он сегіз баламның да өмірін жалмады…
Кейде қасымда әңгімесін айтып отырған әжеге ешкім бере алмаған жан жылуын беріп, қатты құшақтап, әжімді маңдайынан иіскегім келетін, бірақ ит деген атым бар ғой: көзімді алысқа қадап, құйрығымды бұлғаңдатып жата беретінмін амалсыз…
Бірде «Қуандық келді!» деген қуанышты хабар жетті үйге. Ол Орынбайдың немере інісі еді. Ауылдағы соғысқа аттанғандар арасынан бірінші болып келіп, сағыныштан сарғайып жүргендердің кеудесіне үміт отын жаққан да осы адам. Соғыс алаңына бір аяғын қалдырған оның жүзінде жылу жоқ, сұсты болатын. Үнемі түнеріп жүретін одан жасқанбайтын жас бала жоқ еді ауылда. Бала түгілі мен де оның сұсты көздерінен, тақ-тақ еткізіп жүретін балдағының дыбысынан сескенемін.
*** *** ***
Қуаныш пен қайғы қатар жүреді деген рас-ау… Жақын күндердің бірінде үйшігімде алаңсыз жатқан менің құлағыма «Неге? Не үшін? Не жаздым?..» деген өксік аралас зарлы үн келді. Елең етіп, жан-жағыма жалтақтай қараған менің көзім үйшік қасында ботадай боздап отырған Күлшараға түсті. «Не болды? Не болып қалды?» деп өз тілімде үн қатқан мен жалғыз жарын соғысқа аттандырып, артынан қалған екі баласын бағып отырған жесір әйелдің аяғына жығылып, қыңсыладым. Арада ұзақ уақыт өткен жоқ, үйдің есігі ашылып:
-Күлшара, әй, Күлшара, бармысың?! — деген Әмренің дауысы шықты. Тез арада көзінің жасын оң қолының білегімен сүрткен бейбақ келін:
-Қазір, апа, қазір...- деген күйі үйге қарай аяңдады.
Мән-жайды ертесінде бірақ түсіндім. Оны да маған құлағдар еткен сол баяғы Әмре әжей. Екі немере жетім қалмасын, жат қолында кетпесін, арқа сүйер қорғаны болсын деген ниетпен Оразалының немере інісі Қуандық пен Күлшараны әмеңгерлік жолмен қосуды жөн санапты. Сыннан сүрінбей, басына түскен қайғыны үнсіз көтеретін көнбіс Күлшара ата-енесінің сөзін жерге қалдырмай, қайын ағасымен бас қосуға да бел байлапты. Осындай аянышты көріністерге куә болғанда қандай әрекет етсем де о дүниеде Құдай алдында жауапкершіліктен босатылған хайуан болып жаратылғаным үшін қуанып кетем…
*** *** ***
Бір ай бұрын тағы бір ерекше көрініске куә болдым. Көршіміз Нұрғазының баласы Ерлік соғыстан оралды. Қайдан, қайтіп естіп алатынын білмеймін, оның келетінін жұрт күні бұрын шулап айтып жүрген. Әмре әжей екеуміз тағы да Ертіс жағасына кетіп барамыз. Мұндай кезде әженің қолына ұстаған таяғы оның үшінші аяғының қызметін атқарады. Ақ жаулығы желбіреп, алдынан ұрып тұрған желдің әсерінен ақ шашы дудыраған әже алыстан қарасаң, әруаққа ұқсап кетеді. Тек жасқа толы жанарындағы үміт сәулесін көрген адам ғана оның кеудесінде жаны бар адам екенін сезіне алар…
— О, Жаратқан, осы күнге де жеткіздің-ау! — Бұл Ерліктің әкесінің қуанышқа толы үні. Үш ай бұрын ғана бауыр еті баласының соғыста қаза тапқаны туралы қаралы қағазды қолына алып, өз кеудесін өзі ұрғылап, қайғының қанын жұтқан қара шалдың баласы аман- есен болып шығып, еліне оралды. Туған-туыс, көрші-қолаңдарымен қауышып, зор бақытқа бөленген Ерлік басындағы пилоткасын аяғына оратылып жүрген қара домалақ балалардың бірінің басына кигізді де:
— Таудай бол! — деді құшағына алып. «Таудай бол!» дегені — бойының ұзын болуын емес, ойының ұшқыр, таудай берік, мойымайтын азамат болуын тілегені екенін түсінген-ау шамасы, алты жасар Арман «алақайлап» өзен жағасына қарай жүгірді. Менің де бойымды бір қуаныш кернегендей болып, балалардың артынан жүгіре жөнелдім.
Ертістің жағасында отырған екі баланың бірі:
-Арман, андағы пилотканы өзенге батырып, су алып іш. Сонда сен де батыр боласың! — деп еді, екіншісі:
— Оны кім айтты саған? — деді таңданып.
— Бәрі солай дейді ғой…
— Ендеше су алып ішейік! — Алты жасар ойын баласы пилотканы суға салғаны сол еді, ағысы қатты өзен суы оны ағызып әкетті. Балалардың артынан жүгіргім-ақ келді, бірақ мені Әмре әжейдің күтіп тұрғаны есіме түсіп, кері бұрылдым…
*** *** ***
Бүгін әжей екеуміз тағы да Ертіс жағасына қарай бара жатырмыз. Күніне бір емес, бірнеше рет бару біз үшін әдетке айналған. Тұғыл жақтан келіп, Қытайдың шекарасына күніне бес-алты рет өтетін параходтар кей кездері біздің ауылдың жағасына аялдайды. Оның аялдағаны жақсылықтың нышаны: әлдекімнің соғыстан оралғанын білдіреді. Бірақ ол жағаға жиі тоқтай бермейді, себебі соғысқа аттанғандардың бәрінің маңдайына еліне оралу жазылмаған. Осы күнге дейін соғысқа аттанған жиырма алты адамнан бас-аяғы төрт-ақ адам оралды. Ал соғыстың аяқталғанына жеті жыл…
Дірілдеген оң қолымен көздерін қалқалап, алысқа қарап тұрған әжеге мен тілім салақтап, үнсіз қарап отырмын. Параходтың дыбысы шыға салысымен жағаға қарай асыға басып келетін әжейдің жүзіндегі үзілмес үміттің белгілері біртіндеп жоғалып, еңсесі басылған күйі кері бұрылды. Үнемі осылай… Оның бетіндегі әжімнің әрқайсысына тіл бітсе, қашан, не үшін пайда болғанын айта жөнелер ме еді. Оның жүзіне түскен әрбір әжімде қайғы мен қасіреттің ізі жатыр. Әттең, көретін көздің жоқтығы…
Өзен жағасына келерде әженің таяғы алдында болса, қайтар жолда белі бүгіліп, таяқты кісендеулі кісідей қос қолымен қысып ұстап алады. Мұндай кезде алдымыздан шығатын ауыл балалары бір сәтке ойындарын тоқтатып, жолдың екі жағына бөлініп, әжей екеумізге жол береді. Сірә «Бұлар жағалауға не үшін барып, не үшін қайтады?» деп ойлайтын болуы керек, бәрі де бізге сұраулы жүзбен қарайды. Мұндай кезде адам түгілі менің де еңсем басылып, құлағым салбырап кетеді. Әжейдің бұл жолғы үнсіздігі маған ұнамады. Ішіндегі жанартаудың жарылар кезі келген болар деп ойлап үлгергенім жоқ, қақпадан кіре бергенде ол қолындағы таяғымен менің бүйірімнен нұқып қалды. «Не жазығым бар?!» дегендей қыңсылаған мен оған жасқана қарап, қаша жөнелдім. Ал ол бойындағы таусылған қуатына қарамастан мені қуа жөнелді:
— Қашпа! Қашпа деймін иттің ғана баласы! Бері кел!
Қауқары жоқ кәрі кемпірді шаршатпайын деп алдына бардым да, «Не айтасың?» дегендей бүгіліп отырдым.
— Әй, иттің ғана баласы! Мен саған күні-түні не деп қақсап жүрмін?! Миың бар ма өзі сенің?!- деп қолындағы таяғымен басымнан бір қойғанда көзімнің тұсы жырылып, ыстық қан сорғалай жөнелді. Мен сонда да оның айтар сөзін соңына дейін үнсіз тыңдауға ұйғардым. — Соғысқа аттанғандар аман- есен оралсын деген тілекпен атыңды «Бәріңгел» деп атадым деп көзіңді ашпаған күшік кезіңнен бастап қақсап келем ғой саған! Қайда қалғандары?! Қайда деймін, иттің баласы?! Неге біреу жарынан, біреу баласынан, біреу ағасынан айрылып, ал сен арамтамақ болып үйде жатуың керек?! Неге? Неге?!
Осы сәтте сүйек жалаған ит емес, Отанын қорғай білетін адам болып туылмағаным үшін өкіндім. Соғысқа аттанғандарың бірі болғанымда қарсы алдымда қайғы жұтып тұрған қарт әжей мені бұлай ұрмас еді, керісінше сағынар еді, күтер еді. Әттең, итпін… Ит екеш иттің өзі төрінен көрі жақын қара кемпірдің мейіріміне мұқтаж. Көзімнен аққан қан аралас жасты көрген — көрмегенін білмеймін, әйтеуір әжей сөзін:
-Атың құрысын Бәріңгел деген! Үмітімді ақтамадың иттің ғана баласы! — деп жалғастырды.
— «Иә… Мен Құдай емеспін, бар болғаны иттің баласы ғанамын ғой… Жазығым не?!» — деп едім іштей, әжей осы ойымды оқып қойғандай-ақ:
-Сенің жазығың менің үмітімді ақтамағандығыңда! Он сегіз баласын жер қойнына тапсырып, соғысқа кеткендерді сарыла күтіп жүрген сорлы кемпірдің жан дүниесін түсінер бір адам жоқ жер бетінде. Ал сен ит тіптен түсінбессің…
— «Түсінгендіктен де қасыңда жүрген жоқпын ба осы уақытқа дейін, әжей?! Мен сенің күніне бір уақыт алдыма тастайтын мүжілген сүйегіңе мұқтаж деймісің?..»
-Мен сені жек көрем! Жылдар өтіп, сен өскен сайын соғысқа кеткендер біртіндеп қайтып оралар деп үміттендім. Арада он жыл өтті… Сен барсың, ал балам әлі жоқ! Неге?!
— «Үміт үзетін сәт жетпеді ме, әжей?.. Тірі болса, балаңыздан бір хабар келер еді ғой...»- деп қыңсылап едім, таяғының ұшымен тағы да бүйірімнен нұқып қалған әжей:
— Өшір үніңді! Қыңсылама! Қаралы қағаз өшіре алмаған үмітті сен өшірмекпісің?! — деді құдды менің ойымды оқып тұрғандай. — Менің үмітімді өшіру деген, иттің баласы-ау, мені тірілей өлтіру емес пе?! Әлде менен құтыла алмай жүрмісің?! Олай болса кет басқа үйге! Кет, жоғал!
Ол мені тағы да ұра бастады. Үнімді шығармадым. Үндемеген сайын ол мені ұрғанның үстіне ұра түсті. Кімге кінә артарымды білмеген мен ақыр аяғы:
— «Менің не жазығым бар?! Адамдар, ашуларыңды өзгеден алуға неге құмарсыңдар?! Неліктен кей кезде адам емес, жауызға ұқсап кетесіңдер?! Неге жылатасыңдар бір-біріңді? Неге қорлайсыңдар бір-біріңді?! Бір-біріңнің қаныңды төгіп, қара жерге көмуден ләззат аласыңдар ма?! Күндердің күнінде баратын жерлерің бір ғой бәрібір… Қайда, неге асығасыңдар?! Мейірімнен жұрдай болатындай не күн туды бастарыңа! — деп айқайладым ашуға булығып. Менің айқайым өзгелердің құлағына ұлыған үн болып естілген болуы керек, үй ішіндегілер тысқа ытқып шықты.
Адам сырын итке айтар, ал ит сырын кімге айтсын? Өз өзіммен ұлып отырғанымда:
— Ой, кәрі қақпас! Итте не өшің бар ала алмай жүрген?! Есіңнен адасайын дедің бе?! — деген Орынбайдың ашулы үнінен селт ете түстім…
Құлағыма ақ жаулықты әжей мен мені оның таяғынан арашалап алған Орынбай ақсақалдың сөздері еміс-еміс естіледі. Бірі:
— Иттің не жазығы бар?! Үсті-басын қан-жоса қылыпсың! — десе, бірі:
— Ол менің үмітімді үзді...- дейді. Бірі:
— Андағыдай үмітіңе болайын! Сенің бақытсыздығыңа бола не үшін жазықсыз ит таяқ жеуі керек?! Өзі де таяп жүрген кәрі төбет еді. Түгін қалдырмапсың… Әй, алжыған кемпірмен айтысып отырған мен де ақымақ! — десе, бірі:
-Мені тыңдар құлақ болса, менің жан мұңымды ұғар жалғыз жан болса, мұндай жағдай болмас еді. Құсадан өлетін болдым… — дейді. Айғай-шуға құлақ түріп жатып ұйықтап кетіппін…
*** *** ***
Қай уақыт екенін білмеймін, көзімді ашқанымда ақ жаулықты әжейді көрдім. Жанары мөлтілдеп, маған көз алмай қарап отыр екен.
— Кешір мені… Кешірші мені, -деп қайталай берді басымнан сипап.
-Әжей, мен кек сақтайтын адам емеспін, бар болғаны итпін...- дедім оған мейірлене қарап.
-Мені үнсіз түсінетін, үнсіз ұғатын, үнсіз тыңдай білетін жер бетінде кеудесінде жаны бар бір тіршілік иесі болса, ол — сенсің, Бәріңгел… Менің кеудемде бір үзілмеген үміт болса, ол да сенің арқаң, Бәріңгел. Қайғым болса ортақтасып, қуаныш болса қайтарымын күтпей бөлісе білетін де өзің, Бәріңгел… Дәл сендей жазықсыз тірішілік иесін қалай ғана ұруға дәтім барды екен, Бәріңгел… Кешірші мені, кешір, — деп өксіп отырған әжеге:
-Әжей… жер беті бұл соғыстың, мұндай қасіреттің түр-түрін көрген. Біз басы да, соңы да емеспіз… Соны түсін… — дедім іштей. Менің айтқым келген ойды айтқызбай-ақ түсіне алатын жалғыз адам болса, ол осы ақ жаулықты әжей.
— Бұл да өтер...- деген ол орнынан көтеріліп үйге қарай аяңдады.
*** *** ***
Сол күннен бері әжейді көрмедім. Бір күн күттім, екі күн күттім, үш күн күттім — әжей аулаға шықпады. Далада асық ойнап жүрген балалардың бірі:
— Мақсат, сенің әжең енді мәңгілікке көз жұмады. Жалғыз баласын, сенің соғыстан оралмаған әкеңді күте-күте есі ауысыпты ғой. Ол енді баласын көрмей кететін болды, — деп еді, жанары жасқа толған Мақсат:
— Олай деуге қалай дәтің барады?! Бұл дүние болса, о дүние де бар! Менің әжем үнемі солай айтатын! Ол қызығын көре алмай қалған балалары оны сол жақта жұмақтың саясында күтіп алатын болады! — деді де, жылаған күйі жүгіре басып үйге кіріп кетті…
*** *** ***
Енді мен де кетіп барам, қайда екенін білмеймін, әйтеуір кетіп барам. Ит өлігін көрсетпесі анық… Бәлкім, о дүниеде мен де балаларымен бірге әжейдің алдынан шығармын…
Зарина Долатай

а, айтпақшы, мен де шығыстың қызымын. найманмынШалақазақпын))емінеге осы бір никты алдым десеңші, намайт негізі))- оо бырат!!! — оо сестыра!!! — үндиски фильм )) қалджың ғой. наймандар, алғаааа!!! дееееееп атпен шауып бара жатқан күлегеш ))жәй қызық босын дев. мен наймандар аз жердемін қазр. наймандарды сағынғам ғой дим әркімнен жалтақтап туыс іздепНағыз өмірдің өзін жазыпсыз, ұнады. Жазыңыз, жаза түсіңіз.