Шукшиннің әлемі
Жақында қолыма Шукшиннің әңгімелер жинағы түскен болатын (Село тұрғындары деп аталады, аударма ғой) «Деревнядан» басталыпты. Қазақшаға әдемі аударылған. Осы біздің мектепте Чтение деген сабақты оқығанымыздың арқасы шығар, орыс халқының шығармаларын өзіміздің төл туындымыз сияқты қабылдайтынымыз. Қалай ойлайсыздар? Әлде кеңестік дәуірді бәріміз бірге бастан кешкендіктен бе екен? Әйтеуір, орыстардың оқ бойы озық шығармалары осы В.Шукшиннен кездеседі. Қазіргі жаңа орыс жазушылары дәл бұлай қабылдай алмайды екем. Орысты насихаттап отырғаным жоқ, бәлкім мектеп кезінде ағылшын, француз жазушыларын да оқытқан болса, дәл осылай қабылдар ма едік… Америка жазушыларын да… Қазір оқып жүрміз кейбірін. Олардың (мәселен Теодор Драйзер, Джек Лондон) бәрінің өткен ғасырдағы шығармаларындағы кейіпкерлердің тағдыры біздің қазіргі кешіп жүрген өмірімізге қатты ұқсайды. Ғаламтордан іздеп көріп едім Шукшиннің қазақшаға аударылған шығармаларын (кітабын), тапқаным менің оқып жүрген кітабым болып шықты. Сіздерге де қызықты деп ойлаймын. Шукшинді орыстың жазушысы деп қабылдағым келмейді, ол әлемдік деңгейдегі классик… Мойындауға тиіспіз!
Бұл мұжықтың шығармалары орталық баспасөзге басылып, жазушы дәргейі дәурендеп тұрған кездің өзінде Мәскеудің биік естетті әдеби ортасы мойындамаған жазушыны — орыстың деревнясы тұрмақ, қазақтың ауылын там-тұмдап қана танитын жиырма бірінші ғасырдағы мен не деп мойындауым керек?
«Классик» дейтін кім? Ал, "Әлемдік деңгейдегі классик" дейтін «bi2» айттыдан басқа критерийі бар ма?
Егер, он бес жылда бес том проза жазған, онда да киноповестер, болашақта сценарий боп қалауы мүмкін «недогон» повестер, өзі түсіріп үлгере алмаған фильм сценарийлерін «Любавины» сияқты құсық, «Я пришел дать вам волю» сияқты шытпақ романдар көлеміне дейін ұлғайта салған «прозаикты» "әлемдік деңгейдегі классик" десек, біткен шығармыз, нақ.
Әлбетте, Сіз әңгімелерін ғана оқып, әлемдік деңгей туралы және ең пезнесі — олай екенін біз мойындауға тиіс екеніміз жөнінде Бийск мұжығының бешпентін шайнап отырсыз. Әйтпесе, оның жазған жүзден аса әңгімесінің барлығын оқыған болсаңыз, олардың кейбірі — «нормалек» болғанымен. бәзбірі — «хуйня» деңгейіне де жетпейтінін байқаған боларсыз.
Шукшинға қатысты мойындауға болатын тұрарлық бір тұс бар, лібә. Ол — шындықты астарлап беруде, кеңес жазушыларының көбінен оқ бойы озық. Әлгі, батыстың әдебиеттанушылары осы кезеңдегі совет әдебиеті өкілдерін "қырқыншы синоним" әдісі арқылы оқу керек деп жейТ. Рас, нақ! Шукшинді сөйтіп оқысаңыз, сол кезіңіз не, дүр демократияның ортасында жүріп көбіміздің Алеша Бесконвойный болғымыз кеп жүргенін ұғар едіңіз де, "… тиіспіз!" дейтіндей ұраншыл-декларативті формадағы мәлімдеме жасамаған болар едіңіз… Лібә!