Мағауин ұрлықшы?

Жә, тақырыпты көріп жерден жеті қоян тапты екен деп ойлап қалмаңыз. Аздап қатысы бар алайда. Астанаға келгелі алғаш рет уикэндте ешқайда шықпай үйде жатып кітап оқыдым. Бары осы. Әуелі Эдгар Поның «Алтын қоңызын» қайтара бір оқып шығуды мақсат еттім. Бұрын да оқыған кітабым ғой. Зырылдатып отырғанмын. Тек, бір тұсқа келгенде аздап күмілжіп қалдым. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мағауиннің «Жармағын» оқып шыққан едім. Сол кезде оқиға желісі сондай таныс көрінді. Әңгіменің ортасына жетпей жатып-ақ, соңында екеуі бір адам болатынын сездім. Алайда, неге екенін, қалай оны білгенімді түсіне алмай қойдым. Дежа-вью. Поны оқып отырғанда тура осындай сезімде болым. Себебі, оның Вильям Вильсон әңгімесі «Жармақтан» айнымайды ғой. Жоооқ, «Жармақтың» желісі «Вильям Вильсоннан» алынған екен. Екеуінде де бір адамның екі бейнесі. Сөзбе-сөз көшірілмегені анық. Ал, желісінің, идеяның Подан алынғаны айқын. Бұнымен жазушыны айыптағым келіп отырғаны шамалы. Мен үшін таңқаларлық болғандықтан бөлісе кетуді жөн көрдім. П.С. Сондай-ақ, уикэндімнің арқасында Ронюскэ Мұртазаның шығу тегінен біраз хабардар болдым.

Бөлісу:

24 пікір

VKM
туй, Абай, ссен де… Бір шығармасы ұқсас келді деп, бар жазғандарын жоққа шығармақшымысың?
konvict
Жалпы дұрыстап оқып шығуыңа кеңес беремін. Бұл жерде мен оны қаралап отырғаным жоқ. Жай оқығанымды ғана айттым
Armanjan
Жармақты инеттен қарау мүмкіндігі бар ма?
Janasil
Тв да болып жатқан "Ғашық жүректің" қазіргі сериялары мына киноның желісімен келе жатыр.
bi2
Плагиат әлем әдебиетінде толып тұр. Оның бәрін тізе берсек, бізде жазушы қалмайтын шығар жөні түзу. Бірақ оны плагиат деп атағаннан көгі идеяның ұқсастығы, ойдың бір жерден шығуы деп жылы-жауып қоялық. Дегенмен «Жармақ» Мағауиннің бағасын әлдеқайда түсіріп жібергені жасырын емес…
ruben
Еш таң қалдырмады. Жалпы, заманауи жазармандардың стилиситикасына ғана назар аударуды үйрендім. Бәрібір әлем классикасына жетпейді. Соны оңдап тәржімелесе игі ғой, одан да…
Aya

Боқтан өзгені көкіп, не болса соны қырти бермеңдерші осы! «Махамбет жыраулар поэзиясын жолма-жол көшіріп алған» деп мыжып жүретіндерге жыным келед нақ!

ruben
Сонда, Мағауиннің шын аты Махамбет па?
omarbirat
Ешқайсысын оқымағаным қандай жақсы болған. Сатып алған атақты бір брендті затыңды оригинал деп ойлап мақтанып жүргенде, оның жай ғана қытайлық көшірме екенін біліп қалсаң жаман ғой
asaubota
мені де Құдай сақтап, оқытпапты.
Armanjan
маған да оны оқу бұйырмады, еш жерден таппадым, мүмкін оқығандар қысқаша ғана баяндап өтсе не жөнінде екенін.
Aya
Абай, Эдгар Поның бұл шығармасын оқып шықтым. Бірақ жерден жеті қоян тапқандай тақырыпты айғайлатқаныңа жол болсын деп отырмын. Бір адамның екіге жарылу құбылысы, яғни адам бойындағы бір-біріне қарама-қайшы екі түрлі ойдың болуы Эдгардың ашқан жаңалығы емес. Онда сәйкесінше әділдік тұрғысынан алғанда «Жармақтан» бұрын жазылған «Парасат майданын», «Оң қолды» негізге ала отырып "Әбдіков ұрлықшы?" деуің керек сияқты. Әлде сенің «оң қолыңның» ойыншығына Мұхтардың «сойы» сай келер деп ойладың ба? Бажайлап қарасаң бұл әңгімеге қарағанда «Жармақтың» көтерер жүгі әлдеқайда ауқымдырақ, жеке адам басындағы ойлардың қарама-қайшылығы емес, бүкіл ұлттың екіге жарылу құбылысы бейнеленген, қазақ қоғамының екіге жарылу құбылысы. Оның астарында әсіреұлтшыл, даурықпа мен ұлтсыздығына дүмше надандығы қосылған айқайшылдар, әурет жерлерін ашып, жалаңаш құйрығын шапаттап, бір-бірінің «бір жерлерін» істіктеткендеріне қуанышты, бар мақсаты сол болған жәреуке, қызылкөз жандайшаптардың ісін әшкере қылу мақсатында жазылған дүние еді. Оны айтып не керек?! Бірдеңенің байыбына көз жеткізбей тұрып, айқайға басқаныңды қой, Абай.
konvict
Ая, бұл пікірді басқа біреу жазса қабылдайтын едім. Бірақ, Мағауиннің фанаты болғандықтан сенің пікіріңде эмоция басым. «Жармақ» ұлттың қамы үшін емес, жеке бір тұлғаны жамандау мақсатында жазылған басқа ештеңе емес. Понікі қайта ауқымды әрі ол ешкімді атын мазақтап жазып отырған жоқ.

Сосын, оң қолға тиіспе. Өйткені, ол әлемдегі ең тегін жезөкше
Aya
жеке бір ТҰЛҒА
Тұлға деп қояд
Aya
мен өлем!!! түсінбейд, түсінгісі келмейд ешкімнің
Abilakim
Өлме! Сен Мағауинге керексің!
Aya
шын ба?: айғыз бетіндегі көзінің жасын сүрткен: смайлик
temir1986
Сыншысымақ мырза! Мүмкін сіз По ның заманыда өмір сүрсеңіз оғанда жақсы ұры деген ат қоя едіңіз. Қазақта ұрлықшы деген сөз жоқ. Бірінші көтіңді сүртіп қазақ тілін меңгеріп ал, сосын сын айтуды үйрененрсің.
Adiletshu
көтіңді сүртіп қазақ тілін меңгеріп ал
Абай, шыдамас едім. Бір нәрсе десейш
satibaldi
Бәсе деймін-ау, ел аузындағы жыр-қисметтерді құрастырып жүрген ортан қол жазушыы кенет қалай жазып кете қойды деп ем-ау! Нашар, нашар жазушы
Aya
Құдай бере салған өзін.
Aya
ортан қол
емес, ортаңқол деңіз.
temir1986
Эдгар Поның әңгімесін оқып шықтым жаңа ғана. Мұнда бар жоғы әңгіме тартымды мистика ғана. Асса жалмауыз кемпір туралы әңгіме ғана!!! Мағауин басты орынға заманның ахуалын қойған. Идеяны алуда тұрған ештеңе жоқ. Мәселе идеяның арқалап тұрған жүгінде. Егер сыншымыздың тұрғысынан қарасақ онда барлық ақындар мен жазушыларды түгел белінен бір сызу керек. Өйткені олардың оттап жүргенінің бәрі діни кітаптар да баяғыда жазылып, айтылып кеткен. Ал сынаңдар шетінен.