Блогтағы танымал тақырыптар немесе біз нені көп талқылаймыз

Заманның дамуына қарай қазір «блог» жазу сәнге айналды десе де болады. Әр бір блогтұғырды қолданып және ол жерде өз ойын бөлісіп жүрген әр бір қолданушы өзін «блоггермін» деп атауға толық құқылы.


Сонымен, қазіргі күндегі өзіміз оқып жүрген блогтұғырлардағы тақырыптарды сараптап көрсек.


Ең көп қозғалатын және жалықтырмас тақырыптар:

1. Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар. (бір адам көп жазса жалықтырып жіберуіде мүмкін, сондықтан да түрлендіріп өзгертіп анда-санда жазу керек)

2. Қарым-қатынас (үлкендер әңгімесі, барлық адамдарға тән нәрселер)

3. Жыл мезгілі. (Әр мезгілге байланысты өзіміздің әсеріміз, әдемілігі, суреттері)

4. Сән (мода, мейлі ол шаш үлгісі, киім, тіпті жәй жаңалық болсын)

5. Демалыс орындары (қайда? қашан? қанша кетті? деген үш сұраққа жауап беріп суреттермен көркемделген)

6. Аспаздық (жасалу жолын суретпен көрсетіп жазылған)

Көп жазылып көп талқыға түсетін тақырыптар:

1. Кино және күнделікті бағдарламалар тақырыбы (ойыңыз және нақты "-" мен "+" терін көрсете білу керек)

2. Әлеуметтік тақырыптар (күнделікті өзіңізді мазалап жүрген нәрселер, тек саясат емес)

3. спорт, жарыстар (қандай болмасын, қандай ауқымды болмасын)

4. Жаңа гаджеттер мен техника артықшылықтарын салыстырмалы түрде жазу (бірақ жарнама емес, ол үшін сізге тауар шығарушы ақша төлеу керек .)

Көп жазылып аз талқынатын тақырыптар:

1. Адамның арманы (оқылуы көп, талқылану аз)

2. Мерекелерге байланысты тақырыптар (құттықтаудан аспайды)

3. Сіздің ішкі жан дүниеңіз (көбіне қыздар оқиды)

4. Өлеңдер немесе проза (жазылғаны дұрыс, бірақ шегімен)

Блогта көп жазуға болмайтын тақырыптар:

1. Саясат (барлық тд-лар, газет, ақпараттық сайттарда жазып жатқанды көп ешкім блогта оқығысы келмейді)

2. Жаңалықтар (оларды ешкім ашып қарамайды да)

3. Жарнамалық посттар (арнайы тақырыпты талқыламаса сіздің компанияңыз туралы оқитын адам аз, арнайы сол мамандыққа қатысы болмаса)

Алып қосар ойыңыз бар ма? Жаза отырыңыз

Сараптама массагет, керек инфо, айтабер, теріскей, қазжур, ювижен, кконнект сайттары арқылы жүргізілді. Суреттер гуглдан алынған.
Бөлісу:

25 пікір

asaubota
мықты сараптама. жас блогерлерге сабақ болатындай.
patick
толық қосылам, маркетолог болу керек саған
asaubota
нелер жазбайтындары туралы жері қызық
konvict
Осыны сайттың маңдайшасына іліп қойса. Дін тақырыбы ұмыт қалыпты. Қалай болса да, ол қызу пікірталас тудырады ғой. Әсіресе, жамағаттар туралы жазылғаны
Aigolek
ия дин саясатпен астарлсып жатса да мангилик такырыптардын бири го. Или динди махаббат такырыбы турган пунктке косуга бола ма кен
Aikona
иа, басты тақырыптың бірі. Жазбауға болатын да тақырыптың ішіне кіріп кетеді
torgai
Дін өте күрделі тақырып. Теріс насихат кетсе дұрыс емес. Жілігін шағып, майын ішкен жан болмасаң — ең дұрысы «көзіңді қысып» жүр.
omarbirat
Дін туралы жазбаудың қажеттігі соншалықты, тіпті ол тақырыптың осы постта да орын таппай қалғанын байқап қалған шығарсыңдар?  
edige
Талқыға түсетін тақырыптар жоғалып барады. Белсенділер айып көрмесін… ешкімді кінәләмаймыз да… Ортада салбырлық үрдісі жалғасуда… Себебі қандайда бір тақырыпты бір ғана каментімен "өртке" айналдыратындар бас сұқпай қойды… Тұрмыстық қажеттілігі басым KILYZAMAN көрінбей кетті… Өз ойын толық жеткізгенше басылмайтын Gastarbaiter кірмей жүр… monti да жоқ… тағысын тағы… satibaldi мүлдем кетті…
ехххххххххххххххххххххххххх… тағы кімді айтайын… тағы нені айтайын...
Барлығының ортақ мүддесі болатын блокгампты 3 айда жасап тұрамыз ба…
asaubota
Фейсбуктағы пікірталас дамып бара жатыр, соның да салдары бар деп ойлаймын.
a63a1
Менде осылай ойлап жүрмін. Оперативтивтілігі қызықтырады адамды.
Daniar-Alan
Барлығының ортақ мүддесі болатын блокгампты 3 айда жасап тұрамыз ба…
edige
Негізінде сол Блогкамп болатын кезде керекте күнделікті жаңалықтар, суреттер қоры, дайындық барысы, неофициальный кездесулер мен патилер, бару мен бармау туралы пікірталастар көбейіп кетеді… Яғни жанданады… Рас…
Эстафетаны алған ұйымдастырушылардың күлкісінен кейін
— Ой келесі жылы АЙЫРАМЫЗ- дегендей сенімділік жатыр екен деп ойлайық, лайым…
Daniar-Alan
жоқ бырат, құрылтайдың өзін ұйымдастыру қиын болып жатыр, әрқайсысы әр жаққа тартып, көпшілігі қиын деп ойлап қашып та жатыр… 1-жылда 1 болатынының өзі сондай, 3-айда 1-өткізілетін болса…
Zilola
Уйiме аман-есен жетсем, осы кунге дейiн жазбаган такырыбымда пост iлемiн.
ken
2. Мерекелерге байланысты тақырыптар (құттықтаудан аспайды)
құттықтаудан бөлек "*** біздің мереке ме?" деген де тақырыптар болады емес пе? ондай тақырыптар әдетте белгілі бір мереке жақындаған кезде ашылады.))
salamat
саясаттан айналып өтуге тырысу қазіргі өкімет саясатының «жемісі».
кез келген тірлік cаясатқа келіп тіреледі!
temir1986
Менің әлі бұл жағынан тәжірибем жоқ. Яғни мұнда бірдеңелер жариялау туралы. Қалай қылам?
asaubota
бірдеме жазу міндетті емес. пікір жазып қана жүргендер де көп.
bake
блог жазу мода шығар, бірақ блог тұғырмасына форумдардан, интернетте жеке бет ашқан соң келгенім бар)) Форумдар мамандандырылған, сондықтан болар қызықтырмайтын көрінеді, бәрі бәрімен бөліскісі келгендіктен блог тұғырнамасының қолдануы артты (интернетте дамыды, бұрынғы Dial-Up 14 Kbit/с тек форумдарды оқып, текст жазуға жарайтын) Эволюциялық қадам ғой)