Логотип жасау жолдары.

Бәріне Салем! Маған көмек керек еді, логотип жасауым керек. Тегін приложениелер мен программаларды пайдаланып көріп едім, ойымдағыдай болмады. Дайын емес, өзім құрастыра алатын программалар болса немесе басқа да жолы болса айтып жіберіңдерші а?! Қатты кереееек! Күтемін!
Бөлісу:

29 пікір

Daniar-Alan
корелмен істе
madikon
ол қандай программа?
beka95
қандай логотип керек?
фотошоппен жасап көр
madikon
сен жасап көрдің бе?? сайтқа логотип жасауым керек,,
Janasil
Қандай прогты жақсы білесің сонымен жаса. Тіптен ол ворд не пайнт болса да. Білмейтін прогмен лого жасай қоямын деу біраз уақытты жейді және әурешілік болады.
madikon
онымен жасау мүмкін бе? дұрыс шықпайтын сияқты ворд немесе пайнтпен
Janasil
Пайдалана білуіңе байланысты.
Daniar-Alan
лібә Жәке, басқаның аузынан осы сөз шықса, бірден азғынқиялға бой алдыратын ем, Сіздің пікіріңізге ондай реакция жоқ… неліктен?
Janasil
Азғын қиялыңды жаза отыр.
Daniar-Alan
… ондай нәрселерді естуге құмбыл болып отырғаныңды білемін әрине, бәріміздің басымыздан өткен… әдетте, осы жұабайың туған соң 4-5 күннен соң басталады… сондықтан, өзімнің азғынқиялыммен сенің де азғынқиялыңды қоздырмай ақ қояйын, құрдас…
пы.сы: 37,38,39,40-шы күндер ең қиыны
Janasil
Қанша тырыссам да тақырып пен мына пікірдің байланыстыра алмадым Алан мырза.
Daniar-Alan
со ғо Жәке
басқаның аузынан осы сөз шықса, бірден азғынқиялға бой алдыратын ем, Сіздің пікіріңізге ондай реакция жоқ…
дегенім…
біз ғой, шайтаниойлар түртіп жүретін…
beka95
фотошоп ең жақсысы
asaubota
адамда қабілет болмаса мұндай істерді басқаларға тапсырғаны дұрыс деп ойлаймын. менің ойымша адам хакер, қари, дизайнер бола алмайды, солай туады.
Daniar-Alan
менің ойымша адам хакер, қари, дизайнер бола алмайды, солай туады.

таңдаулыларданбыз десеңЧ
Aldeken
хакер, қари, дизайнер
бірақ осы үшеуін де оқытатын жерлер бар… ))))))))))
asaubota
оқытқанмен мысалы бала қари бола қалмайды, тек Құранды жатқа оқып шығуы мүмкін. ал ол дегенің менің ойымша таза қарилық емес, қарилық ол бөлек ұғым, жүрекпен, мимен қатысы бар. хакерлікте солай, адам барлық программаларын үйреніп шығуы мүмкін, бірақ хакер бола алмайды. адам бүкіл дизайн программаларын үйреніп шығуы мүмкін, бірақ дизайнер бола алмайды. шын дизайнер керек нәрсесін Paint-пен де салып шыға алады.
Aldeken
цүнівотырм ғо, ақталмаш на…
Daniar-Alan
Тіптен ол ворд не пайнт болса да.

Жанасылдың жоғарыдағы пікірінің құны бар деш…
Менің ойымша, табиғи дарын бар және қажеттілік бар.
Мен оқығам жоқ. Сұмдық та меспін, бірақ, мұғалімнің айлығынан көптеу болған соң осыны істеп жатырмын… мәжбүрлік…
Marco
Корел мен Фотошоптың не екенін білмейтін адамның логотип жасаймын дегеніне күмәнмен қарап, оған ақыл айтып отырғандарға күлкім келіп отыр. Интересно… пациент еще жив?
madikon
Өмірде бәрін білу мүмкін емес! Білмесем уйреніп аламын! Егер білсем көмек сұрамаймын ғой! Сізде қызықсыз! Күлкіңіз келмесін!
edige
Сіздің осы постыңызға қосып-аларым:
— Интернетте блог не сайтқа ма әлде өнім шығаратын фирма атауына лого ма? Сіз бірінші логотип не мақсатта керек екенін жазыңыз немесе мазмұнын /мысалы, қандай сөзден немесе қандай бейнеден тұруы керектігіне тоқталып өтсеңіз/
— Сізге дайын және тез лого керек болса маманына жүгініңіз, немесе дайындап беріңізші деп осы ортадағы қолданушыларға қолқа салыңыз…
— Барлық түсініспеушілік сіздің қандай бағдарламалармен таныс екеніңізді білмейтінімізде болып тұр. Пайнтта да лого жасауға болады… 1998 жылдары Пайнтты қолданушылар АРТ-дизайнерлерміз деп шіренген…
— Өзіңіз дайындап және сол өзіңізге ұнамаған нұсқаны жарияласаңыз бізден аздап болса да қосып алар көмегіміз болар бәлкім…
Іске сәт…
madikon
Рахмет Едіге мырза!!! Мен ойланғам, бірақ тағы нақты жасап алайын ойша. Ниетініз бен көңіліңізге рақмет! Мен әлі де осында отырғандардан көмек сұрайтын шығармын.
AL-ASTER
Техникалық тапсырма (ТЗ) құжаттама әзірлеген дұрыс. Оған мынадай талаптар кіргізер едім:
1. Суреттің векторлық графика (немесе растрлық) болуын;
2. Нақты өлшемін беремін немесе қандай өлшемдерге пропорциялап кішірейтуге жарайтынын көрсетемін;
3. Жоба халықаралық ортақ ереже мен халықаралық стандартқа сай болуын (бірнеше беттік ортақ ережені оқи салуда тұрған ештеңе жоқ, есесіне пайдасы тиеді, себебі ол ереже тегін жазылған жоқ)
3. Түстердің комбинациясының ескеруін талап етемін; (яғни өзім түстер беремін ұнаған, адамның қабылдауына жеңіл болатын әрі түстердің гармониялары сәйкесетірген түстерді не себепті таңдағанын сұраймын, әдетте сәйкестікті анықтайтын математикалық формулалары бар)
4. Логотиптің консепциясын жазып өтемін: менің сайтымның мақсатын, логотипке қатысты түпкі идея;
5. Қосымша өзім қалаған логотип елестеуін қағазға салып, немесе басқа да адамдардың жұмыстарынан мысал көрсетемін, дизайнер ориентир алу үшін;

ПыСы: бұл асығыс жазылған жәй пікір еді, сонымен қатар мен дизайнер емеспін. Бірақ дизайнерлерге ресми құжаттама жасаудан аздап олсын тәжірибе бар
Daniar-Alan
лібәә… егер тапсырыс берушілердің барлығы осының ең болмаса жартысын орындаса рахат болар еді ғо…
әдетте былай:
-брат лого істеп берш…
-қандай?
-очм, аты надай…
-енД бағытын айтсанЧ, примерно тақырыбын…
-жо сен істей берш, 5-6 вариантын, көрсетесің ғо…
-бопт… қашанға?
-ертеңге брат…
edige
Елден Нұрислам Муслимов деген жігіт жақсы жасайды деп есіттім…
Rafaello нақті білсе керек қалай табуын… )))