Интернет мүмкіндігі

Мен соңғы екі күн бойы вебинармен қалай жұмыс жасау керектігін интернеттен көп іздедім, тіркелу керек жердің бәріне тіркеліп, нәтиже шығара алмап едім. Екі күн өткен соң индиядан бір сайттың мэнеджері қоңырау шалып, оның сайтымен қалай оңай вебинар өткізуге болатынын екі сағат отырып түсіндірді. Мен де бір қуанып қалдым. біздегі түскі мезгіл оларда таңертеңгі ерте уақытпен сәйкес келеді екен. Менің байқағаным — кішкене ғана командалық топ таңертеңгі ерте уақыттан өз жұмыстарын бастап көп адамдарға қоңырау шалып, адамдармен сөйлесіп,қолынан келгенінше көмектесіп шаршамай түсіндірді. Және сол қызметтері үшін әрине ақша жасауда,,,Қазыргы 21ҒАСЫРДА ақша жасау үшін ауыр қызмет жасау міндетті емес, ойды іске қосып және интернет әлемінен көбірек хабардар болып халыққа қызмет ете отырып ақша жасау керек деп ойладым. Және өзіме сондай интернетті үйреніп интернетпен жұмыс жасағысы келетін жастардан құралған команда құрғым келеді… Кім қалай ойлайды бұл жайында, ой бөлісе отырыңыздар!
Бөлісу:

15 пікір

Azattt
Вебинар деген не? Гүгүлдетуге ерініп тұрмын
madikon
Вебинар — көп адам бір орынға жиналады және спикер бір уақытта көп адамға өз ақпаратымен бөліседі. Вебинар — семинардың онлайн түрі қысқаша айтқанда. Онлайн конференция. Өте ыңғайлы.
Azattt
Рахмет. Оны қалай оңай өткізеді? (ақша бере алмайм, кешіріңіз, жылағандықтан емес шын сөзім)
madikon
хе хе… менде қалай өткізеді деп ізденгенде дәл солай айтқанмын. Мен ақша сұрамаймын, өзі де тегін. Қуана айтамын. Мен тек бір сайт таптым тегін өткізетін,өткізіп те көрдім бәрі жақсы! www.onwebinar.ru/ сайтында… тіркелу керек,, программасын жүктеп алу керек… сосын көмек ретінде нұсқаулық кітабын да жүктеп алсан жақсы болады. Соны қарап көр. Кімде- кім тағы одан да күштісін тапса, бөлісе отырыңыздар! Айтпақшы бұл сайтты да жақсы бір досым тауып берген.
Azattt
Тағы рахмет. Қандай мейрімді жансыз!
Azattt
Онлайн сабақтар жүргізсе болады екен.
edige
Қазыргы 21ҒАСЫРДА ақша жасау үшін ауыр қызмет жасау міндетті емес
Мен де солай ойлаймын… Жер жыртатындар, мақта егетіндер, бидай оратындар, көше тазалайтындар тағы тағылар — Лоқтар я… )))
madikon
жоқ! олай емес қой… мақта егіп, бидай оратын да адамдар керек қой… бірақ жастардың көбіне сол оймен, біліммен ақша табуы жөн деп ойлаймын.
edige
Өндіріс саласында кімдер болады… «Дипломмен- Жантақсайға» бағдарламалары не болады…
Azattt
Өзіңіз айтқандай лоқтар болат та, басқа кімдер
edige
Көлденең көгілдір аттылардың емес… Пост иесінің көзқарасы ғана қызықтырды… Еш айып етпеңізші…
Azattt
edige, солай-ақ болсын. Көлденең көгілдір аттылардың мағынасымен қоса сол тізімнен шығу жолын да айтып жіберсеңіз.
edige
Жақсы бастама…
Осы ортамызда asaubota жақсы тиын істейді деп есітемін… бір кездері қағаз ақша да… Ортаға салып отырса болады ғой… Ең болмағанда жолдарын… )))
Azattt
Программалардың локализациясымен айналысатын компанияға онлайн жұмысқа тұруыңызға болады. Ақшасы білетін тілдеріңіздің санына байланысты (кейде сол тілде сөйлейтіндердің санына да, аудармашыларды ұтымды қолдана алуыңызға да, жұмыс көлеміне де байланысты болуы мүмкін). Не болмаса фотошоппен жақсы жұмыс жасау білсеңіз кей компаниялар онлайн жұмысқа алуы ықтимал (тапсырыспен). Ақша төлейтін интернет-опростар бар (шетелдіктері жақсы).
Delhi
Мана Қазақстан каналынан Димаш пен Жалғасты көріп мәәәз болдым. Бір тумамдай. Тіптен көрмесемде Жалғас сөзге дес бермей отырғой. Димаш сол томпиғаннан томпиып отырды.