Жай ғана сандар...

99 жыл.

Техас тұрғыны Элизабет Эскалона өзінің екі жасар қызын ұрғаны үшін осынша жыл түрмеге қамалды. Тергеу барысында анықталғандай, қызының түбекке (горшок) отыруға үйрене алмағанына ашуланған анасы, оны сүттің бөтелкесімен сабап, қолын жарға суперклеймен желімдеп тастапты.


$23 200 000 000


Ovum зерттеу компаниясының болжамы бойынша 2012 жылдың соңына қарай смартфон қолданушыларының СМС-хабарламаларын тегін жолдайтын бағдарламаларға көшуіне байланысты әлемдік ұялы байланыс операторларының жоғалтатын табыс мөлшері осы соманы құрайды екен. Ал, 2016 жылғы қарай бұл көрсеткіш 54 миллиард долларды құрауы мүмкін.

$63 000 000

Гонконгтың ең ауқатты тұрғындарының бірі Сесил Чао Шецзюн өзінің қызын тұрмысқа шығуға көндірген еркекке осыншама сыйақы тағайындапты. Бойдақтар, асықпаңдар, бар гәп, ана байшыкештің қызының лесбиянка екендігінде болып тұр…

$11 000 000 000

Бұл әлемнің алдыңғы қатарлы 26 фармацевтикалық компаниясының соңғы 3 жылда төлеген айыппұлдарының ортақ сомасы. Айыппұлдар негізінен мерзімі өткен дәрмектерді сатқаны және тауарларды нарыққа заңсыз шығарғаны үшін салынған. Ең үлкен айыппұл ($3 000 000 000) британдық GlaxoSmith-Kline компаниясына салынған, соынмен қатар бұл тізімдегі алдыңғы үштікте Pfizer ($2 300 000 000) және Novartis ($420 000 000) бар.

0,5%
Жаңа iPhone шығуына орай АҚШтың жалпы ішкі өнімінің болжамды арту көрсеткіші. J.P.Morgan бас экономисті Майкл Феролидің айтуынша iPhone 5 сатылымы АҚШ жалпы ішкі өнімін қысқа мерзімді дамуында 3,2 млрд долларға арттырса, жылдық жалпы ішкі өнім 12,8 триллион долаға өспек.
Пы.сы. Ал, сендер Стив Джобсты ғана байыттық деп мәзсіңдер…

$16 015 000 000 000

АҚШ-ң мемлекеттік қарызының сомасы. Жалпы Америка тарихындағы рекордттық көрсеткіш болыпты.

2%

Әлемдік космонавтика нарығындағы Ресейдің үлесі. Космос нарығының 70% АҚШ-қа тиесілі. Қазсат-1 дайындауды Ресейге тапсырыс бергендер осыны білді ме екен, а?

1500%

Соңғы 20 жыл ішінде алдыңғы қатарлы ағылшын футболшыларының табыстары осыншаға өскен. АЛ, осы уақыт ішінде британдықтардың орташа табысы бар-жоғы 186%-ға өскен.
Пы.сы. Қазақстан Футбол федерациясы мен құрама футболшылары естімесін, бұны. ))))

$3 300 000 000

Американдық католик шіркеуінің 15 жыл ішінде священниктер тарапынан жыныстық қатынасқа итермелеу фактілері бойынша істер барысында төлеген айыппұлдарының жалпы сомасы.

16 сағат

Qantas Airways әуе компаниясына телефон соққан кәсіпкер Эндрю Кан осынша уақыт жауап күткен. Кан 2 тамыз күні сағат 19:22 компанияның кеңсесіне өзінің Мельбурннан Лос-Анджелеске ұшатынын растау үшін қоңырау шалған кезде автоответчиктің (аударуға еріндім...) даусын естиді, содан телефон тұтқасын келесі күні сағат 11:01 де жауап ала алмастан қоюға мәжбүр болған.

$9 300 000 000 000

Tax Justice Network компаниясының мәліметтері бойынша үшінші әлем елдерінің тұрғындары осынша ақшаны оффшорлық шоттарда ұстап отыр екен. Ал, үшінші әлем елдерінің сыртқы қарыздарының жиынтық сомасы бұдан еке есе аз – 4 трлн доллар.

96 100 000 литр

2012 жылдың маусым айында Ресейде өндірілген арақ көлемі. өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 47% өсіп, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетіпті. Өндірістің күрт артуы 1 шілдеден бастап арақ акцизінің 18% өсуімен байланыстырылады.
Пы.сы. Алқаш екендіктерін бәрібір мойындамайды-ау...

$152 000

Сингапурдағы Volkswagen Passat көлігі мен оны иемденуге лицензияның бағасы. Автокөлік иесі алдымен көлікті сатып алу құқы беретін сертификат алуы қажет, сосын 31% кеден салығын, 1000 доллар көлемінде тіркеу жарнасын, ал, көлік алғаш рет тіркелейін деп тұрса, қосымша көліктің бастапқы құнының 140% құрайтын қосымша тіркеу алымын төлеуі қажет.
Пы.сы. Патик, Пассатың арзан кетті-ау дим, ия?

115 жыл

Австрияның Нарр хайуанаттар бағындағы Польди және Биби есімді тасбақалар осынша жыл бірге өмір сүріпті. Кейін, олар бір-біріне деген қызығушылығы басылып, ажырасып кеткен екен…

20%

Биылғы жылдан бастап, Нобель сыйлығының көлемі осыншаға азаяды. Енді оның лауреаттары 1,4 млн доллар емес, бар болғаны 1,1 млн долларға ие болады.

1 700 000 000

АҚШ-ң Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің күн сайын ұстайтын, тыңдайтын, оқитын электронды хаттары, телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарламаларының саны.

Пы.сы. біздікілер ондай ақпаратты өлсе де айтпайтын шығар, ия? ))))))))))))



$853 000 000

Brand Finance бағамы бойынша ең қымбат футбол бренді — Manchester United клубының бағасы. Әлемдік қымбат брендтердің алғашқы елулігіне ресейдегі Петербургтегі «Зенит» клубы да еніпті (41-орын, 56 млн доллар).

9 күн

Қытайдың Хунань провинциясының құрылысшылары қолданысқа толығымен дайын 3 қабатты ғимарат тұрғызуға осынша уақыт жұмсаған.

13


Австриялық Fucking ауылына кіреберістен әрқайсысы 250 фунт тұратын осынша жол көрсеткіш белгі ұрланған. Келушілердің ерекше назарынан мезі болған жергілікті тұрғындар ауылдың атын өзгертуге шешім қабылдапты.

13 000 000 000

Америкалықтар жылына осынша гамбургер жейді екен. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша америкалықтардың жартысы кем дегенде аптасына бір рет гамбургер жейді екен.

25%

Британдықтардың осынша бөлігі интернетке қол жетімділігін сақтап қалу үшін 1 жылға секстен бас тартуға дайын екен. Boston Consulting Group сауалнамасының қорытындысы бойынша Интернет үшін алкогольден бас тартуға қатысушылардың 65%-ы, 76%-ы шоколадтан, ал, 78%-ы кофеден бас тартуға дайындықтарын мәлімдеген.

Дереккөз
Бөлісу:

11 пікір

zholantai
iPhone жарады, бекер-ақ буддалыққа өтпеген екенсің, Джобс!
asaubota
47920 тг

осы мақаланы көшіріп басқан журналист, газет иелерінің табатын табысы
asaubota
лібә біз Ресейді космогигант держава деп ойлап жүрдік қо… ұят болд, ұят болды мынауымыз…

ана лесбианканың шаруасы жеңіл ғой, түзеледі, түзеледі.
Aldeken
Машинамды Сингапурға апарып сатсам, қаншаға өтер екен деп ойлавотырм, негізі…
ruben
96 100 000 литр, 2%

КОдақтас © таңдауда мүлт кеткен жоқпыз ба?
konvict
Fucking ауылына
Ауыстыралыиялықтарда жарады екен
ruben
 3-4 жыл бұрын Буш Дж-ға күлгендерден емес пе едің?
Daniar-Alan
9 күн
өзбектерді басып озды десенЧ…
asaubota
11111
кешеге дейін жазылған пост саны
satibaldi
38 000 000 теңге.
Ғарыш-бірдеңе шенеунігіне үшінші сөмкемен әкелінген ақша мөлшері.