Өмірдегі ең үлкен ұстазым...



..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде.
90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды…
Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын…
Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды…
Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі…
Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой…
Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай…
Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
Бөлісу:

29 пікір

Marco
Қоңырау соқтың ба бүгін?
Daniar-Alan
кешке гүл мен тортымды алып барамын
bizbike
анамды сағынып кеттім ғой… ең үлкен ұстаз!
мектепте оқығанда фондқа ақша әкелмеген балдарды бәрінің көзінше тұрғызып, сөгіп, сабаққа қатыстырмай, үйіне қуып жіберетіндер де бар еді.....қызық болды бәрібір мектепте оқыған.
zhanara2013
Анашым, сагындым…
bi2
25 жыл? Менің анам 39 жыл ұстаз болып қызмет істеді. Біздің үйдегі балалардың бәріне сабақ берген. Ұстаздың қадірі ауылда сияқты маған. Көшеде жаяу кетіп бара жатқанын көрген оқушылары машиналарына отырғызып үйге жеткізіп салады. бұрынғы заманның шәкірттері ғой. Ал біз ше? Бізден бөлек қазіргі оқушылар тіпті ұстаздарын менсінбейді. киген киіміне күліп, жүрген-жүрісін мазақ етіп дегендей…
Bayan_
Таңертең есімнен шығып кетіпті, түскі асқа барғанда құттықтадым апамды (мамамды)мерекесімен.
Marco
Апамы несі? Сен сөйдеушімең?
bizbike
Менің сіңлім ҚазНу-да оқып жүргенінде мен оған телефонына хабар жіберем, сонда қасындағы қыздар сұрайтын көрінеді кім ол деп. Сіңлім «апам ғой»,- дейді, құрбылары «мә апаң хабарлама жаза ала ма?»- деп сұрайтын көрінеді. Сондағылары әжесінен хабарлама алып жатыр деп ойлағандары ғой
bi2
біздің батыс жақтың сөзі ғой ол деген…
Gastarbaiter
Соны түсіне алмай қойдым, "Әже-ау десең ренжитін кемпірлер бар.
Жыным келед. — өй кемпір-ау, Әже болғаныңа шүкір десейш — деп батыстыққа салғым келед.
asaubota
рахмет еске салғаныңа. мұғалімдер күні құттықтамасам ренжитін апалар (әпке/әпше) бар
Aldeken
Бұрынғы ұстаздардың альтруистігіне мысал:
Анам 1986 жылы КСРО кезіндегі ұстаздардың ең жоғарғы марапаттарының бірі — Н.К.Крупская атындағы премияның лауреаты атанды. Премия — 2000 сом. 1986 жылы ол дегеніңіз жоқ дегенде 4 мотоцикл болатын. Содан, «Премияны неге жараттың?» деп сұрағанымда. Сол жылы Чернобыль апаты болды ғо, соған көмек ретінде аударып жібердім түгелдей деген.
Кешке гүл алу керек, үйге қайтарда…
asaubota
апым мықты кісі ғо, сәлем айтып құттықтап жібер біздің атымыздан да.
AKY
Негізі мереке қазанның алғашқы жексенбісі емес пе еді? Сол күні құттықтаймын мамамды.
aza
Былтырдан бастап бір күнге тұрақтады бұл мереке, яғни қазанның 5 іне, дәл бүгінгі күнді еншіледі!
AKY
білмеппін. онда бүгін телепон шалу керек)
zholantai
Алғашқы жескенбісі деп ойлап жүр едім. Білгенім қандай жақсы болған.
Erkekyz
Мен де жексенбі екен деп жүрмін ғой.
Жеңешемді құттықтау керек екен. Кезінде сынып жетекшім еді. Үйде жалғыз мұғалім сол, қалғандары медиктер мен гидрологтар)).
aza
Алғашқы ұстазым Айна мен 5-9 сыныптар арасында класс жетекшіміз болған Ләззат апайды қадірлеймін! Айна апайға соқтым, сәскеде. "Қазір Алмастай, кідіре тұршы" деді де, «айта бер» деді. Телефонның микрофонын қосып жіберді. Мақтаныватыр «менің балам, Астанада жұмыс жасайды» деп))) Бізді оқытқанда 21 жаста ғана екен… Әп-әдемі болатын))) Ләззат апайға соғу керек еді…
zholantai
Барлық ұстаздарды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Ауырмаңыздар, аман жүріңіздер!
Бірді-екілі мұғалімдердің лайықсыз іс-әрекеттерінен барлық ұстаздарды «ақша жинағыштар»,«білімсіздер,»,«тегіннен-тегін ақша алып жүргендер»,"ұстазыңды сыйлама", т.б кесірлі сөздерімен баласының құлағына құйып, дастархан басында кіжініп отыратын кей ата-аналарды түсіне алмаймын. Жалқы әрекеті үшін, жалпыны жерге ұратындары қалай екен?!
Tyulpan
менің де мамам мұғалім. мен де құттықтаймын барлық ұстаздарды!

мен өзі балабақшаға бармаған баламын. мамам алғаш мені мектепке апарғанда, жатырқап, көзім жыпылық-жыпылық етіп, мамам кетіп қалмаса кен деп қолынан ұстап алғам ғой. бір кезде класқа кірдік и мама арт жақта отырған. кетқалмаса кеееен деп, артыма қарап-қарап отырғам. мұғалім әңгіме айтып жатыр, айтып жатыр. бір кезде есіме түскетті де, артыма жалт қарасам… мама жоқ… сол кезде жаман жылағым келіп кеткен ет...

мамадан алыс жүргенде Шәкәрімнің: «Кіндікті кесіп, қиғанда, анамнан кеттім алыстап» деген сөзі есіме түсет
bake
Ең үлкен ұстазың анаң болғаны ғой)) Әрбір ата-ана баланың бірінші ұстазы)) Еркелеткен әкеңді де тізімге қосып қоюға болады. Мамандыққа келетін болсақ. Әр қалай кейбіреулері атымен, ісімен ұстаз атанып жатады. Тек дипломында мұғалімдік деген жазылғандарда ғана емес мамандықпен маман иесінің табысып тәжірибесін бере алу қасиет табылғанда ұстаз деп айтып жатады. Игі істерге жетек қылып, болашаққа жол салған, шәкірттерін соңына ертіп өздерінен алға оздырып мол жетістікке жеткізген ұстаздар мерекелеріңізбен!
Gastarbaiter
Кеше Альмираға — "Құттықтамайсың ба мені!" — десем, «Неге?» дейді. «Сенің мерекең таусылмайды екен, 7 мамыр, мұнайшы күні, аудармашылар күні, енді мұғалімдер күні де сенікі ме?»… — дейді.
«Енді дипломым мен алғашқы мамандығым педагог ғой енді» — деп налыдым, лібә, біз еркектер қатындардан подаркі сұрамаймыз ғой, бетімізден кеп сүйсе де не тұрады, себепті-себепсіз
Daniar-Alan
біз еркектер қатындардан подаркі сұрамаймыз ғой, бетімізден кеп сүйсе де не тұрады, себепті-себепсіз
 тігесің Гаста
a63a1
английский маникюр деушмед ана тырнақ бояу әдісін?
MamaAya
мамамды қааааааааатты сағыныыыып жүрмін....