Фотоконкурсқа қатыс, Түркияға жолдама ұтып ал!

Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.



Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.

Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.

Жүлделер:

1-орынға: Түркияға 1 апталық демалысқа жолдама
2-орынға: Астана-Стамбул-Астана бағытына 2 билет
3-орынға: Фотоаппарат

Фотолар 20 қазанға дейін мына мекенжайға жіберілу тиіс:

Астана қаласы. Қонаев көшесі 27. Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы

немесе email арқылы мында: astanayetkm@gmail.com

Байланыс үшін:
+7 7172 28 62 00
astanayetkm@gmail.com
Бөлісу:

77 пікір

VKM
ммм… жіберейік.Бірақ профи фотографтардың суреттері жеңеді ғой.Біздікіне қайдаааа?
aikarakoz
Ого! Керемет!  Жібереміз!!!
VKM
Айқаракөз, давай осы жерге де 1 суреттен салайық
aikarakoz
Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған
депті ғой
VKM
100 cуреттен 1-еу қою түк емес қой))))
aikarakoz
 сюреттерім үйде, дауай кешке салайын))
aikarakoz
Арнайы сен үшін
Gastarbaiter
бұрын камвхорингтің чемпионы бізде Қалдықыз еді. Бір құлоғи чандық қыз как раз сенің жасыңда болатын сол кезде. Соған қарағанда бұл ноуқос белгілі бір жас адамдарының миын зақымдайды ау дейм
aikarakoz
Переходной возраст та емес қо
Zilola
ужссс, бұл не дегенің?
VKM
aikarakoz
Титаник қонақ үйі?
VKM
Жоқ Кемерде, Королева Елизавета деген
bazuka
Malika shashty kyip tastadin ba?)
VKM
иә, ЭйрАстанада шишка жинау керек болды. Кішкене кезімнен лак, гель, шаштан түк қалмады.
MMMM
Фотошоп аман болсын, қазір қазір… фашист мен сені өлтіремін, ойбай "қазір жіберемін" дегеннің орнына кинодағы сөздер кетіп қалыпты ғой
Daniar-Alan
қойсанЧ… абыройыңды түсіре бермей…
Erkekyz
Туркияға барған достарыма жіберейін мынаны.
asaubota
жақсы жаңалық: фотоларды email арқылы да жіберуге болады. жоғарыда пост ішінде жаздым адресін. тек жақсы сападағысын жіберіңдер, өздері шығарып алады фотоқағазға.
omarbirat
Түркияда өмірі болып көрмегендерді қатыстырмайтыны нашар болған екен
Abilakim
түрік сериалын қарап отырып түскен суреттер конкурсын өткізтуді ұсынамын. Біраз адам қатысар ед))
aikarakoz
 Ондай да суретім бар екен
Aldeken
Жалпы конкурстың концепциясын ұға алмадым.
Түркиядағы демалыста түскен суреттердің конкурсы. Бас жүлде — Түркияға жолдама.
Ең әдемі тышқан адамға биотуалет сыйлаймыз деген сияқты бірдеңе ғо…
пы.сы. Кешір, Арчи.
asaubota
енді ұйымдастырушы мен емеспін. менікі тек ақпараттық қолдау. бұлардың мақсаты Түркия туризмін насихаттау ғой. сол себепті сол жаққа барып келген адамдардың суреттері арқылы жарнама жасағылары келеді фотокөрме жасап. ал үздіктерге тағы да бір жолдамадан артық не керек?
Kipshakkyzy
Ех,  шанс жоқ шығар…
asaubota
неге бірден солай ойлайсыңдар? қиын емес қой, имейлмен сурет жібересің, болды.
Kipshakkyzy
иә, сол кезде-ақ жібергем. Мерак етменіз. Жәй, ішімдегіні бір шығарып алайын дегенім да.
omarbirat
Сәлеметсіздер ме?

Конкурстарыңызға суретімді жіберер едім, бірақ Түркияда бұрын-соңды болып көрмеуіме байланысты ондай мүмкіндігім болмай тұр. Бірақ Түркияға қатты барғым келіп тұр.

деп хат жазып жіберсе қалай болар екен деп отырмын. Бәлкім, ештеңе ұтпай қалармыз?
saltanat23
Қорытындысы қашан шығады екен?
asaubota
осы айдың 20-сынан кейін.
aizhan
суретте міндетті түрде өзің болуың керек пе? суретке түсуді ұнатпасам, бірақ пейзажын әбден түсіріп әкелген болсам ше?))
asaubota
міндетті емес өзің болуың. жіберген суреттерің туралы және өзің туралы қысқаша ақпарат жазып жібер ұйымдастырушыларға.
salta
Гуви и Габана))
salta
Сиде. Вояж Сургун қонақ үйі
Adiletshu
Жаныңыздағы жездеміз ба
asaubota
қатысыңдар конкурсқа
xsanatos
мына кісі көрінбей кетіп еді, эффектно жарқ ете қалды ғой
know_how88
Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады.
Бармағандарға баруға мүмкіндік берсе жақсы болатын еді.
asaubota
қалай?

адам бармаған болса Түркия туралы фотосын қалай жібереді?
know_how88
Иә, айтқым келгені — талап басқаша болса. Мысалы, Түркияға қатысты өзге дүниенің барлығы, бастысы — онда болмағандарға баруға мүмкіндік беру. Әйтпесе, берген үстіне бере беретін сияқты екен, ИМХО.
asaubota
ұтып алғандар басқаларға бере алады ғой. мысалы ағаң ұтып алып саған береді.
asaubota


Ракы ішкен қазақ (автор: А.Оразов)
ХХІ ғасыр, фотоаппарат. Ulusoy Aspendos Hotel / AVSALLAR
aikarakoz

Кәктейіл ішкіңіз келмей ме?
MUZBALAK
Айқызылтырнақ! Өзіңді жарнамалай бермеші нақ. Бір барыпсың қыдыруға, енді қанша жыл жарнамалайды екенсің әлі?!
aikarakoz
Хочешь, тағы бір суретімді ілем сен үшін?
Gastarbaiter
балағы еріп кетті сені көріп
Gastarbaiter
Ракы ішкен қазақ. Автор: А.Оразов
Ай пәлі, а, ананы қара сен, арқа қозып кеткенде сөйтіп телекинез арқылы фотоаппаратты әуеде ұстап тұрып шарт еткізем де, хроникасссс
asaubota
жәй, картина сияқты сипаттағаным ғой. конкурсқа қатысатындай фото жоқ екен менде.
VKM
Мен де жібердім,қызық болғанда керекшілерден біреу ұтып алса)))
Zilola
мен де қатысқым келеді
Zilola
Профессионалды фотикпен түсірілген суретті 40х60 көлемге өзгертсек, барлық қызығы кетіп қалмай ма?
asaubota
03 қарашада қортындысы шығады. осы апта соңына дейін қабылдайды, тездетіңдер.
aikarakoz
Қорытындысын күтіп жүрм…
aikarakoz
Бүгін 4-қараша. Қортындыдан хабар бар ма екен? Қызық маған))
Nurgisa
Жеңімпаздарға хабарласар еді ғой, хабарласқан жоқ па?
aikarakoz
Жеңімпаз болмасақ та, кім алғанын, қандай сурет алғанын білсек жақсы болар еді))
VKM
Админ қортындысы туралы ақпарат берер деп ойлаймын)
Nurgisa
Жазса, арамыздағы біреуге нәсіп болса екен деп отырмын.
asaubota
маған әлі хабар келмеді. бүгін бір хабар болып қалар.
mirasasem
Түрікше үйренетін жақсы қандай сайттар бар?
asaubota
келесі жексенбіде Ханшатырда көрме болады екен, сол жерде айтылады жеңімпаздар.
VKM
Маған, сенің фотоларың үздік 20 фотолардың қатарында деген хат келді. Тағы кімге келді екен?
asaubota
қуаныштымын. демек фотоң көрмеге шығады. жексенбі күні жиналайық Ханшатырда.
VKM
рахмет, Аршат аға, Аза
Kipshakkyzy
Маған да сенің фотоларың үздік 20 фотолардың қатарында деген хат келді.  Осы жексенбі сағат 14:00 де Ханшатырда марапаттау кеші болады екен. Көөөөп рахмет, Арчи ағай!
asaubota
үздік 20 фотолардың қатарында деген хат келді

таң қалмадым