Gangnam style. Жалғасы

Әлемде Gangnam style эпидемиясы өршіп-ақ тұр. Youtube.com сайтында жарияланған клип, пост жазылған уақытта 3 359 099 лайк жинап, рекорд жаңартты. Қаралуы тіпті адам шошырлық — 353 287 065.
Бұл клиптің пародияларының өзі бір төбе. Кейбірі өте сапалы жасалған, біреулері телефонға түсірілген, тағы бірінің кесірінен адамдар жұмыссыз қалып жатыр. Алдымен мына видеоны тамашалап алыңыз.

Түсірілген жері Калифорния, АҚШ. Бишілер — құтқарушылар. Бастықтары клипке түскен 14 адамды жұмыстан шығарып жіберіпті. Қазір байғұстар қайтадан жұмысқа тұру үшін есіктен есік жағалап жүрген көрінеді.
Келесі клипке түскен АҚШ Әскери-теңіз академиясының курсанттары. Бұларға академия басшылығы рұхсат етпеген сияқты. Сондықтан оқудан шығарылулары әбден ықтимал.

Оқудан шығарылғаны ештеңе емес, режимдік нысан болып табылатын академияның іші-сыртын жария еткені үшін курсанттарды соттап жіберуі де мүмкін. Соттау демекші, пародияны сотталғандар да жасап үлгерді. Мынау атақты филиппиндік абақтының туындысы. Бұлар 2007-жылы Майкл Джексонның құрметіне де осындай флеш-моб жасағаны естеріңде шығар.

PSY қазір ең танымал адамдардың қатарында. Жақында тіпті америкаға барып Бритни Спирске қалай билеу керектігін үйретіп келген.

Пародиялардың ішінде маған келесі ролик ұнады. Әлде балалар сүйкімді ме, әлде мамалар ма… өзім де түсінбей отырмын.

Және мына бір пародия да тым «мими».

Ал тұздыққа мына бір қазақстанlық пародияны қарап жіберіңіз.

Сіз пародия жасаған жоқсыз ба?
Бөлісу:

68 пікір

asaubota
мынау астаналық студенттердің жасағаны:

www.youtube.com/watch?v=KMjlimMyeKc

жүйкесі әлсіздер қарамаса да болады
MickThatsMyNick
бір орында тұрып секірудің орнына, олар жанына қарай секіріп, бір-бірімен соқтығысып жатыр.
Aldeken
Пародиялардың ішінде маған келесі ролик ұнады. Әлде балалар сүйкімді ме, әлде мамалар ма…

Балаңды қасыңа ертіп алып, көтенді суретке түсіретін әдетің тұрғысынан алғанда, бұл сұрақтың қойылуы орынсыз дер едім… Опшым, ақталмаш, нақ…
asaubota
мамалардан бастап қарадым  жарнамаң өтіп кетті
MickThatsMyNick
Осыған пародия немесе флэш моб жасау ойда жүр, бірақ жақсы билейтін команда керек, бір қарағанда би оңай сияқты, бірақ жаңылып кету оңай.)
asaubota
13-секторға айтқым келіп жүр «голдан кейін істеп көріңдерш» деп.
asaubota
америкалық мамалардың биін қараңдар, өкінбейсіңдер
patick
Молодые мамы хороши,
Гуляют от души!
Спокойной ночи, малыши!
© Дискотека Авария
Abilakim
Мамалар мамалатады екен)))
asaubota
мамалардың видеоны қалай түсіргендері туралы әңгімесі, мұны да қараңдар ей үйленген жігіттер



ана маманың видеолары көп екен www.youtube.com/user/whatsupelle
Marco
лібә, еще 84-тер жайлы әңгіме айтад, мыналар!
Aldeken
лібәә, біз оны пост қылып жазып, мақтанбаймыз, если шо…
patick
Осы клип Ютуб тарихындағы ең көп көрілген видео дегенде… уить еттім
asaubota
Қытайда Ютуб ашылса не болар екен?
Gastarbaiter
Қытайдың өз ютубы бар ғұй
Daniar-Alan
жынды… нады. Керектіктер шықса Ә? ВКМ үйретсе…
Adiletshu
Иә. ВКМ-ді билетіп түсіріп алса ә
VKM
7-сі күні тойда билеймін. Қояйын ба?)
Marationok
Осы итжегіштің өлеңі несімен жақсы?
Gastarbaiter
Клипте ит жемейтінімен жақсы
Abilakim
Бұлда өз елінің Қайрат Нұртасы шығар)))
enekereknak
жақында мына пародияны көрдім… енд джнд екен)
www.youtube.com/watch?v=wJFW7-hyWpE
Marco
Мықты екен мынау!
asaubota
бұны бөліскен сияқты едік қой
enekereknak
басқа пост болмаса мына жерде жоқ екен.
omarbirat
Жасамайтындары жоқ, епті
Gastarbaiter

Есалаңның Аңсарынан бері бір өшіп күлгенім болды
asaubota
маған ұнамады онша, ұлыма ұнады. "ұрсатын ағайды" қойшы деп мәз болады епті.
Gastarbaiter
Лібә, тағы қарап тағы жаттым, на
МП3 ге конверттеп жазвалдым өзіме
Marco
Лібә, біреу «Open Condom Store» деп түсініпті
Gastarbaiter
клипсіз тыңдаған онша қызық емес екен
asaubota
3gp қылып салып ал телефоныңа
asaubota
«Ақтөбе» футболшылары голдан кейін Gangnam style биледі


5:15-тен бастап қарасаңдар болады
MickThatsMyNick
билеуге "өте ыңғайлы жер" тапқан екен.))
GS style
alisha
Кеше PSY-дың Леди Гага, Бейонсқа жасаған пародияларын көріп біраз күліп алдық.
Marco
сілтеме?
alisha
Сілтеме бермек түгілі, сіздер қойған роликтерді көре алмаймын ТВ-дан көрдім.
AKY
Астарлы ақиқат дейсің ғо)
alisha
Другая правдадан
Marco
408 978 337 қаралыпты ютубта! 3731274 лайк! 09.10.2012. 9:38.
Nurgisa
Негізі одан көп пе деймін. Әр түрлі шейрлер бар, олардың өзі ондаған миллион қаралуға ие. Тиісінше, лайк саны да. Әбіләкім көрсеткен дорожкада да биньюстіктер мынанша мәрте қаралыпты депті. Абсолютті көрсеткішті дөп басып айту қиындау ма деймін де, сол…
Marco
Оның рас, мен тек ең көп қаралған роликті айтып отырмын
Aigolek
Гиннестын рекордтар кытабына киривалыпты еще
Abilakim
«Youtube-ті құлағына көтерген Gangnam Style „
деп мына жақта орысшадан “прамой» аударып періп жіберіпті
Gastarbaiter
басына көтерген десе де болар еді
Abilakim
аяғынан тік тұрғызған, сен айтқандай «басына көтерген», болмай бара жатса "«жыртып тастаған» десе де болар еді, құлағынан көтеру енді… АКУ-дің көтерем сиырларын құлағынан көтеріп тұрғызуға болады обшым
asaubota
телефонға қоып аламын десеңдер мына жерден алыңдар, дым сөз жоқ тек музыкасы.
omarbirat
Гангнам стайлдың қазақша пародияларынан мынау ұнады:

Erkekyz
Музыканың ритміне би күшті келеді екен.
asaubota
ұнады, түсіріп алып жатырмын үйге апаруға
Erke
Ерболаттыкі "Қыртығанстайл"!!!
asaubota
оныкі әлемдегі ең соңғы Каннам стайл пародиясы шығар. әдеттегідей ең соңғы болып шығардық қазақтар
Marco
Бейшара ай. Англияның Блэкберн қаласының тұрғыны 46 жастағы Имон Килбрайд, осы әуенге билеймін деп о дүниелік болыпты. толығырақ.
Barsa
Атыраулықтардың нұсқасы


Ерболат Құдайбергеновтың пародиясы
asaubota
Атыраудікі ұнады, базар жоқ!
Nurgisa
Lip-syncing жанрындағы озат туынды, базар жоқ. Мұндай пародияларды халыққа танымал әншілерден гөрі қайта осындай таныла қоймаған тың таланттар орындағаны жақсырақ қабылдана ма деймін.
nurlat
Эстрада жұлдызы Ерболаттың аталмыш әнге және клипіне жасаған жиендік, тым ерсі көрінді маған.
asaubota
меніңше жақсы тиын істеген сияқты. басты мақсат пародия жасау емес сияқты болып көрінді маған, клип соңында бірнеше лого көрсетіледі
sigma
Сатыбалды давно билетіп тастады ғо мына жерде
Tyulpan
біздің корпоративкада да биледі осы гангнам стайлға біздің қызметкерлер. 2ші күні тіпті генеральный директор да биледі… ой алла, жұқпалы кен өзі
a63a1
тіземенде билеп көрдім жақсы шығады екен