Адамның күні адаммен
Жұмыстан келе жатқанымда мені үйіміздің ауламызда бір келіншек тоқтатты. Сіз осында тұрасыз ба? — деп сұрады алдымен. Осы көппәтерлі үйде тұратындығымды айттым. Сізден көмек сұрайын деп едім, — деді. Содан кейін оның мектепте оқитын қызын осы үйде тұратын ұл бала ұрып, оның миы шайқалып, оған дәлел болатын медициналық қорытынды да бар екенін айтып, көрсетті де. Менен сұраған көмегі — сол бұзақы балаға мінездеме жазу еді. Сөз арасында арыз бергеннен бері бір ай өткенін, одан бері іс қозғалмай жатқанын, ол баланың әке-шешесі мүмкін құқық қорғау органдары өкілдерінің ауыздарын майлап қойғанын, бірақ куәгерлердің көп болғанын, олардың куәлік еткенін де айтты. Ал мен не істедім? Бұл сөзіне ойландым да, мен ол баланы білмейтіндігімді, бұл үйге жақында ғана көшіп келгенімді айттым. Бірақ мен өтірік айттым, өйткені мен ол бұзақы баланы танитынмын, оның анасын да. Ол баланың үлкендермен салғыласып тұрғанын, тас лақтырмаңдар дегендерін тыңдамай, керісінше істеп тұрғанын да көргенмін. Бірақ бәрі сатылып алынған болса, менің жазған бір парақ қағазымнан не пайда болар деп ойладым.
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
Енді сол оқиға ойымнан кетпейді, ал менің қызыма біреу сондай зорлық көрсетсе ше… Мен де солай көмек сұрап жүрсем ше.....Құдай бетін әрмен қылсын, бірақ менікі дұрыс емес болды…
екіншіден, сіз бұл жазбаны көпшілікке жариялаған кезде, оған байланысты пікірлерді білгіңіз келгенін мойындайтын боларсыз. Ал, барлығымыз бірдей сізге ұнайтын бал татыған шекер пікірлер жазуға міндетті емеспіз. Сондықтан, пікірлерді адекватты түрде қабылдауды рекомендеймін… әйтпесе, жазбаға пікір жазуды шектеу құқығыңызды пайдаланбаған өзіңізден көріңіз… көріскенше…
Жазбаңыздың көңілімнен шықпағаны рас. Сіз өзіңіз таңдаған стиль мен жеткізу мәнерінде жазба жазсаңыз, мен сол жазбаға қатысты өзімнің ойымды нақты бейнелейтін пікірді өзім таңдаған тілде және жеткізу мәнерімде жазып шықтым.
Оның үстіне менің пікірімді боқтау деп бағалағаныңызбен де келісе алмас едім, «Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады», «болар бала боғынан», т.б. қазақ әдебиеті мен ауызекі фольклорда кең тараған мақал-мәтелдерді қолданған адамдарды да «боқтадың» деп жағасына жармаспайтын шығарсыз деп үміттенем.
Қысқасы, әрі ойнаңыз, қарындас…
Жатпай тұрып ренжіңіз дейсіз ғой
Бұрынғының ерлері халқын қанаған хандармен айтысатын еді, осы күнгілер монитордың арғы жағынан тартысуға жалықпайды екен. Жеке пікірім, ешкімнің намысына тигім келіп отырған жоқ.
Атайын дегенім ол емес, осы тасып бара жатқан ақылдары мен сөзуарлығын әділетсіз шенеуніктер мен билік өкілдерімен айтысып, жеңуге деген қайтпас құлшынысын әділеттілікті орнату үшін солармен күресуге жұмсаса ғой шіркін!
аха, шенеунікпін…
Пах!!! Әлі есімде… сол кезде Махамбет кіріп келді де… болмаса… Орақ батыр естеріңде ме…
"Өзі білмесе де, жұртқа ақыл айту қазақтың сүйген ісі" деп О.Бөкей айтқан.
«Мұңайған боқ» -деген «Бұл құсыққа сөз, аргумент, негіздеме айтуға ерінем» дегенді білдіретін меміміз еді.
Сөйтсем жынды-жынды аргументтерің де, негіздемелерің де бар екен
ал менің кенжеммен аттас кісінің қызы бірнешеу болса керек.
Кейде итеріп жіберіп, сөмкемен бір ұрып, шашынан тартып қап, сосын кешірім сұрап, жұбатып, артынан сөз айтатын кездер де болған