«Кузей Гюней» - 31-арнада жаңа сериал

«31 арнада» 8 қазаннан бастап маусымның үздік тұсаукесері «Кузей Гюней» телетоптамасы басталады. Бұл фильм Азия мен Европаның көптеген елдерінде зор табысқа жеткен. Фильмде қазақстандық телекөрермендерге бұрыннан таныс, түрік телехикаяларының алып жұлдыздары Кыванч Татлытуг пен Бурга Гюльсай қатысқан.

Ағайындылардың қарым-қатынасы туралы көп сериялы эпопеядағы тамаша актерлердің жұлдызды тобы отандық көрермендерді таңдандырады! Телетоптаманың басты кейіпкерлері, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын Кузей мен Гюней атты ағайындылар.
Кузей — бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады.
Бала кезінен үлкен ағасымен бақталасып өскен. Ата- анасының айтуымен, Гюнейдің жасаған қылмысын мойнына алып, біраз уақыт абақтыда отырып шығады.
Гюней — Кузейдің толық қарама-қарсысы. Інісіне қарағанда шыдамды, алдына қойған мақсаттарына үнемі жетеді. Жанұяда бірінші бала болғандықтан, ата-анасының махаббаттары оған ерекше. Болашаққа деген жоспары зор, сүйіктісі- Джемреге үйленгісі келеді.
Джемре — өте кеудемсоқ қыз. Анасымен бірге ағайындылар тұратын ауданға көшіп келді. Ол ағайындылардың екеуіне де ұнап қалады. Алайда, Джемре өзіне келешегінен үміті бар Гюнейді таңдады, ал оның жүрегі басқаны іздейді.

Ағайындылардың махаббаттарынан не шығады? Бір-біріне деген сенімді сақтай ала ма? «31 арнада» қазан айында!

http://31.kz/kz/projects/serials/kuzei_gunei/news/document41917.phtml

P.S Декреттегі vebred ханымды жоқтатпай 31-арнадағы жаңа сериалды жарнамалап жатырмын. Қазақстан арналарындағы түрік сериалдарын қарай бермеймін, көбісі нашар сериалдар. Ал мына сериал шынымен жақсы, сценарийі қызық, актерларды да жақсы таңдаған. Қарап көріңдер.

Фотолар:















Бөлісу:

49 пікір

Nurgisa
Қавзақстанда осы уақытқа дейін көрсетілген ең табысты сериал болады деп ойлаймын. Шынымен басқаларына ұқсамайды желісі. 31 арна осында ұсынған репертуарға құлақ асқан ба деймін  Аудармасымен қалай болады екен күтеміз!
asaubota
иә, сүйікті vebred декретке шықпай тұрған кезде қазіргі сериалдардың нашар екенін, осы сериалды 31 алса ұтылмайтынын айтқан едік. өкінбейсіңдер, қараңдар.
vebred
Расында кезінде фокус группанын қорытындысын жасағанда осы сериал туралы жазғаным рас… алайда оған құоақ асты ма аспады білмедім))) Аршеке көмегіңізге мың алғыс!!! Ал «сүйікті» сөзі көзіме оттай басылып кетті)))
asaubota
сайтымыздағы әр ана бізге сүйікті
Nurgisa
Кыванчтың қазіргі «Запретная любовьтағы» ойнағаны түк емес, «Кузей Гюнейдегесін» көрсе, Қазақстандағы да қыздар сынатын шығар. Әдемі ашылған. Бүгінгі Түркия мәдениетін әсірелеусіз ұтымды ұсынған… Сериал барысында Кыванчтан басқа «Запретная любовьтағы» мадемуазельдің ойынына (Джемренің шешесінің ролін сомдайды), Кузейлердің ата-анасының ойынына ерекше назар аударыңдаршы, маған өте ұнады!
zholantai
Tobelesi bar turik kinosin kormegen ekenmin, ne esimde kalmagan. Mina serial tartip tur,
Nurgisa
Трафаретті трюктары жоқ, ә дегеннен сілкіп-сілкіп алады…
asaubota
төбелес сахналары:





көз байлап та төбелеседі

Nurgisa
Музыкасын сәтті таңдайды осы түріктер. Әр эпизодтың рухына дәл тигізеді. Сендіреді.
bazuka
Кыванч Татлытуг сымбатты, сырбаз және сері жігіт ғой))) Саянүштің тілімен айтқанда «Сырттан» короче))
bazuka
31 арнадан көрсетіле ме екен деп күтіп жүргем, жібермей қараймын.
asaubota
орысша субтитрмен бар екен интернетте
Aigolek
Откендее уйде жургенде Сырлы стамбулды бираз карагам. Сонын да саунтрегы унаган. Кааал деген олен сосын аркадашлар деген олендери
asaubota
бір сериалдан естіп қалдым да қай ән екенін есіме түсіре алмап едім, әйтеуір менде бар бір ән екенін білетінмін. рахмет
my.mail.ru/mail/arshato/audiotrack?file=7d49234ced50c6676f29bcebbf2c50c2&uid=88113755
Erkekyz
Әйтеуір жақсы сериал беретін болды-ау. 31-арнадан үмітімді үзе бастап едім.
Aigolek
сериалдарын билмейм 31 жаксы киноларды коооп береди
aikarakoz
Түріктерден еліне барғанда «Фатмагүллің сүчү не?» деп сұрай бергенбіз)) Сонда өздері «Кузей-Гюней — біздегі ең мықты сериал» деген. Көресететінін естіп қуанып жатырмын. Үзбей қарайтын боламын.
Бугра Гюльсойға то есть Вуралға ғочық боқалғам кезінде
seyh
мля қызығып кеткенсің ғой. «Еркек сериал көрмейді» -деген ұстанымым әдірем қалатын болды
ZhuZhu
Кыванч түрік қыздарының ең сүікті, бүгінгі күнгі ең танымал актер деп естігем… өз басым қаншама рет сериал көрмеймін десем де үйдегілермен ілігіп ақыры ауырып қалатын жаймыз бар. алайда осы 31-каналдағы сериалдардың барлығын неге аяқсыз қалдырады? Иер мен ГӨктегі Хавва мен Юсуфты қайда ұшырып жіберді?) соңғы сериясын күнде күтеміз деп Бехлюл мен Бихтерге қалай ауып кеткенімізді байқамай қалдық)))
dark_nazgul
Ол кино невтему бітіп қалды ғой. Той үстінде бәрін қамап қойып, Баде өртеп жіберді. Бірақ ол Юсуфтың да жасырынып сол залға кіріп, Хавваға қарап отырғанын білмеді…
dark_nazgul
Кыванч ұнамайды маған… Баяғы Гюмюш кезінде образ ұнайтын еді, бірақ актер ешқашан ұнаған емес…
Nurgisa
Тастаңдар Бихтер, Бехлүлді. Бихтер қызғаныштан жарылып, ақыр-соңында суицидке бел буады, Аднанның тапаншасымен өзін өлтіреді. Хәппи энд болмайды, бәрі бақытсыз болады. Бехлүл аластатылады, Бихтердің мазардағы орнында сақалы өскен күйі, бомж боп кетеді. Аднан, ұлы мен қызы, мадемуазель төртеуі ана үйден басқа жерге көшіп кетеді. Ауру шопыр жігіт пен Бихтердің жаназасы бірге шығарылады, Фирдевс ханымды жігіті тәрк етіп кетіп қалады. Бәрі қатаң жазаланады.

Ал Кузей Гюнейде бәрі ерекше… Ішті пыстырмай, сәт сайын интрига үдей түседі. Тек, арасында жарнама, түпнұсқаның үстінен жазылған «дубляж», жүгіртпе жолдар… эффектіге кері әсерін тигізбей қоймайды… Бірақ сценарий бәрін телеуізірге байлатып қояды, нағыз сериал енді басталайын деп жатыр, достар.
asaubota
бүгін 20:30-да. қарап көріңдер.
zholantai
сериалды қарап отырмын, ұнады, көруді ұсынғандарға рахмет, "Қыналы қар"-дағы Жаппар(аты-жөнін білмеймін,) да жүр екен, Самидің рөлінде… Разымын сол актердің ойынына))) Жарнама жүйкеге тиіп, бітті, инеттен қарап тастау керек,
Tyulpan
asaubota сериал көрет деп ойламаппын… хихихи
asaubota
сенің меңзеп тұрғаның орташа есеппен түрік сериалдары шығар? әлбеттеондай маразмдарды қарамаймын. менің қарайтындарым Көкжалдар мекені, сосын осы Кузей Гюней. аптасына бір рет қана болады, оны қарауға уақытым бар
bazuka
жұмыстан кеш кеп бас жағын жіберіп алдым, бірақ үлгерген сияқтымын басты оқиғаларын қарауға.
Nurgisa
Бірінші бөлімнен соң Кузейді бәрі балалығы тыйылмаған құтыршақ деп ойлап қалған шығар. Олай асығыстау байлам жасамаңыздар, сөйтіп қойған болсаңыздар әгәрәки.
Сериал барысында әсіресе Кузейдің әке-шешесінің, Джемренің шешесінің ойынына назар аударуларыңызды сұраймын. Сол кісілердің ролді сомдауынан керемет әсерлендім.
Aigolek
аудармасымен кайдан караса боады? титрмен кызык емес екен
Nurgisa
Келесі серияның мына анонсын қарап көр:
www.youtube.com/watch?v=OKmkOw-VLTs
asaubota
субтитрмен ғана таба алдым www.ilim.kz/load/tureckie_serialy/kuzey_guney_yeni_dizi_1_serija/145-2-2

солай қараған қызық сияқты қайта. актерлардың өз дауыстарымен қараған жақсы емес пе?
Nurgisa
Иә… Жарнамасыз, жүгіртпе жолсыз және өздерінің жанды дауыстарымен… Эффектісі әлдеқайда зор. Әрі түрік тілін меңгере түсуге де септігін тигізеді… Кешір, «отыз бірінші»…
Aigolek
ариптерге карайм деп баскасына конил аудара алмай калып важный бир мимиканы или баска бир элементты жибери алатын сиякты болам.
Nurgisa
Аршат, кеше байқадың ба, бірінші серияның бірінші бөлімінен қиды. Яғни, ҚЗдағы бір серия түпнұсқадағы серияның жартысы ғана ма деп қалдым…
Әр 14-15 минут сайын жарнама беруі адамды жирендіреді екен.
bazuka
Әр 14-15 минут сайын жарнама беруі адамды жирендіреді екен.
5 минут сайын жарнама сияқты, сосын көп қияды расында, алдында Фатмагүлден аңғарғаным
AKY
маған сол да жарай береді)))
AKY
Кеше осы мақтаулы сериалды қарайм ба деп едім, бір жағымсыз жағдай болып, не до сериала болып кетті.
Nurgisa
Тезірек сериалданып кетуіңе тілекшімін!
bazuka
түрікше вариантын қараймын сияқты инеттен)
Simona
Мына қауымдастық ұйықтап қапты ғой. Сериялшы қауым, жаңа сериялдардан қайсысын қарайсыңдар? Рекомендейтiн, жақсысы бар ма?
Сiздерге Тоқсандар сериялын рекомендейм!
bazuka
Intikam және Çalıkuşu сериялдарын қарап жүрмін. королек птичка певчая кітап желісінен быраз алыс бірақ актерлері қызықты.
Simona
Королектi мен де көрем. Актерлар ұнайды
zholantai
«жанкештіге» отырғалы жүрм, жабысып
Simona
Жанкештi дегеннiң түрiкше атауы қалай?
zholantai
түрік сериалы емес, американікі, «Breaking Bad», орысша: «Во все тяжкие», мен киностан аударған атауын жаздым, киностанды оқымайтындарын өйстіп білдіріп қояды ғой
bizbike
Түрік сериалдарына қызықпайтын едім, бірақ Сүлеймен сұлтанды қарап жатырмын онлайн.