Жұманың уағызынан немесе ит пен мысық неге жауығысады һәм ғайбат сөйлеу жайында
Нұх пайғамбар топан судан аман қалу үшін үлкен кеме жасап, оған жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу мақсатымен жан-жануарлардың әр түрінен бір жұптан алады. Артық салмақ кеменің суға батып кету қаупін тудырып, артық бас кемедегі орынның тарылуына сеп болатындықтан жұптардан артық алынбайды. Сан мен салмақ қосылмас үшін жұптарға жыныстық жақындастыққа да қатаң тиым салынады.
Десе де, жануарлардың арасынан ит нәпсісі қысып өз ұрғашысымен қосылып қояды. Мұны еш тіршілік иесі байқамағанмен, мысық қана көріп қойған екен. Мысық болған жайды кеме қожайыны Нұхқа айтып қояды. Бірақ, ит жалтарып кетіп, мойындамайды. Оқиға тағы бір-екі рет қайталады. Мысық әр кез қожасына жеткізіп отырады. Ит ұрғашысымен соңғы бір қосылуында жұбына жабысып қалып, баршаның алдында масқара болады. Қорланған ит мысыққа теріс батасын оқып, оның да жұрт алдында масқаралануын тілейді. Иттің тілегі қабыл болып, мысықтар сол кезден бастап әр кез жыныстық жақындастыққа түскен сайын қатты дыбыс шығарып масқаралатын болыпты (осы арасын дұрыс түсінбей қалдым, расымен мысықтар қосылған кезде қатты дыбыс шығарады ма екен?)
Мораль: біреудің сыртынан ғайбат сөйлегеннің өзі масқараға душар болады. Өсектеуден сақ бол!
"Ғайбат" – адамның сыртынан жамандау, өсектеу деген мағына береді. Ғайбат ету күнә болып саналады. Біреуді ғайбат ету, өлген адамның етін жеумен бірдей екендігі білдіріліп, қатаң ескертіліп, одан жиіркендірілген.
Суреттің алынған жері
арыстандар да мысықтар тобына жатады. солардың жақындасқанын ТВдан көргенмін. олар да ырылдасып, тістеседі екен. еркегі қорқып тұрып жасайды, ұрғашысы бұрылып қалып тістеп алады ма деп.
1 Ит кінәлі, ал мысық көргенін айтты, мен болсам да айтар едім. Бүкіл дүниеде кемпіріммен қалып, бір қаншықтың күшіктегенінен тұқымсыз қалғанды былай қойғанда тұншығып өлер болсам.
2 Иттерлің баршаның алдында жабысып қалуы мысықтың ғайбат айтпағанының дәлелі емес пе?
3 Мысықтың мауыққандағы даусы иттердің жабысуы сияқты өздеріне тән қасиет болса керек.
1. бір иттің қаншығы қосылды екен деп, сондай үлкен кеменің тұтас суға батып кете қоюы ақылға қонымсыз ғой. Мәселе, жұптардың барлығы бір-бірден түлесе ғана жағдай қиын болар ед деп айтылған болуы керек. Мысық, кінәлі кім екенін емес, тұспалдап, «осындай да осындай жағдай орын алды кемеде» деп айтса, «бүйте берсек, күніміз не болады, тағы қатаң ескертуіңізді өтінемін» десе де болатын еді ғой.
2. "Ғайбат" деп сіз тек "өсек" мағынасын түсініп отырсаңыз керек. Бірақ, "ғайбат" — өсек те, бар болған кемшілігін бетіне басу да, ұятсыз, не жаман қылығын бетіне басу да деген мағыналарды береді. Сондықтан иттердің жабысып қалғандары факт, мысықтың оны жеткізіп баруы да ғайбат.
3. Мысықтың мауыққандағы дыбысы, иттердің жабысуы сол оқиғадан кейін де бастау алуы мүмкін ғой өздеріне тән қасиет болып.
Осы тұстан да түсіне алмай қалдым ендеше.
Жоғарыдағыдай солқылдақ жауап болмайды.
Бүгінгі таңда осы дін мәселесін теріс түсінген жастар неше түрлі діни ағымда адасып жүр. Ия, мүмкін адасса адаса берсін қателігін айту ғайбат болар ( жоғарыдан түсінгенім). Ал оңды солды жарылыс жасап, өздерін жарғанды қарап отыру оңай шаруа емес біле білсеңіз. Үстіміздегі айдың өзінде Атырау облысы бойынша жарылғыш зат орнатылғаны туралы екі жалған қоңырау шалынып, сауда үйі мен мектепті эвакуациялаған болсақ, 1 рет полицейлермен арада қақтығыс болып 5 адам мерт болып 1 адам жараланды, ол аз болса кешегі жұмадан сенбіге қарағандағы таңда қалалық ІІБ кезекші бөлімінде жарылыс орын алды нәтижесінде 2 полиция қызметкері түрлі жарақат алды.
Мен ойлаймын осының бәрі қате түсініктен, сіз сықылды шолақ молдалардың кесірі деп білемін.
Жете түсініп жауап бере алмайтын тақырыпта жазбауызды, осы постты өшіруіңізді сұраймын.
Оның үстіне, мысықты өлтіруге болмайды деген де бар ғой. Бір аңызда, Меккеге кетіп бара жатқан кеме теңізде дауылға ұшырайды. Сонда топ ішінен бір адам шығып: «мысық өлтіргендер бар ма арамызда?» деп сұрайды. Бір жігіт мойындап, оны сол арада бәрі суға тастап, содан кейін ғана дауыл басылып, кеме жеріне жеткен екен дейді. Мұндағы мораль: мысықтың қарғысы қатты болады.
Бала кезімде мысықтарды жаман қорлайтынбыз. Әрине жалғыз емес, көрші қатар балдар бар дегендей.
Мысықты керосинге малып (жарықтық кез келген тракторшы — Әкел шелегіңді,-деп, құйып бере беруші еді ол кезде) құйрығынан тұтандырып тірідей жанып кеткенін қарап мәз болатын едік.
Одан қалса мысықтың құйрығына жіп байлап, бір жағына тас байлап бағана сымдарына асып қойып тамашалайтынбыз. Ол байғұс өліп болса ше, сосын оны рогаткадан атқылап өлітіреміз.
ғайбат — өсек деп түсінетінмін өз басым. ал мынау факт қой)
гугілдете салш, о жағын нетпиді екем.
Әбден қажыдым… (((
Бай мен кедей, күндестік, ағайынның араздығы… тағы басқалар… неге именно иттің
басжергенімен мысықтың көріп қоюы, көре алмаушылығы…Мына әңгімедегі иттің қылықтары қай жағынан да дұрыс емес: тыйым салынған нәрсені істеді, кінәсін мойындамай жалтарды, қылмысы әшкере болғанда жазықсызға қарғыс айтты.
Мораль қайда? Мысық мадес.
Үйде де, түзде де күнделікті тірлігім. Мақтанарлық дәнеңе жоқ, бірақ аса қиналмаймын да ол жөнінде. Сатириктерге жету қайда.
Айтпақшы, өзін өзі ғайбаттау ше?
Бұл жерде нақты өзіңнен басқаларды деп айтылмаған сияқты,«біреу» деп өзіңді де айтуға болады ғой.