Атырауда тағы да жарылыс

Бейресми ақпарат көздері (бұл әзірге бейресми) Атырауда ескі Құспан молда мешіті жанында жарылыс болды деп жатыр. Бұл ескі Самарқанд көшесі секілді. Жарылыс екі жеке үйге жақын болған. Әрі бұл үйлерді дін жолында жүргендер жалдап тұратын көрінеді. Әзірге зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ. Аудан толықтау қоршауға алынған.
Бөлісу:

20 пікір

aikarakoz
Не боп кетті…
Сіз Атыраудансыз ба, Шәкірт?
patick
Ресми мәлімдемені күтеміз
Shakirt
айтқандай ақ барлық ақпарат расталды. Бір адам қаза тапты. ол өзін өзі жарып жіберген не абайсызда жарып алған. Қайтыс болған 1991 жылғы жергілікті тұрғын.
Khorlan
Atyrau men Aktobede zharylystar kobeidi...(((( «Barlyk dinderge ashykpyz» degen politikanyn bir kemshiligi me, alde dindi syltau kylyp zhatkan baskalardyn areketi me… Ne bolsa da bir akymaktyk!!!
Aldeken
Саясатпен Саясат Бақтыгереичтің айналысқаны дұрыс… одан да түс көріңдер, онда ең болмаса, позитив бар…
Marco
Лібә дим ғо, бұл жер ақпарат агенттігі емес, блогтұғырнама ғой, автордың пікірін, сезімін күтесің.
Gulistan
Атырауда таңертеңнен бері дүрбелең, дәлірек айтсақ "Құлсары шаһарында бірнеше тұрғын үй қоршауға алынып, арнайы жасақ женедеттермен атысуда" деп жатыр бейсресми ақпарат көздері. Осы уақытқа дейін, екі адам өліп, үшіншісі жараланған.
Мектеп, бала бақша жабық, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Енді міне қазір тағы бір хабар — «Насиха» сауда үйінде жарылғыш зат бар деген күдікпен сауда тоқтатылып, барлық адамдар сыртқа шығарылған.
Кімде тағы не ақпарат бар, бөлісе отырыңдар!
Aigolek
Оздеринди кинода жургендей сезинетин шыгарсындар ия )))
bazuka
кетш) айтасын ау сенде, қорқып дірілдеп отырасын үйде(
Aigolek
анджактагы артык Ң дарды осында койып алындар дегин келди ма )))
айтасын, отырасын
GulL
Кулетин жагдай емес енды
Abilakim
анабір заң әлі күшіне енбеді ме? Осындай бір оқиғалардың БАҚтарда талқылануы жайлы…
bi2
Одан бөлек, қазір ғана Атыраудағы «Насиха» базарына бомба қойылды деген инфо түсті. АЙ менің туған қалам-ай…
Abilakim
ия, бұл жерде Әминә Өмірзақова секілді күлетін жағдай емес
bi2
мүмкін «плакать как белуга»?
GulL
Насихада жарылыс болган дейди, казыр кошелердин барин жауып тастапты
Сак болындар
alisha
Баламды сол балабақшада жұмыс жасайтын сіңлім әкелуші еді үйге… Бүгін бермейміз деп жатыр деп телефон соқты…

Жарылыс болғаны өтірік сияқты…