Домбыра Шоу-2

23-тамыз. Астана қаласы. Керуен ОСО. Астаналық керекшілер.




Сонымен виделардан…

1.Жан АНА-Нұрғиса Асылбек және басқалар.


2.Сарыбидай-Алдан Жылгелді


3.Керім айдай-Нұрғиса Асылбек


4.Жан құрбым-Нұрғиса Асылбек


5.Шашбаулым-Нұрғиса Асылбек


6.Құрдастар-Нұрғиса Асылбек


7.Қазақ қызы-Нұрғиса Асылбек


8. Нұрғисаның Алдекеңді қағытуы.


8. Көзіңнің мөлдірін ай-Алдан Жылгелді
Бөлісу:

58 пікір

Janasil
Бұл кештің басты қаһармандары Нұрғиса мен Алдан ағаларымызға мың алғыс!
Onlasyn
Арттарыңда түсіріп жүрген орыс кім?
Daniar-Alan
франсуздар. Қазақстан туралы деректі фильм түсіріп жүр екен…
Daniar-Alan
aikarakoz
Өткен жолғы ауыр салмақтың суретін де осылай жасау керек еді ғой
alisha
Неге өртке орап қойғансың афишаңды

Әлде екеуі де өртейді дегің келді ме… Жаман екен…
omarbirat
Сексенбірдің тяжеловес домбырашылары жақсы кәнсерт қойған екен  Респект
Daniar-Alan


Екінші бөлім. Нұр-аға және "?" айтысы. Тақырып алдын ала беріледі оларға. Дайындық 1-апта. Мүмкіншілігімізге қарай онлайн-трансляция жасауға тырысамыз. Егер болмаса ертеңіне бейнені көріп, Керекшілер арасында сауалнама жүргізіледі. Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады.
Daniar-Alan
"?" — құпия және сюрприз
Daniar-Alan
дееееееепп интрига тудырып қояйық
dark_nazgul
Жете алмаймын, әйтпесе, ана сұрақ белгісінің орнын басар едім.
asaubota
Астаналықтар қауымдастығына жинап қояйық осыларды
AKA
 Домбыра тартуға құлшынысым күннен-күнге артып барады, керемет!
Sabions
енді 30-ы бола ма?.. үлгерсем баруға тырысамын
Daniar-Alan
7.Қазақ қызы-Нұрғиса Асылбек

осы бейнедегы арткы фондагы кыздарды байкап отыруга рекомендеймін
AKA
Иә, иә, соны енді ғана жазайын деп ем. Жақсы шығыпты
Daniar-Alan
шылым тартып отыргандары корынбепты… патапарат зумы алмапты…
AKA
Көрінеді, қара мәйкі киген қыз тартып отыр, түтіні байқалды.
Daniar-Alan
ия? онда жақсы… Нұраға да біз де "қайран" қалдық уобшым…
bazuka
менде кәдімгіей байқадым, түтіндетті)
Daniar-Alan
осы бейнедегы арткы фондагы кыздарды байкап отыруга рекомендеймін
шылым тартып отыргандары корынбепты… патапарат зумы алмапты…

агентте азырақ отыру керек екен
Armanjan
Универде ұстазымыз айтатын сендер бақыттысыңдар деп. Өйткені олардың кезінде автобуста келе жатып екі қазақ қазақша сөйлесіп қалса, орыстың жаман кемпірлерінің өзі қоғамдық көлікте келесіңдер орысша сөйлеңдер деп тыйып тастайды екен. Енді міне қазақтың бас қаласы Астананың төрінде жастар домбырамен қазақ әнін шырқап отқандары керемет көрінеді екен. Нұрекеңнің домбыра қағысы өте керемет. Алдекең, Нұрекең мырзаларға рахмет, өнерлері өрістей берсін!
bazuka
кешке үйге барып тыңдаймын, жұмыста колонка жоқ) тек видеоларын көрдім
Aldeken
«Көзіңнің мөлдірін-ай» деген халық әнін айтқанымды видеоға түсірмегені үшін осы кеште бейне-оператор ролін атқарған Данияр-Аланды жершілдікке тартып, түсіру барысында оңтүстік өкілдеріне басымдық берді деген айып тартуға мәжбүрмін… дееееееееееееееееп, көөз тимеуі үшін шамалы псевдо-негатив пікір қалдырайын… әйтпесе, кілең, ути-пути, суси-муси, сүйдім-күйдім, тәнтімін-ғашықпын сарыны басым болып кетіпті…
Armanjan
Алдекеңнің еңбегін дер кезінде түсірмеген Даниярға елу дүре соғып жазалаудың өзі аздық етіп тұрғандай
Janasil
 Кәз қосылады.
Aldeken
ох, шыршалар, қолыңа әкеп тапсырған амантқа қиянат жасап, шығармай отырған сен бе, Жанасыл?????????????
Бітті, Қажыдым, Өмірден түңілдім… деееееееееееп па?
Janasil
Ұялып отырған смайл. Youtub-ке салғанмын. осында салар кезде шатасыппын.
Onlasyn
Соңғы видеода Алдекеннің оң жағында отырған кім?
Daniar-Alan
Сәкен деген жігіт. Шым ғо өзіміздің
Daniar-Alan
Данияр-Аланды жершілдікке тартып, түсіру барысында оңтүстік өкілдеріне басымдық берді деген айып тартуға мәжбүрмін

 негізі түсірдік қо… жоғарыда бояндалған қалай болғаны… Бірақ, айтқым кеп отырғаны… Бүйгеріміз бұрад кен сонда да шыы
Janasil
Бүйгеріміз бұрад кен сонда да шыы

Досты ау қай тілде жазатын болғансың?
Daniar-Alan
бля өткеннен бері түсінбей жүргем… бүйрек қо бүйрек кәдімгі…
asaubota
Алдекен эксклюзив әндер айтады екен, мен естімеген әндер айтты кеше.
Marco
бешірлерде орындалатын әндер де айту керек)
asaubota
алдағы уақытта алдын ала тематика дайындап баруға болады. бір күні мысалы 90-жылдардағы Ақсәулем, Не жаздым жаным сағандарды, бір күні Шәмшіден, бір күні халық әндерінен боратуға болады.
Onlasyn
алдағы уақытта алдын ала тематика дайындап баруға болады.
ia,suitpese akyndar sal kinalatyn siakty. A tak barine respect!
Aldeken
Жайлаш, өзі сен барған жердің бәрінде бастық ауысады екен. Өткенде телеарнаның бастығын ауыстырып тастадың, енді Қырғызға барып Үкіметін жұмыстан шығаржвердің… біртүрлі адам екенсің өзің…
SaZhaM
Уопшым, табиғат аясындааа «Сағындырған әндер-ай» ретро-кешін керемет өткізген екенсіңдер! Жарнамасы жер жаратын Алматыда өтпек нұсқасы даладағы Доктор Албан, Меладзелерді шақырғанша, өзіміздің Алдан мен кербез әнші Нұрғисаны шақырмай ма екен…
SaZhaM
Әй, шіркін!!! Өзіміздің 81-лер ғой, дегенмен!!!
zholantai
Керемет, алғашқы Домбыра-шоуға барған едім, бұл жолы реті келмей қалды. Мүмкін болсын, болмасын, бағынсын, бағынбасын, домбыра шертуді үйрену керек екен, университтете жүргенде бір досыммен бірге бармақ болғанмын, ол вокальға, мен домбыраға(сағатына 250теңгедеп келіскенмін), бармадым, ай, қап!
осы керекке кірсем, керек нәрселерім көбейіп кетеді,
Abilakim
Сөз жоқ, керемет! Абзалды үкілеп апаратын екен мына Астаналарыңа…
berkut
Керемет! жақсы бастама. келесі домбыра-жыртыс қашан болады?
berkut
домбыра-жыртыс-4 әлде 5 ке барып асекеңнің шаңын қағып алсам қалай болар екен?
izbasar
Астанада жүріп неге бармай жүрсің? Келесі Домбыра Шоу-3 те Бүркіттің даусын естиік!
izbasar
Керемет жігіттер. Нұрғиса аға Алтынбек ағасының копиясы екен. Алдекең құдаларды күтетін кездердегі әндердің майын тамызады екен!
Sultansha
мен де домбыра шоуға қатысып, домбырамен өлең айтқым келкетті ғой...   бір күні барып қалармын
ushkin
это что-то новенькое ) пүліс
ken
кешегі бейсінбіде домбыра шоу болды ма?
asaubota
кешегісі мықты болды. көрермен көп болды, тіпті араларынан 4 адам шығып өз өнерлерін көрсетті. видео бүгін түсте шығады.
Janasil
Көрермен саны бір тұрғанда 100 ден асып кетті.
Daniar-Alan
тіпті кәстөмді жігіттер де келіп кетті…
edige
Тек «Домбыра шоу» ма алде басқа да аспаптармен көрсетеді ма өнерін…
Daniar-Alan
алде басқа да аспаптармен көрсетеді ма өнерін…

ондай да боп тұрад енД
Daniar-Alan
өткенде Жазира шаңқобызбен келді мысалы дегенім ғой…