Теңдессіз 10 мың теңге

Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма жыл толуына орай шығарылған он мың теңгелік банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» аталымын жеңіп алды. Сараптаманы International Bank Note Society(IBNS) жүргізген екен.


IBNS жыл сайын өткен жылға сараптама жасап, үздік банкноттарды анықтап отырады. Халықаралық банкнот қауымдастығының құрамында бес мыңға жуық адам тіркелген. Жеңімпазды осылардың берген дауысы арқылы анықтаған.



Көптеген елдің банкноттарымен салыстырған сарапшылар финалға он екісін алып шығыпты. Солардың ішінен біздің он мың теңгелікті ең үздігі деп таныған екен.

10 мың теңгеліктің ұзындығы — 149 миллиметр, ені — 79 миллиметр.
Бөлісу:

23 пікір

Daniar-Alan
дизайнын орыс қыз жасаған ғой шатаспасам… Ресейдің?
Daniar-Alan
өткенде бір бағдарламада мақтанып отыр… типінақ мен символдарды көбейттім (8-шексіздік т.б.) сонан соң ғана Қазақстанның экономикасы күрт көтерілді дид… ооо әкесс деп отырдым…
know_how88
Осы банкноттардың беттеріндегі ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың бейнелері неге алынып тасталды екен?.. Құр ғимараттар мен құрылыстардың суреттері біртүрлі жұтаңдық танытатын сияқты.
Abilakim
Ел тарихындағы көрнекті тұлғалар?!
Сүйінбай қазаққа не істеді? Рулас біреу кезінде тығып жіберді-ау дейм
Aldeken
негізі банкноттардан көрнекті тұлғалардың бейнесін алып тастау, халықтың арасында патриоттық сезімнен гөрі трайбализмді ушықтыруына байланысты болды. Оның көрнекті мысалын жоғарыда Әбіләкімнің пікірінен көруге болады. (мәмбет, епті… ) Кезіндегі ең сорақысы, әр тұлғаның неліктен түрлі бағадағы банкноттарда орналстырылуына да наразылық білдірілген болатын (типі Шоқан неге 10 теңгеде, Абай неге 20 теңгеде тұруы тиіс деген сияқты). одан кейін шығарылған банкноттардың барлығына рулар үшін нейтрал тұлға Әл-Фарабидің бейнесі орналастырылған кезең болды. Оған да көтриоттар Әл-Фарабидің қазаққа, оның тарихына қатыстылығына күмән келтірген дауларды ушықтыра бергесін, банкноттарға тұлғаларды бейнелеуден бас тарту туралы шешім қабылданды дейді, бір білгіштер… Уоот, солай, опшым…
Daniar-Alan
білмеппін… ай Сіздің осы жан-жақты білімділігіңіз бен в точку айтатыныңыз ай осы…
Zhan
Осы айтылғандарды мен ужы әріптестеріме айтып үлгердім. Не деген жылдаммын е))))) Білмейді екен олар да, таң қалысып жатыр «Апырай-ә» десіп.
Gastarbaiter

Біз қарапайым семейный дамбал киген өлімділер қайдан білейік. Символизммен қатты ауырмаушы едік.
Daniar-Alan
біз жақта да сондай жағдай болды… горархитектура стелла істемекші болыпты. қазақ тарихы жайында. стелла ортасында қазақ руларының таңбалары. дөңгеленіп орналасқан. ең үстінде бір белгілі рудың белгісі тұрып қалыпты. сөйтсе, көркемдік кеңес деуші мед… әлгі әкімі бар, бас сәулетшісі бар бытықы-шытықыларымен ру-руға бөлініп кете салыпты әлгі жерде… досым дайындаған тұғын эскизін. Айтад көзім төртбұрыш болып кетті дид… сол стелла сол күйі істелмеді…
Zhan
Астанаға алғаш келген жылдары бір таксиді тоқтатып міндім. Жүргізушісі тараздық екен. Қоярда қоймай қай жақтікі екенімді сұрады. Айта қойып едім, «О южан» екенбіз ғой деп мәз боп қалды. Бір байқағаным, астанада Қызылорда, Жамбыл, Шымкенттіктер бір-бірін жерлестер деп іш тартады. Сосын іштей күлкім келді. Астанада жүрген кезде бәріміз жерлес бола қалады екенбіз ғой, не деген бауырмашылдық. Осы мен Шымкент жақта жүрейінші, онда ол кезде тараз, қызылорда деп бөлінер ек, ал Шымкенттің өзінде ана көрші ауданның адамдары быт-шыт, біздің ауданның адамдары керемет, немесе ана көшенің адамдары оңбаған, біздің көшенің тұрғындары сұмдық, ал бір көшеде тұратындар біздің подъездің адамдары керемет, аналар түкке тұрғысыз деп бөлінеді. Есімде, Артаев бокстан алтын алып келген жылы «Бақтияр неге біздің шымкенттен болмады екен» деп күйініп жүрген адамдарды да көзіміз көрген.
Gastarbaiter
Оны қойшы, Палестина-Израиль, Ирак-АҚШ, Сербия-Хорватия, Христиан — Мұсылман деп бірін бірі қырып жатқан адам Марс планетасына түскен күні ол жақтан (хордалы екеш сүтқоректі болсайшы!) бір жасушалы (!!!) амёба көрсе жылап көріседі әлі.
know_how88
Қарап отырып ойлансам, рас екен-ау осының бәрі. Енді біліп жүретін болдық. Рақмет ағасы толыққанды жауабыңызға.
aikarakoz
Жақында темір тиындарды ауыстырады деген ақпарды құлағым шалып қалған еді. қаншалықты рас екен?
Daniar-Alan
200 теңгеліктер мен 500 теңгеліктер алмастырылад дид, тиындар да кететін шығар…
konvict
Негізі бұл жақсы ырым емес. Банкноттағы санның өсуі елдегі инфлияция деңгейін көрсетеді.
Gastarbaiter
Банкноттағы санның өсуі елдегі инфлияция деңгейін көрсетеді.
Түртіп алдым, Кэп!
boztorgai
десять тысяч тенге
тенгені үш тілде жазуға доллардан ұялған ба сонда
Janasil
Асықпа, ол да болады.
asaubota
менің ойымша біздің ел көптеген шетелдік атақ-даңқтарды ақшаға сатып алады. түк таң қалмаймын мұндай жеңістерге.
merekeee

Жиырма мың теңгелік одан да күшті деп жатыр