УЕФА әр ел бойынша Мессилер тізімін жариялады



УЕФА-ның Ішкі саясат және Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармаларының ортақ жүргізген жобаларының қорытындысы жарияланды. Қос басқарма УЕФА-ға мүше әр ел бойынша Мессилер және Барселоналар тізімін жариялады. Атап айтар болсақ Голландияның Мессиі Ян Вертонген атанса, Швед Мессиі — Ибрагимович. Көршілес Ресейден Андрей Аршавин осы атаққа лайық болса, Украинаның жас перісі Коноплянка өз елінің Мессиі атанды. Өкінішке орай Қазақстан атынан бұл тізімге ешқандай футболшы кірмей отыр. Мальта (Клэйтон Файлла), Лихтенштейн (Марио Фрик), Фарер аралдары (Йохан Симун Эдмундссен) сияқты ұсақ елдердің Мессилері бар болғаны көңілімізді қынжылтты.

Бір қуантары Барселоналар тізіміне «Ақтөбе» футбол клубының кіруі. Бұл тізімге Ресейден «Зенит», Украинадан «Шахтер», Белоруссиядан «БАТЭ» клубтары да кіріпті.

Бет қатталып жатқанда:
«Абай және абайтану» қоғамдық бірлестігі де Абайлар тізімін жариялап үлгеріпті. Бұрын тек қазақтың Гетесі, Пушкині деуші едік, енді міне бұл тізім ұлғая түсті. Мысалы бұдан кейін Абайды қазақтың Луиш Камоэнсі (Португалия), Эменескуі (Румыния), Рунебергі (Финляндия) деп атауға әбден болады. Сәйкесінше шетелдік ақындарды да Португалияның Абайы, Румынияның Абайы деп те атай аламыз. Тізім жақын арада республикалық БАҚ-та жарияланатын болады.

Мөлдір Альбертқызы
«Сыр ақшамы» газеті
syr_akshami_moldir1989@mail.ru
Бөлісу:

11 пікір

Marco
Е жөн екен. Әйтпесе алдында біреуге Шарль Бодлер француздың Абайы ғой десем, келіспей ұрысып қалып едік… Бірақ, енді алты алаштан бір Мессидің табылмағаны қиын болды.
Rafaello
Қатты ойнайтын жігіттер көп қой былай қарасаң. Нөсербаев, ммм тағы кімдер бар ед?..
Marco
Біздің ауылда Каток дейтін бала бар ед, сол спонсор болмай көрінбей қалды. Әйтпесе қазір Месси аргентинаның Катогі деп отыратын едік.
konvict
Қазақтың Месси болмағаны өкінішті
asaubota
Ақтөбе бұрыннан Барселона ғой
Rafaello
УЕФА-да таныстарың жоқ па? Қайрат деген жігітті тығу керек болып жатыр. Орамалы болады әбизок.
asaubota
хат жазғыш жігіт биыл Ең үздік футболшы атағын «жеңіп» алыпты
Abilakim
өз Мессиіміздің болмауы өкінішті...ішім қан жылап жатыр, ішіп кететін шығармын
nurba83
дұрыс іріктелсе бізден де табылады