Ордабасы-Русенборг матчы

Еліміздің «Ордабасы» футбол клубы Норвегияның «Русенборг» командасымен ойнайтыны туралы естігеннен бастап, бірге жұмыс істейтін қыздар жігіттер болып командаға жанкүйер болуды ұйғардық. Лейрвик-Берген-Тронхейм маршруты арқылы матч өтетін қалаға кешкі сағат бестерде жеттік. Аэропорттан дереу стадионға барып билет алып, қонақтарға берілетін секторға өттік. Ол жердегі стадион қызметкерлер Қазақстанға болысатын ешкім келмейді деп, жайбарақат жүр екен, жетіп барған төртеумізге басында өз тілдерінде бірдеңе деп күліп алды. Стадионға өтіп киініп, «пісіміллә» деп командамызға болыстық барымызша. Қолымыздан келгенше барымызша дайындалып көк футболкамен, кішкентай офиста тұратын флажокты да алып келдік. Айналамызға қарасақ Русенборгтың жанкүйерлері 2-3 секторды алып отыр, ал біздер тек төртеуміз. Сонымен не керек дымға қарамай болысып, бірінші таймда сәл еңсеміз түсіп қалды. Басыма келген алғашқы ойлар «Неге біздің қазақтың командасына үнемі жеңілу жазылып қойған ба?» «Эх, біз де ГОЛ деп айқаласақ қой» деген нешетүрлі ойлар. Бірақ екінші таймда бізге тағы бір жанкүуйер қосылып, еліміздің байрағын қоса алып келді. Көк байрақтың әсері ме екінші таймда тек айқайлаумен болдық, уақыттың қалай өткенін де байқамаппыз. Екі гол соғылып есеп теңескенде қуанышымзда шек болған жоқ, менің де «ГОЛ» деп айқайлаңым келген арманым орындалды ;-) Сол үшін Ордабасы командасына рахмет!!! Қазақтар алға!!!  Енді кезек суреттерде:










мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
Бөлісу:

16 пікір

mercedes
Атыраудың фанаты не істеп жүр?
GulL
Біз бәріміз Атырауданбыз
MickThatsMyNick
Ауа райы тамаша шығар Скандинавияда.
GulL
Ауа райы тамаша, тек кун аздап жетиспейд
Aidakonya
соңғы суреттегі кейіпкер кім? не?
GulL
Ол жарнама, REMA деген супермаркет жүйесін жарнамалап жүр
qyzylordalyq_jigit
Стадионда халық көп болмаған сияқты ғой. Әшейінде Русенборг ойындарына біраз адам жиналатын сияқты еді
GulL
2-3 секторды алып отырды негізі, стадион ендә толық болған жоқ
Marationok
Суреттер көп сияқты еді…
GulL
ия алып тастау қажет болды, басқа адамдардың рұқсатынсыз жариялаған болатынмын
GulL
Алматыдағы жаны ашыған «жанкүйерлердің» әрекеттерінен шок болвотрымын
мал щщс дегеннен басқа сөз келмей тұр вапче
мына сілтемеден оқывалыңыздар
www.prosportkz.kz/ru/news/16847.html.
mercedes
Норвегтер мал щщс. Маған поқ қазақтардікі дұрыс болмай-ақ қойсын!
GulL
Несі дұрыс?
Мәдениетсіздіктен жұрдай екенімізді көрсеткеніміз бе?
Норвегтерді жақтағаным емес, бірақ олардың мәдениеті әлдеқайда жоғары
Жеңіліп қалдық екен деп бөтелке лақтыруды түсіне алар емеспін
mercedes
Жарайды! Менің пікірім өзімдікі, сенің пікірің өзіңдікі дұрыс болмасада.
GulL
әрине менікі дұрыс