Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

Жоғарғы оқу орынын бітіріп еңбек жолымды бастаған жылының жаз айында бір түрлі оқиғаға қатысушысы болдым. Оқиғамды баян етейін. Ауыл мектебінің директорының шақыруы бойынша ауылға қайтіп бардым, еңбек жолымды бастамақшымын. Бірақ тұратын үй болмады. Ауылдан туған-туысқандар көшіп кеткелі бірер жылдар шамасы болыпты. Туған ауылым. Әкемді, шешемді көрген адамдар әлі баршылық. Бірақ ешқайсының үйіне тұруға сұранған жоқпын. Маған тұруға жайлы деген үй бірден табылды. Ауыл ортасында екі бөлмелі жер үй ауылға келген молдаға жалға беріліпті.
-”Бір үй бар, молда бала тұрып жатқан, сонымен келісіп бірге тұра берсең қайтеді”- деген мектеп директорынан ұсыныс түсті.
Молда бала өзіммен жасты жас жігіт екеніне қуандым. Оны ауылдағылар жай ғана “молда” деп ат беріпті менде оны солай атай бердім. Мешітке барып онымен таныстым. Үйдің орналасуын сұрап біліп есіме түсірдім.
Кішкене кезімде сол үйдің қасынан талай өткенмін. Мән бермептім. Көше бойындағы үйлерден ескілеу көрінетіне.
Көше түзегенде алғашқы салынған саман кірпіш үйдің бірі. Басқа үйлерді бірнеше рет жөндеуден өткізіліп немесе толығымен бұзылып орынына жаңа үй тұрғызылыпты. Көше басынан санағанда бір, екі, үшінші үй. Жеке тұрғанымен бір қабырғасын көршілерімізбен бөлісеміз.

Көршілеріміз. Үй салынып біткеннен бастап өздерінің бөлігінде қырық жыл тұрған жанұя. Совет үкіметінен нарық өміріне көшкенде бейімделе алмағандардың бірі. Күн көрістерінің көзі біреу. Үйдегі үлкені, зейнеткер апаның зейнет ақысы. Кейінірек апамыз араққа жуық болып кеткенін білініп қалдық. Жетпіске жеткен мас үлкен адамды көргенде сөз ететін емес. Сипаттап айтқанның өзі қорқынышты.
Үй іштері. Қыз баласы, күйеу баласы және немерелері. Артынан белгілі болды күйеу баласы ”арақтың” өзінен емес, буынан мас болып кететіне, арақ буын -буындарына сіңген. Баларының кемтігі денсаулықтан емес әкесінің қылықтарынан. Қашан болмасын үйдің іші у-шу. Балаларының үнемі қарындары аш. Жалғыз сиырдың сүтті бәріне жетпейтін күндері болады. Еріндері шөлден емес қарындары ашып іше берген қарасудан жарылған. Қай уақыт болмаса су ішіп жүреді. Егер сүт көженің ішінде кеспесі, оң қолында бір тілім наны болса -жанұяның мейрамға арналып жазылған дастарханы.
Сол жазда үйдің үлкенің көзі кетті. Хәлдері тым төмендеді. Күнде немесе күн ара та әкесі шешесімен қосып балаларды соғатынды шығарды. Күзгі суық түнінде қорадағы сиырдың бүйірінде қонақтайтын.

Бір ай болды молда баламен бір үйді бөліп тұрып жатқанымызға.
Екі жас жігіт үйленбеген екі бөлмелі үйдің тек бір бөлмесінде тұрып екінші бөлмесі бос қойған естіген құлаққа "қызық" дегені бер жағы болуы мүмкін. Бұл жағдай "қызық" болып көрінгенімен «неліктен екінші бөлме бос тұрады?» -деген заңды сұраққа жауабын кейінірек беремін. Әзірше осы жайтты есіңізден шығармаңыз.

Көршінің үстелінен түскі ас ешқашан артылып қалмайтынын білетініміз. Әке-шешесі жоқ кезде көршінің балалары біздің есік алдын қорып жүретін. Аш балаларды көзімізбен көрген соң жанымыз ашып шамамыз келгенше тамақтандырып қоя беретініміз. Екеуі де қыз бала. Балалардың кішкенесі тоғыз -он жаста. Бар білгені қандай амалмен босын тамақ тілеп алу. Үлкені болса босаға алдына келіп тұрады, мүлдем сөйлемейді, ылғи үнсіз. Ойлайтынмын жасы «он екі-он үште шығар» -деп, жоқ он алтыда! Тамақ дұрыс ішпегендіктен бе? Жүйкесіне зақым келгеннен бе? өсіп -жетпей қалған. Бірде көрші жақ қабырғаның ар жағынан қатты шу шығып кеткенде шыдамай молда екеуіміз арт жақтағы көршілерімізге бардық. Мен қорқақ болдым, жолдасым өжет. Бірақ қанша қорқақ болсаңда шыдамайсың, білгенде батыр да болуға тура келеді.

Көрші үйдің кіре беріс есігі шалқасынан ашық жатыр, үй іші тып-тыныш. Үй ішіне кірдік, аралап жүріп ең түпкі бөлмеге басымызды сұқтық. Бөлме ортасында үлкен қыздары екі қолын екі жаққа созып, басын тік ұстап денесімен бес жұлдызды бейнелеп қатып қалғандай. Біздің келгенімізге қыз бала ешқандай көңіл аудармайды. Екі көзі бір нүктеге қарап қатып қалған, еріндерінің тұсында ақ көбік. Денесінің дірілі бойында жан барын білдіртеді. “Жауыз!” мұндай қалға қалай жеткізген! Туған қызын! Төсек үстіне отырғыздық. Бір уақытта қыз бала бетін төсекке төсеп тұншыға жылай жөнелді.

Үнсіз үйден шықтық. Көргеніміз әлі көңілімізде. Қайда жауыз! Бірақ ешкім үйге қайтіп келмеді. Таң атты. Түс шамасында жанұяның барлық мүшесі еш нәрсе болмағандай есік алдарында жүрген соң ешнәрсе айта алмадық.

Біз тұрып жатқан үйдің бөлігін таныстырайын. Сырттан кіргенде тура ас ішетін бөлмеге кіресін, көзің пешке түседі. Сол жаққа қарасаң бірінші бөлменің босағасын көресің. Бөлмелердің ең үлкені. Оң жаққа қарасаң екінші бөлменің босағасы, үйдің ең кіші бөлмесі. Қабырғаларының бойына тек бір-бір төсектен сыяды.

Осы үйге келген күнінде бөлек үлкен бөлмеде тұрмақшы болдым. Оған молда еш қарсылық етпеді. Жарық кең бөлме. Төсек орын әлі әкелген жоқпын. Сондықтан еденге төсеу төседім де, жататын орын жасадым. Жұмыстан кеш келдім, мектепте каникул болса да жұмыс толы, оның үстіне жаңа компьютерлерді жуықта әкелген соларды құрып жүріп қалдым.

Кешкі асымыз құрғақ болды, ешқайсымыз тамақ жасап әуре болған жоқпыз. Шәйде қайнатпадық, су іштікте жатып қалдық. Бөтен жерге көп үйретін адаммын (қонаққа барғанда көп ұйықтай алмай жататынмын). Осы жолы жастыққа басым тиместен ұйықтап кеттім. Таң атты, таңертеңгілік шайға отырдық. Бір ой мені мазалай бастады.

Сеннің қасыңа бүгін қонам, ана бөлмеде жалғыз жатқым келмейді -дедім, молда бірден

Жарайды -деп бірден келісті.

Мен келген күні молда өзі қонған бөлмеге ”қон” деген ұсыныс жасаған болатын. Маған оның ұсынысы ұнамаған еді. “Бөлек бос бөлме тұрғанда?” бір бөлмеде бірге тұрмайтынымды айттым. Бір түн үлкен бөлмеде түнегеннен кейін кіші бөлмеге көштім. Үлкен бөлме есігі мықтап жабылды. Есіктің жабылғанына іштей қуандым.

Түнгі оқиға. Түннің қай уақыты екенін білмеймін бөлмеде электр шамы жаңды. Тік жатқан орынымның үстінде тұрмын. Біреу маған тесіле қарайды, жақындаған секілді, оның суық демінің лебі сезіледі. Оны жақыннан сезгенмен көре алмаймын.
Көз алдымда айналаның бәрі айналып барады, аппақ болып кеткені. Суық, тоңып барам. Мұзбын, мұз. Енді ақпақ бөлме ішіндемін. Ешкім жоқ тынық, тек өте суық. Суық жел денемнен өте шықты. Төмен қарадым аяғым жоқ, қолымды көргім келеді көрінбейді. Мен жоқпын! Мына суық бөлме ішінде қамау дамын. Айғайлаймын, білем дауысым шықпайды.
Шарасыздық бойымнан қорқыныш кетті. Не деген таза бөлме? Мына кеңістікте салмақ жоқ, не деген кең тыныс. Қанша дем ішіне тартсаң да, кеудеңе тола береді. Бөлменің ақ қабырғалары алдымнан шаң болып жоқ болды. Енді жардың шетінде тұрмын.
Алдымда көкжиек суық тартқан. Үлкен терек. Дәу терек арғы жақта, көз жетпейтін жақта. Жардың арғы жағында өсіп тұр. Оң жағымнан міне сол жағымнан адамдар, жоқ олардың жандары кезек -кезекпен жардан атап жатыр. Құламайды. Арғы беттегі терекке қарай ұшып барады. Кезегім келді. Жардан аттай бергенде иығымнан біреу тар тат.

Тұр, тұр -деген дауыс айқын -айқын шығып келеді. Денемді сездім, бөлме ортасында суық еденде жатыр екем. Молданың бет жүзін көргенде қуанғаным-ай! Бойымның жылуын сездім, аяғым ұйып қалыпты. Бисмиллә-рахман-рахим, жарық дүниедемін!

Молда тұрғызды да кетіп қалды. Қайтадан еденге отырып қалдым. Астымнан суық леб зыр етіп өте шыққан соң шапшаң тұрып есік алдына шықтым. Молда қолын жуып жатып:

Жуынып ал, таңғы асымызды ішейік, -деп қол жуғышты босатты.

Молда еш нәрсенің басын ашып айтқан жоқ. Тек бұл үйде тұрғанына жарты жыл болғанын айтты. Тұрғаннан бері үлкен бөлменің есігін жауып қоятын болыпты.

Келесі демалыста әке-шешеме қалаға бардым. Олар бес-алты жыл бұрын қалаға көшіп кеткен болатын, әйтпегенде ауылда бірге тұрушы едік.

Әкеме қай үйде тұратынымды білдіртпей, сол маң туралы сұрастырдым. Бірден әкемнің есіне ертеде дәл сол жерде күл төкпе болғаны есіне түсті. Елуінші жылдары тұрғын үйлер көше түзегенін айтып берді. Қазір бізбен үйдің қабырғасын бөліп тұрған жақсы адамдар болғанын, әкем жас кезінде оларды жақсы танып білгенін, бірақ кейінірек ол отбасының шыры кететінін айтып берді. Отағасы аяқ астынан оқыстан қайтыс болыпты. Одан кейін мен білген халге жетіпті.

Ауылға қайтып барғанда көше бойында тұрып жатқан басқа көршілерден біз жалға алған үй туралы сұрастыра бастадым. Олардың айтуынша үйді талай рет жөндеуден өткізуге тырысқандардың куәгерлері болыпты. Бірақ ылғи да жөндеу аяқталмай қалады екен. Үйдің сыртын ағартумен ғана шектеледі. Бізге үйді жалға ауыл әкімшілігі беріпті. Біз тұрған үйдің бөлігінің иелері жиі ауысқандығы соншалықты аяғында кімдікі екендігін білмепті. Бірнеше жыл үйдің біз тұратын бөлігі бос тұрып қалыпты. “Үйді тонап қиратпасын”, -деп ауыл әкімі есік-терезесін бекітіп жауып сақтап қалған. Қыс түсісімен бізде бұл үйден көштік. Артынан естідік. Үйдің жартысын бөліп тұрған көршілерімізде жоғалып кеткені туралы. Біреулер айттат “қалада босып жүр”, біреулері “апайлары табылып солар көшіріп әкетіпті” дейді. Қыста иесіз жатқан үйде өрт болып, өртен кейін төбесі құлапты. Үйді ешкім қалпына келтіруге тырыспаған. Қабырғалары құлағаннан кейін ол жер күл төкпеге айналыпты.

P.S.

Адамдар бұрын үй тұрғызу үшін жер таңдаған. Кейін жерді бульдозер көмегімен тегістеп жер иесінен сұрамай үй сала берген. Әңгімеде менім әкем ”үй күл төкпе(“свалка”) орынында” салынған деп мағлұмат береді. Ауыл жиырмасыншы жылдары коллективизация кезінде пайда болған. Бұрын ежелгі ауылдар сол жердің маңында болған. Отызыншы жылдары осы ауылда аштық қолдан жасалады. Қазіргі күл төкпеге айналған үйден алыс емес жерде төмпелердің арасында, ескі ауылдың күл төкпесі болыпты. Күшпен жүргізілген отызыншы жылдағы коллективизация кезінде ауыл жылқылары жиналып осы жерде атылып өлтірілген. Жылқы еті бұзылып сүйектен аққанға дейін қаруланған солдаттар күзеткен. Кейіннен көктемде ескі күл төкпе бетін еріген қар суы шайғанда желкесінде тесігі бар адам бас сүйектері табылып жүріпті. Күл төкпеде терең көміліп жерленбей қалған адамдар сүйегі. Ашыққан ауыл адамдары өлтірілген жылқы етін ұрламақшы болып оққа ұшқан деседі.
Бөлісу:

34 пікір

sammita
әсерлі жазылған… Сонда ана қыз бала ауру ма әлде біреу тиіскен бе ұқпадым?
bake
сол күні кешкісінде әкесімен түрмеде бірге отырған екі адам ауылдан оны тауып алады, үйлеріне қонақ болады… Әкесін түрмеде "қорланған" көрінеді. Ескі таныс адамдары түрмедегі қорқыныштарын есіне түсіреді. Арақ ішілгеннен кейін үйден қашып шығып үлгермеген үлкен қызы қолдарына түседі… Кейбір көріністерді ойдан шығаруға болмайды… Үлкен қызын әкесі жиі соққыға жыққан көрінеді. Ауру болып көрінетіні содан болуы керек
Daniar-Alan
молда ештеңе айтпады ма сол күйі?
bake
айтпады.., молданың өмірінде үлкен оң өзгерістер болды
Adiletshu
Керемет әсерлі жазасын! Қорқынышты
kokbori
Желкесінде тесігі болса, мүмкін әдейі репрессия құрбандарын жазалаған болар. Өйткені НКВД солдаттары желкеден атқан деседі. Ал жылқы дегені жай сылтау болып жүрмесін
Gastarbaiter
Өз стиліңде жазыпсың. Хейли Джоэл Осмент пен Брюс Уиллис түскен Алтыншы Сезім" кинофильмі есіме түсті. Тылсымдық ауа райы жазбаңның табалдырығынан төріне дейін сезіледі. Сенен тәп тәуір Стивен Кинг шығады. Шықпаса, нуи қойсним. Баке Кинг деген де жаман естілмейді. Браво! Жаңа жанр, жаңа толқын әкелдің керекке.
sammita
иә, тек кей әріптерді түгендеу жағын қолға алса болды))
Gastarbaiter
Қазір не көп редакторлар көп. Стилистикалық, орфографиялық қателерді өткен жазбасында ескерттілді. Қайта айтқым келмейд. Компетенттілер айтсын.
Marationok
Бір деммен оқып шықтып, жақсы жазылған. Нағыз қазақша триллер десе де болады
bazuka
Үй иесі туралы көп естігем, оның сыры неде екен? көбіне молаларды ысырып салған үйлерде болады дейді. Біррет бір врач әйелімді үйге жалғыз қалтыруға қорқам, үйде домовой бар деді. Біз сенбей қалайша деп едік, сол үйде уақытша тұрып жатқан басқа врачта растады. Ол жердегі үйлердің ешқайсысында жоқта, тек сол үйде ғана бар екен. түнде теледидар қосулы тұрса даусы өзінен өзі барынша ашылып кетеді, немесе светті сөндіріп ұйықтайын десек қайтадан жанып тұрады дейді.
Marationok
Біррет бір врач әйелімді үйге жалғыз қалтыруға қорқам, үйде домовой бар деді.
Домовойлар, үй иесі, яғни ер адам жоқ болғасын пайда болады дейді, бір жерден оқыдым оны.
kokbori
Біррет бір врач әйелімді
Тоқалы бар адамның сөзіне ұқсайды екен
bazuka
әңгіме оған келіп тіреліп тұрған жоқ ғой, неге оффтоп жазуға құмарсыздар? Врачтардың түңгі кезекпен жұмыс жасайтының білесіз ғой.
Adiletshu
Аяз ата, Домовой, өзге планеталықтар дегендер өмірде болмайды
Aigolek
НЛО бар.
Adiletshu
корсетши
Aigolek
бирге суретке туспеп едим. Бир кудайдын бар екенине де сенбейтин капир шыгарсын сен коргем жок деп )))
Adiletshu
Құдайға сенем ғой. Пайғамбарлар жіберілген, құран түскен
Aigolek
Ягни кормеген дуниеге де сенуге болады
Gastarbaiter
НЛО ға сиынушы жамағатты, соның жолындағы соғыстар жайлы естімеппін.
Былайынша белгісіз ұшатын обьект деген парадокс ғой жатқан… Белгілі болса оның несі НЛО?
Құдай да сондай, қолмен ұстап, көзбен көруге болатын болса, шек шегарасы бар мақұлық болғаны. Онда оның несі Құдай)
Aigolek
Менин НЛО ларым мумкин менин гана киялымда бар шыгар. Кудай биреу ак болса да жер бетиндеги адамзаттын кудайларынын тури артурли гой. Оздери фантазиясынан шыгарып алган. олардын ешкайсысына ол кудай емес деп айта алмайсын. Менин НЛО ларым да сол сиякты шыгар. Аяз атадан бир конилим калып еди, енди НЛО жок деп айтсандар ораза айында ишип кетем.
Gastarbaiter
Дрррр, шә-шә, лақпа лақпа, шегеееей, шек…
Aigolek
Бащще та саган емес Adiletshu ке жазып едм. Саган жазуга коркам мен.
Adiletshu
НЛО туралы Құран мен хадистерде келмеген. Сондықтан жоқ
Gastarbaiter
Құран мен Хадисте бу турбиналары туралы да, контрстрайк пен Коллайдер жайлы бірдеңе делініп па?
neoaskar
Бу турбиналар туралы бар. Нұр пайғамбардың кемесі туралы оқы, ең алғашқы сумен қозғалған кеме
Gastarbaiter
Неотезка, Нұх дегің келген болар.
alashaman
Осыған ұқсас әңгімені бір жерден оқып едім. Есіме түспей тұр. Бәке мұны басқа жерде жариялаған жоқсыз ба?
bake
on.kz блог жүргізгенмін
Abilakim
тамаша жазылған! Бакең риза қылды
VKM
жақсы жазыпсыз, Бәке.Бірақ қорқынышты оқиға екен.
KONILDI
ерекше стиль, керемет!