Әр жаста қандай әдебиет оқыдыңыз?

Жеткеншек кезде балаларға аралған әңгімелерді оқыдым. Алғашқы оқыған кітабым «Чиполлино» Джанни Родари. Жасөспірім кезде фантастикаға көңілім ауды. Әсер қалдырғаны «Су астындағы диқаншылар» Александр Беляев. Бозбала шақтан студент кезде дедективтерді кейіннірек новелалар, романдар оқыптым.
Бөлісу:

33 пікір

alisha
Бала күнімде Н.Носовтан аударлыған «Тапқырлар» мен «Самұрық» ертегілер жинағы «ауруым» болды, сосын Бердібекке көштім "Өлгендер қайтіп келмейді", «Балалық шаққа саяхаттан» бастап «Аяжанға» дейін… Сосын оқығым келмесе де, оқылуы тиіс кітаптар болды арада…

Қазір Алена Знаменская мен Ольга Нестерованы, Сесилия Ахерн мен көңілім соққанда Литвиновтарды оқимын.
GulL
Сесилия Ахерн

 мағанда ұнайды соның кітаптары, Пысы мен сені жақсы көрем дегені өте тамаша, эх кино көргендей жылап отырып оқушы едм  Шынында киносынан кітабы жақсы
alisha
Мен де есім кетіп оқығам, кітаптың мұқабасындағы автордың үйге киетін костюммен тұрған фотосын көргенде одан сайын жақсы көріп кеттім, қарапайым әрі шынайы. Біздікілер оның орнында болса барды киіп, қалғанын қолына ұстап түседі ғой.
GulL
 ия солай ғой
Rafaello
Қай кезеңде де шет ел әдебиетін оқыппын
Daniar-Alan
ең алғаш оқыған ертегім: Қарлығаштың құйрығы неге айыр болыпты
Daniar-Alan
үйленгенге дейінгі өміріме өз әсерін тигізді осы шығарма
bake
Фантастикалық әңгімелердің алғашқысын қазақша оқыптым
alashaman
Бердібек Соқпақбаевты оқыппын. Сосын, «Том Сойердің басынан кешкендері» қызықты еді. Құдай ұрып, 4-сыныпқа көшкенде Александр Бектің «Арпалысы» қолыма түспесі бар ма, сабақты жинап қойып соны оқыдым. Сөйтіп, батыр Бауыржан менің санамнан мықтап тұрып орын алды. Бастауыш сыныпта жүргенде «Олкім? Бұл не?» деген энциклопедияны оқыппын. 5-сыныпта «Мын бір түнді» ұрлық-қарлықпен оқи бастадым. Басында мазмұны емес, арасындағы суреттері қызықтыратын..
bake
Үш томдық «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясынан кейін жалпы қолданысқа арналған қазақша жаңа энциклопедиа көрмептім, энциклопедиа алғашқы ауқымды танымдық ақпарат берді.
rauka
Андерсонның ертегілері
asaubota
бала кезімде қазақ және әлем халықтары ертегілерін көп оқыдым. кейін Мюнгхаузен, Чипполино, Дімбілмес, Соқпақбаев шығармалары. сосын Бастау деген балалар әдебиеті сериясы болды, түрлі повестер, әңгімелер шығатын. студент кезімде толығымен С.Кинг пен Кунц деген авторға кеттім.
donen
Қарап тұрсам қызықпен өткен күндер кітап оқуға мұрсат бермепті, мектеп қабырғасында алып жұлып оқыған кездерім болмаса, тек бір қуантатыны болшақта оқуға болады екен
satibaldi
Әсер қалдырғаны «Су астындағы диқаншылар» Александр Беляев.
Мен Андрей Беляев дегеннің таңдамалылар жинағымен өстім. Қатыны екеуі жазған екен. Телевизордан оны пір тұтатын халық ол жұмыс істейтін банктің алдында толып тұрушы еді. «Тірісінде мойындалған ақында не арман бар екен?» деп тамсанып отырушы едім…
alisha
Көзің өткен болды ғой сенің
satibaldi
Күндесім кеп қапты ғой.
alisha
Айласым-ау, ешқайда кеткем жоқ, отырмыз ғой сені аңдап
dark_nazgul
Қазақ тілінде «диқаншы» деген сөз жоқ.
bake
sozdik.kz/ru/dictionary/translate/kk/ru/%D0%B4%D0%B8%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D1%88%D1%8B/ -қарап көріп түсіндіре беріңіз
dark_nazgul
иии. қазақ тілі sozdik.kz жасалған соң ғана дүниеге келіпті ғой, ұмытып кетіппін.
alisha
Аспазшылар мен шазтаразшылар да
asaubota
ал мен сайт әкімшісімін!
Daniar-Alan
 ал мен бет әрлеушісімін
satibaldi
«Шнәло, шнәло, сауатсыз иуда!
GulL
Бала кезімде әкем командировкалардан толтырып ертегілер алып келетін, інім екеуміз жарысып оқитынбыз.  Бала кезімде әлем халқының ертегілері шығыс халқының ертегілері, Н. Носовтың шығармаларын оқып, жасөспірім кезде Ги де Мопассан новеллаларына көштім, т.с.с. ең сүйіп оқығаным Д.Исабековтың таңдамалы шығармалар жинағы мен Б. Соқпақбаевтығ Балалық шаққа саяхаты
Simona
Бaлa кезiмде сaн түрлi ертегiлер оқыдым. Әлем ертегiлерiнiң жинaғы т.б. Есiмде қaлғaны «Зымырaн құс», Хaвошечкa, тaғы бiрaз шығыс ертегiлерi. Мәрмәр, жaқұт, меруерт т.б. тaс aттaрын, aлғaш осы ертегiлердегi сaрaйлaрды бейнелеуiнен үйренгем.
Кейiн Дымбiлмес, Көк дөңгелек, «Три толстякa», «Детство Никиты» деген әңгiмелердi кем дегенде 5 қaйтaрa оқығaм. «Оқитын дым жоқ болғaндықтaн». Бiр «Сaқaу бәтiнке» деген қысқa әңгiме бaр едi ғой, соны дa қaйтaрa оқитынмын.
Кейiн 1001 түндi 2 күнде оқып бiтiрдiм. 11 сыныптaрдa тек Қaзaқ әдебиетiндегi үзiндiлердi оқитынмын. Содaн гaзеттегi шым-шытырық оқиғaлaрды (сол уaқыттa сондaй гaзеттер көп едi ғой), кейiн университетте қолымa түскендi оқи беретiнмiн.
e_zhalgas
мектеп кезде көңілімді қалғандырғаны — Бальзактың «Горио әкейін» қазақ тілінде оқуға тырысқаным шығар
Arys_arlany
ең алғаш оқыған әдебиетім «Ағаш ат» еді. 6 сыныпта оқыдым!
nurbergen_makym
Бала кезімде ең бірінші шын ықыласым мен қызыға оқыған кітабым (кітап дегенде, пышақтың қырындай ғана) — «Төсек ләззаты» мен «Жаназа шарттары» болды. Болды. Сондай кейін, кітап оқу тяжкы боп кетті. Әсіресе, соңғысынан кейін
edige

Эпитет келмей қалды
temir1986
Мен оқыған кітапты бәрің оқыпсыңдар ғой