Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боласың. Сен біреуге "Өй!" десең, ертең өзіңе "Өй!" дейді.
Бір тойда болдық былтыр, сіздерге өтірік, маған шын, тост әп дегеннен көршілерге берілді, онда да он шақты. Ағайындармен араласы шамалы екен той иелерінің. Өздері шақырғанға бармаған соң, оған да ешкім келмеген. Өзі шағын ғана той, ал қонақтардың нобайы — екі жастың достары мен коллектив.
«Шақырмағанға барма, шақырмағанға қалма» деген принципті ұстанамыз шама келсе.
"Өй!" дей салу жеңіл, иә?! Бірақ, бүгінгідей қымбатшылықта қонақ шақырудың өзі оңай шаруа емес. Ойлап көр, қанша қаражат пен еңбек керек екенін. Кейбіреулер шекесі шылқығаннан емес, жөн білгендіктен дастархан жаяды. «Бір шәй бере алмадым-ау» деп уайымдайтындар да болады. Біздің қанымызға сіңген қасиет бұл. Сондықтан да құрметке құрметпен қарай білуі керек адам. Сол қонаққа шақырылмай қап, кейін біреулерден естір болсаңыз, оны тағы да сөз қыласыз ғой, солай емес пе?!
ол екібастан ғой, бірақ өз басым шақырылмай қалған жерге қуанбасам ренжіген емеспін. Өйткені қонақтыққа бару мен үшім азап. Істелмей қалған дүниелерді ойлаған өз алдына, арақ ішіп, аузына келгенді айтып отырғанда келгеніңе өкінумен боласың? Мен тек құрдастарым мен өз туғандарымның (сүйіндік адайлар) үйіне ғана қонаққа барамын. Туғандарыма көмектесуге барсам, құрдастарым арақ ішпейді. Әркімнің ойы әрқалай ғой, мені танитындар ондайыма ренжіген емес, танымайтындар шақырмайды да
Шынымды айтсам ондай жерлерді аса көп жақтыра бермеймін. Маған мысалы, жақын достарыңмен бір тыныштау жерге барып, немесе табиғат аясына барып арқа жарқа боп әңгімелесу ұнайды. Бірақ қонақтықтарға барғым келмейді. Тойға амалсыз барасың. Шаршап қайтасың. Қартайған болармыз
қой жоқ, мен білсем, нәрмәлні ішетін, шымкентский қоңырат сияқты ед, ұмытпасам… Тек соны біле тұра, Блогкемпке келгенде, Даниярдың үйінде 3 күн қонақ болғанда Көкбөрі, осы бір симпатия-антипатияларын айтты ма екен деген ой ғой…
хехехе, Алдеке, қонақтық деп мен жай ғана шайға шақыру деп түсініппін. Ал Дәкеңе мінін іздеп, сын тақпақ түгілі алғысымды айтып жеткізе алмаспын. Ол бір бөлек, менің екі ортам бар, бірі сыныптастарым, екіншісі керектіктер болды дегенді бұрынырақ айтқан секілдімін. )))
Иә қазақтың жас түскен келінге есік көрсетуі, жаңа көршісіне ерулік беруі, қаза болған отбасының қайғысын бөлісіп көңіл шайға шақыруы, бәрі-бәрі сыйластықтың, адамгершіліктің, ең бастысы тәрбие көргендіктің белгісі ғой.
Тойдан бұрын, ондағы жағымпаздық, менмендік, әпербақандық, сентұрменбасжіверейіндік, көсемсөздік, мақтаншақтық, көлгірсу, өсек, бекер малшашпақтық, даңғазалық, құр мәлімдемелерден жиіркеніп бармайм.
Астапырбудда, бірде осы кемішіліктердің бірі де жоқ тойда болдым, «лібә, бізде де есі дұрыс той бола бастапты ғой» деп қуана бергенімде, «горька!» деген дауыстан бір-ақ түсіндім: орыстың тойы екен ғой шешесс, бәсе дедім. Нақ.
Қазір мода шығарып алып жүрм: той иелерін кейін, бірақ тойдан қалған тамақ әлі бар кезде құттықтап шығам. Әрине, жартылығымды, оны-мұнымды ала барам. Себебі…
Себебі мына екіжүзділерді, мына-мына пайдкүнемдік әбден меңдеген қоңыздарды, қалт-құлт етіп дірілдеген жүйкесі жұқа қатындарды, мынау даңғазалық пен мансап шеруін, мына-мына міскіндерді көрмеудің бар амалын жасап бағам.
Ішсең — ішті дейд, билесең — тапырақтап биледі дейд, біреудің сөзіне сөз қайтарсаң — тойды талқан қылды дейд, құласаң — құлады дейд, ішпесең — өзіңше болмаш дейд, наққа барып қаззақтың той деп әдемі атау берілген мүше ұзындығының жарысына? Шақырма нақ!!!
ондай тойларда ең дұрысы өз темаңды тауып алу. Қатарынақуып алып билей беру, қыздарға қырындау, айқайлау, сыртқа шығып төбелесу т.б. кіреді. Мен көп тойда сөйтем өз басым
Қонаққа тым сирек барады екем. Жұмыстағы апай қашан көрсемде " бүгін қонаққа баруым керек" не " бүгін тойдан келдім" деп әңгіме айтып отырғанда қызығып кетемін… Негізі қонаққа баруымның 2 жолы бар, біріншісі, арнайы мерейтойлар, қонақасылар, яғни қонақ етушілердің өміріндегі маңызды даталар. Бұған алдын ала шақырту болғандықтан қалмауға тырысам. Ал екіншісі, көре қалған жерде "қонаққа кел, шай-тамақ ішіп кет" деген сынды шақыртулар, мұндай еш себепсіз қонаққа баруды онша жаратпайды екем, сондықтан "өйй" деп түрлі сылтауларды көп айтам.
Қанша жерден ұнатпайтын адамдар жиналатын болса да, қалтамда көк тиын қалмаса да, ұзын-сонар жиналыс типінде болатынын сезсем де арнайы шақырту болса бұлданбай баруға тырысам
«Шақырғанда бармасаң, шақырғанға зар боласың» деуші еді апам. Бірақ, үйіне барғым келетін, араласқым келетін, жақын тартатын адамдарыма ғана барамын, басқаларға әйтеуір «ыңғайы келмей қалады».
Сауалнамадан қалыс қалдым, өйткені ана сылтаулардың ешқайсы маған жүрмейді екен. Менде екі вариант қана бар: «барғым келеді» және «барғым келмейді». Барғым келмесе, біреу жетектеп, біреу сүйресе де бармаймын.
Отырыс, жиындардың адамы емес екенмін.
Көңіл үшін емес, ұпай түгендеу үшін болатын жиындарға онша тартпайды. Барғаныммен, ондай жерге сыймаймын. Көбінесе далаға темекі тартуға шығып кетемін
Ешкімге елеусіз сияқты болғаныммен, басты назарда жүретінім де онша ұнай бермейді сондай жерлерде.
Көктемде екі отырыс болды. Олай отырмағаныма көп болған екен.
Бір тойда болдық былтыр, сіздерге өтірік, маған шын, тост әп дегеннен көршілерге берілді, онда да он шақты. Ағайындармен араласы шамалы екен той иелерінің. Өздері шақырғанға бармаған соң, оған да ешкім келмеген. Өзі шағын ғана той, ал қонақтардың нобайы — екі жастың достары мен коллектив.
«Шақырмағанға барма, шақырмағанға қалма» деген принципті ұстанамыз шама келсе.
Өкінішті екен… Өз басымыз қонақтықтарда кәдімгідей демалып, ананы-мынаны айтып, көңіліміз көтеріліп, мәз боп қайтамыз.
Барар ортаң жақсы болса, ол да бір бақыт
Астапырбудда, бірде осы кемішіліктердің бірі де жоқ тойда болдым, «лібә, бізде де есі дұрыс той бола бастапты ғой» деп қуана бергенімде, «горька!» деген дауыстан бір-ақ түсіндім: орыстың тойы екен ғой шешесс, бәсе дедім. Нақ.
Себебі мына екіжүзділерді, мына-мына пайдкүнемдік әбден меңдеген қоңыздарды, қалт-құлт етіп дірілдеген жүйкесі жұқа қатындарды, мынау даңғазалық пен мансап шеруін, мына-мына міскіндерді көрмеудің бар амалын жасап бағам.
Осы кезде вингерет жеп отырсаңыз, ішіндегі асбұршақтың мұрныңның мазмұнын айдап шығу қаупі бар.
Келіншегім керісінше ойлайды…
Нәтижесінде қонақты да шақырамыз, шақырылған жерден де қалмауға тырысамыз.
Қонақ күткенді онша ұната бермеймін(бәлкім шаршадым), ағып-тамып жүретіндерді әсіресе Ауылда рахат, өзің қонақ боп үстелдің бір бұрышында отырасың.