Қазақтар қымсынатын тақырып
Адамдар сезімді селт еткізер «ойынды» уақытша болса да неге тоқтатпайды? Көңіл көтеру үшін бе, әлде қанағат алу үшін бе? Шын мәнінде, дәрігерлер де, психологтар да мұны «жанға жылу, бойға қуат» сыйлайтын ем» деп санайды. Екеудің есін шығаратын сәттер адамның жүйкесін жұмсартып, денсаулығын шыңдайды. Сондықтан ер азаматтар өз өмірін мәнді өткізуі үшін әрдайым бабында болуы тиіс. Сенбесеңіз, сексопотолог мамандардың мына пікіріне назар аударып көріңіз.
• Махаббат жүрекке ем
Оңаша сәттерде әйел мен ер адамның жақындасуы жүрек қағысын жеделдетеді және жақсартады. Тіпті мұны жүрекке жасалатын массаж деуге негіз де бар. Осылайша біз қан тамырлары жүйесін жаттықтырамыз. Бұл – әр еркектің күш-қуатын сақтауына, ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
• Махаббат тән тазартады
Сексуалдық қозу ағзада эндорфиндердің (химиялық заттар) бөлінуіне ықпал етеді. Дәл осы зат адамның тұла бойын дел-сал күйге түсіріп, рақатқа бөлейді. Бұл адамның арақ ішіп, бой жеңілдекенінен анағұрлым пайдалы.
• Махаббат стресстен құтқаратын дәрі
Бір мезгіл жаныңның тыныш тапқаны көңіл күйді көтеріп, сер¬гек жүруге көмектеседі. Айналаңызға назар аударып көріңізші, үнемі ашуланып, селқос жүретіндер – махаббатта жолы болмағандар. Олар кез келген дертке төтеп бере алмайды. Сондықтан аурудан аулақ жүргіңіз келсе, сезімге тежеу салмаңыз.
• Махаббат нағыз жаттығу
Сексуалдық «ойындар» дене жаттығуларынан еш кем соқпайды. Ол адам бойындағы ептілік пен икемділікті жетілдіріп, бұлшық еттерін дамытады. Адамды шаршатпайтын да, жалықтырмайтын да жаттығудың түрімен үнемі ауыр жұмыс істейтін жігіттердің айналысқаны пайдалы.
• Махаббат арақты алмастырады
Ертеде төсек қатынасына барған еркектерді іле-шала ұйықтап қалмас үшін әйелдер мазасын алған. Өйткені бұлай істеу аруларға ұнамайтыны былай тұрсын, олар сәтті кездердің ерекше әсте қалғанын ұнатқан. Әрі бұл ұйқысыздықтың алдын алатын дәріден еш кем емес. Өте ұнамды кездесуден соң жігіттер күнделікті ұйқыдан екі есе жақсы тынығады екен.
• Махаббат қан айналымын жақсартады
Мақаш ағамыз айтатын «көк көрпенің» астындағы жағдайды былай қойғанда, сол төңіректе сыр бөлісудің өзі адамның делебесін қоздырады. Мұның өзі қан айналымын жеделдетіп, тамырлардың кеңеюін тежейді.
• Махаббат шаш күтіміне де көмектеседі
Қан айналымының жақсаруы шаш түбінің қоректенуіне мүмкіндік береді. Ол шаштың селдіремеуіне және ақ түсуден сақтандырады. Шаш – адамның көркі екенін ескерсек, оны сақтаудың да бір жолы барын жадыңыздан шығармаңыз.
• Махаббат қатерлі ісік простатитінің алдын алады
Барлық еркектер шау тарта бастасымен, жыныс мүшесіне тікелей қатысы бар дерттер бой көрсетеді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, төсек қатынасымен тұрақты айналысу ең қауіпті саналатын қатерлі ісік простатитінің алдын алады.
• Махаббат бет әлпетіңізді жасартады
Бетке әжім түсірмеу және оның үнемі жұмсақ болуына түнгі ұйқымен қатар, жаныңызда жұпар иісі аңқыған әйеліңіздің сізге деген сезіміне де байланысты. Күнделікті «дағдыларыңыздан» айнымасаңыздар, біріңізге біріңіз жылы сөз арнаудан жалықпасаңыздар, бет күтіміне қыруар ақша шашудың қажеті шамалы.
• Махаббаттың арықтауға да әсері бар
Бұл – өте қарапайым әдіс. Күнделікті 10 минут жыныс қатынасымен белсенді түрде айналыссаңыз, 200 калория жоғалтасыз. Тіпті 400, 600 калория жоғалтсаңыз да ешкім қарсы емес.
• Махаббат косметикалық массаж
Әйел адаммен өліп-өшіп сүйісу – адамның бетінде болатын 29 бұлшық ет бөлігін қимылдатып, ерін, тіл және жақ еттерін жетілдіреді. Бетке жасайтын тегін әрі нағыз массаж осы.
• Махаббат дәріні алмастырады
Альбуминдер, минералды тұздар, түрлі органикалық заттар сүйісу кезінен бастап алмасады. Ол инфекцияға қарсы күресудің тиімді жолы.
• Махаббат ауырған адамды сауықтырады
Махаббаттың әл үстінде жатқан адамды да сергітетін қасиеті бар. Сондықтан төсек тартып қалар болсаңыз, тіршіліктен тым түңілмеңіз. Жарыңыз жаныңызда болса, бел қуатыңыздың мықтылығын бір дәлелдеп көріңіз. Тіпті жүрек дертінен зардап шеккенде де төсек мәселесін ұмытпаңыз.
• Махаббат есте сақтау қабілетін арттырады
Геонтолог мамандар тоят түнінен жалыға қоймаған қарттардың өзі есте сақтау қабілетін жоғалтпайтынын айтады. Демек, делебе қоздырар демалыс адам миының қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
• Махаббат ас қорытуды жақсартады
Секс адамды тыныштандырып, бойды жеңілдетеді. Оның ішек жолдары мен асқазанға да әсері күшті болғандықтан, ас қорыту жүйесінің оңаларына дәрігерлер кепілдік береді.
Мақала «Айқын» басылымынан алынды.
тақырып аты қымсыну туралы екен, бірақ автор мазмұнында секс сөзін тіке жаза алмай Махаббат деп өзгерткен сияқты.
Әйтпесе, дүниедегі нағыз сексқұмар халық қазақ қой.
қазақтың боқтауларынан ақ байқауға болады. біреудің шешесімен, енесімен жыныстық қатынасты армандау, біреудің әкесінің аузына беру туралы фантазиялар. балдыз, жеңге туралы мақалдар. көт және с*гу сөздерінен құралған неше түрлі сөз тіркестері… көп нәрсе туралы айтады бұл
Рас па ей, француздар қайда қалады сонда?!
Это судьба, доченька, это судьбаа!
Последние исследования доказывают, что регулярный просмотр эротического видео отбивает желание к интимной близости. Если человек сидит перед экраном и смотрит заветный ролик, в его организме в огромных дозах вырабатывается гормон удовольствия, причем без малейших усилий.
(тарихқа үңілуді қажет ететін философиялық)сұрақ екен…Ұйқыдан кейінгі таңғы секске ештеңе жетпейді. Сосын күні бойы сергек жүресің.
Махаббат пен секс екеуі екі бөлек деп жүргендерге, қыртпаңдаршы, сендер сонда жай шәуқатты жіберу үшін ғана болып жүрсіңдер ме, қуасыңдар иә