Елордаға сәлеммен!

6 шілде күні Елордамыздың 14 жылдығына орай Ақтау қаласында мерекелік кеш өтті. Бұл шараға жергілікті шығармашылық топтармен қатар, Астана мен Алматы қалаларының эстрада жұлдыздары ән шырқады.
Астананың қуанышымен қатар Елбасымыздың туған күнімен сәйкес келгендігі, қазақстандықтар үшін үлкен жүрек жарды мерей той болды.


Маңғыстау облысының ішкі-саясат басқармасының бастығы Ержан Күмісқалиев:
Бүгін Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары басты қаламыздың күніне орай, 14-шы шағын аудандағы жаңартылған теңіз жағаға жиналып, бүкіл халық болып тойлаудамыз.
Облыс басшысы қала тұрғындарын шын жүректен құттықтай келе, тұрғындардың көптен күткен 14 шағын аудандағы жаңартылған жағалауды сыйға ұсынады, және де осы жағалауда біз күтіп отырған мерекелік үлкен от- шашу өтеді, мерекелік концертке жергілікті жұлдыздарымыз өнерлерін паш ете отырып, мерекелік шара жалғасын табуда. Көріп отырғанымыздай, халық көңілі жайдары!


Қала тұрғындары Құлжан Мерей, Өтеген Көркем:
Қайырлы кеш! Бүгінгі атаулы мереке Ақтау қаласында дүбірлі өтуде десек те болады! Біз өте қуаныштымыз!!! Және де осы үлкен қуанышымызбен барша қазақстандықтарға бөліскіміз келеді. Астана көркейіп жайнай берсе екен, Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын деп шын жүректен тілейміз! Жыл сайын бұл үлкен мерей той осылай жарқын болып тойлана берсін!


Серік Сариевтің «Жорға» би ансамбльі:
Бүгін біздер «Жорға би ансамбльі» атынан барша қазақстандықтарды тойланып отырған Астана күнімен және де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Бұл мереке барлығымыз үшін ортақ. Көріп отырғанымыздай, халық алаңға көптеп жиналған, әлі де жиналып жатыр. Барлығы осы мерекені ортақтасып өткізу мақсатымен бас қосып ағыла келуде, бізде осыған өз үлесімізді қоспақпыз, яғни «Жорға би ансамбльі» атынан осы үлкен мерейтойға өз өнерімізді шоу-проектімізді ала келдік! Мейрам құтты болсын!


Қала тұрғыны Қонайбаева Несібелі:
Бүгін міне, айтулы дүбірлі мейрамға өзіммен бірге немерелерімді ала келдім! Оларға бұл мерекенің ел үшін үлкен ортақ мереке, той екенін білдіре келдім. Ең бастысы айтарым, Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күні құтты болсын! Әрдайым алдымызда денсаулығы мықты болып жүре берсін, ол біздің тірекшіміз, ғой! Еліміз тыныш болсын, Астанамыз жайнай берсін! Мынау, бес күн өмір тіршілігінде немере-шөберелеріміздің арасында аман болып жүре берейік!


Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Асанәлі Көшеров:
Мен бұл қаламызда Астана күніне өткізіліп жатқан үлкен мерекелік шараға өнер адамы ретінде ән шашуымды сыйлай қатысып отырмын. Және де Елбасымыздың туылған күні құтты болсын! Қазақстанның мәртебесі биікке өрлей берсін, Астанамыз күллі әлемге танымал болып, көркейе берсін! Қазақстанның бетке ұстар айнасы болсын!


Әнші Сапарова Шахаризада:
Мен жолдасыммен бірге 4 жыл бұрын Алматы қаласынан осы шырайлы Ақтау қаласына қоныс аударған болатынбыз! Алматы қаласының опера-балет театрында қызмет атқарғанбыз. Осы Ақтау қаласында жаңа пәтерге ие болдық, өте қуаныштымыз! Бүгінгі шара мен үшін өте қызық, себебі осы күні біз жолдасыммен бірге отау құрып, неке күнін өткізгенбіз. Біздің некелескенімізге 10 жыл толды. Осы мерекенің менің қуанышыммен сабақтас келгені мен үшін үлкен ғанибет! Бұл мереке біз үшін ыстық болып келеді. Астана көркейе берсін! Бейбітшілік болсын!


Әнші Ақылбек Жеменей:
Бүгін, Астанамыздың, Елордамыздың туған күні, онымен қоса Елбасымыздың туған күні! Осы біз, бұл мейрамды Ақтау қаласынан қарсы алып жатқанымызға өте қуаныштымыз! Қазағымыз өсе берсін, Қазақстанымыз көркейе берсін!

Облыстық филармония әншісі, мәдениет қайраткері Жоламан Көшкінов:
Мен бүгін үлкен мерекеге айтар тілегім, алдымен, еліміз көптен күткен, аңсап келе жатқан тәуелсіздігіміз, онымен бірге келген еліміздің бірлігі, еліміздің амандығы, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», дегендей біздің мына амандығымыздың арқасында, елдігіміздің арқасында 20 жылдығымыздың асар-аспаста осындай үлкен қала Алтын орда, Ақ ордамыз тұрғанда еліміздің осындай үлкен жетістікке жеткеніне шын жүректен тілекшімін. Бүгінгі осы мереке еліміздің аңсап жүрген мерекелерінің бірі, осы Астана күні болса, осы мерекемен қоса Елбасымыздың да мерейтойы. Астана қаласы асулардан асып, әлемдегі аты шыққан ірі мұнаралы қалалардың қатарында болып, ұрпақтарымызға өшпес тарихи мұра болып қалуына тілектеспін!


Әнші Ғаділбек Жанай:
Бүгін Астана мерекесі жалпы Қазақстан бойынша, Ақтау қаласында тойлануда. Осы Ақтау қаласында болып жатқан концерттік шара маған өте ұнап жатыр. Жоғары деңгейде дайындалғаны, халықтың да ризашылдығы байқалып тұр. Мен тек қана Астана күні емес, кез келген күнінде біздің қазақ елінің көңіл күйі бүгінгі күндей жайдары күйде болсын деп тілеймін. Мереке құтты болсын, Астана жасай берсін!


Кеш жүргізушілері Ақылбек Исамбергенов, Гулмира Бурхандинова:
Астана мерекесіне орай, бүгінгі кеште облыс әкімі құттықтай отырып, жергілікті өнер жұлдыздарымыз, оның ішінде Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай,«Самал», «Ғалам» топтары келіп жатыр. Алматы қаласынан келген «Меломен» тобы да өз өнерлерін көрсетуде. Әсем қала Ақтауымызда әр түрлі шаралар өтуде, көрнекті жағалау салынуда. Барша халықты бүгінгі Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


«Ғалам» тобы:
Бүгінгі мерейтойда өнер көрсетіп жатқанымызға біз өте қуаныштымыз. Астана қаламыздың мерекесімен барша Қазақстандықтарды шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Астанамыз асқақтай берсін!


«Самал» тобы:
Бүгінгі Елордамыз Астана қаламыздың туған күні және де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да дүниеге келген күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Барлық Қазақстандықтарды құттықтай келе, елімізге аманшылық, тыныштық тілейміз!


«Абай мәдениет кешенінің» бас директорының орынбасары Аққенже Орынбайқызы:
Бүгінгі Астана күніне арналған мерекелік шара өте қызықты және тиянақты өтіп жатыр. Мұнда өзіміздің жергілікті және Алматылық өнер жұлдыздарының өнерлеріне тәнті болып жатырмыз. Мерекеге арнайы дайындаған, өзіміздің шығармашылық топтарымыздың көріністерін көрсетіп жатырмыз. Ақтау қаласының халқы риза болып жатқан секілді, себебі алтындай уақыттарын бөліп келген жұртымыз шараның аяғына дейін қалып көріп жатырғанына қуаныштымын. Астана жайнай берсін!

<img
«Меломен» тобы:
Бүгін Астана күні, Елбасымыздың Нұрсұлтан атамыздың туған күні, соған арнайы Ақтау қаласындағы болып жатқан концерт өтуде. Ақтау қаласы – өте керемет, кеш өте керемет өтіп жатыр. Көңіл күйіміз тамаша! Жалпы Ақтау қаласының тұрғындары өнерді жоғары бағалайтыны көрініп отыр. Әрқашанда еліміз аман болсын, тыныш болсын! Қазағымыз тек биікке өрлей берсін!

«Меломен» тобымен аяқталған бұл кеш жоғары деңгейде өтті деген бағаға лайық! Елордамыз Астананы және Елбасымызды шын жүректен құттықтай отырып, Астанаға жарқын көркею, ал Елбасымызға мықты денсаулық тілеймін! Астана тек алға! Жасасын, Қазақстан!
Бөлісу:

40 пікір

a63a1
«Жорға» би ансамбльі:
aza
Жорға би ансамблі құрамында 500 бишісі бар үлкен ұжым. 4 би мектебі бар, мына жердегі қыздар ең үлкен топ. Тамара Астардың жеке би ұжымы. Жазба кішкені көбәріп боп кеткен екен… Асанәліні көріп мәз боп қалдым ғой, братымды) Рахмет саған, аптыр!
Janasil
Хан шатыр мен Бәйтеректің айналасы кәдімгі Түркістанның жайма базары болды ғой. Түтіні бұрқыраған шәшліктерді айтсайш. /Асықпай біраз суреттерді саламын/
aza
Бақыттысс ғой, Жанасыл, той тойлаған))) 5-7 сінің аралығы қайнаған жұмыс болды біз үшін)))
Janasil
Біз сол жүрдік қолға фотоапарат алып қонақтарды аралатып, мың көрген жерді тағы бір көріп. Ой шаршыдым.
aza
бәрібір ол шаршаудың кәйпі бөлек, «тойда шаршау» ғо, ресторандағы тойлардың соңында әжелеріміз айтпақшы)))
sammita
ал мен шашлық таппадым Хан шатыры айналасынан, палау мен суды әрең алдық, кезек деген километр.
Janasil
Шәшліктер Бәйтеректе болды. Шатырдың 3-ші қабатындағы орынға таласты көрдіңдер ма? уу… жаман, жаман. Енді мерекеде «Хан шатырға» бармаймын деген шешімге келдім.
sammita
Хан шатырына жәй күндері барғанда у-шу, ұнамайды. сол күні тек аптекаға кіріп шықтым, қарақұрым халық масқара.
aza
Шатырға кеше де кіре алмай кеттім((( Есіктің алдында отырып, отырып… "әжесссс" дедім де «Дипломатқа» тарттым…
patick
Кеш жүргізушісі Ақылбек Исамбергенов менің досым ғо
Gulistan
Фотолардың көлемін сәл азайту керек. Анау етегі қызыл көйлек киген қыз
GULI93
техникалық ақауларға байланысты түзетуге үлгермей қалғаным) айып етпендер, енді түзелді)
satibaldi
Кейбіреулері ішкиіммен түсе салған ба өзіміз ғой деп…
GULI93
 менде солай ойлағанмын) бірақ сондай стильдегі көйлек екен хехехее
Adiletshu
Ақтаудың әншілері салмақты екен а. Тура мағынасында
GULI93
өзіңіз Ақтауда болып пе едіңіз?? кешірім өтінем құтты бір білетіндей
kokbori
құтты бір білетіндей
Құдды деп оқып едім киіз кітаптардан. Не деген осқырыну?!
GULI93
қателеспейтін жан жоқ, асыққандықтан қолым ойламастан теріп жіберіпті…
Gastarbaiter
Асыққан қателер ондай болмайды мынагдай болад. Клавадағы Т қайда, Д қайда. ))))
GULI93
ол сізде ғой, ал бұл менде бөлек))))
Gulistan
Посттың бір шеті Ақылбекке тиіп тұр екен, осы жерде айта кетейінші — оның «Көк Айдай» өлеңін мықты ұнатып жүрмін.Анау-мынауыңды шашып тастайтын сияқты.
GULI93
Ақылбек ағамыз мадеес гой
araika
Газет оқып отырғандай болдым ғой

Хеее, Меломенді іздестірер болсақ, 3-4 рет түсетін сияқтымыз осы бетке. Өйткені ілмектер айқайлап тұр
GULI93
негізі ұзақ көлемді жазғанды ұнатпайтын едім, бірақ қызуға батып кетіп) жазбауға дәтім бармады)
alisha
Аққенже Орынбайқызын айтсаңдаршы бәрінен де…
aza
Лібббәәәә, шешесссс дегеннен басқа сөз түпи ғалд ауызға)
Gulistan
Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы
Осылай деді ме расымен?
GULI93
бәрін түзеттім ғоооой
GULI93
бір ғана жерде кездесіп қалды бұл қатем енді
Emilia
Мейрам күшті өткен сияқты Ақтауда!
GULI93
сияқты емес, күшті өтті!)
mercedes
сен де күшті екенсің