Сол Windows-пен күрес

Кеше кешкісін ноутбук алдым. DELL n5110 деген. Сөздің шыны керек алдын ала интернеттен қарап, оны мұныларды есептеп деген сияқты дайындық жұмыстары болған жоқ. Конфигурациясы ұнағасын алдым.
Ішінде алдын ала орнатылған жүйесі жоқ деп ескертті әрине сатушы. Бірақ -Бәрібір виндоус болмайды- деген ниетпен оған пысқырғаным жоқ. Айдап үйге келе қорабынан шығарып, оны мұны-дискілерімді алып, адам (ноутбук) қалпына келтіруге кірістім.
Үйреншікті Убунту 10,04-ті басжібердім. Керемет отырды. WIFIсыз. Әкесс дедім де, ескі -құсқы провод тауып езернет арқылы нетке кіріп, оны мұнысын іздемекші болдым. Сол кіргенім екен бірден көңіліме ұнамады әңгіменің сыңайы. Кіре берістен (DELLдің ресми сайты айтып отырғаным) Виндоус7ні рекемендейміз деп тұр, ептілер. Ах, әккесс, дедім де, ары қарай іздей бердім.
Обшым не керек бір ашуымды беріп, ағайын тумаларға деп сұрап алған (линукс плинуксіңді ұрсын ба, олар. Және өзіңді мезі қылад анау-мынау деп.)виндоус7 тауып, орнаттым. Баяғы жалаңаш жүйе, драйверлерін орнатып алсаң, оны жұмыс жасау үшін опис-мопис қойып тағы баптау керек, очм күтімі әйелден жаман ғо. Әрине бірден WIFI түгелі Ethernetте отырған жоқ. Ескі компты қосып, дравер алуға көштім. Тағы бір -Әккесс- деген жерім осы болды. Бұл ептінің драйверлері 64 биттікке арналған екен. Әрине, күл-күл епт, мен 32 биттік отырғыздым. Бары сол еді. Қаным қарайып, еш нарсеге зауқым болмай ұқтап қалдым.
Ертеңгісін (бүгін) -Кешке дейін қыздырмасам- апарып тастайм деген оймен жұмысқа келдім. Виндоус7 64биттік нұсқасын сатып алмайм да, басқалай нұсқасын да орнатпайм деп отырм.
Қазір ашу аз-мыз тарқады, ubuntu 12.04 алып отырмын, 80 пайызға кеп қалд, әбедке шыққанда жолдан диск ала кету керек. Осыған қызбаса, машиналарын кері апарып берем, нақ.
Бөлісу:

15 пікір

patick
DELL-ге еш өкпем жоқ. 2 жылдан асты, б/у күйінде алған DELL әлі жөтеліп-түшкіріп болса да істеп келеді. Жақында вентиляторын ауыстырдық.

ОЖ-ға келетін болсақ, проблемасы көп. Жақында жаңа ноутбук алғанда да, 2 апта көлемінде тігілдім. Бірінші Уиндоустың өзін орнатасың, сосын драйверлерін, сосын қажетті прогаларды, сосын әр жерде шашылып жатқан файлдарыңды жинайсың…
Негізі жаңа ноутбукпен бірге орнатылған Линуксы болған, меңгере алмадым да алып тастадым.
sigma
2 жылдан асты, б/у күйінде алған DELL әлі жөтеліп-түшкіріп болса да істеп келеді.
Ескі арба көпке шыдайд деген бар ғо.
AL-ASTER
DELL-ге еш өкпем жоқ. 2 жылдан асты, б/у күйінде алған DELL әлі жөтеліп-түшкіріп болса да істеп келеді. Жақында вентиляторын ауыстырдық.
Жақсы екен, жаңа ноуттардың өзі 2 жылдан соң сыр беретіндері бар. Көп жағдайда б/у ноуттардың видюхасы немесе процессоры қызған болып келеді, сосын қызып, өшіп қалатын қасиеттері пайда болып жатад)
konvict
ОСы жерде бір флуд. Менің ноутбугім ойландыратын жұмыстар жасайын десем өшіп қалады. Мысалы, фифа12, адоб премьер секілділер сәл жұмыс істеген соң комп қызып кетеді. Қайсем болады? Меңкі Ленова В560
AL-ASTER
Типі мынадай уақытша амал қарастырып, уақыт созбай сатып жіберетін.
patick
Ондай өшіп қалатын жағдайға жеткізбе — матрицаңды өлтіресің. Өшіп қала берсе — тех. мүмкіндігі жетпейді деген сөз
Temir-bala
devid.info осы жерден драйверлерді тапсаңыз болады. 64-биттіктерге де бар.
Убунту 12.04 маған ұнады. Ары қарай не болғанын жазарсыз )
AL-ASTER
Драйвер демекші, мына постты пихать етемін. Сосын, линукста эмулятор арқылы виндоустың програмдарын қолданып көрмедіңіз бе? Виндоусқа арналған Вай Файдың драйверін Линукста эмулятор арқылы орнатып көрсе не болад екен?
rymbek
Менде дәл осы ноутбук, ешқандай көңілтолмастық жоқ
Я айтпақшы, драййверлерді орнатпастан бұрын, офисті орнатып ал (егер виндовс қоятын болсаң )
sigma
Неге?
rymbek
Әйтпесе офис орнатыллғаннан кейін, программалары ашылмайды
Қай қайсысы да. Мен бәрін көрдім. Тіпті офис 2000-ға дейін.
MickThatsMyNick
Самсунг, Сони мен Тошибалар жақсы ноутбуктерден.
rymbek
Жалпы кімге қалай. Біреуге Тойота ұнайды, ал біреуге Киа ұнайды. Жалпы күшті ноутбукқа келетін болсақ, онда Apple MacBook-қа жететін дүние жоқ. Бірақ, құрғырдың бағасы удай) Жақында алдым, 271 мыңға шықты. Бірақ көңілім шат)
sigma
Шабыс басылған соң, күндіз түсіріп алған Ubuntu 12.04ті отырғызу мүмкін болды. Өте сітті отырды деп есептеуге негіз бар. Ноутбуктің барлық функционалы жұмыс істеп тұр. Unity жұмыс үстеліне аздап жатырқап отырғаным болмаса, пока бәрі ойдағыдай.
alisha
Сітті отырғаны жақсы болған екен, түзету жоғы сітсіздеу боп тұр