Кірпіш

Құрылыс соңында қабырға үстінде қалған кірпішке жан бітіпті. Күн көзіне көп жатқан соң, іші пысып, кітап оқымақшы болыпты. Сол кезде қайдан пайда болғаны белгісіз бір кітапқа көзі түсіп, қолына алып оқи бастайды. Біраз уақыт өткен соң кірпіш қайта-қайта бір сөздерді ішінен айтып қабырға бойымен әрі-бері жүгіре береді, жүгіре береді. Өзінің кірпіш екені енді ғана есіне түсті.
Сонда оқығаны «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!» деген өлең жолдары. Жүгіріп жүргенінің себебі- құрылысшылар қабырғада кетік қалдырмай қалап кетенінде екен.
Бөлісу:
  • 4

18 пікір

know_how88
Тереңдеу (почти терең) мағыналы шығарма екен) Қызықты! Ұнады!
bake
пікір білдіргеңізге алғысымды білдірем
Daniar-Alan
кешіріңіз но біздің қауашағымызға қиындау түсетін шығарма екен…
Abilakim
кірпіштің өзі кірпіш болып қаланбақшы екен,өз орныңды тап дейд өмірден
Daniar-Alan
ааа… кірпіштің жүгіріп жүріп айтқандағысы ғо сонда.. лібәәәддд фантазиясынсссс
sammita

құрылысшылар қабырғада кетік қалдырмай қалап кеткені
көңілге кірбің ұялатты аздап. Сонда… өмірде де...қоййй.
bake
«көңілге кірбің» деп дәл айттың, бір жағынан, қарасаң бәрі жаман емес, екінші жағынан, «көзіңді жұмсаң, құлағың естиді» соқыр, мылқау емессің. Болашақты болжасам уайымдай бастаймын
zholantai
соңғы сөйлемді алып тастайтын едім, артық екен
ademi_alem
)))))))))))) Бақытжан аға, шығармайтыныңыз жоқ қой.
bake
Маза бермейтін ойлар бар. Тура айтсам қабырғаға тірелем, көңіліне кілт тапсам ойым қонарға жер табады деген оймен жазғаным ғой
Gastarbaiter
Жазбаны бағалай алмадым.
Бәлкім бұнда терең бір астар бар шығар. Бірақ оны қазбалауға құлық жоқ.
omarbirat
«Оқисың, оқисың, бірақ диплом алғасын жұмыс таппайсың — барлық орындарды алып қойған» деп түсіндім мынаны
bake
мұндайда мағына да бар, әңгіме студенттер емтихандарын тапсырып болғаннан кейін нәтижелерін саралап отырғанда жазылған. Бірақ мағынасы кішкене басқаша, студенттер өздері студент, яғни оқу үшін студент атанғандарын ұмытқанда
Gastarbaiter
Оқыған сайын шатасып барам, автор сен я тым ақылдысың, я тым… ренжіме, бара-бара саған да үйренетін шығармын.
bake
ренжімейміз, "үйрену" туралы айтқан бірінші адам емессіз)) Психиатрдің кеңесін алып, алдынан бір рет өтіп келуге болады, кім біледі шынымен маған көмек керек шығар, жүйкесі ауруы бар адамдар өздерін «науқас» деп санамайды деп естуші едім
Gastarbaiter
Сізге дейін де СаянҮш, Робин 97, Қилызаман сияқты кейіпкерлеріміз бар. Сізге де бір палата босатып қоярмыз, ғибратты әңгіме айтып отырып, аяғында жеті атаңнан сықпыртып кеткендер де болған
Сіз де артықтық қылмайсыз
bake
артық, кейін демей-ақ қояйын, бәріміз пендеміз ғой, әркімді өз түсінігі жетелейді, әңгіме барысын басқа арнаға бұрайын. Кеше бір студент тапсырманы пара үстінде орындай алмай үйден орындап келуге рұқсат сұрады, келісімімді бердім. Тағы бір өтінгені қазақша материал аздығын айтып орысша алып келсем болама дегені, онысына да келістім. Тапсырманы орындап келіпті, маған өткізбекші екен. Қарасам қағаз бетінде орысша-қазақша сөздер жиынтығы. "Қазақша аудармай-ақ қойсаң болар еді, келген соң бірге отырып аударамыз" -деп келіскеніміз қайда десем, «орысша таба алмадым, қазақша таптым, орысшаға аударып келдім» деп айтпасы барма. Мддда деп отырасың… Сол студентке не айтар едің?