Мен мысалы үзіліс болғанын қаламаймын. Өзім қызықты-ау деген киноларға ғана барам. Сондықтан, бел ортасынан 15 минут үзіп тастаса көріп отырған бүкіл кайфың қашып кетеді ғой. Ал дәрет қысып қиналмас үшін алдын ала туалетке барып алу керек деп ойлаймын.
Балаларға арналған сеанстар болмаса, керек емес деп ойлаймын. Біздің адамдар да қайбір он бес минутта тып орындарына отыра қояды, улап-шулап, басқа бірдеңеге айналып, «ақыры кеш бастайды» деп ойлап, созып жібереді.
осыны көптен бері ойлаймын, неге үзіліс жасалмайды деп. Түркияда көрдім алғаш рет, кинотеатрлардың барлығында солай ортасында қызық жерінің алдында 15 минут үзіліс жарияланады. бұл қалыпты нәрсе, ешкім ренжімейді, ешкімнің ойы бұзылмайды. қайта қуанышпен қабылдайды. адамдар қажеттіліктерін өтейді. біреу темекі тартады, біреу дәретханаға барады, біреу ішетін-жейтін алады. кинотеатр иелеріне де жақсы бұл, сауда жақсы жүретін болады. неге бізде әлі істелмей жүр мұндай нәрсе, түсінбеймін.
Бізде біріншіден сеанс басталғанда алғашқы 15 минут кино көру мүмкін емес: біреулер созылып әлі кіріп жатады, біреулер көршісінің попкорн қыртылдатып жеп отырғанын көріп, ол да жүгіріп барып алып келуге шығып кетіп жатады, біреулер экран алдында тұрып артындағы досын күтіп тұрады. Арт жақтағы, жаныңдағы бала-шаға мен ересектер шулағандарын қойып, қолдарындағы шытырлақ ыдыстарындағы тамақтарын тауысып болғанша сол 15-20 минут кетіп қалады. Осы нерв құртар нәрселерден енді құтылдым ба деп жатқанда үзіліс болса инсульт алатын шығармыз.
жалпы басқа елдерде бар ма екен мұндай? мүмкін түріктер сауда өтсін деп солай істей ме? және олар темекішеккіш халық қой, содан да болар. мен мысалы 1 сағат шекпесем жарылып кете жаздаймын.
Үйде сериал көріп отырған кезде кейде ортасында берілетін жарнамаларға риза болып кетем. Біреуге звондап үлгересің, шайды жаңартып қоясың, туалетке барып келесің. Звонок басқандарға есік ашып үлгересің. Ал кинотеатрда Патик айтпақшы, адамдар ырғалып-жырғалып келем дегенше 15 минуттың берекесі қашып кетеді. Бірақ, баласы барлар мен темекі шегетіндерге қиын екен аздап.
Қарсы емеспін. Темекі шегетіндер темекі шегіп келеді. Қасыңда қызың/әйелің болса біраз әрі қарай не болатынын болжап, талқылап, әңгіме айтып дегендей, әрі қарай көру қызық болмаса бір-бірімен ақылдасып қайта салады уақытты жоғалтпай. Жалпы Кинотеатр мәдениетін дамытады. Алдында ғана болатын шығар бардак, кейін адамның санасы да үйренеді мәдениетке. Үзіліс қақшиып отыра бермей, бел жазып, қан жүгіртіп, таза ауа жұтып, миды бір тынықтырудың пайдасы болмаса, зияны болмайды.
Опера, спектакльдердегі антракттар негатив әсер етпейді.
Үш сағаттық, екі сағаттық киноларда қанша қызық болса да зайыбың шығып кетеді кейде.
Очм, асықпай қорытып алып көруге жақсы.
Көп кинолар құсық болса да, әсердің көптігінен, қорытып үлгермегендіктен де сұмдық жынды әсерде боласың. Мысалы, «2012» — Роланд Эмерихтың киносы. Шыға сала, ойбай епать, Мәрзия, Бағиля, Ұрқия, тфу епті Ниқуя себе! деп шыққам.
Бір ұйқтап тұрған соң, маған тап сол фильм құсық боп көрінді.
ПС. Айтпақшы Киномандарға кеңес, Кинотеатрдан шыға сала рецензия жазбауға тырысыңдар. Бір ұқтап тұрып барып жазыңдар.
Фильмнің ұзақтығына, жанрлық ерекшелігіне, көрермендердің жас мөлшеріне байланысты реттелу керек деп ғана ойлаймын. Ұзақтығы 120минуттан асатын детективке, деректілерге, шытырман оқиғалы фильмдерге үзіліс жасалғанын қалаймын, табиғи қажеттіліктерді өтеу үшін фильмнің бірнеше минутын өткізіп алу өте жағымсыз. Хоррор мен мистиканы ортасынан бөліп тастауға қарсымын. Көрермендері балалар болатын сеанстарға үзіліс қойылуы міндетті-ақ.
Жай ғана үзіліске қарсымын. Ал егер сол антракт кезінде әлеуметтік бейне роликтер көрсетсе (мысалға жас режиссерлердің еңбектерінен таңдап алса да болады), ол үзілістің рухани пайдасы да болар еді
— КЕЛІСЕР ЕДІМ!)
Әйтпесе, неше түрлі пайдасыз "қия-қия" деген боевиктер мен триллерлер көреміз...
Белгілі бір уақытта болатын сеанстарға үзілістерді енгізуге болады. Көрермендерге алдын-ала ескертілсе. Кім үізілісті сеансқа барғысы келсе қалауымен барады, кім қаламаса үзіліссіз сеансқа.
Сонда ұлымның айтатыны: «Ол кезде қазір барғым келіп кететінін білмей қалдым»… тап осылай айтады
Опера, спектакльдердегі антракттар негатив әсер етпейді.
Үш сағаттық, екі сағаттық киноларда қанша қызық болса да зайыбың шығып кетеді кейде.
Очм, асықпай қорытып алып көруге жақсы.
Көп кинолар құсық болса да, әсердің көптігінен, қорытып үлгермегендіктен де сұмдық жынды әсерде боласың. Мысалы, «2012» — Роланд Эмерихтың киносы. Шыға сала, ойбай епать,
Мәрзия, Бағиля, Ұрқия,тфу епті Ниқуя себе! деп шыққам.Бір ұйқтап тұрған соң, маған тап сол фильм құсық боп көрінді.
ПС. Айтпақшы Киномандарға кеңес, Кинотеатрдан шыға сала рецензия жазбауға тырысыңдар. Бір ұқтап тұрып барып жазыңдар.
— КЕЛІСЕР ЕДІМ!)
Әйтпесе, неше түрлі пайдасыз "қия-қия" деген боевиктер мен триллерлер көреміз...