Саудагер 3: Тәубе

Сана мен сезім: Саудагер 3: Тәубе

«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім. © Satibaldi

Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…

— Апай, саламатсыз, анау күнтізбелеріңіз қаншадан? — дедім.

«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.

— 15 теңге, нешеуі керек?

Бұрын сауда бөлімінің бастығы айтушы еді, «мықты саудагер тек тауарды сатпайды, сүйкімін сатады» деп. Әрине, бүгінде «календарик» ешкімге керек емес шығар, алайда біз оның керектігін клиентке дәлелдеуге тырысамыз".
Осындай оймен мен он бес теңгелік 20 күнтізбені сатып алдым.
Таңдап-таңдап.
Бұл саған көтерме сауда емес бір жылдық келісімшартқа қол қоя салатын. Бағасын да 50 теңге етіп алдын ала өзімнің ұятыммен келісіп алдым. «Аяқ пұлым қымбат емес пе?»— деп өзімнен сұра та көрдім. Қымбат емес сияқты. Көшенің бір басынан екінші басына жаяулатып әр мінезді адамға жақындап, сүйкіміңді далаға шашу оңай дейсіңдер ме?

Ал тәуекел, кеттік. Мыналар алады, ішім сезеді. Екі орыс қыз. Жырқылдасып қояд. Романтикалық көңіл күй, шариктері бар.

— Сәлем! Көңіл күйі жақсы ма?
— Сәлем! Керемет!

Қырт-да-шырт, әмпай-жәмпай, ақыры жұмбақ жасырып, ойын түрінде ұсынып көрдім
— Қыздары, бәрі жақсы, керемет, әдемі жайдары екенсіздер, бірақ мен кетуім керек, кетпес бұрын сіздерге мына екі күнтізбенің біреуін таңдауыңызды өтінемін. Елу теңгеге сатып алыңыз да, сізге сөз салатын жігіттің жұлдызын біліңіз!" -дегенге ұқсайтын сандырақты басып жатырмын.
Вуаля…
Екі қыз екі күнтізбені алып, бір-біріне «Ой, қарашы, маған „бұзау“ шығыпты… Мә, точно, мынау деген Рома ғой! Хах-хаха, умора… ваще, сенікі қандай, „Таразы“ нифигасе, а ол кім еді? О-о-о, демек басқа біреу болғаны...» деп мәз майрам.

Әнеки тағы екі апай. Тәк, қазақы апайлар. Бұл жерде бөлек айла жүреді. Кеттік.

— Саламатсыз, апай, сізді тек екі секундқа мазалайыншы. Мынау өмірде тілеулес деген жақсы ғой, тілеулестің азынан көбі жақсы, мына екі күнтізбе болғаны елу-ақ теңгеден екеуі жүз, жүзіңізден күлкі кетпесін, ала қойыңыз, сыртындағы жолбарыстар сізді жолға шыққанда тілеуіңізді тілеп жүрсін.
— Ой, балам біз қайтеміз оны? Зада, саған керек пе?
— Апай, менің қолым сатқан күнтізбе тура да, ауыспалы мағынасында да тегін емес, оның үстіне қазақ атам "өңіңде мысық жақсы, түсіңде жылан жақсы" дейді ғой. Мынау жақсы ырым, әсіресе жолға қарсы шыға қалғаны мына жолбарыстың.
Апайлар бір-біріне қарап, «Уебай, мынау қызық болды, мә екеуін бер құрсын,» деді.

Сау болыңыз, жолдарыңыз ашық болсын!

Бүйткен өміріне сиейінші. Қайыршы сігән қалай сезінетінін қайдам, ал мен өзімді нашар сезіндім. Құсқым келді. Демімді алып алайщ. Құрысын не боп кетті мынау дүние, ештеме де емес 200 теңге, әлі 16 күнтізбе бар.

Желілік маркетинг шабармандарының салақтаған тілі далада қалды. Әрі шаптым, бері шаптым. Қарын да ашып барады. Қарын ашқан сайын, бәріне жақсы көңіл күйін сыйлайтын көңілді Жаяу Мұсаның рөлін сомдау да қиындап барады. Ал түрің бұзылды ма бірден наққа кетеді екенсің.
«Күле білмейтін адам сатушы бола алмайды.»

Бас-аяғы екі сағатқа жетер жетпес жүгірістен әбден аяғым болдырырып, азар дегенде 20-сыншы күнтізбемді саттым. Қалтам автобустағы кондуктордың қалтасындай елу теңгелікке лық толды.

Санасам, мың теңгеге 30 теңгесі жетпейді екен.

Байқағаным, ең жайдары көңілді сатып алушылар романтик жас қыздар мен жас жұптар.
Тіпті кейбір қазақтар қызымен отырғанда… кең ғой шіркін.
— Қане бауырым, бері әкелш көрейін, мә екі жүз теңге ыздачысын бермей-ақ қой екеуін алайын!" — дейді ғой қызының көзінше. Жомарт десе!
Сырты күлгенімен, ішінен бір боқтаса керек.
— «Не басқа жұмыс құрып қалды ма?» — дейді такси жүргізушісі, жаяу сатармандардың түр-түрін көрген.
— "Өй, не керек саған әрі жүр, нақ!" — дейді өзі де журнал сатып тұрған орыс апай. Онда нем бар десейш.
— Мынаусы несі? — дейді жалғыз өзі қабағын түйіп отырған бір ағатай.
— «Бұн нәләм мен?» — дейді масаңдау екінші мұжық.
«Мә, 20 теңге де болады саған, қане әкел күнтізбелеріңді көрейік, майыспағанын бер наху» —дейді бір мәмбет.
«Нақұя қымбат, нақ? Тартып алсам ше?» — дейді әлгі мәмбеттің былайғыда жамбасқа іліп ап, аяғын аспанға қаратып тұрып жерге егіп қоюға ыңғайлы тәштектеу келген «шестеркісі».

Ал кейбірі, «Ашсың ба не? Күніңді көре алмай жүрсің ба?» — деп кемсітіп, әбден өзінің мерейінің үстемдігіне масаттанып, толымсыздығын толықтырып барып, сатып алады.
Тас мүсіннен қайыр сұрап, өзін шыдамдылық пен сабырға баулыған Диогеннің сабағы ойыншық па деймін. Мен іздеген сабырлылық мектебі осы ма еді??
Өзімшілдігіңді белден басып, ащы шындықтың көзіне бетің бүлк етпей қарап, оны сол күйі қабылдау қалай екен?!

Деп тұрғанда:

— Әй, брәчка! Брәчка! Мындакелш сен, мына қапты ұстап анооу машинаға апарып тасташы, сосын календариктеріңді алам" дейді бір қырық жасар орта тап өкілі. Қапты ұстап, машинға апара жатсам, артымнан «Бля, қалай екен еңбектеніп ақша тапқан? Анау бір жапырақ қағазыңды сату емес бұл саған!» деп табалап тұр. Ол да рас.
Ашуланып кеп, қапты машинасының артына салып бердім. "Қане, календарларыңды көрейік сенің!" деді. «Жолың болсын, аға, маған сізден ештеңе керек емес!» дедім. Сасық намысымның оянған кескіні ғой. Теріс бұрылып, жөніме кеттім.

Артымнан "Өй, сен жақсы екенсің, менімен бірге жүр: ана қапты үйге апарып түсірісіп таста, ақыры жақсылық істегіш болсаң, аяғына дейін істе, аахахахаха" деді кекесінді күлкі мен темекісінің түтініне алма кезек булыққан аға.

Иә, тәніме әсері — бір вагон қап тасудан ауыр жұмысы екендігі өз алдына, жаныма әсері — Дзенді танып, үшінші көзім ашылып, денемнің аурасы кеңейгендей болды.

Қасымда киоск болса, бір тиынсыз қалам деп қорықпаймын. Шапқылап жүріп сататын саудагерлерге де енді түсіністікпен қараймын. Тәубеге келдім бе әлде арзан табысқа құнықтым ба? Өзім түсінбей де қалдым.
Жә, бәрін қойшы, 900 теңгеге сатып алған гриль-тауығымның дәмін айтсайшы.

(болған оқиға желісімен.)
Бөлісу:

47 пікір

omarbirat
Дәл осылай. Базардағы өзбектердің қанша кемсіту көріп жатса да сабырлылық сақтайтынын түсіне бастағандаймын. Есесіне қарындары тоқ.
AKA
Желілік маркетингпен айналысуға да шыдамдылық, жүйкенің тыныштығы керек қой, расымен де. Пысық, сөзшең, адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлі әдістерін біліп, үгіт-насихатты әдемі жеткізетін, шаршаса да жақсы көңіл-күйін түсірмейтіндер айналысады, меніңше.
sammita
мақұл, ол да еңбек. Тек алдап-арбап сататыны жаман солардың. «Бутигіміз жабылып, тауарларды арзан бағамен сатып жүрміз бәлен-түген» деп тықпалап. Жұмысқа шақырған жарнамасының өзі тұнған айла.
Gastarbaiter
Сәтті сауда деп, затыңды қымбатқа сатып алып, енді жоламайтындай боп кеткен адам емес, сәтті сауда деген егер ол сенің затыңды қымбатқа сатып алып, келесіде досын ертіп әкеліп, досын көндірсе, міне сәтті сауда))ең бастысы сатушы эмоция сатады.
sammita
сол ғой, ал желілік саудагерлер енді қайтып көрместей қып алдайды, бір реттік сауда. Өздері шешен, айтқан уәжіңе қарсы жауабы дайын тұрады зуылдап. Мейрам кезінде 2 мыңға «распродажа» қып сатады нина риччиіңді мысалы)))
жалпы ұнатпаймын, көшеде тоқтамаймын, әкеп сатса қарамаймын да тұрып) өзімізге қажеттіні таңдап алатын мүмкіндік бар ғой шүкір)))
AKA
Иә, ондай да бар. Өткенде мама екеуміз құжаттармен жүргенде, бір қыздар «акция» деп, дүкендегі жарамсыз, уақыты өтіп кеткен шампунь, бальзам, фери т.с.с. заттарды қалай сатқандарын айтып отыр.  Біреу алсаң, екіншісі тегін деген сияқты неше түрлі тәсілдері бар екен.
sammita
Тіпті кейбір қазақтар қызымен отырғанда… кең ғой шіркін
кафе-ресторанда осыны пайдаланып құшақ-құшақ гүл сатып жүреді ғой жігіттер

Вагондарда мылқау (?) саудагерлер жүреді, қалам, зажигалка, газет-журнал сатып: «Мен мылқаумын...» деген парағын қоса ұсынып.
Еңбек қой.
Gastarbaiter
Ия, психолог бола бастайсың. Кей жігіттер қыздардан ұялып гүл алады. Мен ешқашан алған емеспін олардан гүл. Білмеймін, маған жолап кеткен қыздар сондай жасанды, қиналған жесттерді жек көретін.
Алматыда коляскада отырып сататын бір жігіт бар. Әңгімен өлтіріп айтады, жүрмеген, бармаған, сөйлеспеген адамы жоқ сияқты. Өте тәжірибелі сатушы, комуникативтік қабілеті сұмдық енді.
Abilakim
бізде кафелерде көп сондайлар. Бірінен кейін бірі келеді кейде.Кейбіреулері тіпті, жалған мылқау шығар
AKA
Өз көзіммен көргем осы жағдайды. Алмасаң да пойызда заттарын қойып кетеді қасыңа, өздері тамбурда сөйлесіп тұрады. Қызық адамдар…
Gastarbaiter
Меніңще еш қызықпасаң ешқандай диалогқа түспеу керек, және уақытын алмау керек ондайда.
Кейде өзім де сөйтіп біраз сұрап болғаннан кейін, бірдеңесі ұнамай, алғым келмей қалады.
Әдейі тоқатып, барынша уақытын кетіріп, әбден шаршатып жіберсең де ештеңе істеуге хақысы жоқ олардың.
Бірақ хақым бар екен деп қаскүнем болуға да болмайды.
Ал дым алмайтыныңды біле тұра, әдейі ермек үшін біреудің күнкөрісін кемсітіп, табалау нағыз қаскүнемдік деп ойлаймын.
AKA
Сол еш қызықпасақ да, заттарын қойып кетеді. Сыртқа шығып қарасам, өздері жиналып күбірлеп тұрады. Шамалы уақыттан кейін қайтадан жинап шығады заттарын, босқа уақыттарын алған емеспін. Пойыздан тек сатирик ағамыз Алпысбайдың кітапшаларына қызығатын едім, айтатын әңгімесі де қызық…
Abilakim
«Пойыздың ішіндегі пойыз»)))
Abilakim
көшеде тегін жарнамалық газет тарататындар жайлы не дейсіз.Жұртқа тегін таратқанымен оларға қандайда бір төлем төленетін болар?
zhanibek_nurish
пікір жоқ, керемет жазба, рахмет аффтар
Gastarbaiter
Саған да рахмет жоғары бағалағаныңа.
Janasil
Саудагер 2: Қанды кек- мына жазба да мықты жазылыпты.
Gastarbaiter
Қарама-қайшы ситуация ғой. Онда мен аш сатушы емес, аш сатып алушы рөлінде
Korkem
Бізідң қазақ сатушыларына қарағанда орыстар қулау. Қайсы бір орыс сатушыға тап бола қалсаң екі езуі екі құлағында, іш-бауырыңа кіріп кетеді. Келесі де заттары ұнасын-ұнамасын сол орысқа бір кіріп кеткің келеді де тұрады. Қазақекемдер алсаң ғана жымиып бір күледі де, ұнамаған соң алмай кетіп бара жатсаң бейнебір артыңнан қарғайтындай көрінеді. Тіліне ие бола алмайтындары ішіндегісін айтып та салады. Екінші рет оның көзіне түсу қорқыныштыыы менің пікірім
sammita
сатушы мәдениеті меніңше орыс-қазақ болып жіктелмейді. Өзіншее болып қалған, менсінбей, қиналып тауарын көрсететін орыстар да жетед))

сол орысқа бір кіріп кеткің келеді де тұрады
Gastarbaiter
Жіктеледі. Бірақ ол жіктеу тек шартты ғана. Көпшілікті меңзейд, бәрін емес.

Мысалы, орыстар сату мәдениетінен бұрын, сатып алу мәдениетін жақсы меңгерген. Өзбектер сату мәдениетін де, сатып алу мәдениетін де жақсы игерген.
Қазақ???.. естімедім.
sammita
бұдан орыстың бәрі сату мәдениетін игерген, қазақтар жұрдай дей алмаймыз. Өзбектен мықты саудагер қазақтар бар ғой))) Оның үстіне қазір бұрынғыдай құрыса тұтыну одағы техникумын бітірген, тәжірибелі сатушылар ғана емес, екі қолға бір күрек таппай ең оңай жұмыс іздегендер істейді сатушы болып. Солар Сауда туралы, Тұтынушылар құқығы туралы заңның бар екенін де білмес. «Сдача жоқ» деп отыра береді, майда ақша қайтару оның міндеті екенін де білмей (қайдан тапса да).
Gastarbaiter
қазақтар жұрдай дей алмаймыз.
Салыстырмалы түрде әлі жұрдай Қытайға барып келгендер уапще, қазақтар жұрдай емес мақұрым деп келіп жатыр.
sammita
мүмкін. Әйтеуір экономикамыз дамып, бәсекелестік артып жатыр. Ұнаған сауда орны мен саудагеріңе бару мүмкіндігі мол
Gastarbaiter
Менікі тек жалпылама баға беру ғой. Өзіме келгенде саудада таныстарымнан көп нәрсе жоқ. Таныстармен әңгіме бөлек ғой.
Кейде болады енді, мысалы соңғы рет Ақтөбеде болды.
"Қыздар мына дубленкаларыңды қарайық деп едік"
«Сағат неше болды?»
«Сағат і-і-і, 12-45 кетті.»
«Иә, демек?»
«Не демек?»
«Демек, біз обедтеніп жатырмыз! Екі сағаттан кейін келіңдер!»
«А-а-а жарайды, тіпті келмей-ақ та қоярмыз…
»О несі ей, енді тамаққа отырып жатсақ…"
Adiletshu
Шатақханадағы қарбыз сатушының қиалогына ұқсас екен
omarbirat
тұтыну одағы техникумын бітірген, тәжірибелі сатушылар ғана емес,
Жұрттың бәрі жаппай саудамен айналыспай тұрғанда, көресіні әуесқойлардан емес, дәл осындай «мамандардан» көрген сияқты едік, советскаяторговлясынссс
Gastarbaiter
Иә, сыпырғымен қуып та шығатын ұнамаған тұтынушыны Өшіретте сүмірейіп, жалынып-жалпайып, таныстығыңды алға тартып)
Қазіргілері енді басқа шығар, кеңестік жүйенің құлағаны қашан
omarbirat
Өзгерістер көз алдымызда болып жатыр
sammita
сонда да олар кәсіби маман екенін білесің ғо, қазіргідей көшеден келген біреулер емес)))
есімде бұндай сорақылықтар жоқ екен))))
omarbirat
Бір жылдары қолға тор сетка, пакет ұстап алып, 2-3 сағат нанға кезекке тұратынбыз. Нанды аудан орталығынан әкеледі. Дипломы бар сауда ісінің мамандарының дәуірі жүріп тұрған шақ қой. Ауылдағы әулиелердің бірі солар болатын
omarbirat
Дүкеншілер сатып алушыларға қалай тигізсе де жарасатын
sammita
мамам сол бір жылдары дүкенші болған. әйтеуір ревизия жиі келетін тексеріп. Бізде бір сатушы әйел түрмеге де отырып шыққан «ақша жеп қойды» деп. Заңнан қорқатын дегенмен.
Gastarbaiter
Саммита, тілің жетсе жазсайшы, сырттай таныс адамнан көрі, сатушы отбасындағы адамның көру бұрышы бөлек болады, бәріне қызық болады деп ойлаймын.
Потребсоюздың бастықтары екіге бөлінетін:
"Қой аузынан шөп алмаған нағыз коммунисттер" мен «Алыпсатар, жебірлер».
Кейде екеуі де бір адамдар болады кейде. Олардан алған әр адамның жеке тәжірибесіне қарай.
sammita
несін жазайын, 50 жылдары атам да дүкенші, одан кейін саудагер болған. Үкіметтің негізгі жұмысынан бөлек, семіртіп қой сату, терімен айнлысу т.б. кәсібі болды. совет кезінде-ақ қаланың саудагер ингуш-шешендері үйінен шықпайтын. общым 80 жастан асса да тыныш отырмайтын шапқылап. Қазіргі заманда бизнесмен болар ма еді

меніңше аштық, соғысты көрген қариялар нанның, тиынның қадірін жақсы біледі. Себебі сол деп ойлаймын тыным таппайтын ата-әжелерді көргенде.
a63a1
Қымыз сатқаннан басқа не сатты дейсің бізді, машина сатарда артымды ашып косяктарын айтып қоя берем.
Gastarbaiter
Жаза отыр қызықтарыңды.
Zevs
Базар жоқ! саудагердің көрген күні құрысын! рахмет! күлкі мен ішімді өртеген ашу қатар келді!
Zevs
Күле білмейтін адам сатушы бола алмайды.
мынауың енді рас.
«Мә, 20 теңге де болады саған, қане әкел күнтізбелеріңді көрейік, майыспағанын бер наху»
дегендерін естігенде қолыңдағымен төбесінен бір қойып, желкесін үзіп алып, наққат жібергің келеді
Gastarbaiter
Тыңдаусыз қалса сөз жетім деген. Эмоция шақырмаса, жазба да тұл
NaimanKa
Мақала өте жақсы жазылған екен… Автормен бірге сатып жүріп, бірге шаршағандай да болдым да
ШЫнымен, адам өз жұмысына беріліп, жанын салып жасаса нәтижесі де жоғары болмақ. Соның дәлелі мына мақала.
Gastarbaiter
Осындай бір пікір жазылса да, жүзім албырап, айлық алып жатқандай риза боп қалады екем
sammita
постың елеусіз қалып, жүзің төмен түсетін жағдайлар болып па еді өзі
Gastarbaiter
Тіпті профи Әншілер өлең айтқанда кейде тональносттан шығып кетеді, фальш-ноталардың байқалмайтыны болады, қарапайым адамға да байқалып, бүкіл әнді бүлдіретін жері болады.
Шығарма не туындының орны бөлек, жеке басыңнан өткенді көркемдеп жазғанда, оқыған адамның барлығына өзіңнің алған әсеріңді сол бойы немесе одан да әсерлі етіп жеткізгің келеді.
Қолыңнан келмесе көтің ашид
NaimanKa
Сіз жиі-жиі жақсы мақалалар жазып отырсаңыз, мен пікір жазып отырайын