Мал бауыздау

Ауылда өскендіктен көбіміздің көзіміз бала кезімізден сойылып жатқан малды көруге үйреніп кеткен болар. Бала кезімізде үлкендер жылына бір рет таң алакеуімде ұйқымыздан тұрғызтып алып, қой сойғанда сол малдың бір сирағына жармасқызтып қоюшы еді. сөйтсем айтқа шалынған құрбандықтың шарапаты тие берсін дегендері екен ғой. Кейін дін жақсылап енебастаған тұста құрбандықты айт намазынан соң соятын болды. Хош, айтпағым бұл емес.
Ауылда өстік. Сойылып жатқан малдың қанына көзіміз үйренді. Тіпті бауыздауына шәугіммен су құйып тұрамыз. Барлығы заңды секілді бала көңілге. Дегенмен сол кезде есейе келе сол малды өзіңнің де бауыздайтының, сол кезде қандай әсерде болатының жайлы ойлар мазалай қоймайды.
Жетінші кластың жазында жайлауда бір тоқтыны сиырлар сүзгілеп, қарын тұсын іреп жіберіпті. Көрер көзге мал болмайтыны анық. Бір бүйірі томпайып, қойдың соңында қалып қоя береді. Ағаларыма айтып едім,"Өліп қалса обал ғой, сойып ал" деді. Бұған дейін малдың қалай сойылатынын көзбен көру бір бөлек екен де өзің сою мүлде бөлек дүние екен. Тоқтының аяғын байлап, басын құбылаға бағыттағанымен, бауыздап жіберуге сәл жүрексіндім. Іштей дұғамды оқып, бет сипап, жаны қиналмасын деген оймен бар күшімді салып тамағын орып жібердім. Малды бауыздаған кезде күре тамырларының барлығының кесілуі шарт,әйтпесе бойынан қаны жай кетсе жантәсілім етпей біраз жатып алады. Бауыздаған малы тез өлсе"қолы ауыр" деп, біраз жатып алса"қолы жеңіл" деп айтып жатады жұрттар. Менің басымдағы сұйықтық басқаша ойлайтын бұл жайлы. «Егер мал тез өлсе»Қолы жеңіл" деу керек шығар, байғұс жануар қатты қиналмай, тез өліп кетеді«деген ұстанымда болатынмын. Үлкендерге айтып ұқтыра алмай қойғаным бар еді.
Қазіргі таңда малды сою білсемде, еттерін бөлшектеп мүшелеу жағына әлсізбін. Жайлауда қой-ешкіні сойып бере салсам жеңгелерім өздері мүшелеп алатын.
Бала кезімде қойымыз әжептеуір болатын. Біреулер үшін шамалы болуы мүмкін,әйтеуір 100ден артық қой ешкі болатын. Біздің атамыз жетімдікті көп көрген жан ғой. Содан да шығар малдың алды-артына қарамайтын.»Бір-ақ жұттық қой", "Әкемде мыңғырған мал бар еді, бір -ақ күнде тартып алып соттап жіберді«деген сөздерді көп айтушы еді. Үйге алысты-жақыннан қонақ келсе бітті қой сойғызтатын. Үйде ет бар болса да»Бас мүжісін" деген желеумен кейде беталды сойылып кететін. сондай сәттерде тоқтыларды,ісектерді аяушы едім. Қойды тау жақтан үйге қарай айдап әкеле жатқанда тоқтылар ойнақтап,өзара сүзісіп жататын. «Бейшаралар күліп-ойнап жүр,қазір қайсысы сойылады екен» деп ойлайтынмын. Себебі, қайсысының сойылатынын олар түгілі мен білмеймін. Аранға кірген қойларды көзбен шолып шыққан бір ересек«ананы ұста,құйрығы үлкен екен, семіз ғой.Ұятты болып қалмайық» деп бұйрық бере салатын.Бір жазда 30-40 тоқты сойылып, қысқы қораға 60-70 тейі кіріп отыратын.
Қазір балаларының барлығы дерлік үйленген, малдарды әрқайсысы өзіне бөліп алғандықтан дәл сол кездегідей беталды мал сою жоқ. Әркім өзінің бала-шағасы үшін малының басын көбейтуде.
Суретке сілтеме
Бөлісу:

141 пікір

Abilakim
мал сойып көрген қазақтар бар ма?
aikarakoz
Мен бір сирағын ұстап тұратынмын
Abilakim
қыз балалар жалпы мал соймайды ғой.Қатты қажеттілік туындап жатса да кішкене ер баланың қолына пышақ ұстатып ер адам бауыздағандай қылып өзі бауыздайды.Яғни, баланың қолы арқылы бауыздайды
zholantai
мал бауыздап көрмедім, сондықтан білмеймін. Мәжбүрлік жағдай бола қалса, білек сыбана кірісіп кететін сияқты сезіледі өзіме, бөлшектеуден қиналамын деп ойлаймын,
Үйрену керек еді, дәл осылай ойлап 10 жылдай болды,
sammita
алдымен бүйрегін отқа қақтап ауыз тиетін атам, қуырдақтық етті асүйге беріп жібереді. Терісін кептіреді, илеу үшін. Басын үйітеді. Ішек-қарнын тазартады, аш ішекті өреміз. Процесті былайынша білем. Бірақ бауыздағанын көзбен көрмегем.
omarbirat
"Әкесі тірілер мал бауыздамайды" дегенді естіп алып, тек сирақтан ұстаумен шектеліп қалған екенмін. Қазір әкеміз де жоқ, бауыздайтын мал да жоқ, мал бауыздауға құлық та жоқ.
zholantai
менде де дәл сондай жағдай
Abilakim
"Әкесі тірілер бас ұстамайды". "Әкем тірі деп" әкемізге мал сойғызтып отыра бермейтін халық секілді едік)))
omarbirat
Соймайды емес, бауыздамайды деген сияқты едім  Пақан әйтеуір өзі бауыздап, қалғанын братандарға қалдыратын.
Abilakim
Кешір, біздің жақта ондай ұғым жоқ екен.
sammita
иә, біз жақта үйдегі ұлдар бауыздап соя береді. Тек "әкесі тірі бас ұстамайды" дейді.
omarbirat
Бауыздау жағын әкесі өзі істейді де, қалған терісін сыпыру, мүшелеу жағын балалары істей береді дегенім еді. «Бас ұстаумен» де шатастырған болуым мүмкін. Әйтеуір, әкеміздің тірісінде ағаларымның қой терісін сыпырып, мүшелегенін көрсем де, бауыздағанын көрген емеспін.
Abilakim
«Ел елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген сол да.
omarbirat
Уот, сол ғой. Ана бауыздамайды дегенді мен әкемнен емес, айдаладағы біреуден естігенмін, негізі

Үйдегі қалыптасқан әдетті көріп жүрген соң, «Е, солай екен ғой» деп жүре бердім мен де, бәрібір мал соймайтынымды білгендіктен
sammita
былай ғой: үйге ұятты қонақ келді, әкесі қонақпен әңгіме-дүкен құрып, жағдай сұрасып бірге отыр. Балаларға тапсырма берілген "қой сойылсын" деген. Баласы қойды жетектеп әкеп бата сұрайды, қонақ рұқсатын беріп бет сипайды. Балалар қойды әкетіп өздері шаруаны атқара береді ары қарай.
omarbirat
Онысын білгеніммен, көрген емеспін, шыны керек. Қонақ бармайтын, келмейтін қиын-қыстау заманда есейдік. Шын мағынасында. Туыстардың бәрімен бір ауылда тұрғасын, ондай нәрселер арнайы бата сұрап, қой союсыз өткізілетін. Бір шетінен, біздің үй үлкен үй саналатын болғасын ба екен, опшым, сондай болатын
sammita
Қонақ бармайтын, келмейтін қиын-қыстау заманда есейдік
алда құдай-ай, бір заманның түлеп ұшқан жастары екенбіз
өзімізше дүкен құрып отырмыз ғой ерігіп
omarbirat
арнайы бата сұрап, қой союсыз өткізілетін
Мына жердегі формулировка дұрыс емес. Қой сойылғанымен, қонақтан бата сұралмаған дегім келген. Үлкен қонақ деген үйге сирек келетін ғой. Өйткені өзіміздің пақан қонаққа барысып-келісетіндердің ішінде ең жолы үлкен еді. Әкем де, атам да жалғыз ұлдар болған. Ең жақын туыстарымыз атамның әкесінен бастап қосылады. Онда да оларда да жалғыз-жалғыздан болған екен. Оның үстіне, бәріміз бір ауылда тұрамыз, яғни алыстан қонақ (яғни, бата сұратқызатын қонақ) келе бермейтін.

Бата сұрау бертін келе, жағдайымыз түзелгенде болды.
a63a1
дастарханда бас ұстамайды, ал былай соя береміз
omarbirat
Бауыздаған малы тез өлсе"қолы ауыр" деп, біраз жатып алса"қолы жеңіл" деп айтып жатады жұрттар. Менің басымдағы сұйықтық басқаша ойлайтын бұл жайлы. «Егер мал тез өлсе»Қолы жеңіл" деу керек шығар, байғұс жануар қатты қиналмай, тез өліп кетеді«деген ұстанымда болатынмын. Үлкендерге айтып ұқтыра алмай қойғаным бар еді.

Мен де дәл сен сияқты ойлап отырып, мал тыпырлап жатқан кезде қан қаттырақ қысыммен атқылап, денеден толық шығып кетуіне септесетін шығар деген тоқтамға келдім.
Gulistan
Менің үлкен інім малды жақсы бауыздайды. Былай су құйысатынымыз болмаса, ішек-қарын тазалауға да араласпаппын.
Abilakim
қала жаққа 9-шы сыныптан кеткендікі ме әлі күнге ірі қараны сойып көрмеппін.Терісін сыпырысып көргенмін. Сиыр, жылқы малдарын көбіне екі-үш жігіт жабылып сояды ғой.Жылдам біту үшін.
Қой сойғанда ең қиналатын жерім құйрығын шығару еді. Әсіресе құйрығы тегенедей қошқарларды сойған кезде.
Бұрындары "қойдың қарнын жарып алмай сой" деген команда бар болатын. Бүтін қарын май сақтауға керек болады. Тәжірибесіз мал союшы қарын терісін іреп жатқан кезде қарынды жарып алуы мүмкін. Ол үшін төс жақтан бастап терісін іреген кезде алақаныңды терінің астына кіргізтіп, пышақты алақан үстіне қойып жылжытып отырасың
sammita
терісін әдемі іреп алу да өнер. Осыны да талап етеді, өтін жарып алмауды да))
Abilakim
шап тұсын тесіп жіберіп, насоспен жел айдайтын әдістер бар екен. Біздің жақта қолдана қоймайды.Бірақ, бұдан соң тері тез сыпырылады,Қарағандыда бір айттың кезінде осы әдіспен сойылған қойды көрген едім
omarbirat
Ең алғаш рет осы жел айдау әдісін Түркияға қыдырып барып келген кластастарымнан естіген едім.
Gulistan
Мал соятын пышақтар — бөлек әңгіме. Әкем оларды қайрап, бөлек орап, тығып қояды, біз оларды «оо, өткір пышақ» деп салат жасауға алып қоямыз, кейін әкем ұрсып жүргені
Abilakim
Мал сойып болған соң ең ұнатпайтын нәрсем бас үйіту еді. Бұл өте жауапты жұмыс. Себебі, бас үлкен біреудің немесе сыйлы жанның алдына барады. ал дұрыс үйітпесең құйқаның бір жерінде түк қалып қойса ұят болады. Кейде қатты күйдіріп жіберіп құйқаны сыдырып тастаушы едім
omarbirat
Бас-сирақ үйіткенім бар еді. Есіме салдың
aikarakoz
Жылқы сойған қиын сияқты. Бір марқұм көкем қасапшы болды. Бірде біздің үйдегі жылқыны союға келгенде жылқы үркіп, көкені сүйреп кетті. Артынан қуған ағамды таптап кетіп, аяғын сындырды. Сонда ашуланған көкем сазайын тартсын деп, жылқының жанын шығармай, біраз қинағаны есімде қалыпты. Ол кезде мен 6-7 сыныптарда едім.
Сосын қой сойғанда жоғарыға асып қойып, терісін қолмен сыпырады ғой. Сондайды істеп көрейінші деп, әкемнің, ағаларымның есін шығарушы ем . "Қазір ішек-қарнын береміз, құмар болсаң" дейтін. Ал, ішек-қарын тазалаудан жек көргенім жоқ. Қашып кететінмін. Жеңгелерім «бір шетін ұстап тұр, су құйып тұр» десе де
Abilakim
Асып қойып сою-тазалықа жақсы.Қылшық, жүн көп түспейді етке.Олай бір-екі рет киік, бірер рет қана қой сойып көрдім
zztop
Ең қиыны түйені сою
Abilakim
екі жерден бауыздайды деген не сөз.
zztop
ия түйені екі жерден бауыздайды
Aldeken
сосын түйенің терісін, төс-қарын жағынан емес, өркеші яғни арқа тұсынан бастап сыпыратынын да айта кетіңіз…
zztop
ия сондайы бар
Gastarbaiter
Ауылды сағындыңдар ма?
Мен жақын маңда мықты бауыздайтындар болмаса, ешкімді күтпей өзім бауыздай беремін.
Пұтарлауды да үйреніп алдым. Бас аяғы пышақты қолға алғаннан, терісін сыпырып, етті жілік-жілікке пұтарлауыма дейін кейде бір сағатқа дейін кетеді.
Жиі сойып, қолының ыңғайын келтіріп алғандар бір темекісін шегіп болғанша ампыл-сампылын шығарып тастайды.
Сойсам тек артқы жіліктен асып қойып ғана соя аламын.
aikarakoz
Малды бауыздап алып, терісін үйіту ше? Ол кәдімгі бауыздаудан қиын ба?
Gastarbaiter
Әрине қиын.Бір ақ рет жасағанмын, әкеммен бірге, көзі тірісінде.
Бас пен сирақты бірақ үйіту ондай қиын емес,Өзінің бір дайын болғанын білетін нышандары болады. Бастың терісі кебе бастайды, қышыр қышыр етіп. Арты сарғайып. Ең дұрысы газ-шаммен үйіту. Бензиндікі сасық, реттеу қиын, күйдіріп жіберед. Бірақ бұрындары басты таяққа кигізіп ап, ошаққа да үйітетінбіз.
omarbirat
Үйде әйелдер нан жабуға тандырды қыздырып жатқанда үйітетінбіз. Әр қабаты күйген сайын пышақпен дұрыстап қырып отырса, еш қиындығы жоқ, шынымен де.
Abilakim
біз сол бензиндікімен күйдіріп ала беретінбіз)
bazuka
Сойсам тек артқы жіліктен асып қойып ғана соя аламын.
Бұлай сою таза әрі ыңғайлы болады.
Gastarbaiter
Иә, ең қиыны құйрық майдың терісін сыпырау, әрі қарай қыздан лыпа сыпырғандай лып еткізе қоясың.
bazuka
әрі қарай қыздан лыпа сыпырғандай лып еткізе қоясың.
Мал сойып тұрғанда да фантазияңыз аняхта тұра ма))))
bazuka
Айналма болған қойларды сойып көрдіңіздер ме?
omarbirat
Ондай қойдың миын жегізбейтінін білемін, әйтеуір
Abilakim
қуып кетпесін дейтін шығар
bazuka
әкем бізге біррет сойып миын ашып көрсеткен, мидың ішінде бір қабықшада аппақ құрттар болады
Abilakim
бізде бір дәәәу қызыл қошқар болды. Бұқалармен сүзісетін. Қораның бағаналарын сүзетін. сол қошқар қой құрттап отырған атамды сүзіп талдырып тастады бірде. ағаларым жынданып әлгіні сойып тастады. мүйізінің ішінде бармақтай екі құрты бар енкен.
sammita
қой құрттап отырған
осы не сөз?
қойын құрттап, айранын ұрттап деген тіркес бар ғой.
Abilakim
кейбір қойлардың көті құрттағыш келеді. Шыбын тышып кетеді де, сол құрттайды. Ешкінікіндей шыбжыңдап үркітетін құйрық емес қой. Кейбірін сиырлар мүйізімен іреп жібереді. Міне, сондай қойларға кешкілік және таңертең емшара жасаймыз
bazuka
есімде, ағама қой құрттасқанмын, менің міндетім үстінен басып отыру ғой
Abilakim
Жоқ, ол кездерде бала едім. Бұл ауру 1994-95 жылдары көп болды бізде
omarbirat
Кәдімгі қой союдан айырмашылығы бар ма?
Abilakim
жоқ, ішек құрты бар қойларда көп кездесетін. Оскарида деуші ме еді сол обшым.
omarbirat
Опшым, тыпырлап, тыныш жатпайды?
Gastarbaiter
Оскарида, бәле саған. Миғұрттар, бауырқұрттар мен таспа құрттар ғой. Оскарида адамның тік ішегінде болатын жұмырқұрт.
Abilakim
ұзын құрт әйтеуір,қой семірмей қояды сондайдан. ақпаратыңа рахмет
sammita
Оскарида, бәле саған
бәле саған, Аскарида ғой
bazuka
ия сол кездерде көп болды, бізде баламыз. әкем зоотехник ғой бізге не үшін айналма болатынын көрсеткен
omarbirat
Біз жақтың диалектісінде ондай қойларды «тентек қой», «айлампас» (айтылуы бойынша жаздым) деп атайтын. Соңғысының «ай» мен «лампасқа» қатысы жоқ, барша қазаққа түсінікті тілмен айтқанда, «айналу» мен «бас» сөздерінен құралып, фонетикалық өзгерістерге оңбай ұшыраған  Мұндай ауруға шалдыққан қойлардың кейбіреулері бір орында айнала бергендіктен солай атаса керек.
Abilakim
«Айналпас» дейді бізде. сы ауру кейінгі кезде байқалмайды ау деймін.Сірә, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оларға да қиын тисе керек
omarbirat
Қазір ауыл жақта ұсақ мал қалмаған. Сондықтан біле алмаймын.
Мал атаулыдан тек бір-екі сиыр мен жылқы ұстайды. Бес жүз түтіндік ауылда мал ұстау тиімсіз болып тұр.
Abilakim
Батыс Қазақстанның бір ауданын "Қойларды картон беріп семірту" жайлы жаңалықтар топтамасынан көргенім бар еді.
omarbirat
«Тарақандар қайда кетті» деген сияқты, «тентек қойлар қайда кетті» деген сауал тастайтын кез келді ғой деймін
Abilakim
)))Сотканы кіналаймыз ба тағы?
asaubota
пертәшкі дейді бізде, орысша вертячка дегеннен келген.
Armanjan
Ауылдарыңда қойды бүтіндей үйтетін жағдайлар болып тұра ма? Біздің ауылда жиі жасалатын (маңғұлиядан келген отандастардың жаңалығы екен) болды. Қойды бауыздап ішек-қарнынан ажыратып алған соң, солай бүтіндей поялникпен үйтеді. Сосын тазалап, мүшелеп алад. Ал енді дәмі өте керемет. Ойбуййййй, қаншама теріні ысырап ғып далаға тастап жүргеміз деп нағамыш күлдіргені бар.
Abilakim
бізде ондай жоқ, дегенмен дәмді екенін мойындаймын
Armanjan
ауылға барғанда жасап көр, кәдімгі бас үйткеннен еш айырмашылығы жоқ, сосын дәмін бір алғасын жеңгелерің Әбіл-ау тағы үйтсей деп тұрад
Abilakim
Жұрт қойларын үйіткізіп қойып қарап тұрмас)))
sammita
жасама құрсын, шошқаны үйітеді олай тұтас. терісі сыдырылмаған қойды жеймісің.
Armanjan
Саммита ол сенің жерлестеріңнің ашқан, әкелген жаңалығы ғой. Ештеңе көріп білмеген, естімеген адамдай соқтың ғой
sammita
бірдеңе білген адам құсап соқпашы осы
Gastarbaiter
Жеп көр, әлі жамандаған адамы көрмеппін.
sammita
ол сенің жерлестеріңнің
бейшара-ай, өз құсығына өзі сеніп жүрген. Мен оралман болсам жазар ем өзім-ақ, онда тұрған не бар, қырыққа келсең де тіміскілеп қоймайды екенсің әркімді!
Gastarbaiter
Жатқан нерв әйтеуір бәрінде, тисіп кетсең қауып алады
sammita
аха, кто бы говорил

бұнысын қойшы, жеке хабарлама жазатынын қайтерсің ойына келгенін айтып.
Gastarbaiter
Фейсбуктағыдай игнор пернесі болса ғой деймін мен де, кейбіреулердің позитивін де, негативін де оқуға желание жоқ. Оқысам білем бірден қырыла кететінімді.
bazuka
кәдімгідей бауыздап алады қан шығарып)
bazuka
біз жақта бар, әдейі семіртіп күздің күні үйтіп алады. еті дәмді болады.
Erlan
Жақында сойдым, құбылағада қаратпаппын жазбаны оқып есіме тусіп отыр, бауыздап тастаған соң біссімала, сенде жазық, менде азық жоқ дедім, сіра ұмыта бастасақ керек.

30 минуттын ішінде пытырлатып, сойып тастадым.
Gastarbaiter
30 минут норматив ғой. Одан ұзақ болса ұзақ. Мен бірақ 30 минутқа сыйдыра алмай-ақ қойдым. Іш құрылысын зерттеп кетем нақ Ойбай, қазан күйіп жатыр, тездет өкпе-бауырыңды дегенде есімді бір-ақ жиям
satibaldi
90-дардағы разборкалар туралы әңгіме шығар десем.
Gastarbaiter
Шошқаны жеп көргендер бар ма? Сойып көргендер деп сұрамай-ақ қояйын.
Студент кезде кәдімгідей "қызыл бұрыш себілген сало" м-м-м-м, нағыз деликатес саналатын.
satibaldi
Доңыз жеп көрдім. Біз жақтағы аңшылар «доңыз — шошқа түгілі адамнан таза» деп, бісмілләсін айтып ұра береді.
Gastarbaiter
Негізі шошқаны еркіне қоя берсең, 6-7 жылда доңызға айналып кетеді.
Қасқыр ен ит сияқты бір биологиялық тұқымдасқа жатады. Өзара жыныстық қатынасқа да түсіп, торай туа алады.
Так что, коньюктурадан қорықпай, мойындай бер нақ, Семенмен бірге «арақтың артын саломен тістеген кездер болды» деп.
Ал дичьтың аты дичь қой шіркін, Доңызға — «жоқ» деген қазақты көрмедім өз аулымда.
satibaldi
Жоға, ақ салыныда өкірттік қой кезінде. Орынбордан тасып саттық, ал тауарды таңдап әкелмесе болмайды
sammita
жабайы доңызың кәдімгі қабан ба?
Abilakim
Қабан деп сол жабайы шошқаны айтады бізде.Доңыз деп шошқаны айтады, ал қабанға қаратыла айтылғанын естімеппін. Шошқаның ұрғашысын «мегежін», еркегін«доңыз» дейді ау деймін меніңше.
sammita
Жоғарыдағы пікір:
Біз жақтағы аңшылар «доңыз
аңшылар деген соң жабайы шошқа, қабан ба деп ойлап отырмын.
Abilakim
мен қабан мен доңыз жайлы өз ойымды айттым. Ол кісілердің аңшылары "Құрақ көрпедегідей" қорадан шыққан шошқаны атып жүрген болар…
bazuka
Қабан жеп көрдіңіз бе? еті жылқының еті сияқты болады дейді.
AKY
жеп көрдік, салосын да, шашлығын да)
Gastarbaiter
Ұялып отырып, «мен негізі әуесқой емеспін, бірақ көрейік енді. Хи-хи қалай болады екен өзі, ма-ма қорқа-а-ам» — деп мүләйімситіндер де бар үш палка швайн-шашлыкты тауыспас бұрын.
AKY
дәмді ғұӘ)))))))))
Gastarbaiter
Білмеймін, мен тауық пен жылқының фанатымын негізі. Шошқа мен қойдың етін онша ұнатпаймын.
Былай ғой сүйіктілік приоритеті бойынша:

Жылқы
ТАуық
Балық
Сиыр
Ешкі
Түйе
Шошқа
Қой
AKY
жылқы шашлығын жеп көрмеппін
қой етін мен де былай ұнатпаймын, бірақ шашлығы жақсы.
түйенің спецификалық дәмі біртүрлі.
шошқаның исі жәмәәән, хахолстанда прәпесір пісіріп бермек болған, вяқ.
тамаққа қосуға ең сүйкімдісі сиыр мен үшін.
meirzhan
Қойды ренжіттіңіз ғой )
Gastarbaiter
Қойдың қуырдағы мен АКУ айтқандай шашлыгы жақсы болады. Бірақ ол шалық міндетті түрде өте свежий, бүгін, кеше сойылған еттен болуы керек. Тоңазытқышқа салып қойып жейтін ет емес. Талай қойдың сорпасынан жүрегім айнып, құсып, ұшынып қалғанмын. Содан болар.
Marationok
bakhyt
взгляды ауыр екен мына қойдын. суйектен өткендей болды…
Gastarbaiter
Кәдімгі топас қойдың жаңа боялған қақпаға қарауы ғой. Ауырлығы біздің фантазиямыздың жемісі.
bazuka
Жылқы еті асып жеуге, сиыр еті бәріне жарай береді. менде фаворит сиыр еті) тауық етін ұнатпаймын
Gastarbaiter
Тауық ең протеины сіңімді, және холестерині аз ет мен үшін.
sammita
еті аппақ кәдімгі тауық күшті. Сорпаға әсіресе. Ал окорочка ұнамайды.
a63a1
бірде қарын жарып боққылғаным бар ед. Ал былай бір адамдай соямын, ауылға барғанда інілерім 15 минутта талқанын шығарып тастайд. Айтпақшы шібіш бауыздайм деп басын кесіп алғаным да бар
aza
Ауылда сол 15 минутқа созсам жеңешем салады айғайды: «Пышақ ұстай алмайтын, бозымбай) Болсайшы енді, бір атан сойғаннан кем қылмадың қой тырық тоқтыны» деп… Содан тырысасың кеп… Бізде бауыздап береді деген түсінік жоқ. Бауыздау, іреу, теріні сыпыру, жіліктеу… Жеңешелеріме тек қазанға салып асу ғана қалады ғой)
Мынадай қызық бар… Қойдың төрт сирағын кесіп алып, құлашым жеткенше лақтырдым төрт жаққа. Ініме айттым «бір-бірлеп қасыма әкелгенше сойып болам» дедім… Төртінші сирақты әкелгенде жамбастың жігін айырып жаттым ғой))) Аз ғана үлгермей қалдым… Қой сою 10-12 минуттың шаруасы ғой… Бас үйту, ішек-қарын аршу деген еркеки жұмыс емес!
Gastarbaiter
Бас үйту,
Бізде бас үйітуді ассистент алады, немесе арнайы біреу болады арамызда, әдетте жас бала қой үйітудің «шебері» соған береді. «Мә, үйте бер» деп.
Adiletshu
Бізде де. Әдетте қой соя алмайтын мен істеймін
bazuka
Қой сою 10-12 минуттың шаруасы ғой…
сіз робот-автомат шығарсыз))))
Gastarbaiter
Айттым ғой, бір штук темекісін шегіп болам дегенше бітіретін (қой союды)роботтар бар. Оларға ассистент те керек жоқ.
ПС. Егер табиғатқа шығып, қой сойып қазақша пати жасасақ Азаны шақыру керек.
aza
ооо, ондай ақжолтай күндері екі есе жылдамдықпен қимылдауға болады ғой)
sammita
иә болады ондайлар. Қолының ебі бар. Жиі сойып үйренгендер бұтарлап тастайды әп-сәтте.
Мен өзім де солай ойлаппын қою сою ары кетсе жарты сағаттық жұмыс деп.
a63a1
Байталды 20 минутта шашып тастайтын жігіттер бар
sammita
етін тасып үлгермейміз деші
a63a1
етін тасығанда таза қарға лақтыра бередіғой, сосын жинай саладта
sammita
қой ол қой, ал жылқы, ірі қара мал бауыздап көрген ер адам жоқ па мында?
Gastarbaiter
Түйеге де жылқыға ба ассистент болғам. Бірақ жүргізуші «хирург» болғам жоқ.
Былай союға болады деп ойлаймын.
Жылқыда без көп болады, есесіне өт жоқ. Қызыл құртшалар болады.
Түйені бас жағынан бір, мойнының түбінен екі бауыздайд. Сосын тізерлетіп отырғызып қойып сояды.
a63a1
Осындағы қасапшымын дейтіндерге бір қарапайым сұрақ:
Ортан жіліктен кәрі жілікті қалай айырады?
Gastarbaiter
Бірден айыра қоятындар бар, мен сипалап іздеймін де, көзбен мөлшерлеп кесе қоямын. Кейде дәл түсем, кейде пышақпен қиқалап іздеймін бекіген жерін айналасынан бір тіліп, буынды қуа берсең білінеді өзі.
a63a1
Бір аңыз бар, Бір шал қызын әлгіні бір реттен айырып берген епті жігітке берем деген екен. Сөйтіп қаншама жігіт мыжғылап отырып әрең айыра берген дейд. Содан не керек қызда шаршайд, бір күні өзіне ұнаған жігітте талапты орындап жатқанда қыз «жат жігіт жанынан» деп айтыпты дит. Сөйтсе ортан жілікпен кәрі жіліктің арасын буынға жанынан ептеп пышақ тықсаң оңай
шығатыны бар. Үстінен не астынан сұғып айыру қиын.
пы.сы. Практика жүзінде көрсетпесем былай түсіндіре алмаспын, мал сойған күні фотасын іліп көрсетпесем
Кезінде апам, менің ауызым ұрылып пысытқылап жатқанда айтып еді, менде содан бері жанынан тығатын болдым пышақты.
a63a1
Г тәріздес келед, үстіңгі сүйек астыңғы сүйектің ішіне кіріп тұрад
Gastarbaiter
Иә, ауызбен айту қиын. Сен білмейтін шығар дегем, сөйтсем жұртты сынап отыр екенсің ғой
a63a1
 солай, просты кибір жігіттер 12 минутта дырылдатып жатыр, гинес кітабы жылап тұр. 12 минутқа өз басым сенбейм.
a63a1
тоқты былай қарап тұрсаң кіәшкентай, ал терісін сыпыру біраз уақыт алад, жылдам іреп тастасаң көк етін суырып акетіп малды реальны мал қылып тастайд
Gastarbaiter
жылдам іреп тастасаң көк етін суырып акетіп малды реальны мал қылып тастайд
Құйрық майын алғанда және төс терісін алғанда ғана пышақ ұстап, қалғанын қолымен «Фыкылдатып» тастайтын бір таныс шал бар.
aza
Абзал, мен саған ән айтудан, мал союдан дәріс оқимын, бауырым))) Өз мүмкіндігіңмен салыстыра берме барлығын, ұят болады… Ортан жілікпен кәрі жілікті айыру екі жамбастың жігін айырудан қиын шаруа емес. Мал соя алу мақтаныш емес, жай машық, еркек кісі білуге тиіс нәрсе ғой. Қайтесің, бос малтаңды езгілеп, жылдам сою алсаң өз бағың, тамаша екенсің, алға!
Abilakim
Жылдам соя алатындар бар. Менің марқұм қайнағам нән семіз дәу қойды 15 минуттың көлемінде бұтарлап тастайтын.
Gastarbaiter
Мен балықты сонша уақытта паршалап тастайм, нақ
a63a1
анау үстіндегі сынағым үлкен қара малмен жылқыға арналған ед
sammita
сегіз қырлы бір сырлы жігітпін деші, маладес
Gastarbaiter
Өш, мынау кәмпілментті маған айтып тұрған шығар деп пілюс қойыппын ғой...
Abilakim
әжем айтқан бұл әңгімені. Бір екі рет мүшелеп көргенмін қой етін.Дегенмен, менің мүшелегенім мүшелей алмаймын дегенге келіңкірейді. Кей сүйектердің еттерін жалаңаштап, мына жаққа кететін еттерді ана жаққа жіберу дегендей сәтсіздіктер болған
dark_nazgul
сенікі менің ішек-қарын аршығаным сияқты екен.
бірақ ішек айналдырып, қарын қырғанды жақсы көремін.