Ауылды сағындым...

Жаз келіп күүн ысыған соң, жұмыстан қашып, көңілің ауылға тартып тұрады екен… Таңертеңнен сағынып отырып ауылдың қызықтарын бір еске алдық. Еске түскені осы, ұмыт қалғаны болса жалғастырамыз…

— Қаладағы «телка» ол ауылдағы құнажын…
— Ауылдың дүкендерінде айран сатпайды…
— Ауылдағы кез-келген саудагердің үйі автоматты түрде тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен болып саналады…
— Ауылда дүкенде «Апам айтты!» деген сөз қарызға тауар берудің құпия сөзі болып табылады
— Ауылда кешкісін участковыйдан емес «батя келе жатырдан» көбірек қорқады…
— Ауылда кешкі бестің кезінде кез-келген үйде шәй қайнап жатады…
— Ауылдың жастарының туған жылын куәлігіне қарап қана емес, ысқырығы арқылы білуге болады…
— Кез-келген ауылдың әкімінің қызметтік «Нива» автокөлігі болады…
— Ауылда барлық ыдыстың астында лакпен иесінің аты жазылып тұрады…
— Ауылдағы үйдегі пештің қуысында қыста арамза туған төлге арналған қуыс болады…
— Ауылдықтардың басын қосатын кешкі малды қарсы алу мен «Дениз»…
— Ауылда шөпке барайық десе қашасың, ал қалада…
— Ауылдағы үйдің ық жағының қары үнемі сары болады…
— Ауылдағы жігіттердің басын қосатын бірден-бір себеп қаладан келген қыз…
— Ауылдағы ең беделді тойлар мектептің спортзалында өтеді…
Бөлісу:

312 пікір

kozildirik
Ауылға барсаң раххат қой шіркін…
aikarakoz
Ауылда барлық үйде кәлөш болады
kozildirik
Бізде болған жоқ. Оның орынан әкеміздің керзі етігінің қоншын кесіп тастап калош жасап беретін)))
Zhan
Ауылда той-пой, жиын-пиын болса ал калоштардың адасуы, біреудің жаңа калошын киіп кету операциялары да жүзеге асып жатады))) Апам мен атам талай жап-жаңа калоштарынан осылай айырылып қалып, кейде тауып алып жататын.
asaubota
күндіз бәрі ұйықтайды
Onlasyn
және ұйықтатады
zhandarm
масахана деген болдыма сендерде, балдарды шыбын жемесін деп соған ұйықтататын едіғо
Armanjan
жаңалықтың көбін кешкі малды күтіп отқанда естисің.
kozildirik
шалдар жаңалық айтад, балалар доп ойнайт
Armanjan
тойдың соңы төбелеске ұласады.
kozildirik
Ол қалада да болады ғой. Мұнда тек ауылда болатын жағдайлар
asaubota
тек ауылда ғана жұлдыздар көп көрінеді
ademi_alem
тек ауылда ғана жұлдыздар көп көрінеді
иә, иә, иә! Осыны жазайын деп отырсам.
Daniar-Alan
Ареке романтикаға тартып жатыр ма?
Gulistan
Тек ауылда ғана көрпе-көпшік, ыдыс-аяқ, қасықтар үйден — үйге көшіп жүреді.
Gulistan
Ауылдағы үйдің есігінде құлып жоқ, болса да салынбайды.
kozildirik
 Әйтпесе сымтемірмен байлап кетеді
NaimanKa
Күршімде болдым өткенде (ауыл ғо), үйдің есігі түнімен ашық тұрады екен. Тек сырттағы туалеттің есігіне құлып іліп қояды… қызық а?
Marationok
тек ауылда ғана үйді бар аптаның ішінде тұрғызып жібереді.
Janasil
Ауыл деген жақсы ғой!
aikarakoz
Ауылда ашық тұрған дарбазадан қаңғыбас есектер кіріп кетеді
kozildirik
Ішінде есек сияқтылар да бар де...
aza
Менің ауылымда тіпті дарбаза деген болмайды. Шарбақ, қоршау жоқ менің ауылымда. Тәңертең түйе суарамыз…
… далаға ұйықтаймыз, таңертең шыбыннан қашып үйге кіріп кетеміз…
Мамамның шәйі тек ауылда ғана бар…
Ауылда шаңы бұрқылдақ қара жол бар…
Ауылда шоққа ғана қайнайтын қара шәйнек бар…
aikarakoz
еее сіздің жағдай түсінікті болды
kozildirik
Ол жақ дәәәәуууу дарбаза салатын Шмыкент емес қой
aza
Ауыл… Біздің елдің адамдары қоршау, шеңбер, шек деген заттарды түсінбейт та… Сосын кеңдікті жақсы көреді. Шарбақ қоршаудың ішінде отырса тарылып, ауа жетпейтіндей көрінеді)))
Simona
Ол қaй облыстың aуылдaры? Бiздiң aуылдa үлкен зaборсыз үй жоқ. Есiк aлдындa жүзiмнiң aстындa шaй iшемiз. Дaрбaзa жоқ болсa aшық-шaшық, бiр-түрлi сияқты ғой.
kozildirik
Бізде жүзім өспейт. Ұшқат пен мойылдан басқа ағаш өспейді. Таудың арасы, түні суық. Соныдқтан жазғы үй дегенде отырамыз Бір жақсысы маса да жоқ, салқын ауаға көп жиналмайды
aza
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында…
Gulistan
Ауылда тамақты қазанға пісіреді. Газ болса да «тек кісі келгенде»
Дастарханы бай, бірақ күнделікті өмірде қарапайым. Неге? — «Кісіге тұрсын»
Ауылда ғана компан болып қонаққа шақырады. Соғым дастарханы да бар.
kozildirik
Газ болса да «тек кісі келгенде»
 Біздің ауылда газ жоқ еді, ауданнан тапсырыспен әкеп «кісі келгенде» деп қоятын
Janasil
Түркиялық группаласымды ауылға алып бардым бірде. Өзі қазақ шатыс. Сол табиғи отқа піскен тамақ жеп дәміне риза болған еді, газда піскен тамақтардан дәмі өзгеше болады деп.
Gulistan
Газға және токқа піскен тамақтың да дәмі бөлек.
Simona
Менiң aпaм сaмaурынның ғaнa шaйын iшедi. Гaз не тоқпен қaйнaғaн шaйдaн еш ләззaт aлa aлмaйды. Одaн дa сaлқын су iшкенiм aртық дейдi.
Aldeken
тек ауылда ғана холодильник көбіне жазда ғана тоққа қосылады.
aikarakoz
Тек ауылда ғана таба нан жабылады.
Ауылда ғана қыста көмірмен пеш жағады.
Тек ауылда ғана теледидарда 3-4 арна ғана көрсетеді.
Тек ауылда ғана бірнеше шақырымдарды шаршамай жаяу жүріп өтесің.
Тек ауылда ғана көршің қонақ келіп қалғанда, бір таба нан сұрап келеді.
Adiletshu
Тек ауылда ғана таба нан жабылады.
Ауылда ғана қыста көмірмен пеш жағады.
Тек ауылда ғана теледидарда 3-4 арна ғана көрсетеді.
Тек ауылда ғана бірнеше шақырымдарды шаршамай жаяу жүріп өтесің.
қалада тұрсақ та мынаның барлығын істейміз.
Тек таба нанды духовкамен пісіреміз
monti
қойч шудың өзінде газ бар сияқты еді, ғо все таки қала статусы бар
Adiletshu
Жоқ. Газ әлі келген жоқ. Бұйыртса, тартып жатыр
monti
мя саған, сонда этажкалар шынымен көмірмен от жағады ма? кіші кезде болып едім, мән бермептім. соңғы жаңалықтардан естігенім, қазір жақсы, бәрі бар деп мақтап жатады ғо Шуды
Adiletshu
Этажкалар орталық қазандық арқылы жылынады
aza
Ауылда ғана қыста көмірмен пеш жағады.
Астананың ортасында да бар мұндай үйлер…
monti
Алматта да көп жерінде газ тартылмаған ғо
sammita
Астана ғана емес, барлық қалада бар көмірмен пеш жағатын үйлер.
Gulistan
Мен соны елестете алмаймын. Ең болмағанда, орталық қалалар газбен жабдықталуы керек қой.
sammita
табиғи газ әлі жеткен жоқ. Оны айтамыз, әлі күнге ауыз суы, жарығы жоқ айдалада қалған ауылдар көп қой елде.
Gastarbaiter
Арқалық ше байғұстар-ай
aza
Астана ғана емес, барлық қалада бар көмірмен пеш жағатын үйлер.
Тааак, біздің Ақтауда жоқ тын!!!
kozildirik
Қалада істелетіндер есептелмейді! То есть телеарнадан басқасы…
Aikona
менде әлі күнге осылай істейміз
patick
Ауылда ғана қыста көмірмен пеш жағады.

Алматы қаласының ішіндегі жер үйлердің бәрі көмір жағады, мәдениастанассс
sammita
Алматы, Алматы дейсіңдер, сөйтсек лас ауасы… общым қорғасынмен дем алып жүр дейді ғой сендер(((((((((
patick
жалпы Қазақстан толық әлі газға көшпегенін ескерсек, көп қалалар мен елді мекендердің халі мүшкіл, және жуық келешектен жақсылық күтетіндей негіздің көрініс таппағанын ескерсек, әлі 20-30 жыл көмір өндірісінің жандандыра беретін сияқтымыз
Gastarbaiter
Ол түгіл Канадада көмірді пайдаланады екен кей жерлерінде
sammita
қорғасын көлік жанармайынан шығады. Алматыда көлік қырғын ғой. Салыстырмалы түрде Павлодар, Екібастұз (шахталары болса да), Көкшетау, Петропавлдың экологиясы тәуір депті. Мүмкін орман шөптің молдығы да сеп шығар.
monti
Ауылдағы үйдің ық жағының қары үнемі сары болады…
нау не мағына?
Adiletshu
Үйдің артына дәрет сындыру
monti
фуййййй((((((
капец мен почемута үйдің бұрышына қоятын жаңбырға арналған қалқаншалар деп ойлап қалайша ол сарғаяды деп үйдің айналасын ойша шомып кеттім
aikarakoz
Ауылда әр үйдің әжетханасында жыртылған газет тұрады
aza
Осы қыз бір сондай жерлерде жүрет я)))))
aikarakoz
Ойбай, ол — барлық адамның күніне неше рет баратын жері ғой, қызық па дим. Әлде сіз үйдің айналасын сарғайтып жүрсіз ба?
aza
Дәл айттыңызии))) Щегол кезде болатын ондай, туалетке жетпей "қыршын" кету)
kozildirik
Немесе Ленин ата кезінен қалған газеттер
edige
Бюджет саласында істейтіндерде көбіне
manshukn
және кітаптар)))
ErNur
Тек ауылда ғана «77,78,79...» дар болып жүред, бір бірімен «толпаға шығад» көшеде 72-лер келятса зың болып кетед қалғандары
asaubota
талтүсте ішіп алған 67-дегі Берік сияқтылар ұстап алып, зайбалды шығарады құшақтап, сүйіп, әңгіме айтып жібермей. көріп қалса араққа жұмсауы мүмкін кішілер көрінбей қашып жүреді.
kozildirik
Ауылда жалғыз тамада болады, барлығы оның айтатын анекдоттарын білсе де сырттанк елгендерді жақтырмай тұрады…
Gulistan
Ауылда қонаққа жылытпа бермейді. Күнде ет асады. Оны өткенде өзім ауылға барғанда көргем, «Оу, апа, ысырап емес пе?» десем, күледі
kozildirik
Ондай қонақ ұзақ жатса үшінші күні бетіне айтпаса да ішінен күңкілдейтін шығар
zztop
Ауылды көп «жамандамаңдар»!
kozildirik
Ауылдың қызықтары ғой, өзіңіздікін де қосып отырыңыз
zztop
Атасына нәлет ауылға барғым келіп кетті… Бәсөктің әңгімесін сағынып кеттім… ауылда қалған жалғыз кластас… «Шаңырақ» дейміз оны…
Aldeken
тааак, өткендегі патиді тағы бір қайталау керек-ау димін, өз тілдеріңізде сөйлеп, бір жасап қалатын...
aza
Лібббәәә, айтпаң еее, жамман сағынып кеттім… Тамыздың соңына ала барып қайтуды ойлап жүрмін Қызан жаққа, Кещщелердің «астанасына»)
zztop
не бод ұнамай қалдық па інішек?
zztop
бұл әңгіме Алдекенге қатысты…
Aldeken
жоға, ұнайтындай Курмыштың 83-жылғы қызы емессіз ғой. Жай, тек, шамалы да болса сағынышыңызды басатын бірдеңе ұйымдастырғым келген, не болды бырат, сонша ренжіп…
aza
Тығылып ұйымдасырып жүрмеңіздер тек…
NaimanKa
Тек ауылда (қалада ондайды көрмеппін) «кока-кола», «спрайт», «фанта» немесе «буратино» болсын барлығын «КОЛА» деп атайды. Щеголдарын «барш колаға шауып келш» деп жұмсайды
AKY
қыртымбай қызылордалық КВН-щиктердің әзілі
Daniar-Alan
телезеберден көріп алғанын айтып тұр ия?!..
kozildirik
Семейдің балаларының қыртқымбай әзілі
Korkem
Тек ауылда көрші үймен бөліп тұратын шарбақ болмайды, бірінің үйіне бірі кіріп-шығып жүре береді. Тіпті қайсысы ағайынның баласы екенін ажырата алмай жатасың.
Дәуу-дәу иттер бос жүреді.
Тек ауылда ғана кучкууунтой балалар тырдай жалаңаш шауып жүреді.
Тамақты тоң майға істейді.
araika
Тамақты тоң майға істейді.
Әлі де ауылда тұрамын, бірақ тоң маймен тамақ пісірмейміз және көрші-қолаң, туған-туыс, дос-құрбылардың үйінен де байқамаппын.
Есесіне, ауылдағы әрбір үйде 5 литрлік ыдыстағысы болады не литрлеп сатып алынған майлары болады.
Gastarbaiter
Студент кезде қалада да тоңмайға пісіріп жейтінбіз. Бвуәқ… есіме түссе жүрегім айнид
TOTY
Ауылдықтардың басын қосатын кешкі малды қарсы алу мен «Дениз…

@kozildirik жүгермектің де ойлап таппайтыны жоқ…  Рас… мынаусы еріксіз ауылды сағындырады… оқушы кезімізде кешкі мал тосуға "әйбәт" көйлектерімізді киіп, театрға баратындай дайындалатынмыз… сосын «Байлар да жылайды» сериалындағы Марианнаға асығатынбыз…
sabalak
— қайда барсаң артыңнан итің еріп жүрет
— кешке бөтен қой іздеп жүргендер көп болады
— сағат күндізгі 13-00 мен 17-00 арасы ауылда «комендантский час» Ұйқыы
— кіру құны 50 теңге тұратын дискотека (1 адам төлеп кірмейді)
— тойларда ауылдың тамадасының қасында жүретін музыкант (DJ)ауылдағы клубтың жалғыз резиденты
— ай соңында почтаның алды саудагерлерден толып турады (қарыз жинау)
— жыл сайын бітпейтін құрылыс (қора, сарай, веранда сияқтыларды бұзып қайта салу)
— тойларда төбелес болып тұрады (бірақ ертеңіне дым болмағандай жүре береді)
— кеш бата әрбір үйде ызыңдаған сепаратордың дауысы
— қой бағып жүріп вокальный данныйларыңды нығайтып аласың
— дукен 24 сағат
— 1 май жыл сайынғы ат жарысы (Канн фестиваліне шақырту алғандай киініп барады)
— паяльниктің дауысы уйде қой сойылғанын хабарлап тұрад

тағы өте көп!
kozildirik
қой бағып жүріп вокальный данныйларыңды нығайтып аласың
Оның рас, өз өзіңе керемет әнші болып елестейсің
asaubota
міне мынау біздің ауыл жаққа келеді
sabalak
ұқсастық болар! мен Қызылқоға районын сипаттап отыреем, сіздерге жақынғо!
asaubota
солай шығар деп ойладым, Миялы тиіп тұр ғо
zhandarm
тек ауылда ғана қой кезекте жүріп жақсы көретін қызының атын айтып гүлнұр мен сені сүйем деп айқайлаған дисің
Aikona
дукен 24 сағат
бізде дүкендер мемлекеттік қызметкерлер сияқты 9 дан 6 ға шейін ғана істейді
omarbirat
— жыл сайын бітпейтін құрылыс (қора, сарай, веранда сияқтыларды бұзып қайта салу)
Өзінің құрылысы болмаса, басқаның құрылысын салып беру үшін қалаға кететіні тағы бар
Zhan
Кейбір айтылғандары дәл біздің ауылдың сипаттамасы. Шөп ору науқаны, арқанмен шөп тасу, шомалай жасау, там салуға асарлату, малақ жібітіп тезек шәпектеу, үй әктеу, бұлақтан су тасу (колонка жоқ жылдары), киіз басу т.б. көп.
Marco
Тек ауылда ғана «Мария», «Дениз», «Мерт», «Мелих» деген қозы-лақтарды кездестіруге болады
Adiletshu
Бір-бірін сөйтіп атайтын мектеп оқушыларын да
know_how88
Біздің ауылда Рут пен Ракель деген егіз күшіктер болған. Өсіп жетіліп қабаған ит болды кейіннен.
kozildirik
Ракелін дәл қойған екен
know_how88
Неге? Сонда Ракельді ғана қиып, Рутты қимайсыз ба иттің атына?
Gastarbaiter
Рұт пен Рахилә
Інжіл аттары емес пе?
know_how88
Рут пен Ракель — кезіндегі бір мексикалық сериалдың басты рөлдегі кейіпкерлерінің аттары.
Gastarbaiter
Ия, Тропиканкадағы қатындар ғой. Інжілдегі есімдер екенін бәрі біле бермейді.
Marationok
Мыналар ғой.
Рүт — Рәкел Ассаужулар, егіздер.

Маркус Асунсон.
Gastarbaiter
Мына ақпараттың да артығы болмайды:

Рұт пен Рахиль (Ruth & Rachel) семиттік есімдер Көне өсиет пен Тәурат кітабының қахарман әйелдері.
Біріншісі Дәуіт пайғамбардың арғы әжесі, екіншісі Жақып пайғамбардың екінші және сүйікті әйелі. Жүсіп пайғамбардың шешесі.
Рахиланың Бейтлехемдегі бейітіне мұсылмандар да, христиандар да, яхудилерд мінажат етеді.
Дерекөт: Wikipedia
Marationok
Рұт-ті Рүф деп оқу керек деген Уики, оның кітабы да бар дейді, соны оқып шығу керек сияқты.

Сериалдағы екінші басты кейіпкер, ол Маркус;
Маркус, Марк деген аттан шығады. Марк ол жетпіс апостолдың ішіндегі біреуі, евангелист. Евангилия Марктан деген евангелиясы бар. Тавтология үшін кешірім

(Codex Aureus миниатюрасы, 778 — 820 жылдар.)
Gastarbaiter
Негізі Оффтоп үшін хершірім бірақ, егер реально қызықсаң «Рұт» туралы кітаптан бұрын, Тәуратты оқығаның дұрыс алдымен. Құранға дейін жазылған кітаптарды ерінбей оқысаң Зәбур, Тәурат, Інжіл. Біраз қызықтар оқып, сол заманның әдептері мен ғұрыптарынан хабардар болуға болады. Көп салттардың шығу тегін, әлем әдебиеті мен мәдениетіне шабыт беріп, әсер еткен трендтер мен оқиғаларды біліп қалуға болады.
Грек Мифологиясынан кем емес қызықтығы.
Marationok
Сөзінің жөні бар, сол Тораға жете алмай жатырмын.
Ал евангилияларды… былайша айтқанда қиындау екен, өзі төртеу еді.
know_how88
Тәуратты оқығаның дұрыс алдымен. Құранға дейін жазылған кітаптарды ерінбей оқысаң Зәбур, Тәурат, Інжіл.
93-ші жылғы Конституцияны оқығаннан қарағанда 95-ші жылғысын оқыған әлдеқайда пайдалырақ емес пе. Дәл солай Зәбур, Тәурат, Інжілдер де ескірген дүниәлар.
Gastarbaiter
Ол қай мақсатпен оқығаныңа байланысты. Егер соқыр табынушылық үшін болса, әлбетте ең соңғы нанотехнологияларға негізделген Хай Тек Жобаларды оқу керек.
Ал мақсатың таза зертханалық ізденіс болса, асфальтқа тышып кеткендерге алғаш жаза қолданған кім екенін білгің келсе мысалы, бұрыңғыларын да назардан тыс қалдырмаған жөн.
Simona
Үйде «Иудaизм», «Мұхaмед», «Христиандық» деген жылдaр бұрын оқимын деген ниетте aлынғaн кiтaптaр бaр. Мынa сұхбaттaрыңыз солaрды aқыры оқу керектiгiнe түрткi боп тұр. Негiзi Бaтыстa көп aттaр сол iнжiлдегi «кейiпкерлер» aты, бiзде де көп қой Құрaннaн aлынғaн, яғни түбi aрaбшa есiмдер.
Грек мифологиясын бaстaп едiм, ойбуууй, оны iшiндегi сaнсыз Құдaйлaр мен жaрты-Құдaйлaр, пaтшaлaр  Есте сaқтaу қиын. Қызығы ол жерде де aлмa үйлкен роль ойнaйды, оны aйдaһaр қaрaуылдaйды. Iнжiлдегi Aдaм aтa мен Хaуa aнa «хикaясынa» aнaлог сияқты көрiндi мaғaн.
Осы дiндердi түсiндiрген кiтaпты, бaлaлaрғa aрнaлғaн версиясынaн бaстaғaн дұрыс пa дейм. Құрaнды қaзaқшa оқымын деп жaртысы aрaбшa терминдер, оның түсiнiктемесi ең aртындa, кiтaпты оқығaн құрлы aқтaрумен ығырым шықты.
Marationok
Басты рөл ойнайтын жәннат пен тозақ сияқты. Сол грек пен римдік мифологияларының ішінен, өлім кітабінің ішінен де іріктеп алынған заттар көп.
Былай қарасаң, анадан ұрлап, мынадан, бәрін бірге біріктіріп жіберген сияқты. Өстіп өстіп жаңа бестселлерлер пайда болады, азамдзат тарихында.
VKM
Ауылда ғана жазғы каникулда атасы мен апаларына әр мемлекеттен келген балалар болады))))
Gastarbaiter
әр мемлекеттен
пафосты атщищ
VKM
біздің ауылда Ресей, Украина,Өзбекстаннан жүреді балдар.Оның несі күлкілі?)))
Gastarbaiter
Дружба народов дещ
patick
 тек сіздің ауылда
aza
Әр жылдың өз гитаристі болады… (Кстати, ауылда бар болғаны үш ақ гитара...) Кешке спартипкіні белге байлап алып, ақ футболкамен, тәпішкімен көшеге шығасың. Отырған жерде бір тәпішкіні астыңа салып, біреуіне аяқ қойып отыра кетсең… рахат еді ғой ауыл…
Daniar-Alan
Отырған жерде бір тәпішкіні астыңа салып, біреуіне аяқ қойып отыра кетсең… рахат еді ғой ауыл…
 дәл… дәл айттың бырат
know_how88
Тек ауылда ғана кешкісін, екі-үш сағатқа, сівет өшеді. Сол кезде басы "Ө", аяғы "Ұ" деген сияқты поле чудес ойынын ойнап жатып, сібеттің жанғаның күтесің.
kozildirik
Ауылда кластар жиналып бір шарбақтың түбінде отырғанбыз. Қараңғыда сұлбасы көрініп екі қыз кетіп барады екен. Арамыздағы пысықтау біреуі "Қарындас, танысайық!" дей қоймайды ма. Ана қыздардың бірі бұрылып келіп, бетіне шырпы жақса көшенің басында тұратын келіншек екен. Жаңағы пысықтың бетіне қарап тұрып: «Ақымақ, қыз бен қатынды ажырата алмай!» деп кетіп қалды. Біз біразға дейін күліп жүрдік…
Ауылдың қараңғы түндері рақат қой
Aikona
Ауылда ғана жігіттер көшеде отырып алып, ары бері өткен қыздарға тиседі.
Ауылда ғана, қыздың артыннан жігіт он шақырым жерде келе жатады, хотя екеуінің жүретінін бәрі біледі
kozildirik
Себебі «Ол менің қызым!» деп бір екеуінің тұмсығын бұзып жіберген
Тек қана ауылда жігіттің қызы болып, бірақ қыз ол туралы білмеуі мүмкін
Gastarbaiter
Ауылда ғана жігіттер көшеде отырып алып, ары бері өткен қыздарға тиседі.
Себебі «Ол менің қызым!» деп бір екеуінің тұмсығын бұзып жіберген
Тек қана ауылда жігіттің қызы болып, бірақ қыз ол туралы білмеуі мүмкін
Қума-қума-қумаңдар -е-е-ей! Қалада да болады ондай.
Abilakim
Ауылда тұрып самаурынның шайын ішпеген жандарға таң қаламын.Өткен апта барып келдім ел жаққа. «Ауыл деген жақсы ғой» деген осы
asaubota
тек қана ауылда ғана кейбіреулердің шын аттарын біле алмай өмірден кетуің мүмкін немесе тек олар өлгенде ғана білесің
zhandarm
тек ауылда ғана шампанның шынысына карбид салып сиіп атасын
omarbirat
Шын атын басына қойылған құлпытасынан оқып, марқұмның кім екенін бірден біле алмауың мүмкін.
alisha
Точно! Көрші әжедің аты Күнзила екенін естіп, "Қойшы, бір түрлі үйлеспейді" деп біраз жүргем
Simona
Хa хa, менiң aпaмның aты Кaмилa ))) Бүкiл aуыл оны Қaмaр деп тaниды. Кей кезде aтaм ғaнa Кәмилaжaн деп флиртовaть етпесе, оны бiз де бiлмей өтер едiк.
kozildirik
Ауылда кішкентай балалардың түрлеріне қарап қай үйден шыққаннын дөп басып оытратын шалдар болады. Кейбір кезде әкелерін шатастырып бәлкім шатастырмай жеңгейлердің қызараңдайтын кездері де болады
a63a1
Қой баққан бұзау қайырған, шөп шапқан, өзенге түскен балық аулаған, тығылып темекі тартып насыбай атқан түзін сағынғаным болмаса ауылдың өз басы аса сағындырмайдта қоямды
Abilakim
қайдан сағынасың.Балалығыңды ұрлатып аялдамада қымыз сатқаның есіңнен кетпей жүрсе)))
a63a1
Ол да бір қызықты дәурен едіғой әкессс… Балалық дейміз балалық өтті де кетті, кәзір сол балалық шақты еске алғаның болмаса, ондай балалықты қазіргі ауыл баласы шатыстырып алғанға ұқсайма бірдеңе. Қазіргі ауыл ол ауыл емес басқа ауыл
Gastarbaiter
сол ауыл нақ. Мен куә. Сол понт. Сол өсек, сол аңқаулық.
a63a1
жоқ, мүлдем басқа. Менің, бүкіл ауыл ойнаған құмды шөп басып кеткен. Сым трәктірмен шөп шауып ойнау, кешке асық ойнау, атқа міну, тай үйретіп көкпар тарту мүлдем жоқ. Әлде солай елестейме екен кім білсін. Құндылықтары өзгерген
Gastarbaiter
Солай елестейд. Сен өзгергенсің ғой. Басқаша қарайсың заттарға. Балаға бәрі таңсық, бәрі қызық ғой.
a63a1
көз алдыма келеді нелер елес, соны ойласам ұйқымда келер емес © Муха
sammita
постың көп жері біздің ауылға келмейді мысалы, сондықтан пікір жазбадым. Әр өңірдің ауылының тәртібі, қызығы бөлек қой.
Gastarbaiter
Өз ауылыңнан хабар бере отыр.
sammita
солтүстіктің ауылы ғой сол)))
Gastarbaiter
Стереотиптік деревня ма?
Ала таңнан кешке дейін арақ ішу, әйелі мен күйеуі бірге отырып стақан соғыстыру. Үлкен бөтелдегі самогон, сало…
sammita
мынауың ауылдан гөрі отбасыны сипаттап кетіпті Орысы қазақ болып кеткен ауыл бізде. Бұндай отбасылар да болды екі-үшеу.
Gastarbaiter
Жаппай солай өмір сүретін ауылдар бар дегенмен.
asaubota
Ақтөбе жақта қызық ауылдар бар. Кәдімгідей совхоз, мәмбетски өмір образын ұстанады бәрі. Бірақ, епты орысша сөйлейді шалы да, кемпірі де.
Gastarbaiter
Сонда сен мәмбеттік тек қазақша сөйлейтіндердің еншісінде деп жүріп пе ең
Daniar-Alan
тек ауылда ғана арғы көшеде кетіп бара жатқан машинаны "… анау пәленшенің машинасы" деп даусынан танып отырады.
MickThatsMyNick
ауылға барсаң қалаға тартад, қалаға барсаң ауылға тартад
Abilakim
екі ортада аудан орталығында болсаң ше
asaubota
бала кезімізде аудан орталығының өзі маған жұмбақ еді, қала сияқты еді. барлық ағайын ауылда, тек өз нағашыларым мен әкемнің нағашыларының ғана ауылдарына барып көргем. аудан орталығынан орыстар келіп алма сататын, соны күтіп жүретін едік. мен үшін үлкен, жұмбақ бір жер еді аудан орталығы
kozildirik
Аудан орталығына теңертең кетіп кешке келген жігіттер жуатын еді. Жолдастары қуанып, «Ал аман есен барып келуіңмен!» деп тілек айтып жататын
Abilakim
ауылда өскен бәрімізге солай көрінген шығар мүмкін.
Korkem
Мен де аудан орталығынанмын. Жұмбақ түгі жоқ, жартылай ауыл, жартылай қала, екі жарты бір бүтін — қалашық)))
Adiletshu
Қай?
Korkem
Леңгір

Adiletshu
Шымкент облысының оңтүстік шығысында. 1932 жылы құрылған. Жері 3,0 мың км.кв. Аудан негізінен сүтті-етті мал және биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, жылқы, жібек құртын өсіруге маманданған
Korkem
Қай жаққа барып келдіңіз? Таулы аймаққа жақын, ауасы саф, бай өлке ыыыыы артыңызда тұрып мақтанып қалайш
Adiletshu
Қазақ ССР энциклопедиясына
Daniar-Alan
ияяяя табиғаты керемет енД… армандап жүрм… Біркөлікке барыыыып 2-3 күн демалып қайтсаң…
Korkem
Тоғыстағы платина уаще керемет, надай ыстықта
Marationok
Жақшы қала негізі, әсіресе балмұздағың айт
Zhan
О, Менің туған жерім!
Korkem
Ох, Төлебилік пе едіңіз?
Daniar-Alan
әне кетті енді… қазір руларын сұрасад анау мынау… ақырында туысқан болып шығад
MickThatsMyNick
қала шетінде тұрып жатқаным содан ғо
Gastarbaiter
Мен Шиелі аудан орталығында туып өстіп.
Шеткері Авангард, Қойшауыл, Мүлтпилім ауыл, Жақаев, Отызжылдық, Ортақшыл деген ауылдан келгендерді бірден танитынбыз.
Итак ауылдық баланың аудандағы белгілері:

1) Жемпірін трикосына қыстырып киіп алады
2) Атына мініп келеді
3) Қыстаққа кіре салысымен базарға барады
4) Базарға кіре салысымен шемішке сатып алады
5) Содан кейін әдемі спортивка, күнге қарсы қытайский көзілдірік алады
6) Қара әшкиді киіп ап, бір аяғын сыртқа шығарып қойып, шемішке шағып, өзін Лас-Вегастың бас көшесінде тұрғандай сезінеді.
7) Групповой төбелестерде де атына мініп, қамшымен сабайды балаларды. Сол үшін әрбір мықты район бір-екі ауылмен дос боп алады, сондай қырғында тартып отырады. Есесіне бір блок кока-кола, т.б. тауар береді.
patick
кеше Хабардан Шиелі пездес дамып кетті деп айтып жатыр ғо?
Gastarbaiter
Дамып кеткен жоқ әлі, баяғы Шаухаманов кезіндегі жағдайына енді-енді жетейін деп қалды. 80жж дары біз бала кезде мұнда бірнеше ойын-сауық паркі, жасанды пляж, балалар атракциондары, бірнеше кинотеатр, киноклуб, Универсамдар, галантерея, музейлер, кітапханалар, спорттық клубтар, мыңғырған дедсадтар, жолдар әдемі көгалдандыру, аллеялар, болушы еді. Және олардың жабдықталуы да көңіл көншітерлік болатын. 90-жылдары сұмдық құлдырадық.
Енді жаймендеп бұрыңғы қалпына келіп жатыр. Бірақ әлі асып-тасқан түгі де жоқ. Кинотеатрлардың біреуі де әлі іске қосылған жоқ 20 жылдан бері.
Сырахана мен кафелердің көбеюін даму деп отырған шығар
patick
әйтеуір, жаңа балабақшаларды көрсетіп жатқан Школьниктің фонында
Gastarbaiter
Очм, 90-шы жылдармен салыстырған дамығаны рас, бірақ 80жж дары оның біразы бізде онсыз да болған.
«Демеу», Казатомпромдар соққан Спорткомплекске ризамын әйтеуір. Жетуі үшін тігіліп машинамен 40 минут жүрсем де
sammita
Қоянбаев «Туған өлке» хабарына қатысқанда Шиелінің көшелерін көзбен аралап шықтық ТВ-дан))
Simona
Бiзде ол уaқыттa тiптi «музыкaльный мектеп» те болaтын. Орыс-немiстер бaлaлaрын пиaнино, скрипкa үйренуге беретiн. Вокзaлғa жaқын жерде кaрусельдi пaрк болaтын. Соғaн жaздa бiр рет aпaрсa мәәзбiз ғой. Сол ойын-сaуық пaркi кейiн қaрaусыз қaлып, шiрiп, бaлaлaр ойнaм деп кiрiп, құлaп өмiрiнен aйрылғaн дa бaр. Қaзiр ондaй жоқ. Бiрaқ aуылдaрдa бaлaбaқшa, медпункт қaйтa құрылды. Ендi жaсөспiрiмге бiр бaрaтын жер болсa.
sammita
міне айттым ғой, ауылдар әртүрлі. Біздің ауыл мен қала (облыс орталығы) арасы 50 км. күнде барасың тіпті.
Gastarbaiter
Ия, біздің ауылдар да бізден алыс емес. Сосын ғой қыстақтың групповой төбелестеріне араласатыны. Қазір ондай жоқ шығар, сұрап көру керек екен.
ErNur
Тек ауылда ғана машиналар, жалпы көліктер поворотниктерін жақпайды бұрылғанда.
Қаладан келіп бұрылып жатқанда поворотнигын жаққанға жыртылып күлетін едік, мынау қуама деп
ErNur
Тек ауылда ғана үй телефондардан ауылдастарыңның әңгімелеріне куә болуың мүмкін. (Кей кездері линиялар қосылып кететін)
Сосын телефонға шақырып алып жының келіп жүрген үлкен балдарды сықпыртып боқтап өш алатын едік. Бірде 77-дегі Қайнар деген быратты боқтайым деп дауысымды танып қалып таяқ жегенім бар
patick
Ауылда ғана әнді басқа ауылдасыңның аузынан есту арқылы айтасың. Хиттар солай ауыздан ауызға таралады. Әннің өзін бірнеше айдан кейін магнитафоннан естігенде, не клипін көргенде ғана Әщөк айтқан нұсқадан әлдеқайда басқаша екенін ұғасың
ErNur
Тек ауылда ғана цветной горизонт директор, партком, главбухтың үйінде болды, қалғандарында черно-белый рекорд стандарт.
Сол кездерде хоккей мықты еді. Директордыкыне үйінің маңына жақындай алмайсың, главбухтың үй жағында балдармен төбелесетін болғасын бармайсың, ауыл орта маңында тұратын парткомдыкынен көшеден тұрып терезесінен СССР, Канада, Чехословакия (сол кездері), Шведция командаларының киімдерін түрлі түсте көріп мәз болушы едік
Gastarbaiter
Түрлі түсті телікті алғаш көру сезімі енді… тілмен жеткізу келмеп еді.
Алғаш 3Д көргендегі тамсаныс ол сезімнің тұяғына д татымайды.
Ең алғаш түрлі-түсті етіп мен «3Ноян мен Дартаньян» фильмін.
«Витязь» телевизоры. Көгілдір түсті аспанда Констанцияның әруағын көріп, есімнен тана жаздағам
Abilakim
мен «Альфа» деген теледидарды көрдім ау деймін түрлі түсті. Мүмкін біреулердің үйіне қонаққа барғанда көрген де болармын. Бірақ, біздің үйдегі ең бірінші түрлі түсті теледидар сол альфа еді.
omarbirat
Антеннаның нашарлығынан ба, әлде басқа себебі бар ма, ауылдағы түрлі түсті телебизірлер ақ-қара қылып көрсететін
alisha
— Тек ауылда ғана мереке күндері адамдар тайлы-тұяғы қалмай алаңға шығады;
— Ауылдықтар ғана шаштаразға барып әлек болмайды, өйткені екінің бірі «шаштараз»;
— Ауылда ғана баклашкалардан умывальник жасайды, соңғы кезде қалалықтар да үйреніпті;
— Ауылда ғана қарды шелекке жинап, ерітіп, кір жуады;
— Ауылда ғана шатырдан аққан судың астына шелек қойып, су жинайды
— Ауылда ғана колготкидің қиықтарынан дорожка тоқиды
— Ауылда ғана су алатын құдықтар «тоңазытқыш» ретінде пайдаланылып, айран толы ыдыстар арқанмен «асылып» тұрады
— Ауылда ғана еркек мысыққа «Мурка» деп ат қояды
— Ауылда ғана кэжуалдың озық үлгісі 
— Ауылда ғана астауға су толтырып, күнге қыздырып, қораның ішіне суға түседі
Gastarbaiter
Ауылда ғана астауға су толтырып, күнге қыздырып, қораның ішіне суға түседі
Душ соқпай ма не?
alisha
Душың өз алдына, жинап қойған суды әп-сәтте ағызып жіберіп, талай ұрыс естігенбіз… мынау соның алдын алу үшін ойлап табылған нәрсе деп түсінемін, бала күнімізде осылай жасайтынбыз
asaubota
бұл да біздің ауыл жақ
ErNur
— Ауылдықтар ғана шаштаразға барып әлек болмайды, өйткені екінің бірі «шаштараз»;

Бірде қалада ауылдан келген кластасымды ертіп шаш қидыруға барғам парихмакерскиге. Отырып шашымды қидыртайын деп жатсам анау, и футболкыңды шеш, әкел маған дейд
alisha


Қайтсын енді, ауылда футболкасын штакетникке іліп, ескі простыня жамылып, бір шеті сынған, жарық айнаны ұстап отыруға үйренген ғой Күлмеймін, күлмеймін
sammita
сосын шәйнекте жылы су дайын тұрады. "өй, былай құй, ән жеріме құй" деп біраз нервісі шығып жуынады))
kozildirik
Сүйтсе ол апаның шәйға қойып қойғаны болып шығып, бір таяқ жеп алатын кездер де болады
Gastarbaiter
КВН-ге біраз шикізат жинап қалған шығарсың, нақ
kozildirik
Ия, жақында Баянауылда «Жазғы кубок» болады" соған ауылды жерде айтылатын біраз материал жиналып қалды
Gastarbaiter
КВН-шілерге шутка жасап жүрміз нақ деп ішіп алғанда ешуге жақсы екен онда мынауың
kozildirik
Жазғанда да өкіртіп десең де болады Ішкен кезде айтып қой, мен де растап отырайын
Gastarbaiter
Осы жерде мойындауың бар ғой жазба түрде, саған ескертіп қайтем?
asaubota
кішкентай кезімізде ауылда артель болды ғой, қазір Талғаттар тұратын жерде. сонда қидыратын едік Әлима апайға. қазір ондай дым жоқ, Әбөк қо шашқиюшы.
zhandarm
жәдігеров абзалма қазір шаш қиятын
ErNur
ия сол шығар, өзі универсал тамады, музыкант, әнші, шаштараз да көрінеді ғо
asaubota
аха, сол Әбөк қо 82-дегі. ауылдың мәдениеті мен спортын ұстап тұр.
zhandarm
біздің ауылды талпа төбелеске шақырғандарыңды жазбайсыңдарма аскар жұмагүлдің тойында, осы біреулер сол окиғада болдыма дим
asaubota
біз көрермен болдық қой
patick
футболкыңды шеш, әкел маған

 өтті-өтті
omarbirat
Бірінші екі тармағы біздің ауылда тошна бар.
Қалған ана суға байланысты мәселелер болып көрмепті. Ауылымыз — өзі саздақ жер. 90-жылдары күз түссе су көтеріліп кететін. Содан айналаның бәрі — сары балшық. Талай ағаштар қурап, үйлер құлады. Кейін жағдай жақсарып, дренаж қаздырғасын әзірге тыйылды.
GulL
астауға түскенді бірінші рет естіп тұрм бізде сол душқа су толтырып күнге қыздырып түсетін
Gastarbaiter
Ол да бір романтика болса керек, мен де бірінші естуім.
Abilakim
астаудан су ішкенді көрген едім, астауға түскенді бірінші естідім.
Бір жылдары үйдің жанында шойын ванна пайда болды, қайдан әкелгендерін. Үйдегі кішкентайлар күн ұзақ шықпайтын ішінен
alisha
Астау болғанда мал ішетін астау емес қой енді…

Романтика дейіңдер ме?! Қоралардың жапсарлас салынатын ескерсек, кейбіреулер үшін әдбен мүмкін
Delhi
Ауылда ғана қойдың жүнің қырқып, жүн сабайды.
alisha
Қалада қой жоқ қой
Adiletshu
Ауылда ғана қоға жағып масадан қорғанады
patick
Ауылда сендер де қоғаның сопақ қоңыр бастарын жұлып, сигаро етіп шектіңдер ма?
omarbirat
Ауылда ғана жігіттердің шаштарының үлгілері бірдей болады: жан-жағы 1-2 мм, төбе жағы — 3-4 мм, маңдайларында бес-алты тал кекілі бар
asaubota
сондай прическа қойып көрмегендер бар ма екен Керекинфода?
Adiletshu
Менде болған жоқ ондай прическа
omarbirat
Мен қойғанмын. Кейін қойдым.
Бұл прическа жарасатындар бар, жараспайтындар да бар. Маған кекіл жараспайтын болғасын, кекіл қалдырмайтын болғанмын
Adiletshu
Сабынды помозокпен көпіртіп, көпіршікпен сақалын жібітіп, солай қырынады
salta
ескі, түбі шіріп тесіле бастаған шелек немесе тазикті алып, болмаса жыртық қапты ұстап қоранын артынан тезек теріп, табаға нан көму. болмаса ескі сабанды мылқау пешке толтырып, арасында жанбағаны қалмас үшін 2 метрлік жынғыл таяқпен түртіп тұру, сосын киізбен онын аузын қымтап, кірпішпен итеріп қойып нан пісіру. сварщик Бақыттың түрлі темірлерден құрастырып берген арбасымен барып, флякқа су толыптырып, аузын резеңкемен бекітіп су тасу.
patick
жұмыскер қыз екенсің өзің
Zhan
Ауылда туып, ауылдың жұмысын істеген адамға мүлде ұқсамайсың түріңе қарасам
kozildirik
Ұқсайды, ұқсайды. Маған сен
GulL
мдаа ауылға бала күнімізде қыдырып барушы едік, қаланың қызы болып хехе
— сакінің үстінде, жұлдыздарды санап ұйықтайтынбыз
— құдықтан қызықтап су тартып ішу
— қауға шелекті түсіріп алып оны сол құдықтан аулап шығарып алу
— түс кезінде көшеде адам болмайтын, бәрі ұйықтайтын
— кешке жаз үйде тамақ ішіп, орнын жинап тастап далада ойнау
— түн болып ай көрінгенде айдың жарығымен, үй жаққа жалтақ-жалтақ қарап, шақырып қалмаса екен деп қабан деген ойын ойнайтынбыз эхххх ауылыма барғым келіп кетті, сол кездерге
Gastarbaiter
— Туалет қазады
— Жер асты суы жақын болса, боқ теңізге тастаған бомба сияқты дыбыстар шығарады.
— Тапай тезек басып, оны айналдыра мұнара етіп көтеріп қояды.
— Газетпен, орамал-сүлгімен қаруланып есікті тас қылып жауып, түс уақытында шыбындарға рейд ұйымдастырады.
— Той-томалақта көршілерден жер столдар (тапал үстел, шығыста: Жозы) жинайды.
— Көрпеше сандықтың үстінде үйіліп тұрады (оны әдемілеп жинаудың өзі өнер)
kozildirik
Туалет қазады
Біздің ауыл таудың ішінде еді, бір туалетті бір жаз қазатынбыз. Түнде суға толтырып қойып, таңертең жібіген тасты алып отырасың… Сол бір қиналатын кездер еске түсіпк етті ғой
Aldeken
бір жаз қазған туалетке ерегісіп, бір жыл бойы іштей ызамен баратын шығарсыңдар…
Әлде өз туалетің толып кетпесін деп, көршінің туалетіне ұрланып баратын дәстүрлерің бар ма еді, а?
kozildirik
Ызамыз сенің жай барғаныңа татымай қалады ау Көршіге бармай ық жақтың қарын сарғайта салатынбыз
Gastarbaiter
Ызамыз сенің жай барғаныңа татымай қалады а
Өтті мынауың
patick
Тас жібігенше іш пыспасын деп сен монолог оқитын шығарсың
kozildirik
Күлдіргіприколыңдсссс
Zhan
— Тапай тезек басып, оны айналдыра мұнара етіп көтеріп қояды.
Жасырынбақ ойнаған кезде осы тезек-мұнараларға тығыламыз.
Gastarbaiter
— САмаурынға шай қойып ішеді, шоғын шәугіммен (пәрнек, аққұманмен) немесе кесеге су құйып қойып басады (өзінің шеберлері бар)… — Самаурын көршінің тойынан шүмегі ауысып келіп, зайыпты алады. — Баклашкамен (ескі етікпен) ұрып самаурынның шоғын қыздырып, оның көтін шимен шұқиды.
Gastarbaiter
Айыр, күрек, кетпен, қазан титандарға ен сап қояды.
Gastarbaiter
— Ауылда ғана «Бассейн» деген ұғым каналдан аққан судың бір жерге жиналып қалған шалшығын білдіреді.
— Суға түсуге сүлгісіз, запас дамбалсыз барып, үстің қышма -қышма болып, талдың түбінде түрсиді сығып алып жүре бересің.
a63a1
— Суға түсуге сүлгісіз, запас дамбалсыз барып, үстің қышма -қышма болып, талдың түбінде түрсиді сығып алып жүре бересің.
 тұрсиды сыққанда, ышқырдан бастап тізеге дейін шиырып сығушымеңдер?
kozildirik
— Суға түсуге сүлгісіз, запас дамбалсыз барып, үстің қышма -қышма болып, талдың түбінде түрсиді сығып алып жүре бересің.
 тұрсиды сыққанда, ышқырдан бастап тізеге дейін шиырып сығушымеңдер?
Дәл солай, пана таппасаң бір біріңді көйлекпен жауып тұрып. ең қызық жеріне келгенде көйлекті ала қашып қызық жасаушы едік
a63a1
сосын үйге қайтасың ащы су теріңді жарып, үйге білдірмеймін деп түкірікпен білектерді сүртіп
kozildirik
Суда сүңгіп барып қыздардың аяғына орала кетіп шошытып ойнайтынбыз тағы…
a63a1
пәк көңілмен айтып отырсыңғой «Аяғына орала кетіп шошытып ойнайтынбыз ғғғғұұұыы» — деп қосып қойсаң пікіріңе жан бітерме еді
Gastarbaiter
— Ауылда ғана үйдің щатырына немесе чердагына шығып кептер аулап, олардан шашлық пісіресің.
— Бойцовский әтешіңді құшақтап ап, көрші-достарыңды аралап төбелестіріп, бәске тауық тігесің.
— Иттің құйрығы мен құлағын қанден болса да шауып тастайсың.
— Кептер асырайтын фанат балалар белсебетін екі кептерге айырбастап жатады. Ол кептері ертеңіне құрт түсіп өліп қалады.
— Біреудің кептерін өзіңе қоныдырып алсаң, сенікі боп есептеледі.
— Әр топтың өзінің ысқырығы болады. Мысалы: Топпо Джи-и-и-иджо-оо-о деген «Райбольница -81»-лердің ысқырығы болса, «А я в воду войду, А я в воду войду» деген ысқырық «Межколхозстрой-83» тің ысқырығы болады.
Marco
Тек ауылдға ғана түнде көшеде жүрген балалар біреудің қақпасын теуіп немесе терезесін ұрып қашады
Daniar-Alan
оны біз қалада ақ іститінбіз
sammita
қалаңның ауылдан айырмашылығы бар ма былай
Daniar-Alan
шымкент қо… джынды апше…
know_how88
Ауылдан алғашқы қалаға келген жылдары подъездтен подъездге кіріп квартиралардың қоңырауларын басып қашатынбыз)
aza
— ауылда ғана қызға келіп тұрып, терезе қағып сигнал береді. Оны сәйкесінше, үй ішіндегілер «жарыққа ұмтылған қиқоңыз ғой» деп ойлауы мүмкін…
zholantai
неге
арамза туған төл
?
a63a1
ойнастан болып қалған төл
zholantai
))))
@kozildirik ғана жауап бере алады-ау, осы
Abilakim
шала туған төл ғой.Жетіліп кеткенше сол пеш қуысында болады, арасында енесіне емізтіп әкеледі
kozildirik
Қыста сақыманнан, яғни мал төлдейтін уақыттан ерте туып қойған. Әдетте қаңтар, ақпанда туған төлдерді атайды
kozildirik
Сосын қора суық болған соң үйге пештің түбіне әкеліп жатқызып қояды, ауызданып ширап кеткенше
kozildirik
Жаз бойы суға түсіп, шаңнан аяқ қол қап қара болып жарылып, глицериннен жасалған сасық ащы дәрі жағып күсті кетіруші еді… «Апайтай, одан да қаймақ жақшы!» деп шырылдаушы едік
GulL
ммм… түскі ас жақындағасын ба есіме түсіп кетті ауылдағы үйдің төбесіндегі кептіруге қойған құрттарды ұрлап жейтін кездер  
Сонда неге екенін білмейміз үйде тұрған кепкен құртты жемей сол төбедегі тәтті болушы ед
Gastarbaiter
Тек ауылда ғана зоофил қойшылар өздерін көпті көрген мачо сезінеді.
zhandarm
иа, ондай болады екен ауылдың 83- тің балдары бірінің үйіндегі жуас қашарын талпаға салып айдап алыпты 9- шы сыныпта журген кездерінде муше қапсыз, міні ауылда не болмайды десеңші
Marco
еще қазақта секс болмаған дейміз
Marationok
Мына жерің түсініксіз екен, 83- тің балдары, олар 1983 жылы туылған балдар ма? Қай ауылда? Фактілерді жария ет енді. Біз де біле жатайық.
zhandarm
казір солардың бәрі бір-бір үйдің от ағасы болып отыр балдары бар, бірақ алғашқы сезімдерін бөліскен байғұс тананы олар ұмытпайтын шығар
Gulistan
Шегіп алған болар. Мен баяғыда естігем бір көршіміздің баласы ішіп алса мал іздеп кетеді деп
Gastarbaiter
бір көршіміздің баласы ішіп алса мал іздеп кетеді деп
Ых-ых-ыхххахахаха ха-хәй… уйбай-ай… иыәхахахах-аха -ы-ы-ы.
Gulistan
Қазір есіме түсіп отыр, баласы «белая горячкамен» ауырған екен.
sammita
белая горячка ненізі мас кезде емес, одан кейінгі кейінгі халі)) көзіне жын-жыбыр, құрт-құмырсқа елестеп, шошып қуады.
Marationok
Мен де ойлап едім, неге орта Азияда тұратын адамдарды жаман сөзбен атайды. Әнеки де.
Өзімағамдардың өкілінің әңгімесі.
Gastarbaiter
Лібәд, тап солай кеңкелес бір шведті ұстап алып, бүкіл харам тірліктерді мойындатуға болады.
alisha
жуас қашарын талпаға салып айдап алыпты 9- шы сыныпта журген кездерінде муше қапсыз

Мүшеқапсыз деп нақтылауыңа қарағанда байғұс қашарың буаз боп қалған-ау, шамасы
Marationok
Осындай әңгімелер саған ұнайма, қалай өзі?
alisha
Мұндай пайым жасауға не түрткі болғанын да жаза кетсеңші, еш жерде мұндай ишара білдірмеген сияқты ем

Marationok
Кешір, бірақ, анау жоғарыдағы сөздеріңде ишаралап жатқан жоқсын ба? Көзімен солай көрінді.
alisha
Бұл әңгімелерді басқа сарындағы әңгімелерден бөліп қарамаймын, сондықтан да мұны «ишара» деп түсінуіңе жол болсын…

Былай тіміскілеуің «еркектігіңе» сын… ұсақ пікірлердің іште өлгені жақсы

Ұнаған жағдайда да, ұнамаған жағдайда саған бәрібір ғой, арандатар сұрақтар не керек? "Қалай өзі?" деген сұрағың үшін "қай" жаққа жіберсе де, обалың жоқ!
Marationok
Дегенмен, тұжырымдап, сүйсініп күлгеніңе қарағанда… қызық көрінеді негізі.
Әншейін ғана сұрақ болатын, артық кетсем кешір, оған ренжудің қажеті жоқ. Жаман ойларым болған жоқ негізі.
Abilakim
біздің жақта жоқ бұндай әрекеттер.Ешкім ренжімесін,әскерде жүргенде оңтүстік жақтың балаларынан естігенде таңқалғанмын. Бұл жерде жерге бөлініп тұрғаным жоқ, тек алғаш сол жақтың адамдарынан естігенімді айтқым келіп отыр
jako_83
қазір Тарбағатайдың тойы спорт залда емес дәу тойханаларында отпейді емес пе?
kozildirik
Тарбағатайға бармағалы қанша уақыт, балалық шақты еске алып отырмыз. ТОйхана салынша палатка, спортзал, интернат, бәрінде өте беруші еді ғой
jako_83
тарбағатайдың палаткасында откен бір екі тойға қатысып едім,құлағалы тұрған спорт залдарына қалай жасады екен
kozildirik
Спортзал әдемі ғой. Менің мектеп бітірген кешім сонда өткен) Сол жерден өмірге деген кәмелеттік аттестатымды қолға ұстатып аттандырып жіберген)))
VKM
вай, сонда көзілдірік тарбағатайлық па? Тарбағатайлық жігіттерді-«хирурги без образования» дейді ғой,Өскеменде))))
kozildirik
Шығыс Қазақстанда Тарбағатай ауданы бар, Сіз айтып отырған сол. Мен Аякөз ауданының кішкене Тарбағатай деген аулынанмын)
Ottegin
Ауылда таңғы сағат сегізде ноқта-жүгендерді алып, жұрт жылқы қамайтын қоршау басына жиналады, түні бойы бағылған жылқыларды сол жерге қамап, саулатын биелерді үйіне әкетеді. Басына ноқта кигізілетінін сезген құлындар қоршаудан шықпай зайыпты алады, сол жерде құлынға құрық салған жылқышы өзін родеодағы ковбойдай сезініп қалатын.

Қыстың соңы кезінде далада бағылатын жылқы арасынан жабағыларды үйге әкеледі, соларды үйретіп мінуші едік, оппы қарға кіргізіп…

Жазда бұзау үйрететінбіз
kozildirik
Жазда бұзау үйрететінбіз
Ия, тай үйреткен сияқты оның өзі кәйпі болатын
zhandarm
ол қандай кәйіп әлгі 83- тердікіндей емеспа
kozildirik
Зоофилияға бұрма. Ішің тартып тұрса да
Abilakim
Бұзауды бұзаумен бағушы едік)))Бұзау көкпарлар ұйымдастыратынбыз жайлауда
Marco
Ай, епті, осы бұзаумен жазалауды сол кезде көрген естіген емес пе едің?!
Ottegin
Ауылдың маңында өсетін қайың ормандарына шілде айында жидек теруге баратынбыз, кейін тамыздың ортасында тау шиесі пісетін, «дос болған» қыздармен сол «шие теруші» едік.
Aidakonya
ауылды жигиттери жаксы болады шеее
kozildirik
Қалаға келген соң бұзылады ма?
Aidakonya
иә, жаман бұзылады
kozildirik
Мүмкін жақсарады? Біраз нәрсеге көзі ашылып?
Aidakonya
нет, керісінше барине ашық көзбен қарап жүреді, қалаға келгеннен кейін көздерін көп нірсеге жауып жүреді
kozildirik
Серьезное обвиинение Осы жерден толығырақ…
Aidakonya
ну вот, ауылда жүресін, ой-бай, ай-бай деп бір қысқа юбка кисен барлығы, бәленшенің қызы сұмдық екен, и ауылдың жігіттері ол қызға қатал қарайды ше, өз қарындастарына, қалаға келеді бітті, все ходят, сен де жүр дегендей ғо
kozildirik
причем жігіттер? Юбка киетін қыздар? Кінәміз не??? Қыздардың өз ақылдары бар шығар деп үміттенемін
Aidakonya
әлбетте, үмітсіз ібіліс, но все же, қала жігіттері қатал болса, мен қысқа юбка кимеушіме едім…