Алматылықтар, тегін фотокурсқа қатысыңыздар



Фотоаппарат пен фотожурналистикаға, жалпы фотоөнерге қызығатындарға жақсы жаңалық бар. MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Фотожурналистика негіздері» курсының соңғы тобын қабылдап жатыр. Сабақ алдағы аптаның сейсенбісінде (19 маусым) басталады, сәл кешірек хабарлағаным үшін кешірім сұраймын.

Жалпы курс тегін, 2,5 ай уақытқа созылады.

Курсқа журналистика факультетінің студенттерін, журналистерді, қоғамдық медиа ұйым өкілдерін шақырып отырмыз. Бірақ бұл шектеу емес, егер сіз «фотожурналистикаға» қызықсаңыз, өтініш жіберуіңізге әбден болады.

Сабақ кешкі 18.00 мен 20.00 аралығында сейсенбі және бейсенбі күндері MediaNet оқу кеңсесінде өтеді.

Қатысамын деп ниет білдірген адамға қоятын бір шарт бар: адамның өзі баптауларын өзгертіп ала алатын функциясы бар («М» деген әріппен белгіленеді әдетте, «ручная настройка») фотоаппараты болуы керек (фотоаппарат кәсіби ме, «мыльница» ма, жоқ телефонда ма — маңызды емес).

Бұл гранттық жоба, Қазақстандағы Финляндия елшілігінің қолдауымен өткелі отыр.

Сабақты Vox Populi, Курсив, Pro Sport, Қазына, Men's Health секілді басылымдарда істеген, The Economist, Forbes және Esquire басылымдарда жұмыстары жарық көрген Егор Скоробогатов өткізеді.

Сабақ орыс тілінде жүреді.

Қатысамын десеңіз aliziyadin@gmail.com поштасына аты-жөніңізді, байланыс мәліметтеріңізді оқу немесе жұмыс орныңызды және біздің талапты орындай алатыныңызды көрсетіп жазып жіберіңіз.

Сұрақ болса, телефон міне: +7 727 261 66 69, +7 702 490 17 67
Бөлісу:

8 пікір

Marco
Неге Астанада жоқ!!!
satibaldi
«Алматы — Қазақстанның мәдени орталығы болып қала бермек. Астана қолдан жасалмайды». © Ссотонодан үй бермейтін болғасын Алматыда қалып қойған мәдениет обиженник-қызметкері
monti
жалпы фотоөнерге қызығатындарға жақсы жаңалық бар.

Для участия приглашаются выпускники вузов по специальности «журналистика», действующие журналисты, медийные организации, заинтересованные в получении новых навыков и знаний в журналистике.
деген соң біздерге болмайд кен десем
күшті курс ғо нау әттең басқа жоспарларым бар
Zhanylai
уау, уау,  Алматыда болсам, қатысуға тырысамын
aizhan
мммм… осыған барамын деп жоспарлап жүр едім, дәл сейсенбі, бейсенбі биім бар) басқа күндер өткізілмей ме?
Erbol
Димаш, фотоапарат деген не деген сияқты кіріспе сабақтарын жіберіп, таза түсіру жұмыстарын үйрететін сабақтарына қатысуға бола ма?