УЕФА қақпашыларды қолдайды
УЕФА-ның Денсаулық сақтау және футболшы психологиясы департаментінің зерттеулері бойынша футбол ойыны кезінде ең көп психологиялық зардап шегуші аймақ қақпашылар екен. Қақпасына гол жіберудің өзі оларға соққы болғанымен, өз командасының голдарына да көппен бірге қуана алмауы олардың психикаларына үлкен әсер етеді екен. Осындай себептердің салдарынан қақпашылардың жеке өмірлерінде түрлі мәселелер туындап жатады. Атап айтқанда суицид оқиғалары, агрессия және ажырасу жиі кездеседі.
Департаменттің 5 жылғы сараптамасы оң нәтиже беріп, УЕФА басшылығы қақпашыларды бұдан кейін ерекше қамқорлыққа алатын болды. УЕФА президенті Мишель Платини бұдан кейін қақпа артында 5 адамнан құралған қақпашының отбасы мүшелері немесе достарынан құралған топтың тұруына рұқсат берді және бұл топ команда гол соққанан кейін 1 минуты аспайтын уақыт ішінде алаңға кіріп, қақпашымен бірге гол қуанышын бірге бөлісе алады. Сондай-ақ ойын кезінде қақпа артында тұрып қақпашымен әңгімелісіп тұруларына да рұқсат. Аталмыш шара 8 маусым күні Польша және Украинада өтетін Еуропа елдері біріншілігі ойындарында алғаш рет іске қосылмақшы.
Жаңа шара Еуропа біріншілігінен кейін Еуропа лигасы және Чемпиондар лигасы іріктеу ойындарында жалғаспақшы. Ал 2013 жылдан бастап УЕФА-ға мүше барлық елдердің ішкі біріншіліктеріне де міндеттеледі.
Дель Боске (Испания құрамасының бас жаттықтырушысы)
Өте дұрыс шешім. Мұндайдан әсіресе көп гол соғатын Барселона, Реал сияқты командалардың қақпашылары зардап шегетін еді. Қақпашы жарты команда демей ме? Сол сияқты қақпашының психологиялық тұрғыда да дайын болғаны керек бізге.
Петр Шмейхель (СГЛ — Скандинавия Голкиперлер Лигасы тең төрағасы)
Өзім де талай жыл қақпашылық қызмет атқардым. Әсіресе Манчестердің Юнайтед командасында ойнаған жылдарымда команда көп гол соғатын еді. Сол голдарды бірге тойлай алмай қапа болатынмын. Бұл ұсынысты УЕФА-ға біздің СГЛ ұйымы ұсынған еді, нәтижесіне қуаныштымыз. Өзімнің ұлым да қақпашы, енді оның болашағына алаңдамаймын.
Константинос Халкиас (Грекия құрамасының қақпашысы)
Мұндай шешім қандай нәтиже әкелетінін білмеймін. Былай да жаман емес. Біздің командада ондай мәселе жоқ.
Джонатан (Англия құрамасы қақпашысы Джо Харттың құдабаласы)
Құдай қаласа Еуроға барамыз. Қуаныштымын!
Касильястың журналист қызы қақпа артында тұрып мазалайтын еді
(Лібә, осы зерге атын заз зверп, зындандырсам ба екен)
Финалда бір жарым сағат + 5 минуттай анандай қолдаушылар тобының капитанымен әңгімені соғып отырып-ақ чемпион боласың, ең бастысы — сол үшін сыйлық ақша аласың