Керектіктерді сағынатын болдым!!!

осылай, бүгін жұмыста соңғы күн отырмын, ертеңнен бастап декрет деген демалыста боламын… сонымен сендерді түрлі сериалдар туралы ақпараттардан алыстататыныма қуаныштымын))) өзіме де ұнамаушы еді

Есесіне әңгіме айта алмай қалар ма екем)))
Енді анда-санда кіріп тұрамын))) Админ мырза менің логинімді өзгертуге бола ма… көмектесші
Бөлісу:

38 пікір

Aikona
Аман-есен босанып арамызға қайтып келіңіз, түрік сериалдарын талқылайтын бізге адам керек
Daniar-Alan
ертеңнен бастап декрет деген демалыста боламын

уақыты жақындады ма әлде…
edige
"жоқ, жәй өзім" десе я
 аман есен оралыңыз!!!
vebred
бір жарым айдай қалды
VKM
ваааай, күшті ғой.Жақсы хабар күтеміз!
aikarakoz
Жеңіл босаныңыз! Мен сізді ұл деп ойлаппын
vebred
ха ха ха өзім де өмір бақи жігіт болуды армандап жүрмін)))
asaubota
логин өзгертілмейді. жаңа логинмен тіркеліп, үйден кіріп отыр енді.

демалыс құтты болсын! жеңіл босан!
vebred
Онда осы атыммен-ақ жүре берем!!! Рахмет!
AKA
Аллаһ жеңілдігін берсін! Сүйінші хабар күтеміз иншАллаһ! Демалыс күшті өтсін.
vebred
туу, көңілім көтеріліп қалды бәріңе рахмет!!!
Korkem
Соңғы кездегі Керектегі ең қуанышты пост осы шығар))) Құттықтаймын))
Adiletshu
Түріктің мыжыма сериалдары туралы пост азаятын болды
alisha
Жаныңыз аман қалып, аман-есен сәбиіңізді құшыңыз! Жұғысты болсын бізге де
TOTY
Қазақтың санын көбейткелі үшін демалыс алғаныңа алғыс…
Gulistan
Риза, аман-есен босанып, ортамызға орал!
Tarazkyzy
Демалысыңыз құтты, босануыңыз жеңіл болсын! Жұғысты болсын біз сияқтыларға
vebred
Ниет етсеңіз, міндетті түрде жұғысты болады… Тек бір Аллам берсін!!!
sammita
бұл жерде тек ниет жеткіліксіз болады-ау))
mercedes
Әрекет әрекет десей Тука сияқты. Бомаса өзім көрсетейін де.
vebred
Мен мұнда кірмегелі біраз жаңалық болыпты, дизайн өзгеріпті, әдемі!!!
Айтпақшы, қыз босандым, төрт келі))
omarbirat
Бауы берік болсын
VKM
уау,құтты болсын.Қандай бақыттысыз!
asaubota
құттықтаймын Риза! биыл қыздар жылы болып жатыр.
Daniar-Alan
Айтпақшы, қыз босандым, төрт келі))
дәәәууу қыз болсын
Marco
Бәрекелді!!! Бауы берік болсын!!!
dark_nazgul
Бауы берік болсын!
aikarakoz
Бауы берік болсын!
ademi_alem
Бауы берік болсын!
Aldeken
Құтты болсын! Бауы берік болсын!
bambad
Охо, қызыңыздың бауы берік болсын! 4 келі деймісіз? Енді 16 жылдан кейін қазақтың ауыр атлеті шығады деңіз. Қазақ Чиңжаңұлысы ғой ол. Айтпақшы, аты кім?
a63a1
4 келіге таң қалып қажеті жоққой дим, кейінгі кезде екенің бірі 4 тен туа беретін болыпты, бұл біздің ұлтымыз іріленіп бара жатқан тәрізді, кытайлардың нақты қай жылдан бастап екенін білмеймін 15 см- ге бойлыры узарыпты дейд. генетиктер барма? ия айтпақшы бауы берік болсын сәбидің.
Daniar-Alan
ия. біздің тұңғыш та екіншісі де 4-тен асып туды…
vebred
Бәріңе рахмет!!! Айтқандарың келсін. Жалпы жаңа туған сәбидің салмақты болуы расында да негізінен анасының аз қозғалуына байланысты болады… Бірақ салмақты болып туылған баланың иммунитті де жаман болмайтын секілді…