Терезе
Ол теледидардағы ауа райына да, интернет беттеріндегі болжамдарға да онша мән бермейтін. Қай уақытта тұрса да көзін тырнап аша салысымен терезеге қарайтын. Дұрысы терезеден далаға. Адамдар шолақ жең киімен жүрсе бұлда солай киініп, күрте киіп жүрсе сәйкесінше бұл да солай киінетін.
Кеше түні бойы бір сайтта әлдебіреулермен пікірталастырды. Не бұл оларды түсіне алмады, немесе аналар шынымен сөз ұқпайтын жандар. Бірнеше мәрте кофе ішіп, бірнеше мәрте оттығын қолына алып, мұрнынан будақ-будақ түтіндер шығарды.
Бүгін ұйқысы қанбай оянды. Екі сағаттан сәл аса ұйықтаған болар шамасы. Бүгін бір мекеме жұмысқа аламыз деген, солармен алдын-ала әңгіме-дүкен құруға барады. Ояна салысымен терезеге қарады. Ешқандай жан баласы көзіне ілінбеді. Көздері құйрығымен кері қарай, дәлірек айтсақ, құйрығымен алға қарай ұшып бара жатқан торғайларға түсті. «Далада жел қатты екен» деген оймен қалыңырақ киініп алды. Автобуста қалың киіммен отырған бұған жұрттар қайта-қайта мойындарын бұрып қарай берді.
Көп шегіп қойған тәрізді…

үш қатықбас шегіп алып:
— ее лібә айтпаңдар қатып алғанымызды, айырам депті
содан автобусқа мініп алып келе жатса Кондуктор:
— ее не шегіп алғансыңдарма?
— қайдан біліп қойдыңыз???
— үшеуің бір орындыққа отырып алсаңдар білмегенде қайтем — депті