Firefox — қызыл панда


Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Caniformia (Ит пішіндестер)
Тұқымдасы: Ailuridae (Кіші панда тұқымдастар)
Түрі: A. fulgens (Кіші немесе қызыл Панда, Жылтыр мысық, от түлкі деген атаулары бар)


Бұ хайуанның бойында иттұқымдастарға да, мысыққа да, аюларға да, жаннаттарға да ұқсас белгілер табылғандықтар пьяншік ғалымдар біраз жылдар бойы қай тұқымдасқа жатқызарын білмей тас қатырған. Ақыры Ailuridae (Кіші панда тұқымдастар) өз алдына бөлек тұқымдастыққа жатқызбақ болып шешкен. Талқыларда кейде оны борсықтың туысы деп те артын жыртып айқайлайтындар бар.

Бірақ қарапайым ғаламторшыға бұл хайуан тек Firefox — тың символы (Оттүлкі, Огненая Лиса — деген қате аудармалары бар) сүйкімді «няшка» ретінде танымал. Оның «От түлкі» атануы Қытай тілінен Ағылшын тіліне енген калькасы. Алғаш көргендер солай атаса керек.
Сонымен қатар, бұл сүйкімді жануар культтік «Кунг Фу Панда» мультфильмінде Шифу Ұстаздың рөлінде ойнайтынын екінің бірі білмейді.

Ал енді суреттерді тамашалайық:

<







суреттер: wikimedia.com, www.savetheredpanda.com
Бөлісу:

12 пікір

patick
Шифу ұстаз осы де. Рахмет, енді білетін болдым.
FaraOn1
Шифу ұстаз панда болғаны ма сонда?
Marseille
Шифу өзінің тұқымдасына «крыша» болғаны ғой сонда
Gastarbaiter
Қызыл Панда мен Үлкен панданың арасында онша туыстық жоқ көрінед, атауынан басқа
Abilakim
«Шифудың» кім екеніне бас қатырмаппын да. Мынау маған тың мәлімет болды.
omarbirat
Ал мен Шифу қандай жануар болды екен деп жүр едім, бірақ іздестірмеппін. Біліп жүретін болдық. Рақмет
a63a1
маймыл тұқымдасқа да ұқсата салуға болад екен
Gastarbaiter
Артқы аяғында итпішіндес хайуандардан тек аютұқымдастар тұрып жүре алады.
Abilakim
Үш еркектен бала тапқан «Келін» секілді, о баста бұл жануарлардың үлкен шешесі қанша аңмен жақындасқан екен?!
mercedes
Мозилла браузері сонда осы жануардан алған ба атын?
punk
қос мәліметке қарық болдым, интернет-браузер және Кунг Фу Пандаға қатысты. Соңғы сурет әсерлі шығыпты, рахмет