Кішкентай Ғазиздің үлкен жүрегі

Кім-кімнің де өмірінде бүкіл шаблондары морт сынып, әлемге басқаша қарайтын кездері болады. Оған себеп те әртүрлі. Біреуге кітап, біреуге фильм. Біреуге түсіне аян келеді. Төмендегі жазбаны 2008-жылы жариялағанмын, қағаз баспаға да менің рұқсатыммен шыққан болатын.
Мынау редакциядан өтпеген нұсқасы, қатты әсердің үстінде жазғаным білінеді. Мүлде басқа стиль, мүлде басқа Гаста. Қазір олай жазбаймын, жаза да алмайтын сияқтымын. Өйткені, тап сондай әсер беретін, тап солай таң қалдыратын дәнеңе кешіп жатқаным жоқ.

***

Құдалыққа күйеу жолдас болатынымды білмеген едім. Аяқ астына жиналдық та, кеттік.
Басымда: *Ой бір қыдырыстың түбін түсіреміз -ау!*, *Қыз-жолдас сұлу ма екен е? Бүгін кімнің басын айналдырады екем! Тәәк, ертең жұмыс, бүгін көп қыдырмайық!* — деген сияқты бір-бірімен алысқан пенделік ойлар…
Ұзын мерседес минивэн ішінде кетіп барамыз. Жүргізуші бала,
Арман Қажы ағамыздың екі жиені және мен.
Арман Қажы туркияның қазағы. Төрт-бес мәрте қажылыққа барған иманы берік мұсылман ағасы. Бірақ сыртына қарап олай демес едіңіз. Кәдімгі кәсіпкерлерше жеңіл киінеді. Еш атық әңгіме айтпайды, әрине бір жағынан үлкендігі бар ғой, сондықтан да байсалды шығар, деп түйдім ішімнен.
Үйленгелі жатқан Мұрат досыммен Арман аға туркияда танысқан.

Машина Алматының сырт көшелерімен зулап, Сарысуға жақындап қалды. Жүргізуші, машинасының жақсы жақтарын тағы бір мақтап қойды.
Өлтіріп бара жатқан шөл мен ыстықтан біз бір дүңгіршектің маңына тоқтап, сол жерден сусын алмақшы болдық.
*Ағасы ішіңіз!*- деді бір кезде әлгі екі баланың үлкені — 11 жасар Ғазиз. *Рахмет*-дедім де екі ұрттап ішіп болып өзіне қайта бердім. Кіші бауырын құшақтап отырған ол, бөтелкені алып, 4 жасар інісіне берді.
Сөйтіп, зерігіп отырған мен, ол баламен, әңгімелесіп кеттім.
Сонда бір қызық құбылысты байқап қалдым. Ол бала 11 жасар болғанымен, мінезі сондай ашық, сондай бауырмал екендігі. Алдымда кішкентай пайғамбар отырғандай болдым. Оның бір ұнағаны — ол бүкіл хадистерді жатқа білсе де, ешкімге ақыл айтып, зеріктірмейтін.
*Үлкенді сыйлау* деген сезім оның басына мүлтіксіз қағида ретінде ендіріліп қойғандай.
Кішкентай інісін бір сәт назарсыз қалдырмай, отырса кейбір ағайынды балар секілді болмашыға төбелесіп, не тиісіп жатқанын көрмедім. Мінезінің салмақтылығына қарамастан, жанары сондай жылы.
Қасындағы төрт жасар інісі біреуге еркелеп, мазақтаса… Оған қоса күлмейді, қайта қолынан қағып жіберіп, *енді олай жасамаймын де! — дейді. Ал кішкентай бөбек оған дәл солай *-Енді олай жасамаймын!-деп жауап қайырады. Біздің қазақстандық балалардыкіндей -* Ы-ы… кет ба-а-ар… Ойнямайм!*деген ырбық мінездің көлеңкесі де жоқ. *Тәубе қылдым!*- деп айт деп дисциплинасын жалғастыруда Ғазиз. Және бір маңыздысы, оның қылығында *на публику*, * на камеру* деген бір де бір ниет жоқ. Барлығы табиғи, еш жасандылықсыз.
Шынымды айтайын, әлгі баламен әңгіме айтсаңыз, оған немқұрайды қарай алмас едіңіз. Не деген сабырлылық, сөйте тұра недеген сыпайылық пен өзін өзі ұстау қабілетті десеңші!
Кейбір баланың сыпайылығынан, *Ій, мынау балақайдың сыпайылығын ай! Таудай жігіт бол!* -дегің келсе, бұл жерде құлағымды кесіп беремін, кімнің болса да аузына құм құйылып, тек сол баланы бақылаудан ғана жаны жай табары анық.
Бірақ мына жерде оған тіпті бірдеңе деп айтуға ұялып кетесің. Өзіңді сондай күнақар, және лас сезініп, оған бірдеңе деп айтсам, тұнық суды лайлаймын ба деп қорқасың. Тіпті Ғазиздің көзінше, жолдастарым темекі шегуге ығайсызданып, әрірек кетіп шегіп жүрді. БОқтық сөз айтса, аузын жауып қалып, кәдімгідей мүсәпір болды. Құдіреті күшті Аллаһ ең үздік оқушыларының бірін біз сияқты, бір қолына құранды, бір қолында сыраны ұстап жүріп ұялмай жер басып жүрген күпірлерге мысал болсын деп жібергендей.
Туф, мынадай балаға тіл көз де тимейді. Неге десең — Оның иманы осы отырыстағы бір жағынан *давай, давай невесту пропьем! Горька* бір жағынан, *Атаға тие берсін! Құран оқиық!*, екінші жағынан *Әй, қызым алдыңнан Алланың ақ жолы ашылсын* — десе, үшінші жағынан дәл сол адам *Әй мына *Бір *Хуторянка* (арақ маркасы) мен сарқытты ауылдастарыңа апарыңдар мәз болып қалсын!* деп былжырап отырған дүмше қазақ болған жүзімізден де артық! Ал иман күшті балаға тіл көз түгіл, қырық жын да тие алмайды.
Ол бала барлығына үн түнсіз көзі жыпылықтап қарайды. Үлкендерді сылай тұра, көз жанарында *Оңбаған кәпірлер!* деген сынау мінеу емес, қайта *Ай, адасқан ағаларым -ай* -деген аяныш сезімі байқалады…
*Мен арақты бірінші рет көруім!* деді бала сонда. Бізде Пәкістанда арақ атауымен жоқ.* деді.
*Зато есірткі толып жатыр!* -деп біреу өткір әзілшісымақ болғысы келіп еді, оны досым екеуіміз екі жақтап ала көзбен тұншықтырып жібердік. Өзінің айтқанына өкінген ол үндемей қалып, *Қой құрсын, сыртқа шығып темекі шегіп қайтайық!*- деді. Барлығы сыртқа шығып кетті. Мен Ғазизді екі қолым дірілдей алдыма отырғызып алдым. Жүрегінің сондай ашықтығынан, алқымыма тәубелік пен өкініш сезімі келіп тығыла қалды.
Отырыстан кейін, барлығының аузында Ғазиз. Ғазиздің күлкісі. Ғазиздің жанары. Ғазиздің жауапкершілік сезімі. Ғазиздің ұстамдылығы.Жарты сағат әңгіме болды да, Ғазиз-ғазиз деген үн тыйылып. *Ал давай!* деген сөздер жеңіп кетті.
Ең қызығы сол отырыста Ғазиз көп сөйлемеді. Оған бәрімізге осы жаста тән болған, ұялшақтық та тән емес. Алладан басқа ешкімнен, және ештеңеден қорықпайтын, үн түнсіз-ақ Құдайдан сауап жинап шүлдірлеп жүрген бөбекті ойлай-ойлай, менің сан соққыдан тыртық -тыртық болып, тас боп қатқан жүрегім жібіп, көзіме жас келді.
*Інім, Аллахқа шүкүр маған сені кезіктігеніне!-дедім де, әлгі құшақтап отырған төрт жасар бөпенің бетінен сүйдім.
Үйге жеткенше ойымда сол балақай. Құлағыма су толтырып тастағандай ештеңені естімеймін. Алланың мұсылмандарға дайындаған пейішінің мыңнан бір бөлігін өз көзіммен көріп қалғандай әсердемін. Маған ештеңе қызық болмай қалды.
Егер пейіш жай ғана бір көріксіз шөл дала болып кетсін мейлі, жан жағыңда осындай Ғазиз секілді адамдар жүрсе, тек сол неткен ғажап жер десеңші!
Ғазизбен тілдескеннен кейін, маған өзім де, бүкіл өмірім де имандықтан алыс көрінді.
Ғазиз, ғазизжан, осыны оқитын болсаң, айтарым алған жолыңнан қайта көрме. Иманың беік болсын!
..*Көріп отырсың ғой өзіңе ағасымақ болып отырған біздің сенің алдыңда қандай бейшара күйде жыбыр жыбыр күйбең тіршіліктің құлы болып жүргенімізді.*
Менің бірде досым *Бүкіл өмірімде ішіліген арақ көлемі мен, жылуынан нәр алып, құшқан сұлуларымның санын осы Ғазиздің ұстамдылығы мен ізеттілігіне ие болу құқығына алмастырар едім!* — деп. Сонда мен оған: — Е… Сенің қыз қырқының мен ішкен арағың бұл балаға беш тиынға керек емес. Жұмақтың құнын арзан бағалап, біз сияқты әлдебіреуге қолдан бере салатын бала емес бұл..* дегенім бар еді.
Мен жалпы жалған әсерге берілгіш, әлжуазбын деп айта алмаймын. Бірақ сол түні ұйқым қашып, қатты толқып көзіме біраз жас алдым.
Бөлісу:

38 пікір

zholantai
керемет жазба, әсермен жазылған дүниелердің дұрысы деп білемін,
Өйткені, тап сондай әсер беретін, тап солай таң қалдыратын дәнеңе кешіп жатқаным жоқ.
Zevs
УАУ! Мен сенен дәл осындай жазба күтпеген едім! Шын ниетімммен, бар көңіліммен «Жарайсың» дей отырып «алғыс» айтамын. Көз алдыма ертегінің кадрлары елестегендей болды! Эмоция басым болса да, дәл сол кездегі сезіміңді дәл жеткізгендейсің! Ғазизды көрген сен де бақытты екенсің! Сол оқиғадан қаншалықты сабақ алдың?
Gastarbaiter
Бала тәрбиесіне араласу үшін, бірдеңе бүлдіргенін күтпеу керек. Әдетте көбі, бала жыламайынша, не бірдеңе бүлдірмейінше оған мән де бермейді.
Содан бала эгоист, өзіне жылап, бауырын сабап, не бірдеңе бүлдіріп назар аудартуға бейім болады.
alisha
Ғазиз сияқтылар ілеу де біреу, бірақ жоқ емес. Біздің сорымыз — оларды байқай бермейміз.

Жазба өте әсерлі. Ғазиздің ғазиздігін сездіре алдың. Саған ғашық болып қалам ба деп қорқам
zholantai
Саған ғашық болып қалам ба деп қорқам
, болады, болады
Zevs
мәссаған «признание»
Abilakim
сол әсермен намаз оқып кетсең де болғандай екен. Жақсы жазылған,ұғыныңқы
Gulzhanat
Жазбаны бірдеңе деп комментировать ету как-то излишне...Өмір жасы ұзақ болсын балақайдың! Жаратушының кереметтерінің бірі шығар.
aza
Иншалла, қазір көбейді ғой мұндай балалар мен жігіттер… Нұрбек Бекбау деген досым бар… Жүзінен нұр тамшылап тұрады сол жігттің де! Рас айтамын, ол сөйлегенде тілім байланып қалады, тыңдай бергім келеді. Жүзінен нұр төгілген деген тіркестің растығына сенем…
konvict
Қазір ол бала қайда?
aza
Астанада
Armanjan
журналис емес пе сол.
aza
иә, иә, Ұлттық арнада тілші
Armanjan
бәсе қателеспеген екем ғой, Павлодарға келіп жатса біздің үйден шәй ішіп кетсін.
aza
Айтайын, Арманжан айтты десем таниды ғұә?!
konvict
Әй, мен Бекбауды емес, Гастаның Ғазизін сұрап едім. Пікірдің кімге жазылғанына қарасаңдаршы, ық ық
aza
Мен Бекбауды емес, Нұрбекті айтқам, ықықықықы)
Gastarbaiter
Ол бала есейіп, поллюция, эротикалық түстер сияқты табиғи жыныстық жетілу белгілерін бастан кешіп жатыр деп тұжырымдадым.
Адам ретінде қалай өзгергені беймәлім.
Adiletshu
Жақсы жазынған екен. Бұрын оқыған сияқтымын. Қандай газетте жарияланды?
a63a1
Адамдар бәрібір өзгереді. қоғам сындырад любойын
Zevs
бір сыныпта кілең бестікшілер отыратын болса, солардың ортасына үлгерімі нашар баланы әкеліп қойшы! қалай білімдар болып кеткенін сен емес өзі де байқамай қалады! Так что барлығын орта өзгертеді
VKM
Тамаша әңгіме...әсерлі.
Gastarbaiter
По черному қаңғып жүрген кез екен сол кезде. Біз барған үйдің адамдары да шетінен алқаш болды ма деймін.
Өтірік айтып не керек Ғазиз сияқты ұстамды балаларды кейінен көп көрдім, тіпті христиан бауырлардың арасынан да.
Тек тап осындай арақ суша төгілген, әркім аузына келгенін айтып, қай жерді ұйқтап қалғанын білмей қалған жын буған атмосферада емес. Сол сәйкессіздік пен контраст қатты әсер еткен болуы керек.
AL-ASTER
Бір деммен оқылған пост болды.
Zevs
сөзіңе қосыламын әнші жігіт!
Gastarbaiter
Асығып отырып, Абзалмен шатастырдың-ау деймін.
AKY
қайдан білесің, бұл да ән айтатын шығар ым-жымдары бір жастар ғой, шатастыруы мүмкін емес)))))))))))
Gastarbaiter
Аль-Астер соншалықты жас емес Нұржол Қазнетте сенен әлдеқайда ертеде белсенді боп жүрген жігіт. Ұмытпасам, IT маманы ол да
AKY
Қазнетте қашаннан жүрсе де, жасы кіші екені анық. Астанада өткенде кездескенбіз
Ал ымы-жымы бір екенін Нұржолдың өзі де жазыпты әні. Менің де меңзегенім сол еді.
AL-ASTER
Таксист те бір оқпен екі клиент атты деңіз)
AL-ASTER
Бұл қыздың пікіріне осы пост кінәлі көрінеді
Gastarbaiter
Cенің ҚазНеттің ветеран қолданушысы екеніңді айтқым келген. Қалғаны маңызсыз.
aizhanka
ote keremet jazilgan, tym aserli
mercedes
Бұндай адамдар көп…