Ең биік телемұнара
Жапон елінде әлемдегі ең биік телемұнара ашылды.
Құрылысы 2008 жылы басталған «Tokyo Skytree» телемұнарасының ашылу салтанаты кеше, яғни 22 мамыр күні, болды. Биіктігі 634 метр мұнара тек телерадиотолқындарды таратып ғана қоймай, жұртшылықтың көңіл көтеруіне де жағдай жасайды. Мұнараның ішінде 300-ге тарта дүкендер, мейрамханалар, аквариум, планетарий және театр бар. Кіру билетінің құны ересек адам үшін орта есеппен 2000 йен-ге тең, бүгінгі курспен 3720 теңге.
Мұнараның 350 және 450 метрлік биіктігінде шолу алаңқайлары орналасқан. Келушілер осы орындардан қаланы тамашалайды. Тіпті күн ашық кездері астанадан 200 шақырым қашықтықта орналасқан «Фукусима-1» АЭС-ін де көруге мүмкіндік бар. «Tokyo Skytree»-дің жұмысын үйлестіруші оператор-компанияның мәлімдеуінше, билеттер 10 маусымнан бастап тек онлайн ретте сатылады. Мұның алдын әлемдегі ең биік мұнара мәртебесін Гуанчжоудағы 600 метрлік «Canton Tower» мұнарасы иемденіп келген болатын.
Жапондар жарады. Текке телемұнара салмай, ақша табудың жолын да қарастыра жүреді.
Нысанның ғаламтордағы ресми мекені мұнда.
иесі мұнда
Ал, қазақ даласындағы Алматы Теледидар Мұнарасының биіктігі — 372 метр.
Әлемдегі биік телемұнаралардың алғашқы ондығын қорытындылағаннан кейін, екі аттап 12-ші болып нүктесін қоятын еді. «Tokyo-Skytree» салынғалы бері 13-орынға түсті. Алайда, Рихтер шкаласымен 10 баллдық жер сілкінісіне шыдас беретін нысан үшін — 372 метр мақтанарлық жұбаныш… ҮТІР
фото

Неге осы ең биік мұнара, ғимарат тұрғызу қиын? Қаражат қазір барлық елдерде, тіпті қаззақтарда бар. Неліктен бөрікті жерге бір ұрып, 10 километрлік мұнара салып тастап, әлемге жыртылмасқа? Қандай техникалық-технологиялық пробелмалар бар, Zilola -сстың? Не кедергі, AKA -сс ??? Білгендеріңше түсіндіріп өтсеңіздер екен.
суреттің құқығы Вячеслав Фирсовқа тиеселі,