Ауыл клубы

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылында жетпістен ғана астам отбасы бар. Бір кездері мыңға тарта түтіні болған бұл ауылда мектеп, мәдениет ошағы, бірнеше дүкен мен ауруханасы болған. Тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдерде ауыл халқы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына жаппай көшіп, ауылдан сән кетеді. Бір сөзбен айтқанда қазіргі Торайғыр ауылының жағдайы қиын. Ауылда талан-тараждан аман қалған жалғыз клуб бар. Міне бар мәселе осында. Ауыл әкімі осы клубқа Жұмағали Солтанбаевтың есімін беремін деп әуре. Ауылда жағдай қиын болса да, тұрғындар клубқа ат беруге келгенде қырық пышақ болып бөлініп алған. Бірінші топ Солтанбаев, екіншісі Ысқақов, үшіншісі Қасымов дегенді ұсынады. Бар мәселе осы Солтанбаевта екен. Оның баласы ауыл әкімімен “келісіп” қойған. Тұрғындардың айтуынша Солтанбаев кезінде мектеп директоры болыпты, бірақ “ішіп-жеп” қойғандықтан бірнеше мәрте жұмыстан қуылыпты. Осыны алға ұстаған Торайғырлықтар қас қылғанда тағы екі адамның есімін ұсынып ауыл халқын үш жікке бөліп жіберген. Ауданға, облысқа, кейіннен республикаға арыз-хаттар бірінен соң бірі кеткен. Істейін десе жұмысы, бағайын десе малы, шабайын десе шөбі жоқ ауыл тұрғындары қарап отырғанша, бірдеңе жасап отырайық деді ме, ауыл клубына өз кандидаттарының атын ұсынып, бір-бірлеріне бой берер емес. /Баянауыл жаққа барып келген әріптесіміздің әңгімесінен/
Бөлісу:

5 пікір

alisha
Тақырыбына қарап, Арманжан клубтың едені тесілгенше билейтін кездерін еске алып жатыр деп ойласам
Armanjan
негізі қысқа ғана жаза салдым, әріптестің айтуынша ауылдағылар шындап кіріскенге ұқсайды, бірінің сөзін бірі тыңдамайды дейд, тіршіліктері нашар, құдай-ау сонда клубқа ат бергендері не теңі дейд. Тіпті сырттан бір күш аздырып отырма деп жағасын ұстап келді. обшым қиын жағдайға ұқсайд.
zholantai
мынау қысқа жазылған болса, , осының өзінде адам аттарынан адасып кеттім,
aza
Епті ааай дешиш… Қазақ қо, намысы күйіп бара жатыр ғо)))
Nurshat
өнері озған, клубы тозған.