Ханшатырда түріктердің Эбру сурет өнері таныстырылады және концерт болады



Ханшатырда 19 мамыр, сенбі күні сағат 18:00-де Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түріктердің мәдени орталығының Эбру сурет өнеріне арналған шарасы өтеді. Қонақтарға Эбру өнері таныстырылып, мәдени орталықтың осы саладағы курсына қатысушылардың шығармаларының көрмесі өтеді. Келушілерге түрік кофесі ұсынылады және қазақ-түрік оркестрінің концерті қойылады.

Керекшілер, ертең бірге барып қайтайық. Ханшатырдың 1-ші қабатындағы алаңда, сағат 18:00-де.

Эбру су үстіне салынған бояулы өрнектердің қағазға өткізілуі. Мысалы мынандай:











Бөлісу:

18 пікір

konvict
Барайық, мен барамын!
asaubota
кофені байқап ішіңдер, өте ащы болады. біз баяғыда біреудің үйінде іше алмай техникалық түрде гүлдеріне құйып кеткенбіз
Kipshakkyzy
Осы Эбру сурет өнері ұнайды.
Marationok
интернетте құммен салған суреттерді көргенмін, соған ұқсас өнер ме өзі?
araika
Құммен салынатын суреттер ұнайды, әсіресе жұлдыз-жорамалдағы белгілерді салу
Marationok
жаға жайдағы құмды айтып отырсың ба? типі ұсыныс па.
анау, не еді аты, реалити шоу ма, анау мынау жасайтын ше, соны өз көзімен көрген жөн сияқты, бейнені көргенше, Астанада болсам барар едім.
соны камераға түсіріп ютүпке өткізіп жіберсе ғой адамдар… көретін едік.
araika


Осындайлар ғой, ал сенікі не жөнінде? Адресін айт, барып қайтайын
asaubota
жоқ, мынау техникасы күрделі өнер. су үстіне бояулармен өрнегі салынады да сосын қағазға түсіріледі. бүгін көрсетеміз деді қалай жасалатынын.
ken
Керуенде де сурет көрмесі өтіп жатыр.
Dinara
Асау жүрек сериалында осы Ебру өнерін көріп ғашық болғам баяғыда  миым жетпейтін қалай суға сурет салып қағазға алып шығады деп  Міндетті түрде барып көру керек, құнды өнер
asaubota
Астанада курсы бар екен, солардың көрмесі болады бүгін.

бейнелеу өнерін ұнататындар міндетті түрле келіңдер.
araika
Барғандар болса, айта отырсыншы! Жоспар бойынша сонда бармақшы едім, алайда Жас қанатқа жол түсті. Бірақ, уақытын өзгертіп жіберген бе, біз барғанда есік жабылып қалған. Үнемі осындай жағдай Конгресс Холда, өздеріне қалай ыңғайлы, соны жасап отыра береді
asaubota
көрменің алдында түрік-қазақ миниоркестрі концерт қойды және жалпы басынан соңына дейін музыка ойнап тұрды



мынау көрмедегі суреттер:







өкінішке орай жақсы фотолар түсіре алмадым. Нұрберген ертең шығарады газетке, соны күтейік.

жалпы көрме қызық болды, қалай жасалатынын да көрсетті. сол қызық болды. алдымен төртбұрыш металл табақтың ішіне су құяды. сосын соның үстіне майлы бояу тамызылып сурет алдымен судың үстінде салынады. сосын болғасын үстіне қағаз қойылады. қағазды сосын жоғары көтермейді, табақтың шетіне сырғытып алып көтереді екен. былай қарасаң бояуы араласып, сурет бұзылатын сияқты. бірақ бұзылмай таза көшірмесі шығады екен.
asaubota
қалай жасалатынын көремін десеңіз

Zhan
Матаны да осы әдіспен бояса керек. Бір рет осыған ұқсас "Қазақстаннан" хабар көргем.
zholantai
Біздің универде Эбру сурет өнерін үйрететін үйірме бар. Үйретушілер-Түркиялық азаматтар. Әр жылы кемі 2 рет көрме де болып тұрады. Көрмеге барып тұратынмын, енді жасалу жолын көргеннен кеін үйірмеге қатыспағаныма өкініп отырмын.
asaubota
Астанада болсаң курсқа қатысуыңа болады