Мұстафа Өзтүріктің тұяғы

Оның аты Нәзірбек(Nezirbek). Мюнхен қаласында тұрады. Мұстафа ағамыз бен Нүрилә жеңгеміз 1980 жылы үйленген екен. Тұңғыштары Нәзірбек 1981 жылы туылған. Қазіргі таңда бухгалтерлік мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Жалпы Мұстафа Өзтүріктің 3 баласы бар. Қалған екеуі қыз. Үлкені Несли, кішісі Аслы.
Очм, осы. Нүрилә жеңгей мен Нәзірбекпен болған сұхбатты «Нұр Астана» газетінен оқи аласыздар


Түркиядағы жарыс үстінде, алтын медаль арман болып тұрған шақта күміс пен қоланы жетістік деп санамайтын Мұстафа үміт артқан шәкірті Қайрат Қырғызбаевқа қарап «қазір күрек табасың» дейді. Өзі толқып тұрған жас спортшы жаттықтырушыға түсінбей қараса керек. Сонда Мұстафа: «сен алтын алмасаң, қазақ еліне қайтатын бет жоқ, осында көміп кетемін» депті.

Сәтсіз сайлау науқанындағы сапардан оралып келе жатқан Мұстафаның автокөлігі жолда тайып кетеді. Көкмұз үстімен шыр айналған автомобиль ақыры ештеңеге соғылмай тоқтайды. Іштегілер дін-аман. Сонда Мұстафа «бұл айналып кеткен мәшине емес – менің табаным» депті.
Алматыдағы цирк аренасына ақ киіммен шыға келген Мұстафа бүкіл халқының көз алдында өшпестей жатталып қалды. Сұрастырсақ, ақ киімнің корейше аты «табок» және жағасы міндетті түрде қара матадан болады. Ақ киіммен ортамызға келген адам сол ақ киіммен арамыздан аттанып кетті.
Бөлісу:

20 пікір

Zhan
 Әкесінен аумай қалыпты. Бірақ, көздерінде өткірлік жоқ әкесінікіндей. Мейірімді
Gastarbaiter
Лібәәә, саған сериалдарға кастинг жасату керек, образдар мен типаждарды жақсы анықтайтын мыстандығың бар, нақ.
Zhan
«Біреудің зәлімдігін біліп тұрған сен одан өткен зәлімсің» деп Яссауи ма кім екенін білмеймін, сол айтпақшы, сенде «мыстани» таңдаудан құр алақан емессің.
Gastarbaiter
Менің мыстандығымда күмәнің болмасын)
Abilakim
Әкесіне тартыпты
a63a1
тұяқ дегенге тағамды алып жетіп келсем
VKM
Сондай ғұлама адамның балаларының ішінен біреуі де суырылып алға шықпаған ба?Өкінішті
izbasar
Суық қолдардан сақтасын!
Gastarbaiter
Өзтүрік спортшы болған ғой, Маликусь. Таэквондоның шеберін ғұламалармен шатастырғаның ұят болды.
VKM
туй, енд… бәрібір «из ряда вон выходящий» адам ғой енді.Сорри,қате болса. Айтшы,қалай дұрыс?
Gastarbaiter
Мұстафаның өмірбаяны мен қиыншылықтарынан, үйіндегі жағдайы мен атмосферасынан ештеңе білмесең, ұрпағы жайлы да ештеңе демей ақ қойған дұрыс.
Gulistan
Суырылып шыққанда не әрекет күткенің? ең бастысы, әке атын ардақтап, атына шаң келтірмесе болды.
Өзі таңдаған кәсіппен адал нанын тауып, Қазақ еліне ілтипаты ерекше болса, әзірге соның өзі біраз жұбаныш!
Gastarbaiter
Әйтеуір ішіп кетпеген екен. Фотоға қарап адамгершілігін, қасына қарап ақылын, шашына қарап шампунін анықтай алмадым, бірақ сайтымыздағы нумерологтар, физиогномисттер мен бақсы балгерлерден қалысқым келмейд, бақ сынап көрейнш мен дые… көзі нашар көреді, есепке байланысты қызмет жасайды, тұқымында өжет кісілер болған, жасы шамамен отыз бірдегі жігіт сияқты.