"Ө"-ге оралу
Осы жолғы демалысымның 3 күнін қиып Өзбекстанға барып қайттым.
Әкем екеуіміз 16 сәуір таңертең Шымкент қаласынан Жібек Жолы өту бекетіне (таксимен 1000 теңге) келдік. Шекарадан өтпей тұрып, ақшамызды айырбастадық (айырбастау бөліміндегілерден аздап консультация алып, бар жоғы 40 мың теңгені 19,2 курсымен 768 мың сумға айналдырдық). Қазақстаннан шығарда декларация толтырмадық, ал Өзбекстанға кірерде міндетті шара екен. Сонымен қалтамдағы теңгені (61200 теңге) менің атыма жазып, сумды әкеме жаздық. Бір үлкен қателік, декларацияны бір ғана экземпляр жазыппыз, шығарда ақшамды тастап кете жаздадым өзбектерге. Декларацияда: қалтафон, бағалы заттың барлығы (қолыңдағы алтын жүзік), қолсөмке, жолсөмке бәрі көрсетіледі екен. Өзбекстанға кіре сала әкем екеуіміз такси тауып алып Ташкентке тарттық (салон 26 мың өзбек сумы). Ташкентке келген соң Самарқанға таксиге отырдық (50 мың өзбек сумы).
Ташкент пен Самарқанның арасы 400 шақырымдай екен. Көлігіміз 3 жерден тоқтап газ құйып алды. Таксистіміз «Камила» деген қонақ үйге әкеліп тастады. Ол жерде бос орын болмаған соң, қасында орналасқан кішкене филиалына апарды. (Қонақ үй 2 күнге әкем екеуімізге 168 мың сум болды).
Қонақ үйде заттарымызды тастап, түстенуге әрі қаланы аралауға шықтық. Бибі Ханым мешітінен бастап, сол маңда орналасқан барлық архитектуралық ескерткіштің барлығы болмаса да, өзім көргім келенін аралап шықтық. Ұлықбектің обсерваториясына да барып қайттық.
Екінші күні Регистанды шарладық, барлық ескерткіштерге кіру ақылы екен (бағасы 300-600 сум аралығында). Фото, видео түсіруге тыйым жоқ екен. Бірақ шекарадан өткенде ақтарып ығырды шығармасын деп, ештеңе де алмағанмын. Сол жердің фотографтарының қызметіне жүгіндік (суреттер бағасы 1000-2000 сум).
Өзбектсанға кіріп, шыққаныма, жалпы қыдырып, үйдегілерге базарлық алғаныма кеткен ақша 32 мың теңге болды (әкем екеуімізге кеткен ақша).
Сонымен жарнамаға келсем, «Камила» деген қонақ үй, «Лобигор» деген асхананы ерекше рекомендеймін. Суреттерді facebook.com-дағы жеке бетшемнен көре аласыздар.
Сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын.
Айтпақшы, тақырып неге "Ө"-ге оралу, өйткені осыдан 20 жылдай бұрын болғанмын Өзбекстанда бірақ басқа қалаларында

Қазірд осында көшіп келді Алматыға… Гюшты жанұя болып тұрып жатыр…
сол кездегі видиосын қойса көргім келмей өшіріп тастайм… барлығына да сондай өткені ұнамайтын да шығар…
Ұзақ версиясы: паспорттың аудармасы есіме түсіп, сол жібермей тұрып өзгерттім де, липаның жөке екенін таба қоям дегенше коментіме жауап жазылып қойыпты-нақ.
Армандар орындала берсін!
мектепке кеттім деп… талай жерден шыққан шығарсыз
мұндайларды кім дейтінін шамалап көрдіңіз бе
Регистан деген осы жер ме?
СамГАСИде өткізген тәжірибе айым есіме түсіп отырафрасиаб қаласында бола алмадыңыз ба
ол ұлықбек обсерваториясына жақынтұғын
атақты ақсақ темір құлыптасын көре алған боларсыз
сосын, Дубай туралы айтып берші, сенің ауызыңның шыққан әңгімені естігім келіп тұр
Корыкканымнан соткамдагы сурелер, тiптi турiкше андердi де ошiрiп тастаганмын. Тексермедi. Так что, кудiктi адам болса гана тексередi ау. Барлык шекарада кудiктiлердi гана тексередi го.
мен де барғым келеді…
анау жағдайды көрдім* әлгі баланы жібермей жатыр дид ғо әлі қорқынышты әрине, бұдан кейін бір акция ұйымдастырып КЗлықтар бармай қою керек ғо Ө-ге өздерінің туризмі үшін мүмкін кейн дұрысталар
айтып едім ғо ФБдағы «летс гоу озбек» солардың толық суреттерін көріп қызғам сәтін салса бір шығармын, Ташкент-Самарқант-Хиуа-Бұхарлатып
ПС: айтпақЧ жан, сені түсімде көрдім