«Көшпендіден» ілгері, көңілдегіден кейін



Тарих, әсіресе, қазақ тарихы туралы ғылымда, өнерде, тағы басқа салаларда сөз қозғау аса күрделі дүние деп түсінемін. Ақтарылып жатқан «ақтаңдақтар» өз алдына, «ары тарт та, бері тарт» сөз-талас пен пікір-соғыс кез келген автордың кежегесін кейін тарттыруға әбден себеп бола алады. 3 мамырдан бастап қазақстандықтарға «Қазақфильм» ұсынатын Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» осы жолда «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» туындылардың бірі болатын секілді.

Кеңесші қылып Зардыхан Қинаятұлы мен Мәмбет Қойгелді секілді мүйізі қарағайдай ғалымдарды хош көрген фильм авторлары ішкі-сыртқы елге бірдей қызық болатын, берісі экшн, арысы патриоттық сезімге оң ықпал ететін туынды түсірген екен.



Зардыхан Қинаятұлы ел арасында ежелден айтылып келе жатқан мың бала жасағы туралы аңыз-дерек фильмге негіз болды дейді. Әдемі оқиғаны алып әрлеп-сырлап ұсына білу Ақан Сатаевтың қолынан әбден келеді, оған арысы «Рэкетир», берісі «Ликвидатор» дәлел.

Оқиға желісі қайталанбастығымен қуантады деп айта алмаймын. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғыс – отандық өнердің сүйікті тақырыптарының бірі. Сондықтан, бұл жолы көңілге демеу актерлар ойыны, операторлық жұмыс, каскадерлар шеберлігі секілді фильмді құраушы өзге факторлар болмақ.



Бас кейіпкер Сартайды ойнаған Асылхан Төлепов, Қорлан болған Құралай Анарбекова, Таймас рөліндегі Аян Төлепберген қазақ киносына жаңа леп әкелетін мамандар болады деп сеніммен айтуға болады. Асылхан Рүстем Әбдірашовтың «Балалық шағымның аспанында» эпизодтық рөлді, ал Құралай Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштемінде» басты рөлдердің бірін ойнады демесеңіз, үш актердің ешқайсысы бұған дейін ел аузына ілініп, аса танымал бола қойған жоқ-ты.

Актерлар ойынының аса сәтті шыққанына операторлық жұмыс пен пайдаланылған киім, қолданылған реквизиттердің сауатты таңдалуы бап келген. Қоюшы оператор Хасан Қыдыралиев және Ко қазақ даласының қаңыраған жазықтан ғана емес, қарағайлы таулардан, күмісті көлдерден де тұратынын әдемі көрсеткен.



Қазақ, жоңғарлардың киген киімдері, қару-жарақтары, әбзел-саймандары кеткен еңбек пен шыққан шығынды толық өтеп тұр деуге болды. Бас кейіпкерлердің қолданған қаруларының ерекшеліктері (Сартайдың балтасы, Қорланның қанжарлары, Таймастың қылышы), моңғол әскері мен қазақ жасақтары асай-мүсейлерінің алуандығы әдемі әсер береді. Шынайылықты көрсетуге тырысқан авторлар бұл бағытта алғыс алуға лайық-ақ. Шынайылық демекші, фильмде ойраттар мәтінін Зардыхан Қинаятұлы жазған ежелгі жоңғар тілінде сөйлеседі.

Жандарбек Кунгужинов бастаған каскадерлар тобы да көлемді жұмыстар атқарыпты. Түсірілімнен бір-екі ай бұрын бас актерларды атпен шапқызып, садақ тартқызып үйреткен маман қолма-қол шайқас, қарулы қақтығыс арқылы көрермен көзі мен көңілін сендіруге тырысып баққан.



Әттең, осы жазылған дүниенің бәрін фильмнің өн бойынан байқалатын, байқалатыныңыз не, баттиып-баттиып көзге ұратын артық пафос пен жасандылық құртып тұр. Туындының отансүйгіштікке баулуға бағытталғанын жай сезіну бөлек те, екі сағатқа жуық құлақ тұндырар әсіре сөйлемдерді естіп отыру бір бөлек екен. «Өй, мынау қытай шайы ғой» деп басталған апалар әңгімесінің әне-міне дегенше «Қашанғы осылай жүре береміз!» сыңайындағы аттанға ұласып кетуі сыпайылап айтқанда езу тартқызады.

Әрине, көрерменнің көңілі кеңпейіл, оның үстіне көп жылдан бері қазақ тарихы туралы татымды дүниенің болмауы «Жаужүрек мың баланың» кемшіліктерінен гөрі, артықшылықтарын ауыз толтырып айтуға итермелейді.



Не болғанда да, тарихшы Мәмбет Қойгелді айтқан «жасық фильм» пайда болған жоқ. Артық айқайы көп болғанымен, айтар ойы дұрыс, қазақстандық кинематографияның босағасынан сығаламайтын, көптің қолпашына ие болатын туынды түсірілді.

Егер жоба авторларының көздеген мақсаты күрделі, адам тағдырының ой-шұңқырына көз жүгіртетін, кейіпкердің өмірі мен сол кезеңдегі ірі тарихи оқиғалалардың өріліп, тұтасуын суреттейтін детальді фильм емес, жалпыға бірдей бағытталған, даралықтан гөрі имиджге баса мән беретін, шабыс-шайқасы, махаббаты, ұлттық ерекшелігі бар экшн дүние жасау болса, онда ол мақсат орындалды дей беріңіз.



Суреттерді ұсынған Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм« киностудиясы

Рецензия «Жаужүрек мың бала» фильмінің ресми промо-бетінен алынды.

Дінмұхамед Зиядин
Бөлісу:

68 пікір

AKY
Пафосиоздан жақын арада арыла алмайтын сияқтымыз
satibaldi
Компьютер графикасы қалай? Трейлердегі жебелердің ұшқанынан профандық байқадым, «оқ жауыны» «Отырықшыларда» сәттірек шыққан сияқты, кунобеккерсстің.
qisyq
Қоюшы оператор Қыдыралиевтің көңілі толмапты компьютерлік графикаға. Аңырақай шайқасының жалпы көрінісі онша емес екен. Ал жебелерінің ұшқаны… так, болады. «Троя» емес
Rozatai
«Троя» не «Гладиаторлармен» салыстырып қарайтын болсақ, біз қазақ киносына көңіліміз толмай-ақ өтеміз
know_how88
Тарихи жанрда көп фильм түсіруге болады ғой Қазақстанда. Құдайға шүкір, тарихи оқиғаларға кенде емес елміз. Жәңгір хан туралы туынды түсіруге болады, мысалы. Әлгі 300 спартандықтардан кем түспейді ғой, — 600 әскермен 10000 жоңғарды қырып салған ба еді, қателеспесем. Ержүрек, батырлықты дәріптейтін еді.
Ал мына Мың баланың жарнамасы жақсы жүріп жатыр, жақсы пікірлер айтылып жатыр. Соны жақсы туынды болар едп үміттенеміз. Ақан Стаевтың туындыларының жаманы жоқ қой негізі.
Gastarbaiter
Демек қойня.
qisyq
Месседжді оқыған екенсің
Gastarbaiter
Алдын ала аузымыздың суын алып, жарнамалап-мақтағаныңа кінәлі сезініп тұрғаның анық байқалды. Ештеңе етпейд, реніш жоқ.
Ал жарнамаңа еріп, ақша шығындағандарға мынаны көрсет:

3. Әкімшілік қолданушыға сайттағы әрекеттерден және ақпараттардан тікелей немесе жанама келген (мысалы, сайттағы ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моралдық зиянды өтемейді, және ондай сұрақтың туындауы да мүмкін емес деп есептейді.Біздер "әркімнің өз басы бар" деген ұстанымдамыз.
qisyq
Хех, кінәлі сезініп тұрған жоқпын, Асқар, қызық екенсің, бал ашып)))))))
Gastarbaiter
Кінәлі сезінбесең, тіпті де дұрыс. Пенделер өзінің ерікті әрекеттерін ақтауға бейім келетінін ескерсек, ешкім көңілі қалғанын мойындай қоймас, мойындаса да, жарнамалаушыларға лағнат айтпас…
Зато ана жері, зато мына жері ше? деген детальдары бар екен әйтеуір.
meirzhan
Кінәлі сезінгенін мойындамау да ерлік демеуші мед
Abilakim
актерлер өмірдегідей сөйлеуді үйренбей болмайды. Кино деген театрлық қойылым емесін түсінбей қойды біздікілер. Дегенмен, көру керек бұл фильмді
asaubota
бұл фильм тек қазақша көрсетіле ме әлде мәңгүртше нұсқасы да бар ма?
zhanibek_nurish
«Өй, мынау қытай шайы ғой» деп басталған апалар әңгімесінің әне-міне дегенше «Қашанғы осылай жүре береміз!» сыңайындағы аттанға ұласып кетуі сыпайылап айтқанда езу тартқызады
сол үшін де үнсіз фильм болғанын қалаған едім. Ертең 3-і, Шымкентке барып, көріп қайту керек. «Шал»-мен қатар асыға күткен кинолардың бірі,
omarbirat
Трейлерден, кадрлардың суреттерінен байқағаным — массовка тұсы кемшіндеу сияқты. «Көшпенділердегідей» сол баяғы 20 шақты адам ғана. Фильмде ондай емес шығар деп сенгім келеді
qisyq
Массовкаға аттысы бар, жаяуы бар 1000-дай адам қатысыпты. Ол жағы былай байқалмайды. Бірақ, әрине, көбірек болса дұрыс болар еді.
omarbirat
Ақан Сатаев өзі қазақшаға онша болмағасын, диалогтар құру жағын басқа біреуге берген. Өзінің ол жағын қадағалауға мүмкіндігі болмаған. Актерлердің сөйлегеніндегі пафосиоз содан шыққан-ау деп долбарлаймын. Фильм орысша түсірілгенде, ондай нәрселер болмас па еді.
e_zhalgas
қазақшасы пафосиозды түсіне қоймайтындай емес енд
asaubota
галстукты сөздер біздің ауруымыз енді, бұдан құтылу үшін әлі біраз жыл керек шығар.
Gastarbaiter
Мына найзаны көтіне тық! Енектен ат! -деген сөздер болмағасын дейсің ғой
meirzhan
иә, фильм орысша болғанда Саянның ортағасырлық интерпертациясын көрер ме едік
Erbol
Бүгін бұйырса, көріп қайтамыз
satibaldi
Негізі арзанқол кино екенін трейлерінен де байқауға болады.
patick
 соңғы тұжырымды кім айтады деп күтіп отырғам
Rozatai
отырып алып, арзанқол кино, пәлен-пәштен дей беру бәріміздің қолымыздан келеді. Бір кезде күлі көкке ұшқан 40 млн долларға да қыңқ демеді ғой басшылық. 10 млн долларға вполне нормальный фильм түсірілген, меніңше
meirzhan
қуырдақтың көкесін трейлер емес, фильмнің өзін тамашалағанда көрерміз деп үміттенем
satibaldi
отырып алып, арзанқол кино, пәлен-пәштен дей беру бәріміздің қолымыздан келеді.
Менің қолымнан келмейді. Жақсы кино мен жаман киноны қиындысын көріп-ақ ажырата аламын. Не-не, бірақ өзімнің осы қабілетіме құлай сенемін. Бәлкім мен жаман дәнекерші, жүрдім-бардым кірпіш қалаушы, дүмбілез электрик, шалдуар сылақшы, барынан жоғы жігіт болармын. Бірақ өзімнің осы қабілетіме күмән келтірмей-ақ қоюыңызды сұраймын.
FaraOn1
Мысалы киім таңдағанда барлық бутиктерге кіріп ми айналдырмас үшін, сыртындағы макеттерідің үстіне қараймын. егер тартымды болса кіріп шығам. типі сол сияқты ғой. Трейлердің өзі көрген адамды завараживать етіп тұру керек. ал егер 4 минуттық трейлерден ондай эффект болмаса, онда 1 сағаттық кинодан не қайыр. Киноның түсірілу барысын көрсете беріп зайыпты алды ғой нақтар
qisyq
10 лимон кеткен кино ғой. Салыстыр: «Рейдке» 1 миллионға жетпейтін ақша кетті))) Оның өзінің біраз бөлігі Майк Шиноданың гонорары шығар
ushkin
ақшаның жартысын жеп қойды дей ме… қой, өсек тасымайын )
rauka
Түріктің, кәрістің тарихи фильмдеріне телміріп, сүйсініп үйренген қазақ көрермендеріне мұндай отандық өнімдер ауадай қажет.Өткен ғасырлардағы қазақтың, Қазақ хандығының қым-қиғаш тарихын бейнелейтін көркем фильмдер түсірілетініне әбден сенеміз.
Gastarbaiter
әрбір сәтсіздікке сабақ, тәжірибе деп қарасақ, түсіре бергені дұрыс.
Rozatai
қос қолдап қолдаймын  . Бастысы, өсу бар
satibaldi
ақшаның жартысын жеп қойды дей ме…
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
Gastarbaiter
Коммерциялық жоба ретінде ақталса болғаны да.
zhanibek_nurish
ең салқынқанды пікір болды, келісемін
dark_nazgul
«Жаушы», әрине, идеологиялық кино еді, бірақ сенімді еді. Мына фильм соның деңгейіне жете алмай қалды ма деген ой туындап отыр.
qisyq
Неге, әпке?
dark_nazgul
уже сендірмейді.
qisyq
Әттеген-ай, әпке, інім құр қалмаса жара еді, мамасының кесірінен «жаужүректете» алмай
Aya
Манада көріп келдік. Өзіме ұнады. «Көшпендіден» көш ілгері екен. Кейбір жерлерінде қорсылдамасақ та, кеп қалған ақбоз атты саусағымыздың ұшымен іліп алып тастап отырдық Өз ойымша фильм сәтті түсірілген.
satibaldi
Ендеше нашар болғаны.
Aya
: тілімді шығардым: жақсы болған. Сіз де көріңіз
zhanibek_nurish
көріп келдік
, екі сөзді қосып оқу арқылы, өзімше долбар жасап отырмын,
qisyq
кеп қалған ақбоз атты
ужс…
Aya
небоқалды,
ужс…
дейтіндей???
dark_nazgul
фильмнің атауына «жаужүрек» деген сөзді қосумен ақ, авторлар бәрін құртты. Интрига жоқ.
satibaldi
Мыңбаланы мен тіпті фамилия деп ойлағам.
qisyq
Жаужүрек Мыңбалаев))
zhanibek_nurish
иә, ойымдағы көп сөзді
бәрін құртты
деп дөп жеткіздіңіз, тақырып қоюды Ермектен үйрену керек, "«Бақсы»(сценарийін жазғандықтан атын да өзі қойды ма деп ойлаймын,қате болуы да мүмкін),«Келін», келесісі «Шал», керемет атаулар
Nurgisa
Кейін, «Кек алушылардағыдай» бақсы, келін мен шал үшеуі қосылып, әлемді жатжұрттықтардан құтқарады…
qisyq
Scheschesse
Nurgisa
«Зато бізде шал бар!»
Abilakim
«Дос» деген фильмдегі Шалды, «Көлеңкедегі» Тургаецтерді біріктіріп бір кино түсірейік
zhanibek_nurish
, коммерциялық жобаға айналып шыға келетін еді,қасқырлар, шіркін
satibaldi
Жалпы қаззақ киносы динамикалық баттл-сценаларды түсіре алады деп ойламаймын.
asaubota
қыздарға тек басты рольдегі актер ұнаса да кино ұнаған болып шығады  техникалық жағына мән бермейді
zhanibek_nurish
осы жазбаның тақырыбы жақсы шықты, афффтарға рахмет
asaubota
маған да ұнайды. журиктерді қызғандыратындай фантазиялы тақырып. автормен рөмкілес болғаныма қуанамын
zhanibek_nurish
иә, есте сақталатын, рецензияға сай тақырып болды. рөмкелес болғым келіп жүр, )))