Бастиан Швайнштайгер, "Бавария" клубының ойыншысы: Қазақстан - менің жүрегімде

Естеріңізде болса Бастианның қазақтың сайын даласында туылғаны туралы ақпарат жазылған болатын. Бұл жаңалықты ести сала жарғақ құлағымыз жағымызға тимей Бастианның координаттарын іздей бастадық. Бұл жолы «Боруссия» клубының жастар құрамында доп теуіп жүрген Қадырбек Решадұлы көмекке келді. Қадырбектің арқасында Бастианның фейсбуктегі аккаунтын тауып, телефон арқылы хабарласқан едік.

-Бастиан, финалға өтулеріңмен құттықтаймыз. Көңіл-күйлерің қалай?
-Рахмет, әлемдегі үздік командалардың бірі Реалға қарсы ойнау өте қиын болды. Қуанышымызға орай, жеңіске жеттік. Бұл біздің деңгейімізді білдірсе керек-ті. Чемпиондар Лигасының финалына өтуімізге қуаныштымын. Әріптестерім де шат-шадыман. Әрі, финалдың өз жерімізде өтетінін ескерсек жеңіске жету мүмкіндігіміз мол.
-Пенальти тебу кезінде жеңіске жетулерің кімнің арқасы деп ойлайсың?
-Әлбетте, Нойердің екі бірдей соққыны қайтару ерлік әрекет. Әрі, кез-келген біреу емес, Роналду мен Каканың соққысын тосу кез-келген қақпашының қолынан келмейді. Алайда, Рамос қателескен соң соңғы соққыны жасау кезегі маған келген болатын. Менің салқын қандылық танытуымның арқасында финалға шықтық.
-Ойын барысында Реалдың ойлағаны жүзеге аспады. Көп сәттерде сендерден кемшін түсіп жатты. Қалай ойлайсың, бұл соңғы «Эль-классиконың» кесірі емес пе?
-Мүмкін! Реалдың ойыншылары біздің жылдамдығымызға ілесе алмады. Әрі, бірінші гол соғу кезінде төрешілер жақтасқанын айта кету керек. Ары кеткенде, доп Алабаның қолына тигені үшін еркін соққы беруі керек еді. Екіншіден, үш күн бұрын басты қарсыласыммен ойнадым екен деп басты төмен салбыратуға болмайды. Кәсіби ойыншы күн сайын футбол ойнауға дайын болуы керек. Аптасына бір ойыннан артық ойнағанына шаршау футболшы кәсібилігіне нұқсан келтіреді.

-Челсидің Барселонаны айналып өтуін қалай бағалайсың?
-Реалдың ойыншылары секілді бұлар да «шаршап» қалуы мүмкін. Дегенмен, мен Гвардиолланың дұрыс тактика қолданбағанын айтар едім. Мұрты енді тебіндеп келе жатқан Куенканы жауапты кездесуге шығару барып тұрған ақымақтық.
-Челси сапында қауіпті ойыншы кім болмақ?
-Ең бірінші Хуан Матаны айтар едім. Осы бір испандық вингер өте қауіпті. Одан кейін Рамирес пен Дрогбаны да ұмыптау керек. Алайда, алғашқысының финалға қатыса алмауын ескерсек біз үшін үлкен артықшылық. Дрогба, Лэмпардтар қартайды. Енді олардан үздік ойын күту көрсоқырлық. Егер, Челси осы жылы бізді ұта алмаса Чемпиондар Лигасының кубогі көзден бұлбұл ұшады. Ұшып кетті деп айтуға болады, тіпті.
-Торрес ше?
-Торрес? Қалжыңдағанды жақсы көресің бе деймін. Торресті сатып алар клуб болғанда Абрамович баяғыда құтылар еді. Мен егер "Қайраттың" бапкері болсам да командама Торресті алмас едім.

-Қайрат демекші, сені Қазақстанда туылған дейді. Бұл қаншалықты рас?
-Ол рас. Мен 1984 жылы 1 тамыз күні Майқұдықта туылғанмын. Мойындау керек, менің әкем немістердің тыңшысы болатын. Қазақстан тәуелсіздік алар тұста Германия әкемді қажетсінбей қалды. Сондықтан, 1992 жылы тарихи отанымызға көшуге тура келді. Бұған өкінбеймін де. Қазақстанда тұрар болғанымда, ары кетсе Қазақстан ұлттық құрамасына ілінер едім.
-Соңғы сөзіңіз Қазақстандық оқырмандардың намысына тиеді деп ойламайсыз ба?
-Өзіңіз айтыңызшы, намыстанатындай қазақтардың қандай артықшылығы бар? Мәселен, Баварияның жанкүйері болып, Дортмундқа ұтылып қалғанына намыстануға болады. Ал, Қазақстан секілді құраманың жанкүйері болып намыстану… Менің түсінігіме сай емес екен.

-Туылған жеріңе деген құрметің қалай?
-Қазақстан футболшыларын иттің етінен бетер жек көрсем де, туған жерімді ұмытпаймын. Ол — менің жүрегімде. Әкем көп жылдар қазақтар арасында тұрғандықтан өзін қазақ есебінде санайды. Кей уақыттары ет асып, бешпармақ жеп тұрамыз. Қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін әрдайым айтып отырады. Мадридке ұшпас бұрын анам өз қолымен қазы беріп, үйдегі ту биенің сүтін ішкізген еді. Міне, қымыздың құдіреті соңғы сәтте гол соғуыма сеп болды. Барша Қазақстандықтарға алғысым зор!..

Өкінішке қарай, телефон желісі үзіліп кетіп, әңгімеміз осы жерден аяқталды. Қайта қоңырау шалу мүмкін болмады.
Осыдан кейін, қазақтың мықты халық екеніне сенбей көр. Қайда жүрсең де аман бол, Қазақстан топырағында туылған өрендер!!!

Әңгемелескен Абай Асанкелдіұлы
«Нұр Астана»
Бөлісу:

10 пікір

ushkin
«жарғақ құлағымыз жастығымызға тимей» де
Adiletshu
Переборщил, братан
Gastarbaiter
Адам жер су аттарынан шатаскеттім.
Nurshat
Қайран да Қазақ футболы,
Чемпион болар күн қайда?
FaraOn1
ана бір суретте Россиянын шарфын тағып алғанын түсінбедім. Ресей құрмасының жанкүйері ма екен, келесіде соны да сұрап көрші)))
asaubota
тек бір адам айналысса екен. келесіде 3 күндік бан.
Gastarbaiter
Іздеп жүр ғой өзін, админ ретінде бан қоймай-ақ, еркін тұтынушы ретінде минус қоюмен шектелсең қалай болады?
Rafaello
Керемет ролик ұстаз!
Zako
Мынауыңды біреулер жерден жеті қоян тапқандай етіп, газетіңе сілтеме жасап, сенсация жасап жібермесін офлайнда.