ДырдупедиЯ: Пафосиоз
(Бұл науқас түрі әлі толық емес, дырдуландыруды қажет етеді!)
1. Сипаты
Психикалық ауытқудың бір түрі. Алқаш рет 1832 жылы Әйтеке бидің бойынан байқалған. 14 жасар Әйтеке би 20 мың қолмен тұрған Цеван-Рабтанға барып, ішпей-жемей[3 236 адам күмән білдірген! ] былай дейді:
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!
Бидің шекпеген-ішпегенін тексерткен соң, Цеван-Рабтан күнделігіне былай деп жазады:
«Кирсан илюмжин элиста. Монгол шуудан бір хойньо».
Чех нұсқасынан аударғанда:
«Я ішпеген, я шекпеген, көздері тұнық, тынысы терең. Бірақ 20 мың адамға тоғыз адаммен келіп әңгіме айтқызатын күш — я құдірет, я ауру. Ауру болса — жұқпалы сияқты, сұрағанын беріп құтылайын, шешесс.»
2. Тұрпаты
Пафосиоз дертіне шалдыққандардың ең жасы 4 жаста, ең кәрісі — 97-де. Алқашқыда мидың оң жақ жарты шарында әктас сияқты борамық жыныстар пайда болады. Бұл кезеңге көбіне маниямен шектесетін мәлімдемелер тән. 4 жасар Сәбилянның мәлімдемесінен үзінді:
«Айнадым ельм,
Тухан зельм!
Қямын саған занімды,
Саламын саған бадымды!».
Ересектерге жұққан пафосиоз баяу дамиды. Бастапқы кезеңі саяси, геосаяси, ұлтшылдық, пантүркистік, эротикалық сипаттағы түстер көрумен ерекшеленеді.
Мұндай түстер есейе келе жиілеп, ақыры адам сенгісіз мәлімдемелер жасауға әкеледі.
Қазыбек бидің сөзі ғой
Өлдім)))
Мына туындыға кеткен уақытың мен көз майыңа толағай алғыс білдіргім келеді!
Айтқан сөзге минус қоймақ бар болса да, «penis» қоймақ жоқ деген әжем еврей.
Дат, Модер бырат!
Дырдуландыруға мүмкіндік ашылғанша, Осы жерде жазсам деп едім.
Төскейде малымыз қосылмаса да, керекте басымыз қосылған…
Очм, пафос бітті, енді жазбаңа сын айтар болсам:
1) Сипаты — ешқандай түзетуді қажет етпейд. Әдемі!!! Базару «ноль»
2) Тұрпаты. Алғашқы суреттің өзі бір туындыға татиды Үшінші суретке Гран-При)).
Енді
жағымсыз сөздертүзеуге болатын жері.Екінші сурет пен соңғы сурет басқа шығармадан кіріп кеткен сияқты…
Екінші суретте кішкентай бала «Сенбейм, Қазақстанда миллион самолет» дегенше, «Біздің 35 самолетіміз АҚШ-тың миллион самолетінен де мықты!» деп батырсынып айтса, пафосиоздықтың нағыз үлгісі сол болар еді, қазззақи жалынды шабыт пен өр кеуде даңғазалықты көрсетер еді, соңғы сурет те күлкілі болғанымен қарапайым Ұлылық Маниясы, жас боз максимализмнен айырмасы болмай қалды.
СОл жағы когнитивті диссонанс тудырып отыр.
Сізге біздің филфак жақтың ауасымен бір тыныстап келсеңіз деймін))
Тот же Мүштәр Мақанов, Муахахахағали Муахахатаев...Қазақстанның 1991-жылға дейінгі тарихы троллинг үшін ең дәмді тағамдар ғой жалпы. Осыдан жүз жыл бұрын ыдысын жумай, жалай салатыны да (тіш-ш-ш, ешкімге айтпа тазалықтың асқар шыңын «Тілмен жалағандай» деп суреттеу содан қалған)… көп Очм соның біразын жазуға болар еді.