Душ

Жаз шықты. Енді күннің ыстығына шыдамаған кей ағайындар "Қыс қашан болады?" деген ойға да ерік берері анық. Жаздың ыстығында балалар болмаса ересек адамдар, қыз-келіншектер күнде өзенге барып шомылмасы анық. Оның үстіне барлық ауылдардың маңында ыстықтасаң суды күмп еткізіп сүңгіп шығатын өзеннің жоғы да рас. Осындай сәттерде ауылда душтың қадірі артып шыға келеді.Біздің бала кезімізде солай еді әйтеуір.
Сырт келбеті ауылдың дәретханаларына ұқсайтын,үстінде 200 (көбіне солай) летрлік бөшкенің бүйіріне кранник орнатып қоя салған кабина. Таңертең құйған суың түс ауа жып-жылы болып шыға келеді.Су соратын насостары (мотор) барларға рахат,әлгіні лезде толтырып қоя салады. Кейбір душтардың суы сол үйдің балаларының мойнында. 12 летрлік екі шелекті екі қолына ұстап 10-12 жасар балалар қисалаңдап бөшкенің 200 летрлік болғанына нәлет айтып толтырып жүргені.
Кей кездері сол ауылдың душын да сағынамын.
Бөлісу:

52 пікір

aikarakoz
Бір рет үстімді сабындап жатып, су бітіп қалды. Түстен кейін үйдегілер әлі ұйқыдан ояна қоймаған еді. Айқайласам, ешкім есітетін түрі жоқ. Төбедегі бөшкені тарсылдаттым, ешкім шықпайды үйден. Сосын отырдым үстімдегі көбіктің кепкенін күтіп
Abilakim
сүрте салмадың ба?
aikarakoz
Ойыма келмеген шығар
Abilakim
келесі жолы есіңде болады)))
asaubota
 душтың суын толтыру бір лағынетті жұмыс еді
Abilakim
көршінің бой жетіп қалған қыздары келіп түскенде сығалау деген болып қалатын)))
satibaldi
Алғаш эротикалық тәлім берген құтты объектілердің бірі екенін жасырмаймын.
asaubota
дұрыс айтасың, алғашқы эротикалық сипаттағы объектілердің бірі душ. Айналайын фильмі естеріңде ме? сонда душқа түсіп жатқан қызды біз сығалағандай әсерде болып едік қой
vebred
Мәссаған душ туралы жазбаларың… быздын ауыл суық болғандықтан ешкім душ салмайтын)))!
Nurgisa
Анау, не ма, айдалатын ауыл ма еді сіздердікі?
vebred
айдалатын?? ойбай бұл не сөз тағы? )))))
Abilakim
Қазақстанда душы жоқ ауыл бар екенін жаңа білдім. Керекинфо екен.Тек қай ауыл екен?
vebred
душы жоғы тұрмақ, суы жоқ ауыл жетіп артылады ғой, өркениеттің ортасында өмір сүріп жүргендерге қызығаа… қызғана қараймын да ))))
Abilakim
өзіңнен кіші біреуге құманмен су құйғызып тұрып бас жуған да кайф)))әлгінің иығында орамал, бір қолында сабын…
Adiletshu
 Ағаларымның басына талай су құйып едім
Abilakim
«дұрыстап құйсайш» деп қоя ма?
asaubota
ұрсып тұрып су құйғызатынды өткенде КВНда ақтаулық жігіттер қойды
Abilakim
көрмеппін))))
Adiletshu
Баяғыда шалдардың қолына астына кірлен қойып құмғанмен су құюшедік
Abilakim
ия, талай шалдың батасын алдық қой. Ондай шалдар қайда…
araika
«Шампуны кетті ме?» деп жиі сұрайтын, онсызда әрең шыдап тұрған «иә, кетті» дей салам
Aya
әйтіп құй, бүйтіп құй, сарылдатпай құй, сыздықтатып құй деп зығырданыңды қайнатушы еді үлкендер
salta
мен үнемі папама солай су құятынмын. жуынғанда папамның өзінің жуыну графигі болатын, имею ввиду басынан бастап, тырнағына дейін жуынатын реті болатын, ешқашан да орнын ауысрымай жуады, соңы мұрнын екі жаққа қарап тұрып сыңбыратын… мен өзім папама қарап тұрып рахаттанатынмын, сүйсінетінмін… менің папам керемеееееет деп))))
a63a1
Жібек көйлек киген қыз. Шатырымды шайқалтқын табиғи душ. Қашан оралады?
a63a1
Соқыр болсаңда менің аңсаған арманымды сезгендейсің. Сен жылашы, жылашы! Жібек көйлегін тағы да бір шайып өтші.
patick
Жазда ауылға барғанда түсіп жүрк
Abilakim
түсуін түсеміз ғой, бала болып сығалай алмайсың ғой)))
a63a1
 бірдеңе есіме түсіп отыр нақ
Abilakim
жаза отыр
a63a1
ол енді душта емес, көрші үйдің ересек қызы бар еді. Ойда жоқта байқаусызда, әдейілеп емес, үйге ойыннан келе жатып кеш құрым әлгі кіші дәрет қыспайма. Ауылдың туалеттерін білесіңғо біз жақтағы үйден 100-200 м де орналасад. Сөйтіп кіші дәрет қысып кетті. Далаға шаптырайын десем көрші қолаңнан ұят, көршінің туалетіне кіре салайын деп есігін тартып қалмаймба әкесс… ар жағы түсінікті шығар
a63a1
күршегін ілмей отыра салу деген жаман әдет
Abilakim
қайсың бірінші шыңғырдыңдар?))))
a63a1
Қыз әрине бұтын жауып баж ете қалды. Мен болсам өй өй өй дегенді бес алты рет қайталап жіберіппін. Сондағы көңілдің пәктігін қарасайш, 1 жыл бойы ұялып жүрдім бетіне қарауға
a63a1
сосын тағы бір осы жақында болған оқиғаны айтайын. Әлгі 45 тегі мұрағаттың жанындағы балалар бәлнісі бар емеспе. Соның артында ТП бар, ТП ның артында тағы бірдеңе бартын. Сол жерге 5 еуміз соға салайық деп жетіп барсақ… Ұяяяяят-аййййй, екі қыз тұрып тұр, бір қыз кіші дәрет сындырып отыр. Енді бұны неге жаздым дейсіңғой. Әлгі қыздарың ұялмайд нақ, отвернитесь деп тағы бірер минут тоқтатып қойды. Енді айтш бұ неғылған заман өзі ә?
Abilakim
енді,қатты қысылған шығар
a63a1
Мүмкін, мен оны балағаттап отырғам жоқ, ұялмайтынын айтам да
Abilakim
бұтына сиіп қойғандағы ұятпен салыстыруға келе қоймас
a63a1
рас, рас. Автобуста апельсиновый сусынның бөтелкесіне де сарылдата салғанбыз. Әрине ол кезде балалықпенғой нақ
Delhi
Душтың үстінде бұрынғының кір жуатын машинелеріде тұратын))) Ауылға бара қалсан есігінің орнына шүберек жауып қойыпта түсе беретіндер барғой.
Abilakim
жел соқса жаман ғой. кір жуатын машинаның әнебір нержавейка багы ғой.көлемі кішкентай ғой
Delhi
6 жерінен тесігі бар шүберек екен
Abilakim
түсіп тұрып санадың ба?
Delhi
Жауып жатқанда))) Қайтемін енді, ауыл, ыстық оның үстіне шаң) Душқа түспесен кешкісін ұйықтау мүмкін емес))
asaubota
душтың ішінде бітіп қалған бір шампун жатады. киім ілетін арнайы орын болмайды, есікке іліне салады. бір мочалка жатад ішінде кір-кір болып. шығып үйге барғанша аяғың топырақ болып қалады. кейде орамал ұмытып кетіп, басыңды шығарып тұрасың айқайлап, орамал сұрап.

романтика ғо ауылдың душы!
Gastarbaiter
Осы сендер қалада тұрсаңдар да ауылдың маусымдық мәселелерін ұмытпапсыңдар.
Бізде шүкір судың күші шлангамен толтыруға жетеді.

Екі-үші күн болды ауланың эргономикасын бүлдіріп тұрған, төрт бөренесі де қисайып қисайып кеткен он жыл болды ғой енді), бөшкесінен басқаның бәрі ескі ауладағы душымды демонтаждап, қиратып тастадым. Бөренелерін суырудың өзі бір қиямет болды.
Енді ауланың қарсы жағына жаңадан жасау керек боп тұр.
Екі күн болды мойын жар бермей жүр. Бүгін кешке соғып тастасам, ертең суретін көрсетем, нағыз ауылдың душы болмақ.
Abilakim
Ісіңе сәттілік тілеймін!
araika
Біздің үйде осы бір дүниенің «кірпішінің қаланғанына» небәрі 1-2 жыл ғана. Үйде монша болды, бірақ жазда оны "іске қосу" деген қиямет қайым. Көршілерге қарап қызығатынмын, алайда қолыңа түскенде кей нәрсенің құнын білмейтініміз рас екен… Бірақ, зиян екенін де білем, бас тартуыма басты себеп те осы болса керек
salta
біздің үйде ешқашан да ағаштан жасалған туалет сияқты душ болған жоқ. есімді білгелі комбайнның кабинасы тұр. төбесіндегі бөшкесін ауыстырамыз тек анда санда, таттанып кеткенде, ия болмаса ұрлап кететін. душтың әйнектерін ақтаймыз, ол да бір жұмыс болатын. таңертең ерте тұрып, сағат 8ге дейін үйдің бүкіл тіршілігін бітіріп:үй жинап, шыбын қағып, су тасып, нан пісіріп, айран пісіп, кір жуып, душқа су толтырып, сағат 10дарда үйде рахаттанып жатамыз, сағат 11-12лерде душтағы су қайнап кетеді, үстінен 1 шелек мұздай су құйып кезек-кезек суға түсіп, 2лерден өте қалың ұйқыға кететінбіз. рахат аааааааай…
Zhan
таңертең ерте тұрып, сағат 8ге дейін үйдің бүкіл тіршілігін бітіріп:үй жинап, шыбын қағып, су тасып, нан пісіріп, айран пісіп, кір жуып,
Біздің ауылда душы барлар бар-тұғын. Бірақ сирек. Себебі ауылымыз тау етегінде болғандықтан салқындау болатын. Аптасына бір рет көршіміздің моншасын жағып түсеміз. Қалған уақытта су ысытып жуына саламыз.  Ең алғаш душқа қалаға келген кезде жер үйде тұратын танысымыз бар, сонда түскем. Жиіркеніп өліп қала жаздағам. Туу, адам деген осындай жерге де шайынады екен-ау деп. Бұрын үйренбегендіктен бе, әрең шайынып шыққам. Әлі де қолдан жасалған душты ұната қоймаймын.
Abilakim
біздікі қаңылтырмен қоршалған душ
Adiletshu
Сондай душ бар. Былтырғы бөшкесі сынып қалды. Пласмас бөшке алып, сыртын палаткамен орап тастау керек. Өзіме үйдің душынан гөрі сондай даланың туалет сияқты душтарында жуыну ұнайды.