КерекКонтент байқауына қатыс, қазақша контентке өз үлесіңді қос!



Gastarbaiter контент байқауын жасайық деген ұсыныс айтты. Сол идеямен КерекКонтент атты байқау жариялаудамын. Мақсат қазақша пайдалы контентті көбейту, КерекИнфода сапалы пост жазуды дамыту, бірігіп бір команда болып жұмыс істеп көру.

Байқау қалай өтеді?
Бірнеше тақырыпта материалдар дайындалады. Байқау бірнеше турдан тұрады. Әр тақырып өзінің тур күнінде жарияланады. Кейін барлығының жалпылай қортындысы шығарылып, үздіктер анықталады.

Тақырыптар қандай?
1. Сапалы аударма. Қазақстан туралы бұрын еліміздегі ешқандай БАҚ немесе сайтта жарияланбаған қызық материалды тауып алып, қазақ тіліне аударып, осында бөлісу.

2. Демотиватор. Кез келген тақырыпта 5 демотиватор дайындау.

3. Мотиватор. Кез келген тақырыпта 5 мотиватор дайындау.

4. Суреттер сөйлейді. Кез келген тақырыпта бір фото-пост.

5. Сараптама. Кез келген тақырыпта сараптамалық бір мақала.

Кімдер қатысады?
Кем дегенде 2 адамнан тұратын бірнеше команда қатыса алады. Командалар аты және құрамы бейсенбі 26 сәуір, сағат 18-00ге дейін админге берілуі тиіс.

Жүлдеге не бар?
Әзірше ештеңе жоқ. Арнайы осы байқау үшін қор жинаймыз, жеке демеушілерге де еш қарсылық жоқ.

Қашан басталады?
Алдағы дүйсенбіден бастап, күніне 1 немесе 2 турдан өтетін болады.

P.S Байқау тәртібінде және ережелерінде өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түзетулер осы пост ішінде жаңартылады. Ұсыныстарыңызды күтемін.

Құрметпен админдерің.
Бөлісу:

50 пікір

sammita
сүйтіңдер шырақтар.
Zhan
Команда болмай былай жеке жазса бола ма? себебі жұмыстан кейде қол тие бермейді. Командаға қосылам деп алып, уақыт таба алмай қап жүрсең ұят та.
Aikona
иа, менде соны ойлап отыр ем
Gastarbaiter
Өзім қатыспаймын, бірақ жүлдеге сабраз жасайтындарға қосылам. Сосын, куратор бола алам, тақырып таңдап беру, алдын ала қарап, автор келісімімен түзетіп жіберу, аударма жөнінде нұсқап жіберу т.б. Барлығы аноним түрде ақысыз. Тек мені онлайн ұстап алсаңдар болды
asaubota
керісінше басқаларға үлгі болып қатысқаныңды тәуір көріп отырмын.

жалғыз қатысамын деушілер 5 турды да көтере алсаңдар жақсы қатысыңдар жеке команда болып.
Zilola
сыйлык жaгынaн колдaу корсeтe aлaмын.
sammita
ойыбай, посты жарыққа шығарайын десем тек… а так қарсылығым жоқ, көппен біргеміз
konvict
Минус қатты әсер етіп кетті ау дим
sammita
аха, қатты қиналып, өмірден баз кешіп жатырмын.
konvict
не ғо, ешкім ұрыспай, жұмыртқа лақтырмай мотиватор мен демотиватордың айырмашылығын айтып жіберіңдерші
ademi_alem
мотиватор, яғни адамның көңіл-күйін көтеріп, алға жетелеп, мотивация беретін суреттер. керісінше көңіл-күйді түсіретін болса демотиватор болады.
asaubota аға осылай түсіндірген еді қарапайым тілмен.
Gastarbaiter
Негізі, дұрыс, бірақ сәл ғана түзет жверсем, Одмин ренжи қоймас. Демотиватор міндетті түрде көңіл күйді түсіруі шарт емес. Мотиватор да көңіл күйді үнемі көтермейд. Ол тіпті шарт емес.
Мотиваторі бірдеңе істеуге ынталандырады, ал демо керісінше кекетіп-мұқатады.
Демотиватор аты айтып тұрғандай ынтасыздандырад, жігерсіздендіреді адамды. Демотиватор -адамды жаман нәрсеге итергенсымақ болып, мотиваторды әжуалайды.
— Мысалы, "Әке, енді ішпеші!" — «Арақ атаңнан қалған ас емес» — деген екі сөзі бар кішкентай жылаған баланың суреті мотиватор. Бірақ көңіл көтермейді. Тап, осыған бұтына сиіп жатқан алқаштың суретін салып: «Арақ жұмысыңа кедергі ме?! Онда жұмысты таста!» десең демотиватор болады.Кейбір демотиваторлар жымитады.
ademi_alem
Кейбір демотиваторлар жымитады.
«Кому-то демотиваторы могут показаться смешными и весёлыми — это сигнал, что нужно срочно обращаться к психиатру» дегенді көзім шалды бір жерден. Шынымен мотиватор мен демотиватордың айырмашылығы мен үшін түсінікті, әрі түсініксіз…
Gastarbaiter
Демотиваторда сарказм мен цинизм көп болады. Кейбіріне әлбетте күле алмайсың. Бірақ шарт емес.
ademi_alem
Демотиваторда сарказм мен цинизм көп болады.
Ааа енді жеткен сияқты миыма, рахмет үлкен!
Gastarbaiter
Очм Мотиватор- айтпағын тура айтады.

Демода мотиватордың рамкасын қараға бояйсың, ішіне бір сурет саласың, оған бір анықтама сөз үлкен әріптермен, сосын астына кіші әріппен анықтамаңды аша түсесің. Коментарий күлкілі, астарлы, шаблон бұзатын, естен тандыратын, картопты жаратын болуы керек.
ademi_alem
)))))) рамканы қараға бояуды үйрендім, енді көк етуді үйрене алмай жүрмін. )))) Қараға бояғанымның ішіндегі сөздер сәйкес емес екен, соны көк ете алмай қойдым. ))))
meirzhan
СОнда түсі көк болса мотиватор, ал қара болса, демотиватор болғаны ма?
ademi_alem
иә, солай сияқты. )) Бірақ түсі емес, онда жазылған сөздер де сәйкес болуы керек.
vebred
керемет түсіндіріпсің ғой))
Rafaello
Демотиватор жасауға қатысқым келеді, басқалары қолдан келмейді ау.
ademi_alem
1. Сапалы аударма. Қазақстан туралы бұрын еліміздегі ешқандай БАҚ немесе сайтта жарияланбаған қызық материалды тауып алып, қазақ тіліне аударып, осында бөлісу.
Екі тілдегі нұсқасын да орналастыру шарт па?
asaubota
жоқ, қазақшасын ғана. оригиналына сілтеме қою керек тек.
ademi_alem
БАҚ немесе сайтта жарияланбаған қызық материалды
осы сөзді түсінбей отырмын. Сілтеме қалай қоям деп ол ғаламторда жоқ болса…  ааа әлде оқыған жердің атауын ғана жазу ма?
asaubota
онда қайдан алғаныңды жазасың
ademi_alem
Түсіндім, рахмет!
ademi_alem
Қашан басталады?
Алдағы дүйсенбіден бастап, күніне 1 немесе 2 турдан өтетін болады.
Қашан аяқталады?
asaubota
басталу уақыты да әзірше белгісіз, алдағы дүйсенбі демалыс болып қалатын сияқты.
19852407
сейсенбі де демалыс, сәрсенбінің сәттісінен біссімілләлайсыздар
zhanibek_nurish
ойыңа үнемі қарсы шығып, қырқысып отыратын серік болса, болғаны…
Marationok
қандай сыйлықтар болады?
punk
қайта оқып шық,
Marationok
жинаймыз дейді, бірақ, шамамен… не болады, екен
punk
көп түкірсе-көл, жақсы болады…
e_zhalgas
мен уақыт табылса, 1-шісін, 5-шісін көрермін
Gastarbaiter
мен сенімен өзің білетін себептермен командалас болмас едім.
e_zhalgas
команда болуға талпынып отырған мен жоқ
Gastarbaiter
Талпынсаң да жоламас едім.
punk
тапсырмалар ұнады, жалғыз қатысамын деп ойлап отырмын
asaubota
демалыс күндері белгілі болсын, сосын содан кейін 2-3 күн өтсін немесе одан кейінгі жаңа аптаны күтейік. демалыста ешкім контент дайындап отырмайтын шығар.
vebred
Бастамаң өте жақсы… тек қызықты болып өтсе дұрыс болар еді… нәтижелеріне қарай, ақпараттық қолдау көрсету ойда бар))
vebred
Ал, маған командалас болатын адам керек, личкоға жазып, ақылдассақ болар еді… жалғыз қатысқаннан екеу болып қатысқан қызықты секілді…
Armanjan
Бесіншіге міндетті түрде қатысып көремін. Командаға шақырып жатса, тіпті "қақпада" тұрсам да үлес қосуға тырысып көру керек!
Aldeken
Админ, бұл не балет, сайысты қашан бастайсың, еу, құрдасыэстонияғабарғаныңдыссс…
asaubota
ай, сол болмай қалады ау. жаз келе жатыр, белсенділік түседі енді күзге дейін. конкурстарды бәрін бірдей емес, бөліп-бөліп істейтін шығармын. мысалы бүгін біреуі басталады  күтіңдер.
ademi_alem
о, алақай! Бөліп — бөліп болған жақсы ғой.