Стратиллат Меңдешев. "Бейромантик жұп"
— Нәсиха, мені тыңда. Мен де жігіттің сұлтаны емеспін, сені де осы аймақтың хас сұлуы деу күлкілі. Зоотехник ағам айтад өткенде, сені фертильді деген жастан өтіп бара жатыр дейд. Оның үстіне қамауда отырған екі дауылбай ағаң және бар, оларға күйеу бала болам дейтін есі дұрыс адам сірә табылмас бұл қуарған ауылдан. Тоқетері — маған байға шық. Тең теңімен дей ме әлгі.
— Иә…
-Аха, онда былай етейік, әке-шешеңді шәйға шақыра саламыз, ал сендер шақырмасаңдар да болад. Біздің үйдің анау-мынау қазақбайшылығы жоқ. Болса да, ешкімнің уақыты жоқ. Дүйсенбіден пішенге кетем, осы сенбіге қамдап тастайық.
— Иә…
***
-Нәсиха!
-Ау, жаным?
— «Жаным»? Лібә, қойш епті, а.
-Албасты, ең болмаса айтып көрейін де, ауада қалай естілетінін!
-Жақсы, жақсы. Не ғой, ағам сені әлгі, фертильді жасынан өтіп кетед дей ме, осы жылы бірдеңе қылайық енді.
-Қылайық…
-Аха, мен қазір ішіп келейін онда. Сен де дайындала бер…
***
— Нәсихаш!
— Қайыршы, кетш…
— Үш баламның шешесіне осылай деуге қақым бар шығар енді?
— Бұрын жақсы едің: пішенге барасың, оны сатып келіп, күзеуге мал және аласың. Бала-шаға көбейген сайын табыскер бола ма десем, боққарын боп барасың.
— Қойш Нәсихаш…
— Қоятын түгі де жоқ. Өзің есептеп қараш: біреуіне тек костюмнің өзі 7 мың тұрад, енді пальтосын-сальтосын қосқанда 15 мың шығад. Осыны үшке көбейт. 45 мың болды ма? Оған тағы 15 мың қос, 60 мың болад та қояд.
— Мен саған өткен аптада ғана 55 мың әкеп мына қолдарыңа ұстатқан жоқпын ба?
— Енді соны жыл бойы сорып жата бермейміз ғой, пішенге неге бармай жүрсің?
— Барғым келмейд ал! Басқа шықпаш. Ох, айтпақшы, менің есебімше, өткен жылдан 200 мың қалуы керек еді. Қайда әкелш санайық.
— Міне! Жұмсап қойған шығар деп қуандың ба, міне — 255 мың теңге!
— Бәсее. Байқа, мен өтірік ақымақтанғанмен, кейде қойып қалам осылай, түсіндің бе?
— Түсіндім…
***
— Сексен үш те жаман жас емес, Нәсихаш. Арманым жоқ кетіп барам. Менің көзім жұмыла сала тым-тырақай талапай боп кетпесін. Мына үш чекті — үш ұлыма бер, бұрыштарына аттарын жазып қойдым. Шашылмаңдар қатты: осы ауылды ұстаған небір мықтылардың моласының күмбезін жиде ағаш жарып өсіп шығып тұр. Кәдімгі төртқұлақты сала салыңдар. Молдекеңдер сиыр аттамаса болды дейді ғой: 1 000 силикат емес, 500-600 силикат кірпіш жетеді. Садақаға да шашылма, шай-пай берсең болад, сосын палау басып бере сал… Ох, сосын Нәсиха!!!
— Не?
— Алтын-күміс көргенде көздерің жайнап сала беруші ед. Мен тірі болғанда бойыңды аулақ салып жүрдің, қызықсаң да. Енді мен өле сала жерден жеті қоян тапқандай қалаға барып, темір-терсектерді сатып алып, жапсырып алушы болма! Енді 75-ке келгенде саған кім қарайд, оны да ойла. Ең бастысы осыныыыыы… Ыыыыы… Ықхыыыыыыыыыыыыхххх…

Тарығып кәпек санаған отбасылардың стандартты диалогтары. Өзім ауылда жүрген соң, жиын -пиын сайын естим. Әлгі өлгенде "қала қылмай ақ қой" дейтіндерді де, ештеңе бермей келіскендер де, ақшасын қайта қайта санатқызатындар да.
Бірақ, мына жері енді…
ліба!!! өлтіресің нақ.
ВыКыМы қыз «Мамбээт!» деп мұрнын бір шүйірді де, Лоубоутион топлиін тақылдатып чокалак жолдармен қалаға қарай тартып баратты…
Өлшем бірлігі бау.
Жоңышқа -деликатес бізде.
Өлшем бірлігі рулон.
Балаларына чек қалдырып бара жатқан жақсы әке екен. Бірақ, чектен бөлек мұра қалдыратын әкелер және бар екен ғой.
*lol* *lol* *lol*
<img
өмір тұрмысы