Шалдар және балдар юнайтед

Очм, жұма күні кешкісін Астаналық керекшілер жиналып салауатты өмір салтын қолдау мақсатында футбол жарысын ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Астана қаласының белді деген қызмет орындарының өкілі, әрі КерекИнфо сайтының қолданушылары келді. Ең алқаш сөз кезегін ешкім айтпады. Себебі, ашылу рәсімінсіз-ақ футбол ойыны басталып кетті.

Жарысқа екі команда, атап айтар болсақ «шалдар юнайтед»(asaubota , Nurgisa , Marco , huanysh , Bekjan ) және «юнайтед оп балдар»(Janasil ,aza , AL-ASTER , konvict ) қатысты. Бірнеше адамның келемін деп, келмей қоян суретін салып кеткенін айта кетейінШ

Ойын бірден «шалдар юнайтедтің» шабулымен басталды. Бірінші болып есепті де солар ашты. Бірінші таймда үлкендердің басымдылығы анық байқалып тұрды. Есеп 7-3.
Тайм аралық үзіліс

Ойын сәттерінің бірінде шалдар сапындағы белсенді ойыншы Nurgisa жарақат алып қала жаздады. Егер, asaubota болмағанда қалай болар еді…


Футболшылар көрермендер тарапынан(Aldeken және Жанасылдың жұбайы) қызу қолдауға ие болды. Ойын соңында достық жеңіп, пенальтиден балдардың юнайтеді жеңіп кетті. Нұрғиса үздік ойыншы атанса, Қуаныш ең үздік шабулышы, Марко ең үздік қақпашы, Конви ең үздік қорғаушы атанды. Жанасылдың жұбайы мен Алданға да арнайы мақтау қағаздары берілген болатын. Өкінішке орай аталымын мұтып отырмын.

Ойын соңында бұл салаутты салтты жалғастыру жайлы ұсыныстар түсті. Керекшілер қызу қолдау жасайтын болса доп сатып алып, аптасына бір мәрте ойнап тұрсақ. Тіпті, үш команда шығаруға мүмкіндігіміз бар.
Очм, осы
П.С. Суреттер Алдекеңнің АйПодына тиесілі. Мына жерден жымқырылды. Ойыннан үзіді көргіңіз келсе мында барыңыз.
П.С.С. Теріски уіш
Бөлісу:

35 пікір

zhanibek_nurish
jaksi bayandau boldi, rahmet afftarga.
Gastarbaiter
Видеодан планктондардың физикалық кеңістікке шығып, жиырылып, тіркеніп жатқан ағзаларын тамашалап, қарқ болдым, арасында айқайлап, тырқылдап күліп қояды типі «коменттер мен смайлдар ауада қалай естіледі екен» дегендей
Dinara
Нұрғисаның кроссовкасына
19852407
актуальный цвет сезона
konvict
Мессидікіне ұқсайды
meirzhan
Өзге қалалардан да командалар шығар.
19852407
Молодецтер
Бірінші болып есепті де солар ашты. Бірінші таймда үлкендердің басымдылығы анық байқалып тұрды. Есеп 7-3.
Қолдарынан келіп, қоныштан басты ма?
konvict
Админ шалдарда ойнағасын сайтқа кіре алмай қалу екеніңді ескеріп, амал жоқ.

Фоторепортаж жасайтын жақсы бір адам керек еді негізі…
Janasil
Бірінші таймды жастардың жеңілу себебін айта өтейін:

-Олар бізден жалпы салмақ жағынан ЕКІ еседей ауыр еді;
-Адам саны 1-ге артық болғандықтан үздіксіз ойыншы алмастырып отырды;
-Жастар жағынан ортаға алғаш қосылған жігіттер біраз қысымға ұшырады:
---үлкен салмақпен соғып кету;
---қолынан ұстап тартып қалу;
---аларып қарау,  тсс.
-Олар бірін-бірі көптен таниды, ым-жымдарын түсінеді;
-Ал біз үшін бірінші тайым жаттығу, танысу ойыны болды;
опшым осылай, екінші таймда есе қайтардық. Енді келесі ойындарда алғашқы таймда ұтыла салуымыз екі талай. «Шалдар юнайтед»-тің жасырып қалған құпия қаруы болмаса.

Жалпы ойын қызықты болды!
kokbori
Пибі ішуден кім озды?
Janasil
Ол жағына таласпаймыз.
asaubota
сондай қысымшылық болды ма не?

негізі жақсы ойын болды. шалдар жағы барынша паспен ойнауға тырысты, салдыр-күлдір ойын емес. доп нашар болды, келесіде өз добымызбен барамыз.
Janasil
Бұрын стакандас болмағасын бір-бірімізді түсіну қиындау болды негізі.
AKY
Бұрын стакандас болмағасын
мен сені намаз оқид деп жүрсем…
Janasil
негізі былай бірін-бірімізбен сол жерде танысқандығымызды айтқым келген.
asaubota
сендерге алару, қағып кетуді байқамаған сияқтымын. өзім өйткен жоқпын әйтеуір.
Janasil
өзім өйткен жоқпын әйтеуір
Ereimen
Өкіншті ақ сайтқа төрт бес күн кірмей кетіп едім, егер мұндай футбол боларын білгенде менде қатысар едім, амал қанша Астанада жүріп үй маңайында болып жатқан жарыстан құр қалғаным ай!!! бірер апта бұрын неге ескертпедіңіздер?
Janasil
Бұйыртса енді апта сайын доп қуалаймыз.
Jureksozi
Тамаша ойнапсыздар. Енді келесі жолы қай жерде жиналасыздар?
Nurgisa
Осы аптада қайталайық па?
konvict
Менде қарсылық жоқ. Келісіп жақсы бір доп алу керек секілді. 500-ден жинар болсақ келіп қалар.
aza
Астана каласы, Шубар ауданы, Х. ДОСМУХАМБЕТОВ кошесиндеги бир жабык залда откен кездесуди корген де арманда, кормеген де арманда. Керектин басы бириксе корерменге керемет кызу ойын сыйлай аларына коз жеткизди. Мундай изгу бастаманы дастурге а
йналдырмак керек, осы апта жиналайык, тагы да.
timurrr
Бекжан быратты көріп қуанып отырмын. Көірнбей кетті ғой онлайнда?
Adiletshu
Абай, шортыдың ішіндегі кальсоныдан ыстықтаған жоқсын ба?
asaubota
шәкірт адам ыстықтамайды!