Сейітқали Меттерних. "Исаның Екінші Келуі"

"Қорқыңдар, қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырм, сендер де қорқыңдар!"-деп кейіді ол Сонда". © Евангелие от Амандық, стих 87:11.

— Ата, мынадай квартирант табылса мұрнымды кесіп берейін! — деді оператор қатын Дәуіт Духовныға қарап.

-Мен не деп жатырм, солай теріп берсейш, қалғаны өзімнің шаруам. Әрі қарай кеттік. "...Ішімдіктің кез-келген түрін ішпеуі, темекі шекпеуі тиіс. Үйге кешкі сағат сегізге дейін кіріп, таң атқанда сағат бестен бастап кетуге рұқсат. Үй телефоны пайдалануға берілмейді. Теле..."

— Тіпті жатақханада мұндай қатал емес қой ата, хи-хи-хи-хи — деп селкілдеп алды оператор қатын.

-"… визорды сағат он бірге дейін қарауға рұқсат. Ізгі христиан болуы шарт. Жексенбілік дұғаға менімен бірге барса — тіпті жақсы. Азан шақырып шоқынбағандар — мазаламасын!".

Оператор қатын көзі шарасынан шыққан күйі принтермен мәтіннің он парағын басып берді. Дәуіт Духовны бір қарап алды да, шыға жөнелді. Тура Нотр Дам де Шәріп шіркеуіне қарай тартты. Әулие әкей отыратын жәшікке барып, өмірінде бірінші рет жалбарына дұға қылды:

— Уа, Құдай! Сенен ешқашан ештеңе сұрамаппын! Әйтеуір "Құдайым оны берш, мұны сәтті қылш!" дегенім есімде жоқ. "Құдай маған өмір берді, қалғанын тағдырдан өзім алуым тиіс" деп өмір сүрдім. Тоғыз күнәнің біреуін де жасаған емеспін: соның кесірінен қатынсыз қалдым. Енді жетпіске қараған шағымда қуат кетті, қайғы ойладым. Аяғым бастырмайд, ішімде ас тұрмайд. Я Құдай, жалғыз тілегімді бере гөр: мына қағазда жазылғандай квартирант тауып бер ең болмаса! Бұл алғашқы да соңғы тілегімді бермесең — ертең барып сүндетке отырып, иудей болам, ал нақ саған!!!

Өмір бойы псалом азынап келген Дәуіт Духовны шын ашулы болатын. Кешегі зейнетақысына керек дәрі-дәрмектің жартысының жартысының жартысын алғанда, тіпті жынданып кете жаздады. Ал әлі тамақ алуы керек екені есіне түскенде, дәл сол дүкеннің алдында құлады. Жүйке де сыр берді. Бүгін соның алғашқы көрінісі еді. Шіркеуден шыққан Дәуіт алғаш кездескен он бағанға хабарландыруларын скотчпен жапсырып, үйіне кете барды.

Үйге келіп, күріш, жаңқа сүйектер мен күнбағыс майы аралас бір быламықты ойластырып, енді пісірейін деп жатқанда есіктің қоңырауы шар етті.

— Бұл кім?

— Құдай тілеуіңді берсін ата — квартирант! Хабарландырумен.

— Христиансың ба?

— Әлімсақтан бері христианмын!

— «Жақыныңды лақтырып кет, әйтпесе...»?

— "...әйтпесе басқа біреу келіп — екеуіңді де лақтырып кетед". Евангелие от Амандық, стих отыз тоғыз да он үш. Аша ғой ата, дұғаңды беске біліп тұрмын ғой!

Дәуіт Духовны тасына дейін қуанып кетті. Төбеге қарап, құдайға бір-екі мадақ айтып жіберіп, апыл-ғұпыл есікті ашып қалғанда, көз қарықтырған алапат сәуледен табалдырыққа шалқасынан құлады.

— Мойныңдағы сүлгіні, сүлгіні бер тез! — деді квартирант.

Бұтына жіберіп қойған Дәуіт Духовны жанұшыра сүлгіні лақтырды. Квартирант сүлгімен басын орап алды да, Дәуітке қолын созып, демеп тұрғызып алды.

— Танысып қояйық — Иисус Христос. Манағы шіркеудегі қылығыңнан кейін, құдай сенің хабарландыруыңдағыдай жер бетінде бір адам емге таба алмады. Біреуін тапқан екен, ол да жаңа туған сәби болып шықты. Амал жоқ, ұжмақта рақаттанып ұйықтап жатқан жерімнен мені алып жіберуіне мәжбүр болды. Негізі, Екінші келуіме әлі алты жүз жылдай бар еді. Бірақ амал не, ертерек келіп қойдық. Ал енді нең бар? О, әнебір қатқан нан жарайд, екеумізге ақиретке дейін жетед. Енді, менің бөлмемді көрсет!

Бұты әлі ылғал Дәуіт Духовны Исаны дайындап қойған бөлмесіне апарып салды. «Бүгін рақаттанып ұйықтап алайын, ертең-арғыкүні менттер келіп, мені Төле би даңғылының бойымен азаптап әкетуі керек! Қызықтың көкесі алда, қожайын!» деді Иса бөлмесінен айқайлап. Шалға «шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
Бөлісу:

27 пікір

AKA
Аша ғой ата, дұғаңды беске біліп тұрмын ғой!
zhanibek_nurish
tilegindi orindai almaimin, ozim de Shardaranin baligimin degendei boldi, )))
ken
Дәуіт Духовны
хыхыхыхы
patick
«Бүгін рақаттанып ұйықтап алайын, ертең-арғыкүні менттер келіп, мені Төле би даңғылының бойымен азаптап әкетуі керек! Қызықтың көкесі алда, қожайын!» деді Иса бөлмесінен айқайлап.

 тсігин, нақ
19852407
Тоғыз күнәнің біреуін де жасаған емеспін: соның кесірінен қатынсыз қалдым
әулиеңді
Nurshat
квартиранті мынау болса
aikarakoz
Алматының шалы ғой мынау
bakhyt
… Біреуін тауып еді, ол да жаңа туған сәби болып шықты. Жалғасы Болса енді...
Rafaello
 Пәтер іздеуден қиналып кеткендер жылап отырып күлетін әзіл екен!
a63a1
 соткамен оқыған расымен қызықты екен Аршат айтқандай, кеше кешкісін лавкіде тырып бұтқа жібергем
Nurshat
Шалға «шешесс...» дегеннен басқа эпитет келмей қалды…
ademi_alem
Я Құдай, жалғыз тілегімді бере гөр: мына қағазда жазылғандай квартирант тауып бер ең болмаса! Бұл алғашқы да соңғы тілегімді бермесең — ертең барып сүндетке отырып, иудей болам
))))))))))))
madlen
Төле би даңғыл емесиии, ол көше
monti

негізі ше сат:
Я Құдай, жалғыз тілегімді бере гөр: мына қағазда жазылғандай квартирант тауып бер ең болмаса!
нау жерін мен, квартирант мес, подруга іздеп атр кен деп қалдым, және солай сезімде боп, хепи енд күттім ой ужас бір поста небір сезімдер(басыма ойлар) кеп, небірі қайта шығып кетті
Rafaello
Бір рет маған темекі шекпеймін дегеніме сенбей пәтерін бермей қойды Бальзак жасындағы, орысша сөйлейтін бір апай. Түрің шегетін адамға ұқсайды деді
asaubota
оффлайн өмірде де адам сендіре алмайтын суайт шығарсың. негізі өскенде жақсы күйеу боласың
Aya
Бұл алғашқы да соңғы тілегімді бермесең — ертең барып сүндетке отырып, иудей болам, ал нақ саған!!!
Daniar-Alan
— «Жақыныңды лақтырып кет, әйтпесе...»?
— "...әйтпесе басқа біреу келіп — екеуіңді де лақтырып кетед".
*lol*