Уикэндтік жұлдыз жорамал

Жұлдыздар осы аптаның соңындағы демалыс күндеріне не дейді екен? Меркурий көтеріліп тұр осы күндерде, оған Шолпан қиғаштап қарап тұр. Бұл нені білдіреді?



Тоқты
Бұл демалыста да көп өзгеріс бола қоймайды. Жұрт қайда барса сіз де соларға еріп жүре бересіз. Кей нәрселерді уақытында айтқаныңыз дұрыс. Мысалы тілек, талаптарыңыз немесе әзілдеріңіз уақытында айтылмай қалса ыңғайсыз жағдайға тап боласыз.

Торпақ
Сыртқы келбетіңізге де бір сәт көңіл бөліңіз. Күн жылынды ғой, аздап салмақ тастап көрсеңіз қалай болады? Бір нәрсені сағыздай шайнап, қайта-қайта айта бермей достарыңызбен бөлісетін тың тақырыптар табыңыз.

Егіздер
Көңілді демалыс болғалы тұр. Сүйіктіңіз қасына құрбысын ерте шығады. Төрт адамдық жақсы компания болайын деп тұр. Тек көп ішпеңіздер, арты оргияға айналып кетуі де мүмкін.

Шаян
Демалыста ешқайда шықпаңыз. Сізге қызығушылық танытушылар бар. Бірақ, ойлары жаман. Сондықтан жұма күні жұмыстан қайтарда телефоныңызға терминалдан бірлік салып алыңыз. Демалысты басқа Шаян досыңызбен телефон арқылы сөйлесумен өткізіңіз. Егер тарифы болса өзі телефон шалады.

Арыстан
Жұма күнгі кештен бастап қыдырыңыз, қаңғыңыз, шаттаныңыз. Ешкім кедергі емес сізге. Қол шығайын деп тұр осы демалыста. Қиғаш көтерілген Шолпан да көз қысып тұр сізге.

Бикеш
Басшылықтан жағымды ұсыныс түседі. Нақты жоспарларыңызды іске қосыңыз. Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. Қыдырып, жақсылап бір демалыңыз.

Таразы
Базарға барыңыз. Сіз іздеген ештеңе жоқ әрине. Сонда да базар аралап, дым таба алмай ашулы келесіз үйіңізге. Ертеңіне тағы да базарға барып, өзіңізге керек емес зат сатып аласыз.

Сарышаян
Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедіргілер болуы мүмкін. Жалпы қол шығатын демалыс. Барлығы өз қолыңызда. Тек ол үшін қол емес басқа мүшелерді де қимылдату керек.

Мерген
Қонаққа баруыңыз керек. Алайда киетін ештеңеңіз болмағасын бара алмай қаласыз. Есесіне сізге қонақтар келеді. Жалпы көңілсіз демалыс болады.

Тауешкі
Сізді жақсы демалыс күтіп тұр. Бірақ та сіз туралы жаман пікірлер айтылатын болады. Мән бермеңіз.

Суқұйғыш
Ешқайда бармай үйде жататын күндер күтіп тұр сізді. Суға түсіңіз. Мимен жыныстық қатынас үшін керемет күндер. Әсіресе Меркурий көтеріліп тұрған кезде.

Балықтар
Мерген достарыңыздың үйіне қонаққа барыңыз. Тауешкілерді жамандаңыз. Бикешті өсектеңіз. Денедегі жаман энергияны шығарып тастайсыз осылайша.
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
бүгін футбол ойнайтындығымнан ертең түске дейін бүкіл денем қирап жататынын болжап отырмын.
Tarazkyzy
"Бикеш
Басшылықтан жағымды ұсыныс түседі. Нақты жоспарларыңызды іске қосыңыз. Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. Қыдырып, жақсылап бір демалыңыз"
 Сонда басшылықтан жақсылап қыдыруға жағымды ұсыныс түседі ме?
aza
Мен де Бикеш ем))) Басшылық та жоқ қой менде))) Өлтіреді)))
Tarazkyzy
Біздің басшылыққа уикенд басталып кеткенге ұқсайды менсіз
Nurshat
Сарышаян
Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедіргілер болуы мүмкін. Жалпы қол шығатын демалыс. Барлығы өз қолыңызда. Тек ол үшін қол емес басқа мүшелерді де қимылдату керек.
барлығы орнында, бырақбасқа мүшелерді қалай? қалай?
ademi_alem
оған Шолпан қиғаштап қарап тұр. Бұл нені білдіреді?
Торпақ
Бір нәрсені сағыздай шайнап, қайта-қайта айта бермей достарыңызбен бөлісетін тың тақырыптар табыңыз.
)))))))))))))))))) ой, ішіііім )))))
Gulzhanat
Мысалы тілек, талаптарыңыз немесе әзілдеріңіз уақытында айтылмай қалса ыңғайсыз жағдайға тап боласыз.
Уикэндтің бәрі осындай болсашы)
aikarakoz
Базарға барам, как раз ештеңе керек емес
Gastarbaiter
Астрологиялық Жорамалдарға ешқашан сенген емеспін.
aza
Өтіп кеткеннен кейін оқыған прикол бәрінен))) Дәл кеп тұрады ғо!
Marco
Қане, айтыңдар, кім мерген??? Үйіне қонаққа барайын! ))) Тауешкілер мен бикештер де қолын соза отырсын! )))
kokbori
Мен бармын, Атырауға кел
asaubota
менің әйелім Мерген
araika
Мен Мерген, ең құрығанда жұлдыз- жорамал бұл туралы айтпағанда ғой Жұлдызшылар да тыныш отырмайды екен. Қонақ күтуден шаршадым
Rafaello
Келесі аптаның бейсенбісіне қарай Шолпан тік тұрады да Юпитер құлайды. Бір өзгерістер болады, әсіресе Егіздер үшін
Gastarbaiter
Бір педик маған «Извини, а кто ты по гороскопу?» -деп табан астында қырындай кеткен.
Содан бері жұлдызымның белгісіне қызығушылық танытқан жігіттерден күдіктенем.
Marationok
 педик екенің қайдан біліп қойдын?
Gastarbaiter
Сол сұрақтан кейінгі әңгімесінен.
19852407
Жұма күнгі кештен бастап қыдырыңыз, қаңғыңыз, шаттаныңыз. Ешкім кедергі емес сізге.
Үйде отыр екем
Қол шығайын деп тұр осы демалыста.
 Карта ойнамайтын едім
Қиғаш көтерілген Шолпан да көз қысып тұр сізге.
… Шолпан көзін қысса қиындау екен, лутшы Гастаға қыса берсінші